Ф.ғ. к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы



Дата12.06.2016
өлшемі40.03 Kb.
#131157
Мұсалы Л.Ж

Ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы

кафедрасының доценті

Оқытуда электронды ресурстарды қолданудың тиімділігі


Қазіргі уақытта ғаламтордағы ең бір қажетті ресурстардың бірі кітапхана болып отыр, оларды электронды, сандық, виртуальды деп атайды. Мұндай кітапханалардың ерекшелігі ақпараттың қордың белгілі бөлігін немесе толық нұсқасын сандық өңдеуден кейін желі арқылы, CD немесе DVD арқылы оқуға болады. Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегімен қажетті ақпарат сандық өңдеуден өтеді де, электронды поштамен жіберіледі. Мұндай кітапханалардың оқытушының кәсіби қызметінде пайдасы мол, каталогтар, электронды материалдар: сандық тұрғыда өңделген (оцифрованным) баспа өнімдері (кітаптар, журналдар, иллюстрациялар, карталар, диаграммалар, сызбалар), фотография, кино и видеофильмдер, картиналар, үш өлшемді модельдер, анимация, аудиофайлдар т.б. сабақ жүргізуде қосымша көрнекі материал болады. Оның үстіне қазір ғаламторда көптеген электронды материалдар еркін (тегін) ұсынылады.

Біріншіден, нормативті, оқу, әдістемелік ақпаратты Интернет жүйесінің технологиясын қолдана отырып тарату, пайдалану оңтайлы әрі тиімді болады. Қазіргі уақытта көптеген материалдарды басып шығарудың, тасымалдап, таратудың қажеті жоқ. Электронды басылымдар авторлардың мүмкіндігін кеңейте түседі. Тиражы аз болғандықтан, пайдасы да аз басылымдар да өз оқырманан тауып, практикалық тұрғыдан тиімді болады. Екіншіден, студенттерге, магистранттарға, ата-аналарға т.б. тұтынушыларға қажетті ақпараттың жету мерзімі де елеулі түрде қысқарады. Үшіншіден, ақпаратты сақтауға қажет алаңдар, құрал-жабдықтар дайындаудың қажеті жоқ. Төртіншіден, сандық өңдеуден өтуіне байланысты сирек кездесетін әдебиеттерге де қол жетеді. Қағазда, кино немесе аудио, видеопленка тәрізді уақытша құралдарда сақталған материалдар жойылып кетуден аман қалады. Бесіншіден, инновациялық ақпарат, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің таралуы, жеткізілуі жылдамдай түседі. Ірі мемлекеттік, аймақтық және университеттік кітапханалардың каталогымен танысы, қажетті жарияланымдарды іздеп, тауып отыруға мүмкіндік туады. Кітаптардың, энциклопедия, журналдардың газет және басқа да басылымдардың электронды версиялары инновацияның таралуы мен дамуына ықпал етеді. Алтыншыдан, әлемдегі кез келген ақпаратқа жылдам қол жеткізу мүмкіндігі кеңейеді, тұтынушылар тәуліктің кез келген сәтінде, кез келген қолайлы орында ақпаратты пайдалана алады.

Электронды кітапханалардың дами түсетіні, жетілдіріле түсетіні даусыз, баспа өнімдерін көшіру және сандық өңдеуден өткен материалдар қорын жасаудан да күрделірек жұмыстарға көшіп, электронды кітапхана кеңес беруші, ақпарат таратушы функция ғана емес, оқытушы, үйретуші қызмет те атқарады. Бұған қоса, болашақта электронды кітапханалар «ақпараттық қоғамның қоғамдық орталығына» айналады. Ірі ұлттық электронды кітапханалардың жасалуы ақпаратты барынша тиімді қолдануға ықпал етеді, бұл ғылым мен техниканың, мәдениеттің даму деңгейіне оң әсер етіп, білім беру жүйесін жақсартады. Қазіргі заманғы электронды білім беру ресурстарымен еркін режімде жұмыс істеу мүмкіндігін беретін электронды кітапханалар оқытушының кәсіби қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттік электронды кітапханалар авторлық құқықты қатаң сақтайды, электронды көшірмені құрал-жабдық сатып алуға, маманға айлық төлеуге қажетті ақша табудың қосымша жолы ретінде қолданады. Жеке меншіктегі электронды қорда материал еркін жеткізілгенімен интеллектуалық меншік құқығы бұзылып, көшірме түпнұсқаға сәйкес келе бермейді, плагиаттан қорғалмайды. Сондықтан, оқытушы ғылыми орталықтармен байланысы бар, статуыс жоғары кітапханаларды пайдаланғаны жөн.

Мәселен, (ЭС) «Аударма ісі» бөлімі студенттері үшін электронды сөздіктер дәстүрлі кітап-сөздіктің аналогы, электронды ақпараттық ресурстар аса пайдалы да тиімді болып табылады. Электронды сөздіктерге мәліметтердің мәтіндік базасы (жалпы лексика, білім саласы, аудармасы) және медиаобъектілер (графика, видео, анимация, музыка). Аударма режимі түрліше болады: тұтас мәтіндік файлдарды көшіріп алып, бағдарламаға енгізетін автоматты пакеттік, мәтіннің үзінділерін немесе жеке сөздерді аударуға ұсынатын интерактивті режим, функциясы аз, жеке сөздердің морфологиялық белгісі мен тіркесу қабілетіне қарай баламасын беретін электронды сөздіктер де бар. Ең көп тараған сөздік түрлері: Free On-line Dictionary of Computing, FreeDict, Jargon file, WordNet, жиі қолданылатын бағдарлдамалар: AtomicDic, GoldenDict, StarDict, программы, сайты и др.: ABBYY Lingvo, DICT — желілік хаттама, Мультитран, Polyglossum, МультиЛекс (орыс ағылшын, ағылшын-орыс, неміс, француз, испан, итальян, португаль және басқа көптілді сөздіктер, түсіндірме сөздіктер, арнайы лексиканы аударуға арналған тақырыптық сөз базасы кіреді).

Дәстүрлі сөздіктерге қарағанда, электронды аудармашының әрбір моделінде тақырыптарға бөлінген жиі қолданылатын фразалар мен айтылымдарды қамтитын тілдескіштер болады. Көптеген электронды аудармашыларда тілді үйрететін қосымша техникалық мүмкіндіктер бар: транскрипция, грамматика бойынша электронды оқ құралы, орфографиялық корректор, үйретуші ойындар, TOEFL жәнебасқа емтихандар т.б. Сондай-ақ, сөз аударуға қатысы жоқ қосымша функциялар да болады: әлемдік уақыт, өлшемдер мен салмақ аудармасы, киім мен аяқ киім мөшерініңі сәйкестігі, ұйқыдан оятқыш, калькулятор т.б.

Аудармашы электронды аудармашының түрін қолдану мақсатына сәйкес таңдай алады: электронды туристік аудармашы-тілдескіштер (Assistant моделі: 1093, 1093A, 1094, 2092, 2090, Brilliant: 100, 2000, Assistant: 1093, 1093A, 1094 және басқа); сөздік қоры мен қосымша қызметтері көп электронды аудармашы (Assistant моделі: 2093, 3000, 1070, Ectaco Partner: EFR430T, ER300T, ER200, DR200); үйретуші бағдарламалары бар теориялық және грамматикалық материал берілген электронды аудармашы (Ectaco Partner: ER800, X8, X8C, EGR430T); кәсіби тақырыптағы (қаржы, заң, медицина т.б.)лексиканы қамтитын қосымша сөздігі бар электронды сөздіктер ( Ectaco Partner: ER400 Professional, DR400 Professional, ER800); сөзді мәтіннен, мақаладан, кітаптан тікелей көшіру арқылы аударатын сканерлеуші сөздіктер (Quictionary моделі).



Қорыта айтқанда, оқыту үдерісінде электронды ақпарат құралдарын қолданудың тиімділігі зор, заманауи әдістеменің принциптеріне сүйеніп әр оқытушы мұндай құралдарды өзіндік тәжірибесінде түрлендіріп қолдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет