Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің 2013 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есебі



Дата23.02.2016
өлшемі89.88 Kb.
#7948
Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің 2013 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есебі
Желаев селолық округі Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Округ халқы 10 ұлт өкілдерінен құралған 2070 адамннан тұрады. Олардың 225 - зейнеткер (оның ішінде тыл ардагерлері – 35), 96 – студент, 326 - мектеп оқушылары, 205 – мектеп жасына дейінгі балалар.

Округ аумағы 88 га көлемді құрайды. Аулалар саны 518, оның ішнде мал ұстайтындары 195.



Ауыл шаруашылығы.

2014 жылдың 1 қаңтарына мал басы санының көрсеткіштері мынадай: ірі қара мал – 113 бас, қой және ешкі – 161 бас, шошқа – 120 бас, құстар – 1281 бас.

Өткен жылы округ халқы үшін округ әкімшілігі және округ депутаты М.Х.Муташевпен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өз өнімдерін көтерме бағамен (базар бағасынан төмен) сатты. Осылай округ тұрғындарына қалаға шықпай, жергілікті жерден ауыл шаруашылығы өнімдерін қол жетімді бағамен алып, азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне жағдай жасалды.

Білім беру.

Округте білім беру саласында №14 жалпы орта білім беретін мектебі жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда  мектепте  33 бөлме, мектеп алды дайындық сыныптары, 25 орындық мектепке дейінігі жастағы баларға арналған шағын орталық жұмыс істейді.

Округ аумағында 43 түрлі бағытта, соның ішінде жеке пән бойынша оқыту, спорттық, би, ән, шығармашылық, технологиялық үйірмелер, патриоттық тәлім беретін және тағы да басқа үйірмелер бойынша балалар үшін қызмет көрсететін «Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК жұмыс жасайды.

Өткен жылы «Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, ЖСҚ дайындалуда.



Денсаулық сақтау.

Округте халыққа медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория  жұмыс істейді. Амбулаторияның айналымына 35 адамды қабалдауға мүмкіндігі бар. Онда  түрлі сараптама жасау үшін зертханалар, ауруларды қабылдау кабинеті, 10 төсекке күндізгі стационар жұмыс жасайды.

Өткен жылы тұрғындардың сұрауы бойынша, №2 емхананың директорымен тар шеңберлі дәрігер мамандардың қабылдау кестесі бекітілді.

Бала кезінен тіс ауруының алдын алу мақсатында 2009 жылы салынған №14 жалпы орта білім беретін мектепте балаларға араналған тіс дәрігерлік бөлме жабдықталған. Бірақ дәрігер маманның жоқтығынан бұл бөлме бүгінгі таңға дейін қызмет атқармай келеді. Округ әкімшілігінің облыстық Денсаулық сақтау Басқармасына жазған қатынас қағаздары мен келіссөздері нәтижесінде, аталған мекемеден жауап келіп, 2014 жылдан бастап, аталған бөлмеге кестеге сәйкес балалар тіс дәрігері келіп емдеу жұмыстарын жүргізетін болады.
Көлік қызметін көрсету.

Жолаушы тасу қызметін 2 №14 және №38 автобус бағдары бойынша ПАП-1 АҚ қамтамассыз етеді. Автобус қозғалысын соңғы аялдамаларда диспетчер қызметкерлері бақылауға алады. №14 маршруты бойынша 3 ПАЗ автобусы және 1 шағын автобус, ал №38 маршруты бойынша 6 шағын автобус жолаушы тасымалын қамтамассыз етеді.

Қажет болғанда қалыпты жағдайда округ тұрғындарымен жолаушы тасымалы қызметін ұйымдастыратын мекеменің басшыларымен жиындар өткізіліп отырады. Желтоқсан айының басында тұрғындармен өткізілген жиында жолаушы тасымалын ұйымдастырушы мекеменің барлық басқарушы құрамы, соның ішінде мекеменің басшысы, директордың орынбасары, орталық және сызықтық диспетчерлер, сонымен қатар ТҮКШ бөлімінің жолаушы тасымалы секторының меңгерушісі де қатысты. Тұрғындардың барлық ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, сондай-ақ, автобус қозғалысының кестесі мен механизмі түсіндірілді.Нәтижесінде азаматтардын автобус қозғалысы кестесінің бұзылуы жағдайына байланысты айтқан өтініштері мен ескертулері бойынша,аталған келеңсіздік орын алған кезде нақты дәлелді және автобус номерін жергілікті әкімшілікке,ТҮКШ бөліміне немесе тасымалдаушы кәсіпорынға хабарлау керек екені ескертілді.



Абаттандыру

Округтің тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу, «ОралТазаСервис» ЖШС арнайы техникаларының көмегімен қоқыс қалдықтарын шығару арқылы жүзеге асады.

Өткен жылы барлық ескі кузовтар мобильді порталдарға ауыстырылды.

Инфекциялық және әлеуметтік қауіпті аурулардың алдын алу мен жою мақсатында округ аппараты мен санитарлы - эпидемиологиялық станция өкілдері, учаскелік инспектор және ЖПК бригадирінің қатысуымен санитарлық рейдтар ұйымдастырылып тұрады.

Жалпықалалық сенбілікте тиісті аумақты тазартуда округ тұрғындары,кәсіпорындар мен ұйымдар белсенділікпен қатысып, 2013 жыл бойына 40 тонна қоқыс шығарылып және 140 тан аса ағаш ақталды.

Тұрғын үйлерге және инженерлік инфрақұрылымдарға құлауы мүмкін қауіпті құрғақ ағаштардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері округ аумағында 13 ағаш кесілді. Кесілген ағаштардың орнына алдағы жылдың көктемінде жаңа талдар егу жоспарлануда.
Ветеринария

Тұрғындарды адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, округ аумағында қажетті ветеринарлық - профилактикалық шаралар жүргізілуде. Аса қауіпті Сібір жарасына қарсы 100 бас ірі қара малға, 100 бас ұсақ малға, 20 бас шошқаға екпе жасалды. Құтыру ауруына қарсы 100 бас ірі қара мал, 90 бас ұсақ малға, 185 бас итке, 50 бас мысыққа екпе жасалды. Қарасанға қарсы 110 бас ірі қара мал басы егілді. Құс тұмауына қарсы 1000 бас құсқа екпе жасалды.

Жыл басынан бері 80 бас ірі қара мал басына, 110 бас ұсақ малға, 30 бас шошқаға Бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық зерттеу жүргізілді. Туберкулезға қарсы 160 бас ірі қара мал басына зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде ауру мал анықталмады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары да жүргізілуде. 2013 жыл бойына «Қалалық ветеринариялық станция» МКК қызметкерлерімен округ аумағында 82 қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланды.
Мәдениет және спорт.

Округте екі кітапхана жұмыс жасайды: № 10 М.Горький атындағы қалалық кітапхана филиалымен №14 ЖОББМ жанындағы мектеп кітапханасы.

Мемлекеттік мерекелердің құрметіне кітапханада кітап көрмесі, жеке ақындар шығармаларының оқу байқаулары, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Елбасы, Қазақстан Республикасы Президентінің ғибратты сөздерін.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің құрметіне тұрғындар үшін әкімшілік ғимараты алдында немесе №14 ЖОББМ акт залында мектеп, мектептен тыс жұмыс орталығы және №10 кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Астана күні мерекесіне орай «Жастар» мәдениет үйінің әуенді - аспапты ансамблінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

14 қыркүйек қала күні мерекесін тойлау қарсаңында №14 мектеп аумағында балалар және спорт алаңдары ашылды. Сонымен қатар, Зеленов ауданы өнерпаздары концерттік бағдарламасымен келді. Спорт алаңдарын қалалық мәслихат хатшысы Марс Сатыбалдиев және Желаев селолық округінің спортшылары салтанатты түрде лентасын кесіп ашып берді.

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін тойлау кезінде №14 ЖОББМ қаладан шақырылған үш команда барлығы алты команда қатысқан, волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Тұңғыш Презадент күніне орай қалалық жастар ұйымының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, округтің үздік жұмысшыларына округ әкімінің құрмет грамоталары тапсырылды.

Округ әкімшілігінің қолдауымен округтің белсенді жастары - Тәуелсіздік мерекесіне орай әдемі әзілмен саналы ой тастайтын мектеп оқушылары,округ жастары, БҚМУ командаларының арасында көңілді тапқыштар клубы байқауын және концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесін тойлау қарсаңында, округте қаладан келген «Ару әжелер» ансамблі және Желаев ауылының «Әжелер ансамблі» қатысқан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

31 қаңтар Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әкімшілік ғимарат алдында әкімшілік қызметкерлерімен бірге №14 мектеп, дәрігерлік амбулаторияның қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырылды( концерттік бағдарлама, ойындар, шыршаны айналу, маскарад байқауы, қойылымдар).

Әлеуметтік қамсыздандыру және халыққа қызмет көрсету

Желаев селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:

  • Жеке қосалқы шаруа қожалығы бар екені туралы анықтама беру, жыл басынан бері 97 азаматқа берілді.

  • Ветеринарлық анықтама беру,бұл қызмет жыл басынан бері 9 азаматқа көретілген.

  • Ветеринарлық куәлік беру, 2 азаматқа берілген.

Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ, бала жәрдемақысын алушылар – 11адам.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде өз ісін ашу үшін, округ тұрғындары арасында жұмысқа орналасуға тілек білдірушілер, қайта даярлаудан өту және біліктілігін арттыру бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Осы бағытта 2013 жылдың 10 қыркүйегінде жұмыспен қамту бөлімімен бірігіп, жұмыс орындарын ұсынушы 10 мекеменің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Сонымен қатар жәрмеңкеге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын түсіндіру үшін «Даму» қорының өкілдері қатысты. Нәтижесінде 2014 жылға бағдарламаға қатысуға 4 адам өтініш берді. Бағдарлама бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасуда және мұндай кездесулер мен іс – шаралар округ аумағында жиі өткізілетін болады.

«Мектепке жол», «Мейірбандылық айлығы» акциясы кезеңінде округтің кәсіпкерлері («Желаев КХП» АҚ, «Агран» ЖШС, «Батыс-Продукт» ЖШС, «Перспектива КАН» ЖШС, «РКК Маяк» ЖШС және т.б.) округтің мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті мүлікпен қамтылуға демеулік көмек көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылдың қазан айында мейірбандылық айлығында №14 орта білім беретін мектепте тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылған болатын, соңы ардагерлерге арнап әзірленген көңілді отырыс пен және символикалық сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.

Сонымен қатар, мейірбандылық айлығында «Желаев КХП» АҚ 750 кг ұн және 300 кг макарон өнімдері округ зейнеткерлеріне материалдық көмек ретінде ұсынды.

Тыл ардагерлерінің еңбегін тағы да атап және келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында тыл ардагерлері үйіне «Тыл ардагерінің үйі» жазуы жазылған 34 тақта ілінді.
Шағын және орта бизнес.

Қазіргі таңда округ аумағында шағын және орта бизнес саласында округтің 19 тұрғыны жұмыспен қамтитын 7 дүкен,шаштараз, тігін шеберханасы және дәріхана жұмыс жасап жатыр.

Соның ішінде өткен жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен біздің ауыл тұрғыны Мұқанова Айнагул өз ісін кеңейту үшін сомасы 2 600 000 теңге көлемінде шағын несие алып, ауылда тігін шеберханасын ашты және біздің округтің 1 адамын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Жаңа жыл қарсаңында Трудовая көшесінде жаңадан азық-түлік дүкені ашылған болатын.
Округтің ТҮКШ

2013 жылдың аяғында КНС-тан бастап қалалық кәріз желісіне дейінгі кәріз коллекторы құрылысы аяқталды.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша көпірден бастап, С.Датов көшесі бойымен 4,1 км (Желаев трассасы) жол бойы жөнделіп жатыр.

Балалардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жүргізушілердің жолдағы жылдамдығын төмендету үшін мектептің жанындағы жаяу жүргінші өтпелінің қасынан «Бөгегіш кедергі»(«Лежачий полицейский») орнатылды.

Қауіпсіздік мақсатында поездардың өтуін хабарлау анонстары ретінде жарық түсіру және дауысзорайтқыш желілерімен, жүргінші бастырмаларының қондырылуы нәтижесінде халықтың темір жол өткелдерінен қауіпсіз өту үшін, 1299км ДК4 ординаты жаяу жүргінші өткелімен жабдықталды.

Чкалова және Шоссейная көшелері автожолдарын күрделі жөндеуден өткізудің ЖСҚ әзірленді.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 2014 жылы 1068000 теңге қаражат бөлу жоспарлануда.

Ең проблемалық сұрақтардың шешімін шешу мақсатында халық арасында аталмыш қаражатты мақсатты бағыттауға арналған жиналыстар өткізілді, көпшілік тұрғындардың даусы бойынша нәтижесінде осы қаражатты Желаево кентінің оңтүстік жолын (гравий-шағылды жабындысын) жөндеуге жұмсау шешілді.
ТЖ күрес

Көктемгі жайылма су барысында төтенше жағдайларды алдын-алу мақсатында 2013 жылы шоғыр жерлерден және тұрғын үйлерді су басу каупінен 50 тонна еріген су тартылды.

Сонымен қатар, автобустардың және басқа да автокөліктердің кедергісіз жүруі үшін қысқы мезгілде және көктемгі мезгілде қардың жиналғанын және ерігенін ескерту және қажет болған жағдайда қарды арнайы көшеге шығару шараларында тазалау жүргізу жүзеге асырылады.
Құрметті тұрғындар!

Осы жасалған жұмыстармен қоса әлі де шешімін таба алмай жүрген сұрақтарда бар, осы сұрақтарды шешумен қала әкімінің және халықтың қолдауымен, округ әкімшілігі жұмыстанатын болады.Яғни олар:

- 140 орынды балабақша салу қажеттілігі;

- №14 мектепті, дәрігерлік амбулаторияны, басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды қалалық кәріздік коллекторға қосу;

- Шоссейная, Вербовая, Трудовая, Агрегатная, Курганная және т.б. көшелеріндегі автожол құрылысы;

- Мәдениет үйінің құрылысы.

Құрметті тұрғындар, округ әкімі осы сұрақтарды шешуге сіздердің түсіністікпен қарайтындарыңызға сенеді.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет