Ферменттер (лат.fermentum ашу; грек тілінде – enzym,еnішкі, zyme – ашытқы) тірі ағзада түрлі биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор. Ферменттер - жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы.
ХІХ ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (уыттан - амилаза, қарын сөлінен пепсин, т.б.) бөлініп алынды.
Ең алғаш таза ферментті 1926 ж. жас биохимик Дж.Самнер кристалл түрінде алды.
Зерттеліп табылған ферменттердің саны 6000-ға жуык.
Ферменттердің бәрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олардың молекулалық массасы 10мыңнан 1млн-ға жетеді.
Самнер, Джеймс Батчеллер Оксиредуктаза – электрондардың тасымалын катализдейді, тотығу-тотықсыздану реакциялары. Мысалы, каталаза ферменті.
Трансфераза – функционалды топтардың және молекулалық қалдықтардың бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдайды. Мысалы, фосфотрансфераза, аминотрансфераза.
Гидролаза – гидролитикалық ыдырау реакция жылдамдығын көбейтеді. Мысалы, пепсин, мальтаза т.б.
Лиазалар – молекулалар арасындағы химиялық байланыстарды гидролиз реакциясыз катализдейді,бір өнімнің ішінде қос байланысты түзеді. Субстратты ыдыратады және жаңа өнімді синтездейді.
Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
Лигазалар – синтез раекцияларын жылдамдатады, энергияңа бай байланыстарды ыдыратады. Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.