Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы:
«Borrowed English words used among the teenagers»
«Жасөспірімдер арасында қолданылатын ағылшын тілінен енген кірме сөздері»
Бағыты: Тіл білімі
Авторлары: 8-сынып оқушысы Бөрібаева Әсем Қуанышқызы,
9 сынып оқушысы Тлемисова Акнур Жанибековна
Жетекшіері: ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері
Каймакбаева Гулзауре Бектилеуовна, Ешова Акерке Кусаумирзаевна
Ақтөбе 2022
Мазмұны.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Кірме сөздерінің пайда болуы
2.2.Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу
3.Эксперименттік бөлім
3.1. Ағылшын тілінің кірме сөздерінің жастар арасында пайда болуының себебі.
3.2. Оқушылар арасында да ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалануы.
4.Нәтиже.
5.Қорытынды.
6.Библиография.
7. Қосымша.
Кіріспе.
Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу – бізге қойып отырған өмірдің талабы.
Басқа тілдерден келген кірме сөздер- табиғи және тұрақты үдеріс.
Халықтар, елдер, мемлекеттер әрқашан бір-бірімен байланыста болғандықтан басқа тілдерден кірме сөздердің келуі заман талабы.
Ақпараттық тасқынның күшеюі-ғаламдық интернет желісінің пайда болуы, дүниежүзілік экономикалық нарықтың дамуы, халықаралық туризм, мәдениет байланыстары, ақпараттық технологиялар, халықаралық олимпиадалар, фестивальдар – осының барлығы ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің келуіне себеп болды.
Мысалы: ноутбук, сканер, интернет, сайт т.б.
Ағылшын тілінен енген кейбір сөздердің аудармасы біздің тілде жоқ.
Мысалы: чипсы, видеоклип.
Мұндай сөздер ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көмегімен түсіндіріледі.
Мысалы: [термопот – термо және шәйнек, пиллинг-крем – бетті тазартатын крем] Бұны көп түсіндіру қажет емес, бірақ сөзбен айтылады.
Мысалы: клубқа кірер алдындағы тексеріс - face-контроль, шоу - қойылым.
Бір жағынан ағылшын тілінен енген кірме сөздер сөздік қорын кеңейтеді, екінші жағынан өз тіліміздің әдеби көркемдік мағынасын жояды.
Қазіргі жағдай туралы көптеген филологтар мен лингвистардың ойынша,
ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көптігі сонша, өз тіліміздің қасиеті жойылып барады.
Бізді қобалжытатын жағдай, күнделікті өмірде қазіргі жастар ағылшын тілінен енген кірме сөздерің жиі пайдаланады. Жастарға өз ойын, сезімін ағылшын тілінің кірме сөздер арқылы білдіру оңайырақ көрінеді.
Нақтырақ айтатын болсақ, жастардың күнделікті өмірде ағылшын тілінен енген кірме сөздері табиғи тілдік үдеріспен, әлеуметтік-идеологиялық себептерге байланысты.
Аталмыш қайшы сұрақтар ағылшын тілінен енген кірме сөздер тақырыбы
ның өзектілігі бізге осы тақырыпта зерттеу жұмыстар жүргізуге ой салды.
Достарыңызбен бөлісу: |