Тапсырма Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу сабағын ұйымдастыру



бет1/3
Дата21.01.2020
өлшемі50.19 Kb.
#447852
  1   2   3
Бастауыш сыныпта бейнелеу саб ұйымдас

Тапсырма 1. Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу сабағын ұйымдастыру 
 1.Сабаққа қойылатын талаптар.

2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.

3. Сабақты әдістемелік талдау.

4. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.

 

1. Сабаққа қойылатын талаптар.



Сабаққа дайындық оған қойылатын талаптарды іске асырады. Қазіргі педагогикалық еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру позициясына сай ол талаптар мыналар:

1. Сабақ динамикасы – бүтін, біртұтас жүйе. Жеке логикалық байланысты элементтерден құралады.

2. Әр бөлік оқу-танымдық, тәрбиелік міндетті іскеасырады.

3. Әр сабақ - сабақтар жүйесінің арнайы бөлігі.

4. Әр сабақ басқа пәндермен, тақырыптармен, өмірмен және практикамен байланысты.

2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың іс-әрекетінің бір түрі – еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмүны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Ол жоғарыда бағдарламада айтылған. Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:

- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);

- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);

- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;

- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.

- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;

- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;

- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.

Б.П.Есипов, Н.И.Болдырев, Г.И.Щукина, В.А.Онищук т.б. жасаған сабақ-тар жіктеуі мектептерде жиі қолданылуда. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл  жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді:

оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;

іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;

қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;

білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау – тексеру сабақтары;

аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.

Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды:

а) Ұйымдастыру кезеңі;

ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;

б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы;

в) жаңа материалды бекіту;

д) үйге тапсырма беру.

  Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы: жаңа мате-риалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуге болады.

1. Мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді.

Мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар

барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.

Жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен

орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.

Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынандай элементтерге де  бөлінеді:

  а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы керек);

  ә) мотивация (нені оқу және білу керек);

  б) таңдау және оқып білудің бір ізділігі;

  в) тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек).

Сабақтың мұндай жүйесі оны вариативті құруға мүмкіндік береді, балалар алдына оқу міндеттерін қояды, оларды проблемалық ситуациямен таныстырады, жауап іздеуге кіріседі.

  Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізіне сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы: әңгіме – сабағы, өзбетінше жұмыс істеу – сабағы т.б.

  Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:

1.Жаңа  білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, киносабақ, ЭВМ және басқа техникалық қралдарды қолдану сабағы).

2.Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өзбетінше жмыс сабағы, лабораториялық және практикалық жмыстар, семинар т.б.).

3.Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.).

4.Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.

5.Бақылау сабағы (барлық бақылау, срау-қайталау, сынақ, өзара және өзін-өзі бақылау жмыстары т.б.).

Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б.

Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте  зор.

  3. Сабақты әдістемелік талдау.

Сабақты талдау пәнін, сыныбын, сабақ тақырыбын, сабақ мақсатын т.б. көңіл аударады. Сабақты талдау кезінде мынадай мәселелер есепке алынады.

1. Сабақтың типі, құрылымы, тақырыбы, мақсаты, оқыту әдістері, тәсілдеріне байланыстылығы.

2. Сабақтың мазмұны – оқу материалының сапасы, ғылымилығы, актуальдылығы, нақтылығы, тәрбиелік мәні, дамыту, білім беру функциялары т.б.

3. Оқыту әдісінің сабақтың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі, көрнекі, техникалық құралдарды пайдалануы, мұғалімнің білімділігін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру, бағалануын бақылау т.б.

4. Сабақты ұйымдастыру, уақытты дұрыс пайдалануын, оқушылардың танымдық процестеріне басшылық жасау.

5. Мұғалімге мінездеме беру – теориялық дағдысы, методикалық шеберлігі; педагогикалық әдептілігі /әділ, кішіпейіл, ілтипатты, талапшылдығы т.б./ анық, айқын сөйлеуі.

6. Сабақ нәтижесін анықтау, оқушылардың білімді игеру, дәрежесі, қызығушылығы мен белсенділігіне аудару.

Талдау соңында пікір айту, ұсыныстар жасалады. Тексеру жариялылық жағдайда өту керек.

Мектеп педагогикалық кеңесі – конференция шешімдерін орындау барысын ұйымдастырады, мектепті дамыту, жетілдіру жоспарлайды, мектеп директорымен бірлесе отырып, бүкіл ұжымның мүддесін жақтайды; методикалық кеңестің ұсынысы бойынша мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын, әдісін, құралын, ұйымдастыру түрін анықтайды. Оқушыларды тәрбиелеу ол мемлекеттік талапқа стандартқа сай болу керек /білім беру стандартына/, мектептің жұмыс /режимін/ тәртібін белгілейді, кадрды іріктеп, орналастыруға бақылау жасайды, педагогикалық кадрларға аттестация жүргізу, олардың классификациясын анықтап беруді оқу орындарының алдына қояды, оқу тәрбие жұмысының сапасын жақсарту оқу орындарының алдына қояды, оқу тәрбие жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды қолдайды, мектеп қаржысының тиімді, дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды, әртүрлі мұғалімдердің есебін т.б. тыңдайды, мектеп қызметкерлерін, администрациясын, олардың мамандық негізіне, қызмет бабына ретсіз араласудан сақтайды.

Сабаққа оқу жылының басында қатынасу - ұжымға қосылған жас мұғалімге бағыт беру мақсатын көздейді. Ол сабаққа ғылыми-әдістемелік сабақтың сапалық негізін көтеруге септігін тигізуге мүмкіншілік береді.

Тақырыптық тексеру – белгілі бір тарауды өткенде мұғалімнің сабағына басынан – аяғына дейін қатынасу оны жан-жақты білуге, білім көлемін анықтауға, ұйымдастыру жүйесін жете білуге мүмкіншілік береді. Оқыту әдісін, көрнекті құралдарды, техникалық оқу құралдарын пайдалану тәсілдерін зерттейді.

Бүкіл оқу күні барысында бір ғана сыныпқа қатынасу.

Мақсат:


1) Әр мұғалімнің сабақ беру әдістерін, оқыту жүйесін бақылап салыстыру;

2) Үй тапсырмаларының көлемін, мазмұнын анықтау;

3) Әр мұғалімнің сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін, тәртібін зерттеу.

Мектеп директорының, оқу ісі меңгерушілерінің методикалық кеңестің және пән әдіс бірлестіктері жетекшілерінің мұғалімдердің, сабақтарына бірігіп қатынасуы. Бұл біріңғай методикалық талаптар қою үшін қажет. Бұл ала ауыздыққа келіспеушілікке тосқауыл қояды.

Бұрын білімді диагностикалау іс-жүзінде болмаған, тәжірибеде қолданылмаған. Ертеректе атақты педагогтар, оның ішінде Ресейде Н.А.Корф өзі оқытып шығарған 300 оқушының оқу бітіргеннен кейінгі өмірі, олардың мектепте алған білімін қалай тәжірибеде пайдаланып жүргізуін зерттеген. Бұл білімді диагностикалаудың алғашқы тәжірибелерінің бір түрі еді. Одан кейін Ресейде білім беруді ұйымдастырушылар Н.В.Шелгунов, А.Ф.Бубнов, К.П.Яновскийлер мектеп бітірушілердің алған білімін қалай пайдаланып іске асыратынын зерттеуге көңіл бөлген. Кеңес дәуірінде мектеп бітірушілерді келешекке бағдарлаумен П.П.Блонский, А.С.Макаренко айналысты. Кейін А.С. Макаренко біздің жұмсымыздың мақсаты – адамдардың нақты санасына, біздің педагогикалық қолымыздан қандай санадағы адамдардың шығатындығына байланысты – деп жазды.

Алдын болжай білу, - деп жазды В.А.Сухомлинский – ол ең алдымен жүріп өткен жолға көз жіберу, одан бүгінгі жетістіктің нышанын көре білу.

Диагностика деген ұғымға оқу-тәрбие барысында жетістік пен кемшіліктерді көре білу, соларды дер кезінде алдын алып болдырмау, жетістікті жетілдіре отырып ақырғы қортындыны көздеу. Мектептен кейін оқушының алған білімін тәжірибеде қолданып іске асыруын қадағалау, өзіне де, қоғамға да пайдалы адамды тәрбиелеп шығару.

Диагностика деген – оқушының ақыл-ой мүмкіншілігін, адамгершілігін, дене дамуын бағалай білу, олардың жеке басының психологиялық ерекшелігін көре білу, адамдармен тіл табысу қабілетін зерттеу, өзін оқушылар ортасында қалай ұстап, мұғалімдермен, үлкендермен қатынасын анықтауды белгілеу.  

4. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.

Еңбек бөлімі:                  Техникалық еңбек

Еңбек түрі:                      Қағазбен жұмыс

Сабақтың уақыты:            45 минут

Сабақтың тақырыбы:        Қағаздан желкенді қайық дайындау

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға желкенді қайықтың, ескекті қайықтан айырмашылығы туралы айтып беру. Модел үлгісін көрсете отырып немесе тақтаға жазып көрсету арқылы жасау жолын үйрету.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға сызғышты дұрыс пайдалану сызғышпен өлшеудің, қағазды түзу, дәл бүктеуді және  қағаздан ойыншық жасау тәсілдерін меңгерту.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың  құрал- сайманмен еңбек  жасау және де олардың ойлау,түсіну сияқты қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Желкенді қайықтың үлгісі және суреті.

Қолданылатын материал: Түрлі түсті қағаз, қызыл шүберек қиындысы.

Құрал-сайман: қалам, қайшы, сызғыш, өшіргіш, қылқалам.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Барлығымызда сабаққа керек құрал жабдықтарымызды алып партаның үстіне қоямыз.

Балалар біз өткен сабақта қандай тапсырма орындап үйрендік ?

Қағаздан қорап жасап үйрендік.

Қағаздан қарап жасау неше жолмен жасалды екен?

Төрт жолмен жасалады.

Дұрыс айттыңдар, балалар.

2. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.

Ал, балалар біз бүгін қағаздан желкенді қайықты жасауды үйренеміз. Қағазға сызғышпен өлшеп өзімізге қажетті және үлгідегі өлшеммен бірдей етіп қиып алуымыз керек. Қиып алынған қайық бөліктерін басқа қағаз бетіне қиыстырып орналастырамыз.

- Ал енді балалар.

- Қағаз ұзындығын өлшегенде қай саннан бастап өлшейміз?

- Сызғышпен ұзындықты өлшегенде әрқашан 0-ден бастап өлшеу керек.

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Ал, енді қылқалам не үшін керек?

Қылқаламмен желім жағамыз.

Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді біз осы ережелерді есімізге сақтай отырып, “Желкенді қайықты” жасауға кірісейік.

3. Практикалық жұмыстың орындалу реттігі:

Желкенді қайықтың  жасалу үлгісінің суретін тақтаға іліп қою. Оқуцшылар дәптерлеріне желкенді қайықтың үлгісін салып алады. Ал, енді балалар қолымыз шаршап қалмау үшін “Сергіту сәтін” ұйымдастырып жіберейік.

       Бала, бала балақан,

       Қане қайсы алақан.

       Саусақтарың айбат

       Былай-былай ойнат.

       Аяқты топ-топ басайық

       Жалаудан гүл жасайық

       Жаса-жаса алтын күн

       Жаса- жаса жарқын күн.

Балалар осы өлеңді айтып тұрып қимыл жасап, қолдарын саусақтарын жаттықтырады.

4. Практикалық жұмыс.

     Енді балалар,  үлгіге қарап отырып барлығымыз да жұмыс жасауға кірісеміз. Алдымен қалай жабыстырып алуды, қалай орналастыру керектігін тыңдап, түсініп алайық. Желкенді қайық пішінін бір парақ қағазға (жапсырмалау). Қатырма қағаздың пішінін 2х8 см өлшемде тілкем тіліп  алып, оның екі жағын тең етіп ортасынан бүктейміз де, суреттегідей үшбұрыштап, бір ұшын қоямыз. Бұл қайықтың негізгі (бөлігі) оны бір парақ қағаздан төменгі жағына желімдеп жабыстырамыз. Пішіні 6х2 5 см тігінен алып, одан суреттегідей желкен қиямыз. Тік бұрышты үшбұрыш формалы желкен пішінін қайық корпусының дәл ортасында үшбұрыш тіреп әрі желкенді желімдейміз. Енді қызыл түсті қағаздан жалауша жасап, оны желкеннің ұшына жаймен жабыстырамыз.

Парақ бетінде желкенді қайықтың бейнесі пайда болады.

Қорытындылау кезеңі:

Балалардың жасаған жұмыстарын тексеріп олардың жасаған жерінде кемшілік кетсе, оны айтып жақсы жасалған оқушыны мақтап мадақтау арқылы оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдар мен жұмыс жасау. (Күріштен әртүрлі бейнелерді жапсырмалау тәсілі мен жасау)

Сабақтың мақсаты.   1. Оқушыларға табиғи материалдармен

жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдерін үйрету.

2. Табиғи материалдардың қасиеттерімен таныстыру.

3. Күріштен құсты, гүлді жасауды үйрету арқылы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, жаттығу.

Сабақтың түрі: сарамандық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Табиғи материалдармен жұмыс істеудің әдіс- тәсілдерінің суреттері, күріштен құсты, гүлді жасаудың бейнеленген суреті.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:  Күріш, кілей, гуашь, қатырма қағаз және т.б.


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Жаңа сабаққа көңіл аударту.

2. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.

Сабақтың мазмұны: Бастауыш кластарда табиғи материалдармен жұмыс жасауда пайдаланатын заттардың біріне күріш жатады. Бұл материалдармен жұмысты жыл мезгілдерінің ең қолайлы кезеңі, көктемде орындатқан жөн. Табиғи материалдар мен жұмыстар орындау оқушылар үшін қызықты әрі ыңғайлы болып келеді. Табиғи материалдармен жұмыс орындау басқа материалдарға қарағанда оңай әрі тазалау жұмыс түрі болып келеді. Алдыменен табиғи материалдардың қасиеттері, құрамы туралы  айта келіп саусақтарымен, жұмыстар орындауға жаттықтыру керек.

  Табиғи материалдар мен жұмыс істегенде жұмыс столының тазалығын, қолдарының, киімдерінің тазалығын сақтай отырып, ептілікпен жұмыс істеуге қалыптастыру қажет. Табиғи материалдармен жұмыстар орындар алдында қажетті құрал-жабдықтарды кесу құралы, жағу, үгу құралдары тақтайшалар болғаны дұрыс.

 Табиғи материалдардың негізгі қасиеттеріне, мысалы күріштің қаттылығы, жабыстыруға ыңғайлығы, формасын сақтағыштығы жатады.

Кез-келген жұмысты табиғи материалдан орындау үшін бұйымның заттың, жануар, құс аңдардың түр түсі, пішіні, бір-бірінен ерекшелігі, мінез құлықтары әңгіме түрінде түсіндіріліп берілуі қажет. Күріштен гүлді  дайындау үшін алдыменен гүлдің суретін қаламмен салып алымыз, салынған суреттің ішіне желім жағып, үстінен күрішті жапсырамыз. Гүлдің түсіне сәйкес (қызыл, сары, көк, жасыл) етіп гуашьпен немесе акварель бояуымен күрішті бояймыз.

Мысалы, биылғы жыл сиыр жылы болғандықтан біз енді осы сиырдың бейнесін күріштен жапсырмалау тәсілімен жасап көрейік. Алдымен сиыр туралы түсіндіріп өтемін. Сиырдың адам баласына тигізетін пайдасы қандай? Оны адамдар не үшін асырайды?  Сиырдың түсі, пішіні, сиырдың етінің, сүтінің құрамында қандай адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екендігі туралы әңгімелеп түсіндіріледі.

  Енді сиырдың суретін алдымен қатырма қағаз бетіне қарандашпен салып аламыз, содан соң оған желім жағып, салынған суреттігі бейнені күрішпен толтырып аламыз. Содан соң оның түр түсін, құйрығының түрлерін гуашьпен немесе акварель бояуымен бояп шығамыз. Дайын болған жұмысты кепкенше жоғарылау жерге қоямыз.

Жұмыс кезінде орындай алмай қиналып жатқан оқушыларға көмек көрсетілуі тиіс.

Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу. Оқушыларды жасаған жұмыстарына қарай, кемшіліктерін ескертіп, салыстыра отырып бағалау.

 

  3: Материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама, бұйымдар жасау технологиясы



 

1. Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру

2. Ермексаз бен сазбалшық және табиғи материалдардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы

3. Металдың ерекшеліктері мен қолданылуы

4 Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.

 

1. Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру



  Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер",  "Жас техниктер",   "Жас тәжірибешілер" және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйіпме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді. Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы: село мектептерінде "Жас механизаторлар", "Жас малшылар", "Жас өсімдік өсірушілер" т.б. үйірмелер құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды,  болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай мұғалімдермен ата-аналар оқушыларға үнемі, бір ізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса, олардың мамандық таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.  Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай жұмыстарға "Құстар күні,"  "Орман күні", "Бақ аптасы",  "Еңбек мерекесі" т.б. жатады.

  Сыныптан тыс уақытта мектеп оқушыларының негізгі шұғылданыстарының бірі үйірме болып табылады. Ол таңдаған салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді.

  Үйірме – бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндірістің жаңашылдарын, ұтымды ұсынысшыларын және өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда тәрбиелейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарда реттілік, ұзақтық мерзімі және белгілі профиль жұмыстары сипатталады.

  Мектеп және мектептен тыс балалардың мекемелерінде іс-әре-кетінің практикасында қазіргі уақытқа дейін төмендегідей оқушылар шұғылданыс жасайтын үйірмелерінің түрлері қалыптасқан:

  1. Дайындық техникалық үйірмесі (бұл бастауыш мектептің оқушылары үшін). Мұндай үйірмелер оқушылардың тұрғын орны бойынша мектептерде (ұзартылған күн тәртібі топтарында) және көптеген мектептен тыс балалардың мекемелерінде құрылады. Мұнда мектептің бастауыш сынып оқушылары шамасы келетін формада техника элементтерімен және қарапайым технологиялық процестермен танысады, қағаздармен, қаңылтырмен жұмыс жасайды, еңбек сабақтарында алған алғашқы ептіліктерін ағашты, пластмассаларды, металды және т. б. материалдарды өңдеу бойынша дамытады. Оқушылар техникалық ойыншықтарды, машиналар мен механизмдерді күрделі емес моделдері, қарапайым автоматты құрылғыларды, оқу-көрнекі құралдарды, мектеп және үйге керекті заттарды дайындайды. Бұл типтегі үйірменің іс-әрекетіндегі мәнді орынды қарапайым ойыншықтар мен моделдерден тұрғызылған ойын және жарыстар алады. Соңғы уақыттарда осында үйірмелердің жетекшілері оқушыларды қарапайым электротехника және электроника саласындағы жұмыстарға тартуда. Дайындық техникалық үйірме жұмыстарында сабақтардың тәжірибелері болашақтағы барлық формалар үшін мектеп оқушыларының орта және жоғары сыныптарындағы жас техниктеріне бастама болуда. Бастауыш мектеп оқушылары үшін бәрінен бұрын бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері, механикалық ойыншықтар үйірмелері, көркем конструкциялау элементтерімен бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері ұйымдастырылады.

  2. Заттық (ғылыми-техникалық) үйірме. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комби-наттардың мектеп оқушыларының орта және жоғары жастағылары үшін оқу кабинеттері мен шеберханаларының базасында құрылады. Мектептерде физика-техникалық, химия-технологиялық, агрохимиялық, астрономиялық үйірмелер, ауылшаруа-шылық машиналары үйірмелері; кәсіптік-техникалық мектептерде (училищелерде) – электро- және радиотехникалық, автоматика, электроника және есептеу техникасы, токарлық және құрылыс және т.б. үйірмелер. Мұндай үйірмелердің мақсаттары – оқу жоспарындағы әртүрлі пәндер бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету, практикалық ептіліктерін бекіту. Үйірмеде шұғылданумен оның мүшелері ғылым мен техниканың тарихы және жеткен жаңа жетістіктері бойына баяндамалар және рефераттар дайындайды, ғылыми-техникалық бюллетендер шығарады, тәжірибелер жүргізеді, міндетті оқу бағдарламаларынан тыс есептер шығарады. Осымен қатар көрнекі құралдарды, приборларды және т.б. жөндеу, конструкциялау және дайындау бойынша практикалық жұмыстарға үлкен рөл бөлінеді.

  3. Спорттық-техникалық үйірмелер. Бұл үйірмелер әртүрлі мектептен тыс мекемелерде, сондай-ақ кәсіптік-техникалық мектептерде құрылады. Оларды көбіне “жалпытехникалық” немесе “қызығушылық” деп те атайды. Бұл үйірмеге жататындар: авиамоделдеу, ракеталық-космостық модельдеу, авто- және кемемоделистер, теміржол моделдеу, радиобасқару, су-моторлы спорт және т.б. Оларда спорттық модельдеуге, спорттық техникалық түріне қызығатын ІV-ХІ сыныптың оқушылары шұғылданады. Спорттық-техникалық үйірмелерде оқушылар арнайы технологияны оқып-үйренеді, ұшатын аппараттардың, автомобильдің, кеме, локоматив және т.б. спорттық жарыстарға немесе көрмелерде демонстрациялайтын көлік құралдарының қабырғалық және функциональдық моделдерін конструкциялайды және дайындайды. Бұл жұмыстарды ерекшелігі жарыс үшін дайындалатын модельдер. Бірыңғай бүкілодақтың классификацияның талаптарына сәйкестікте болып табылады. Екінші-үшінші оқу жылындағы сабақтарда оқушылардың белгілі спорттық нәтижелерге жеткені, модельдің жеке бөлшектері үшін жаңа конструкциялық материалдарды таңдаумен байланысты экспериментті-іздеу жұмыстарына, оларды дайындау үшін жабдықтарды жетілдіруге қатыстырылады. Моделмен жұмыс кезінде, олардың жүрістерін дайындауда және жарысқа қатынасуда мектеп оқушылары техниканың сәйкес саласының тарихымен, жетістіктерімен және олардың одан әрі даму перспективасының даму тарихымен танысады.

  4. Өндірістік-техникалық үйірмелер қажетті материалдық құралдары бар кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда және мәдени-ағарту мекемелерінде және мектептің оқу шеберханаларында құрылады, нәтижелі жұмыс жасайды. Бұл үйірмелер техниканың және өндірістің белігілі саласына қызығатын мектептің орта және жоғары сынып оқушыларын біріктіреді. Кеңінен таралған үйірмелерге жас дизаинерлер, столяр конструкторлар, металлистер, технологтар-рационализаторлар, электрондық автоматика, техникалық кибернетика, роботты техника, кіші өлшемді ауылшаруашылық техникаларын конструкциялау, прибор құрылысы және өлшеу техникалары үйірмелері болды. Ірі өнеркәсіп мекемелерінің базаларында өнеркәсіптің саласының профилі бойынша мамандандырылған үйірмелер жұмыс жасауы мүмкін болды. Өндірістік-техникалық үйірмелердің жұмыстары нық басты сипаты – бұл сәйкес машиналарды, агрегаттарды, өнеркәсіптік қондырғаларды модельдеу, сондай-ақ таңдаған ғылым, техника және өндіріс саласындағы шығармашылық конструкторлық және тиімді ұсыныстар іс-әрекеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет