Ғылыми жоба тақырыбы: Нұрпейіс Байғанин-халық ақыны Ғылыми жоба жетекшісі: Молдабаева Зухра Орындаған: Құрымбаев Аршат Тобы: ҚТӘ спо 1/3 2024 жыл Жоспар



бет3/3
Дата22.02.2024
өлшемі34.88 Kb.
#492818
1   2   3
ғылыми жоба

Қорытынды
Нұрпейіс Байғанин совет дәуірінің ақыны. Социалистік Ұлы Октябрь революциясы ақынның творчестволық талантының көзін ашты, шалқыған шабытқа бөледі. Бұрын өзі туып өскен ауыл аймақта ғана аты шығып жүрген акын, енді Совет үкіметінің, Коммунистік партияның арқасында бүкіл Қазақстанға бегілі, кадірлі болды. Оның шығармалары қазақ тілінде де, орыс тілінде де үздіксіз басылып келеді.
Нұрпейіс шығармашылығының негізгі мазмұны социалистік өміріміздің шындығын суреттеу, халықтың ғасырлар бойы арман еткен бақытты болашағы социалистік өмірді жырлау. Нұрпейіс Октябрь революциясы әкелген жаңалықты куана құптаумен катар социалистік қоғамның одан да әрі нығаю жолындағы, коммунизм жолындағы жанқиярлық күреске белсене, беріле араласып отырды. Ол өз шығармаларында керекті материалды такырыптарды, образдарды совет адамдарының өмірінен, еліміздің барлык түкпірлерінде болып жатқан творчестволык енбектерден алды.
Сөйтіп, келешегі езілген кедейдің бірі революциядан бұрын ел бостандығын арман етуге жараған, бірақ оның кайдан, қалай келетініне көзі жетпей капа болған Нұрпейіс бүгінде бүкіл халық кұрметіне бөленді. Ол Совет үкіметінің қараңғы халыққа берген табысын алғашқы кезде жекелеп кана, көргенін көрген қалпында жырлаған болса, соңғы жылдары оны түсініп, оған жинақтау жасарлық дәрежеге жетті. Міне, мұның бәрі Нұрпейіс творчествосының әркез өсу, өрлеу үстінде болғандығына айғақ, Нұрпейіс Байғаниннің совет дәуіріндегі туындыларының қоғамдык, тәрбиелік мәні ерекше. Оның жалынды жырларының халықты, әсіресе жастарды коммунистік рухта тәрбиелеуде маңызы зор. Ақын жыр алыбы Жамбыл сияқты Қазақстанның біраз жерлерін аралап, Алматы, Мәскеу қалаларында болып, ертеден келе жатқан жыраулық дәстүрлі халқына кайта тарту етті. 1938 жылдан бастап Байғанин Нұрпейіске әдеби белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шангытове, г. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде кағазға түсіріп отырды. Байғанин Нұрпейіс "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. Байғанин есімі тек қазақ үшін ғана емес, дуние жүзі бойынша дәстүрлі шығармашылықтың білгірлері мен олармен айналысатындар үшін де танымал тұлға болғанымен оның шығармалары 50 жылдан бері кайта басылмаған. Ендеше, И Байғаниннің шығармаларын тәуелсіз Қазақстанның мәдениети кайта әкелетін уақыт жеткендей. Өйткені, ақынның айрықша биографиясы, урихи оқиғалардың куәгері болуы, ерекше дарындылығы, бай шығармашылық мұрасы соған лайык.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Нұрмағамбетова О. Өмір өрнектері (зерттеулер, естеліктер, хаттар). Астана:COSMOS, 2004, 436 бет.
2. Мәмбетов І. Нарқы. Дастандар мен өлеңдер. Алматы: Жазушы, 1974.
3. Ғаламтор желісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет