Ғылыми кеңес 044 -04/05(8)-2015 5 беттің -беті 28. 01. 2015 ж мәжіліс хаттамасы №8



Дата08.07.2016
өлшемі98.85 Kb.
#184716



ҚРДСжӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

044 -04/05(8)-2015 5 беттің -беті

28.01.2015 ж. мәжіліс хаттамасы №8




Қатысқандар:
Ғылыми Кеңес төрағасы, ректор – Б.Д.Сексенбаев

Ғылыми Кеңес хатшысы – Б.Т.Сейтханова

Ғылыми Кеңес мүшелерінің саны – 39 адам

Қатысқаны – 33 адам (түгелдеу парағы бар)



Кафедра меңгерушілері, бөлім бастықтары
Күн тәртібі:


  1. Клиникалық жұмыстар туралы есеп. Баяндамашы: ҒКЖ жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашев (баяндау уақыты: 7мин.).




  1. Қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы мен бакалавриат, интернатура, магистратура және резидентураның 2014-2015 о.ж. көктемгі семестрге арналған міндеттері жайында. Баяндамашы: Факультет декандары: Н.Ж.Жұмабаев, А.Қ.Қарабеков, Г.У.Туксанбаева және ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Ж.З.Садиева (баяндау уақыты: 7мин.).




  1. «Оқу клиникалық-симуляциялық орталығында» тәжірибелік дағдылар мен қабілетті дамытуды оңтайландыру. Баяндамашы: ОКСО бастығы Р.С.Маханбетов (баяндау уақыты: 7мин.).




  1. Әр түрлі.

4.1. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы 307 Б КДС топ студенті Өмірбай М. президенттік шәкіртақыға үміткер ретінде ұсыну туралы ақпараты. Баяндамашы: «Медициналық» факультетінің деканы А.Қ.Қарабеков (баяндау уақыты: 7мин.).

4.2. «Фармация» мамандығы бойынша студенттерді президенттік шәкіртақыға үміткер ретінде ұсыну туралы ақпараты. Баяндамашы: «Фармацевтикалық» факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаев (баяндау уақыты: 7мин.).

4.3. Г.В.Раменская және С.К.Ордабаеваның «Контроль качества и сертификация лекарственных средств» атты әдістемелік құралын бекіту туралы ақпараты. Баяндамашы: Ғылыми Кеңес хатшысы Б.Т.Сейтханова (баяндау уақыты: 7мин.).

4.4. Академиялық тәлімгерлігі туралы Ережені бекіту туралы ақпараты. Баяндамашы: СЖСМЖКРДО бастығы Б.О.Торланова (баяндау уақыты: 7мин.).

4.5. ОҚМФА профессор оқытушы құрамының болашақтағы даму жағдайы мен мәселелері. Баяндамашы: СЖСМЖКРДО бастығы Б.О.Торланова (баяндау уақыты: 7мин).

4.6. ОҚМФА-дағы «Таза сессия» акциясының нәтижесі туралы. Баяндамашы: ОӘжТЖ жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева (баяндау уақыты: 7мин.).

4.7. м.ғ.д. М.Ұ.Анартаеваның «Современные аспекты подготовки бакалавров здравоохранения» атты монографиясын бекіту туралы ақпараты. Баяндамашы: ҒКЖ жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашев (баяндау уақыты: 7мин.).

4.8. 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік Гранттың иегері, м.ғ.к., асс. профессор М.М.Есіркеповтың 2014 жылға жоспарланған кесте бойынша атқарған оқу – әдістемелік, ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және шет елдерде біліктілігін асыру туралы жылдық есебі жайындағы ақпараты. Баяндамашы: Ғылыми Кеңес төрағасы, ОҚМФА-ның ректоры, профессор Б.Д.Сексенбаев (баяндау уақыты: 7мин.).

Б.Д.Сексенбаев: Құрметті, Ғылыми Кеңес мүшелері бүгінгі күн тәртібі баршаңызға мәлім, алдарыңызда шешім жобалары көрсетілген. Рұқсат етсеңіздер, бірінші мәселе бойынша баяндамамен танысу үшін ҒКЖ жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашевтың ақпаратын тыңдайық.
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, ҒКЖ жөніндегі проректоры Б.Қ.Нұрмашевтың клиникалық жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Б.Д.Сексенбаев: Бекайдар Қалдыбайұлы клиникалық жұмыстарды бас дәрігерлермен бірлесіп, келісім шартқа тұрып, ойдағыдай арықарай дамытуымыз қажет. Профессор оқытушы құрамының клиникалық жұмыс бойынша ставкасының орындалуын жүйелі түрде бақылауға алып отырыңыз.
ҒКЖ жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашевтың ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. Клиникалық жұмыстар туралы есебі бекітілсін.


2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, факультет декандары мен ЖООКББ бөлімінің бастығының «Қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы мен бакалавриат, интернатура, магистратура және резидентураның 2014-2015 о.ж. көктемгі семестрге арналған міндеттері» жайлы ақпараты тыңдалды.
2.1 Фармация факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаевтың «Қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы мен 2014-2015 о.ж. көктемгі семестрге арналған міндеттері» жайлы ақпараты тыңдалды.
Фармация факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаевтың ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. Төмен көрсеткіштерге толық талдау жасалып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсарту іс-шаралары жоспарлансын.

2. Үлгерімі нашар пәндерден кафедраларда студенттермен қосымша кеңес жұмыстарын жүргізу жоспарлансын.
2.2 Медицина факультетінің деканы А.Қ.Қарабековтың «Қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы мен 2014-2015 о.ж. көктемгі семестрге арналған міндеттері» жайлы ақпараты тыңдалды.
Б.Д.Сексенбаев: Жоғарыда тыңдалған қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы жылдағы көрсеткіштерге қарағанда оңтайлы шешімін тапқан сияқты.
Медицина факультетінің деканы А.Қ.Қарабековтың ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. Барлық кафедраларда үлгерімі нашар студенттермен қосымша кеңес жұмыстары жүргізу ұйымдастырылсын.


2.3 Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Г.У.Туксанбаеваның «Интерндердің қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы мен 2014-2015 о.ж. көктемгі семестрге арналған міндеттері» жайлы ақпараты тыңдалды.

Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы

Г.У.Туксанбаеваның ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. Интернатура және жұмысқа орналастыру бөлімі тарапынан интерндердің оқу үлгерімі қатаң қадағалансын.

2. Кафедра меңгерушілері тарапынан интерндерге жеке кесте бойынша қарыздарын жоюға мүмкіншілік берілсін.

3. Кафедра меңгерушілері интерндермен аттестацияға күнделікті дайындық жүргізсін.


2.4 ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Ж.З.Садиеваның «Магистратура және резидентураның қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындысы мен 2014-2015 о.ж. көктемгі семестрге арналған міндеттері» жайлы ақпараты тыңдалды.
ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Ж.З.Садиеваның

ақпаратын тыңдай және талдай келе


Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. Резиденттер мен магистранттардың міндеттері жеке жоспарларына сай жүргізілсін.

2. Жоспарларының орындалуы ғылыми жетекшілері мен кураторларға жүктелсін.

3. Резиденттер мен магистранттардың міндеттерінің орындалуын және ғылыми жетекшілер мен кураторлардың жеке жоспарларының орындалуын қадағалау ЖООКББ бөлімі бастығы Ж.З.Садиеваға жүктелсін


3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, ОКСО бастығы Р.С.Маханбетовтың «Оқу клиникалық-симуляциялық орталығында» тәжірибелік дағдылар мен қабілетті дамытуды оңтайландыру туралы ақпараты тыңдалды.
Б.Д.Сексенбаев: ОКСО бойынша менде ескертулер мен ұсыныстарда бар. Ролан Сайддуллаевич сіз әрбір кафедра меңгерушісімен жоспарлаған жұмысыңызды бақылауға алып бір жүйеге қоюыңыз керек. ОКСО жұмысы бойынша және әрбір роботтың жұмыс істеу ережесі болу керек. Бауыржан Қалжанович ОКСО-ның құрал жабдықтары бойынша және бұл кафедралардағы құрал жабдықтарғада байланысты жұмысқа жарамдылығына ревизия жүргізіңіз. Баяндама бойынша тоқталатын болсақ сіз Бауыржан Қалжановичпен бірге жұмыс жасауыңыз керек. Денсаулық Сақтау және Даму Министрлігі тарапынан келіп жатқан протоколдарды негізге ала отырып, біліктілігін арттыруға келген дәрігерлерді жаттықтырып дайындауыңыз керек. Бұл орталықтың әрі қарай дамуына мен тілектеспін.
Құрметті кафедра меңгерушілері осы сәтті пайдаланып мен сіздерге ескертіп кетейін әрбір кафедраға алынған құрал жабдықтар мемлекеттік сатып алу ережесіне сәйкес тапсырыс беріліп алынуы қажет. Тағыда қайталап айтамын бұл жабдықтар алынған мақсатқа байланысты қолданылуы тиіс.

ОКСО бастығы Р.С.Маханбетовтың ақпаратын тыңдай және талдай келе


Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. Оқу клиникалық-симуляциялық орталығының тәжірибелік дағдылар мен қабілетті дамытуды оңтайландыру бойынша жоспары бекітілсін.

2. Оқу клиникалық – симуляциялық орталығында тәжірибелік дағдылар мен қабілетті дамытуды оңтайландыру бойынша жоспарының орындалуын клиникалық кафедра меңгерушілеріне және ОКСО меңгерушісі Р.С.Маханбетовке жүктелінсін.

3. Оқу клиникалық – симуляциялық орталығында тәжірибелік дағдылар мен қабілетті дамытуды оңтайландыру бойынша жоспардың орындалуын бақылау проректорлар М.У.Анартаеваға және Б.Қ.Нұрмашевқа жүктелінсін.


4. Әртүрлі
4.1. «Медициналық» факультетінің деканы А.Қ.Қарабековтың «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы 307 Б КДС топ студенті Өмірбай М. президенттік шәкіртақыға үміткер ретінде ұсыну туралы ақпараты тыңдалды.
«Медициналық» факультетінің деканы А.Қ.Қарабековтың ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы 307 Б КДС топ студенті Өмірбай М. президенттік шәкіртақыға үміткерлікке ұсынылсын.


4.2. «Фармацевтикалық» факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаевтың «Фармация» мамандығы бойынша студенттерді президенттік шәкіртақыға үміткер ретінде ұсыну туралы ақпараты тыңдалды.

«Фармацевтикалық» факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаевтың

ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:


  1. 306 «А» ФР Әлиева Елена Шамистан

  2. 409 «А» ФР Каримова Асел Нурлановна

  3. 409 «А» ФР Өтегенов Айдар Маратұлы

  4. 514 ФК Бақытжанұлы Бағдат

Аталған студенттер президенттік шәкіртақыға үміткерлікке ұсынылсын.
4.3. Ғылыми Кеңес хатшысы Б.Т.Сейтханованың Г.В.Раменская және С.К.Ордабаеваның «Контроль качества и сертификация лекарственных средств» атты әдістемелік құралын бекіту туралы ақпараты тыңдалды.
Ғылыми Кеңес хатшысы Б.Т.Сейтханованың ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. Г.В.Раменская және С.К.Ордабаеваның «Контроль качества и сертификация лекарственных средств» атты әдістемелік құралы бекітілсін.


4.4. ҒКЖ жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашевтың м.ғ.д. М.Ұ.Анартаеваның «Современные аспекты подготовки бакалавров здравоохранения» атты монографиясын бекіту туралы ақпараты тыңдалды.
ҒКЖ жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашевтың ақпаратын тыңдай және талдай келе


Ғылыми кеңес қаулы етеді:

1. м.ғ.д. М.Ұ.Анартаеваның «Современные аспекты подготовки бакалавров здравоохранения» атты монографиясы бекітілсін.


4.5. СЖСМЖКРДО бастығы Б.О.Торланованың Академиялық тәлімгерлігі туралы Ережені бекіту жайлы ақпараты тыңдалды.
СЖСМЖКРДО бастығы Б.О.Торланованың ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми кеңес қаулы етеді:

1. Академиялық тәлімгерлігі туралы Ережесі бекітілсін.

2. «Академиялық тәлімгерлігі туралы Ереженің» талабын орындалу мониторингі СЖСМЖКРДО бастығы Б.О.Торлановаға жүктелсін.
4.6. СЖСМЖКРДО бастығы Б.О.Торланованың ОҚМФА профессор оқытушы құрамының болашақтағы даму жағдайы мен мәселелері жайлы ақпараты тыңдалды.
Б.Д.Сексенбаев: Құрметті кафедра меңгерушілері баяндалған мәселе бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Біздің қазіргі мақсатымыз жас мамандарды тәрбиелеп дайындауымыз керек. Баяндамадағы механизмді негізге ала отырып жоғарғы оқу орындарымен PhD – докторантура бағытында жоспар құру үшін келісім шартқа тұруымыз қажет. Әрбір кафедра меңгерушісі кафедраның ғылыми дәрежесін көтеру үшін стратегиалық жоспар түзу керек. Бұл бағытта бізде тәжірибе бар. Сіздердің бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктеріңізге жас мамандар қызыға қарап талпыну керек. Біздің профессорларымыздың құрамы, деңгейі, дәрежесі өте жоғары, білікті, тәжірибелі болуы керек. Бізде осы көрсеткіштер жоғары болса ғана біз өзіміздің ізбасарларымызды дайындай аламыз.
СЖСМЖКРДО бастығы Б.О.Торланованың ақпаратын тыңдай және талдай келе

Ғылыми кеңес қаулы етеді:

1. 2015ж. 15-ші ақпанына дейін ҚР БҒМ лицензиялық талаптарына сәйкес, кафедра ғылыми дәрежесінің көрсеткішін көтеруге арналған жұмыс жоспарын кафедра меңгерушілері әзірлеп, СЖСМЖКРД орталығына тапсырсын.

2. Кафедра меңгерушілері 2015ж. 15-ші ақпанына дейін 2015-2019жж. кафедра қызметкерлерін PhD - докторантурада оқыту жоспар-өтініштерін дайындап, СЖСМЖКРД орталығына тапсырсын.

3. Кафедра ғылыми дәрежесінің көрсеткішін көтеру бойынша кафедра жоспарларының орындалуын қадағалау СЖСМЖКРД орталығының бастығы Б.О.Торлановаға жүктелсін. Бақылаушы проректор – Б.К.Махатов.


4.7. ОӘжТЖ жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаеваның ОҚМФА-дағы «Таза сессия» акциясының нәтижесі туралы ақпараты тыңдалды.
ОӘжТЖ жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаеваның ақпаратын тыңдай және талдай келе

Ғылыми кеңес қаулы етеді:

1. Ақпарат мағлұматқа алынсын.


4.8. 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік Гранттың иегері, м.ғ.к., асс. профессор М.М.Есіркеповтің 2014 жылға жоспарланған кесте бойынша атқарған оқу – әдістемелік, ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және шет елдерде біліктілігін асыру туралы жылдық есебі жайындағы ақпараты тыңдалды.
Асс. профессор М.М.Есіркеповтің ақпаратын тыңдай және талдай келе
Ғылыми Кеңес қаулы етеді:

1. 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік Гранттың иегері, м.ғ.к., асс. профессор М.М.Есіркеповтің 2014 жылға жоспарланған кесте бойынша атқарған жылдық есебі бекітілсін.


Б.Д.Сексенбаев: Құрметті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік Гранттың иегерлері болашақта жоспарланған кесте бойынша атқарылған жылдық есепті берген кездеріңізде қаржылық есепті қатаң бақылауға алуыңыз тиіс. Себебі мемлекет тарапынан бөлінген қаржы сіздердің жоспарланған жұмыстарыңыздың мақсатына қарай жұмсалуы тиіс. Жұмсалған қаржыны растайтын құжаттар шартты түрде болуы керек. Мен осы мәселені нақты ескертіп кеткім келіп отыр.

5. Марапаттау.
Б.Д.Сексенбаев: Құрметті Ғылыми Кеңес мүшелері Б.Қ.Нұрмашовты ОҚО кәсіпкерлер палатасы тарапынан келіп түскен мақтау қағазымен марапаттауға рұхсат етіңіздер. Сізге бұл бағытта жұмысыңызға табыс тілейміз.
Бүгінгі мерейтой иелерін дәстүрлі түрдегідей құттықтап өткім келіп тұр. Атап айтқанда, олар:

Спатаева Қаракөз Ырсалықызы 50 жас – ЭЖБ бастығы

Сопбекова Анаркул Онлабекқызы 60 жас – «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының профессор м.а.

Аширов Шадияр Алдиярұлы 50 жас – «Қазақстан тарихи және Қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а.

Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы 50 жас – «Терапия бакалавриат» кафедрасының профессор м.а

Барлық туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймыз, ұжым атынан баршаңызға мықты денсаулық, жұмыста табыс және отбасыларыңызға амандық тілейміз!



Осымен кезекті Ғылыми Кеңес отырысы аяқталды. Сау болыңыздар!
Ғылыми Кеңес

төрағасы, профессор Б.Д.Сексенбаев
Ғылыми Кеңес

хатшысы, проф.м.а. Б.Т.Сейтханова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет