Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2009 жылғы атқарған жұмысы туралы ақпарат есеп



Дата23.02.2016
өлшемі87.37 Kb.
#3749
Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің 2009 жылғы атқарған жұмысы туралы ақпарат есеп
І. Желі

Федоров ауданының мәдениет және спорт мекемелерінің желісі 172 бірлікті құрайды, оның ішінде: 21 кітапхана, 20 клуб мекемелері және 131 спорттық құрылыстар.


ІІ. Бюджет

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2009 жылға арналған бюджеті 56738,8 мың теңгені құрайды, игерілген кассалық шығын 56736,9 мың теңге. Жыл соңындағы игерілмеген қалдық 1,9 мың теңге.



2009 жылы саланы дамытуға жұмсалған қаражат көлемі 15113,6 мың теңгені құрайды, оның ішінде: 8595,5 мың теңгесі жергілікті бюджеттен және 6518,0 мың теңгесі тартылған қаражат есебінен игерілді. Орындалғаны 15113,6 мың теңге (100% ).

Жергілікті бюджет есебінен жұмсалған қаражатты (жалпы сомасы 8595,9 мың теңге) игеру барысында жүзеге асырылған жұмыстар:
1. Мәдениет және спорт объектілерін ағымдағы жөндеуден өткізуге, жоспар бойынша бөлінген қаражат 171,0 мың теңге толық игерілді, оның ішінде:

- Баннов селолық кітапханасын жөндеуге 28,5 мың теңге;

- аудандық мәдениет үйінің ғимаратын жөндеуге 142,5 мың теңге жұмсалды.

2. Мәдениет және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қаралған қаражат 4868,2 мың теңгені құрайды және бұл қаражат толығымен игерілді, оның ішінде:

- мерзімдік басылымға жазылуға және кітап қорын толықтыруға – 2843,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде: 1524 дана кітап сатып алынды, жалпы сомасы 736,0 мың теңге, 2107,0 мың теңге мерзімдік басылымға жазылуға жұмсалып, жалпы саны 1141 дана, орташа есеппен бір селолық кітапханаға 26 басылымнан жазылып алынды;

- сатып алуға жалпы сомасы 2025,2 мың теңге жұмсалды, олар: Жанахай с/клубы үшін – 65,0 мың теңгеге сурет; Новошумный с/клубы үшін – 122,5 мың тегеге дыбыс күшейткіш аппаратурасы; Первомай с/клубы үшін – 334,2 мың теңгеге дыбыс күшейткіш аппаратурасы және жиһаз; Баннов с/клубы үшін – 81,5 мың теңгеге «Лазерный снег» жарық қондырғысы; Пешков с/клубы үшін – 18,0 теңгеге гитара; Аудандық мәдениет үйі үшін – 1030,9 мың теңгеге жылу энергиясы есептегіші, қоршаулар, өрт сөндіру құралдары; Баннов с/кітапханасы үшін – 228,5 мың теңгеге жиһаз және оргтехника; орталық кітапхан үшін – 39,8 мың теңгеге принтерлер; 105,0 мың теңгеге спорттық құрал жабдықтар сатып алынды.

3. Мәдени-спорттық бұқаралық іс-шаралар өткізуге, жоспар бойынша бөлінген қаражат 3556,7 мың теңге толық игерілді, оның ішінде:

- мәдениет мекемелерімен – 716,2 мың теңге жұмсалды, бұл қаражатқа (9 іс-шара) Наурыз мейрамы, 9-мамыр мерекесі, ІХ – аудандық халық шығармашылығы көркемөнерпаздарының байқауы, жастар күні, балаларға арналған 2 іс-шара, Конституция күні, балалар мен үлкендерге арналған жаңа жылдық мерекелер өткізілді;

- спорт мекемелерімен – 2840,5 мың теңге, аудандық деңгейдегі спорт жарыстарын өткізуге және аудан командасын облыстық жарыстарға дайындауға, қатыстыруға, оның ішінде: аудандық деңгейдегі жарыстарға – 872,0 мың теңге жұмсалды.

Тартылған қаражат есебінен жұмсалған қаражатты (жалпы сомасы 6518,0 мың теңге) игеру барысында жүзеге асырылған жұмыстар:

1. Мәдениет және спорт объектілерін ағымдағы жөндеуден өткізуге, 3358,2 мың теңге тартылды және бұл қаражат толығымен игерілді, оның ішінде:

- бес селолық кітапхананың (Жанахай с/кітапханасы, Вишневый с/кітапханасы, Белояров с/кітапханасы, Малоресей с/кітапханасы, Мирный с/кітапханасы) ғимараттарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 68,2 мың теңге жұмсалды;

- сегіз селолық клубтың ғимараттарын жөндеуге 1478,0 мың теңге жұмсалды, оның ішінде: Баннов с/клубына (35,0 мың теңге), Чисто-Чандак с/клубына (25,0 мың теңге), Алабұталы с/клубына (175,0 мың теңге), Ленин с/клубына (20,0 мың теңге), Первомай с/клубына (22,0 мың теңге), Жанахай с/клубына (1105,0 мың теңге), Пешков с/клубына (35,0 мың теңге), Малоресей с/клубына (16,0 мың теңге).

- отыз жеті (37) ескерткішті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 678,0 мың теңге жұмсалды;

- он бір селолық округтегі спорт объектілерін жөндеуге – 1134,0 мың теңге жұмсалды, оның ішінде: Федоров селосындағы «Атлет» стадионын аудандық спортакиадаға дайындауға – 650,0 мың теңге, Баннов селолық округі бойынша – 5,0 мың теңге, Қамысты селолық округі бойынша – 85,0 мың теңге, Костряков селолық округі бойынша – 13,0 мың теңге, Қоржынкөл селолық округі бойынша – 10,0 мың теңге, Ленин селолық округі бойынша – 30,0 мың теңге, Жанахай селосы бойынша – 200,0 мың теңге, Новошумный селолық округі бойынша – 17,3 мың теңге, Первомай селолық округі бойынша – 7,0 мың теңге, Пешков селолық округі бойынша – 30,0 мың теңге, Украин селолық округі бойынша – 16,7 мың теңге, Шаңдақ селолық округі бойынша – 70,0 мың теңге.

2. Мәдениет және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін тартылған қаражат 578,5 мың теңгені құрайды және бұл қаражат толығымен игерілді, оның ішінде:

- мәдениет мекемелері үшін: Баннов селолық кітапханасына кітап сатып алуға – 10,0 мың теңге; Малоресей с/клубы үшін караоке, тюль сатып алуға – 41,0 мың теңге, Ленин с/клубы үшін музыкалық орталық сатып алуға – 100,0 мың теңге, Баннов с/клубы үшін музыкалық аспаптар, DVD, дыбыс құралдары, сандық фотоаппарат сатып алуға – 262,0 мың теңге;

- спорт кешендері үшін: Вишневый селолық округі бойынша, волейбол сеткаларын және доптар сатып алуға – 8,0 мың теңге, Воронеж селолық округі бойынша, доптар сатып алуға – 2,6 мың теңге, Жаркөл селолық округі бойынша, доптар сатып алуға – 2,0 мың теңге, Қамысты селолық округі бойынша, доптар сатып алуға – 2,0 мың теңге, Ленин селолық округі бойынша, доптар сатып алуға – 3,0 мың теңге, Новошумный селолық округі бойынша, хоккей командасына құрал жабдықтар сатып алуға – 76,0 мың теңге, Первомай селолық округі бойынша, доптар сатып алуға – 7,5 мың теңге, Пешков селолық округі бойынша, футбол сеткаларын сатып алуға – 20,0 мың теңге, Украин селолық округі бойынша, сыйлықтар сатып алуға – 2,0 мың теңге, Шаңдақ селолық округі бойынша, доптар және басқа спорттық құралдар сатып алуға – 20,0 мың теңге.

3. Мәдени-спорттық бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін тартылған қаражат 2581,6 мың теңгені құрайды және бұл қаражат толық игерілді, оның ішінде:

- селолық мәдениет мекемелерімен өткізілген 97 іс-шараға – 1769,0 мың теңге жұмсалды;

- жергілікті және аудандық деңгейде өткізілген спорттық іс-шараларға – 812,6 мың теңге жұмсалды, оның ішінде:

- жергілікті деңгейде – 242,6 мың теңге тартылды. Бұл қаражат мына 12 селолық округ бойынша игерілді: Вишневый селолық округі бойынша – 21,0 мың теңге, Воронеж селолық округі бойынша – 6,0 мың теңге, Қамысты селолық округі бойынша – 17,0 мың теңге, Қоржынкөл селолық округі бойынша – 12,0 мың теңге, Костряков селолық округі бойынша – 2,0 мың теңге, Қосарал селолық округі бойынша – 32,5 мың теңге, Ленин селолық округі бойынша – 27,7 мың теңге, Новошумный селолық округі бойынша – 17,4 мың теңге, Первомай селолық округі бойынша – 33,0 мың теңге, Пешков селолық округі бойынша – 50,0 мың теңге, Украин селолық округі бойынша – 11,0 мың теңге, Шаңдақ селолық округі бойынша – 13,0 мың теңге,.

Аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізуге 570,0 мың теңге тартылды, оның ішінде: Федоров селосы бойынша – 32,0 мың теңге, Баннов селолық округі бойынша – 100,0 мың теңге, Вишневый селолық округі бойынша – 29,0 мың теңге, Воронеж селолық округі бойынша – 33,2 мың теңге, Жаркөл селолық округі бойынша – 25,5 мың теңге, Қамысты селолық округі бойынша – 30,0 мың теңге, Қоржынкөл селолық округі бойынша – 30,0 мың теңге, Костряков селолық округі бойынша – 102,4 мың теңге, Қосарал селолық округі бойынша – 47,5 мың теңге, Ленин селолық округі бойынша – 17,8 мың теңге, Новошумный селолық округі бойынша – 21,0 мың теңге, Первомай селолық округі бойынша – 37,0 мың теңге, Пешков селолық округі бойынша – 41,0 мың теңге, Украин селолық округі бойынша – 1,6 мың теңге және Шаңдақ селолық округі бойынша – 22,0 мың теңге.
ІІІ. Мамандар.

Мәдениет және спорт жүйесінде 162 адам (55 адам жоғары білімді) жұмыс істейді, оның ішінде: мәдениет саласында 104 адам, спорт саласында 46 адам және бөлім аппаратында 12 адам. Салалар бойынша:

- Мәдени-демалыс жұмыстары бойынша – 69 адам, оның ішінде: мамандар – 33, қызметшілер – 36;

- кітапхана жұмыстары бойынша – 35 адам, оның ішінде: мамандар – 28, қызметшілер – 7;

- спорт саласы бойынша – 46 адам, оның ішінде: мамандар – 46.

2009 жылы аудандағы мәдениет мекемелері оқуларын аяқтаған үш жас маманмен толықты, олардың екеуі аудандық мәдениет үйіне және біреуі Жанахай селолық клубына жұмысқа қабылданды.


ІV. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету.

- аудан кітапханаларында – 29 компьютер, 2 ксерокс;

- аудан клубтарында - 5 компьютер;

- спорт мекемелерінде - 3 компьютер;

- бөлім аппаратында - 4 компьютер.
V. Негізгі көрсеткіштер.

1. Мәдениет мекемелері бойынша:

- 2009 жылы клубтық типтегі мекемелермен – 1820 іс-шара өткізілді, көрермендер саны 133000 адам болды, (2008 жылы, іс-шаралар – 1640, көрермендер саны 110336 адам), іс-шаралар саны 180 өсті, көрермендер саны 22664 адамға өсті;

- 2009 жылы үйірмелер саны – 119, оған қатысушылар саны 1527 адам болды, (2008 жылы, үйірмелер саны – 99, оған қатысушылар саны 1440 адам), үйірмелер саны 20 өсті, қатысушылар саны 1440 адамға өсті;

- 2009 жылы аудан кітапханаларымен – 713 іс-шара өткізіліп, оған келушілер саны 19079 адам болды, орташа есеппен әрбір іс-шараға 26 адамнан, (2008 жылы – 709 іс-шара, келушілер саны 18304 адам), іс-шаралар саны 4, келушілер саны 775 адамға өсті;

- 2009 жылы аудан кітапханаларының кітап қоры – 226996 дана болды (2008 жылы – 223353 дана), 3643 данаға өсті;

- 2009 жылы аудан кітапханаларындағы оқырмандар саны – 10046 адам болды (2008 жылы – 10023), 24 адамға өсті;

- 2009 жылы аудан кітапханаларындағы кітап айналымы – 236613 дана болды (2008 жылы – 236567 дана), 46 данаға өсті;

- 2009 жылы аудан кітапханаларына келушілер саны – 130886 адам болды (2008 жылы – 130862 адам), 24 адамға өсті.


2. Спорт бойынша:

- дене шынықтыру үйірмелерінің саны – 80, оларға қатысушылар саны 4352 адам (аудан тұрғындарының 15 %);

- 2009 жылы өткізілген іс-шаралар саны – 358, оған қатысқандар саны 24694 адам (2008 жылы – 257 іс-шара, қатысқандар саны 23129 адам), іс-шаралар саны 101, қатысушылар саны 1565 адамға өсті.
3. Тілдерді дамыту саласы бойынша:

- 2009 жылы өткізілген іс-шаралар саны – 12, оған қатысқандар саны 140 адам (2008 жылы – 9 іс-шара, қатысқандар саны 72 адам), іс-шаралар саны 3, қатысушылар саны 68 адамға өсті;

- 2009 жылы тілдерді оқыту жөніндегі үйірмелер саны – 59 (мемлекеттік тілді оқыту үйірмесі – 58, ағылшын тілін оқыту үйірмесі – 1), үйірмелердегі тыңдаушылар саны – 800 адам (2008 жылы, үйірмелер саны – 58, тыңдаушылар саны – 789 адам), үйірмелер саны 1, тыңдаушылар саны 11 адамға өсті.
VІ. Бағдарламалар.

1. Тілдерді қолдану және дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» аудандық бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамыту Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 қаулысын орындауда, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 154 шешімімен бекітілген, 2009-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамытудың «Асыл мұра» аудандық бағдарламасы әзірленді.

Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі – 1359,0 мың теңге, оның ішінде: 2009 жылы – 655,0 мың теңге, 2010 жылы – 704,0 мың теңге.

Бағдарламаны 2008-2009 жылдары іске асыруға жергілікті бюджеттен 1041,5 мың теңге, оның ішінде:

- 2009 жылы (664,9 мың теңге) оқытушының еңбек ақысына – 339,9 мың теңге, іс-шаралар өткізуге – 325,0 мың теңге;

- 2008 жылы (376,6 мың теңге) оқытушының еңбек ақысына – 217,4 мың теңге, іс-шаралар өткізуге – 159,2 мың теңге жұмсалды.



2. «2008-2009 жылдарға арналған Федоров ауданының мәдени мұрасы» аудандық бағдарламасын іске асыру қорытындылары

Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 36 шешімімен бекітілген «2007-2009 жылдарға арналған «Қостанай облысының мәдени мұрасы» аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 12-тармағын орындауда, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 60 шешімімен бекітілген, «2008-2009 жылдарға арналған Федоров ауданының мәдени мұрасы» аудандық бағдарламасы әзірленді.

Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі – 1890,0 мың теңге, оның ішінде: 2008 жылы – 945,0 мың теңге, 2009 жылы –  945,0 мың теңге, оның ішінде 720,0 мың теңге аудандық бюджет; 225,0 мың теңге тартылған қаражат.

Бағдарламаны екі жылда (2008-2009) іске асыруға 3019,0 мың теңге, оның ішінде:

- 2008 жылы – жергілікті бюджеттің есебінен 350,0 мың теңге, басқа көздердің есебінен 268,0 мың теңге, барлығы 618,0 мың теңге;

- 2009 жылы – жергілікті бюджеттің есебінен 1723,0 мың теңге, басқа көздердің есебінен 673,0 мың теңге, барлығы 2401,0 мың теңге.


3. 2008-2009 жылдарға арналған «Федоров ауданының кітапханаларын жетілдіру» аудандық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау қорытындылары

2008-2009 жылдарға арналған «Қостанай облысының кітапханаларын жетілдіру» аудандық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауда, 2008-2009 жылдарға арналған «Федоров ауданының кітапханаларын жетілдіру» аудандық бағдарламасы әзірленді және аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 59 шешімімен бекітілді.

Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі – 25320,0 мың теңге, оның ішінде: 2008 жылы – 7622,0 мың теңге, 2009 жылы – 17698 мың теңге.

12445,2 мың теңге (49 %), оның ішінде 2518,2 мың теңге тартылған қаражат игерілді. Жылдар бойынша: 2008 жылы - 10665,7 мың теңге, 2009 жылы - 1779,5 мың теңге.



Мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және

спорт бөлімінің бастығы М. Қойшығұлов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет