Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Әдебиеттану мамандығы
Алматы -2022
Ұлттық әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихы.
Орындаған: Мурсалы Намаз Мұхтарқызы
Тексерген: Сарбасов Болатхан Серғазыұлы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ ғалымдарынан Әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген.
Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет тееориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып “Сөз өнері” деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Әдебиет теориясының бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Әдебиет теориясының басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген “Әдебиеттану. Терминдер сөздігі” (1997, 1998) жарық көрді.
Қазіргі Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық ғылым ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді:
Қазақ әдебиеттану ғылымы пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі
Бұл кезең ежелгі әдебиеттен басталып, қоғамдық даму сатыларына сай 20 ғ-ға дейінгі уақыт аралығын қамтыды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-дың соңына дейін созылған ұзақ мерзім Қазақ әдебиеттану ғылымының тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болғандығы, тарихи сабақтастық принципіне сай өсу-толысу, эвол. даму сипатында өткені анықталды. Ол 19 ғ. шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлтттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның тууына негіз болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі (1900 – 40)
20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиогр. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болғандығын көрсетті. Әдеби мұраны ғыл. игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-тәсілді меңгеруге дейінгі ғыл.-зерттеушілік ой-пікір 20 ғ-дың басынан бастап әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, әдеби сынды тудыруда ғыл. және эстет. биіктіктерге ұмтылды. 20 ғ-дың 20-жылдары “Әдеби мұра керек пе, жоқ па?” деген мәселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны игеруде “бірыңғай ағым теориясының” оң бағытын пайдаланды, оны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану, шығарм. үйрену секілді өзекті мәселелерді шеше алды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармалары моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аудараралық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғыл.-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңі (1941 – 70)
Қазақ әдебиеттану ғылымының даму кезеңі (1970 жылдан бастап)
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі қиын-қыстау жолындағы талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғылыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. Олар өздерінің туып, қалыптасу кезеңін толық аяқтап, 1970 жылдан бастап даму кезеңіне қадам басқан Қазақ әдебиеттану ғылымының алдына заман тартқан күрделі де көкейтесті мәселелерді шешуге жұмыла кірісті. 1970 – 80 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теориялық мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, повесть, әңгіме, трагедия, комедия, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанасына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен “ақтаңдақтар” қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды
21 ғасырларға қарай Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісіне әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғылым саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қазақ әдебиеттану ғылымы өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстет., әдеби-тарихилық, әдеби-теориялық сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тексеріліп, моногр. тұрғыда тұтас және толық қарастырылды
Пайдаланған әдебиеттер: 1. З. Қабдолов “Сөз өнері”. Алматы. Санат. 2002 2. А. Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш”. Алматы. Атамұра. 2003. 208 б. 3. Қ. Жұмалиев “Әдебиет теориясы”. Алматы. Мектеп. 1968. 243 б. 4. Уәлиұлы Н. Қазақ сөз мәдениетінің ғылыми теориялық негіздері. Алматы. 2007. 308 б. - Пайдаланған әдебиеттер: 1. З. Қабдолов “Сөз өнері”. Алматы. Санат. 2002 2. А. Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш”. Алматы. Атамұра. 2003. 208 б. 3. Қ. Жұмалиев “Әдебиет теориясы”. Алматы. Мектеп. 1968. 243 б. 4. Уәлиұлы Н. Қазақ сөз мәдениетінің ғылыми теориялық негіздері. Алматы. 2007. 308 б.
Достарыңызбен бөлісу: |