Философияляқ антропология мәселелер



Дата21.02.2024
өлшемі438.84 Kb.
#492692
Таным

Таным теориясы.


Тобы: ТПП-22-5
Қорғаған: Ақыметқалиқызы Ақерке, Бекет Нұрай, Мергенбайқызы Ұлту, Орынбек Дильназ
Таным теориясының дамуы
Білімнің қайнар көзі
Туа пайда болатын идеялар концепциясы (Сократ, Платон)
Құдай аяны (діни - идеалистік философия)
Объективті дүниенің бейнесі (материализм)
Білім деген не?
Білім дәлелденген ақиқат
Білім сыртқы дүниенің адам басындағы бейнесі
Таным – қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философияда гносеология немесе эпистемология деп те атайды.
Танымның екі формасы:
  • сезімдік, түйсіктік таным;

  • - рационалдық, логикалық таным.

Сезімдік таным – сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзі деп біледі. (Д.Локк, Беркли. Юм, Мах) Формалары: түйсік, қабылдау, елестету.

Рационалдық таным – логика, ойлауды

абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель.)

Формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы

(тұжырым).

Таным процесінде дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:

  • Гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
  • Агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкнідігі шектелген деп түсіндіретіндер. (Иммануил Кант).
  • Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады.

Ақиқат мәселесі.

Ақиқат – грекше “алетейа” –”жасырынбаған”, “айғақ” дегенді білдіреді.

Ақиқат – Алла Тағала – дейді Құран Кәрім.

“Ақиқат - біздің білімдеріміздің мәңгі идеяларға сәйкес келуі” (Платон).

“Ақиқат – қоршаған дүениені дұрыс бейнелейтін білім”. (Аристотель).

Философиялық және ғылыми ақиқаттың ара қатынасы неде? Философияда ақиқат және ақиқат еместің, адасудың ара қатынасы туралы мәселе қойылады. Осылай, білім ақиқат пен адасудың бірлігі ретінде қарастырылуы мүмкін. Философиялық ақиқатты адамгершілік пен сұлулықтың бірлігі деп қарастырады – бұл Сократ ұсынған философиялық деп аталып кетекен үшбұрыш.


ақиқат
адамгершілік
сұлулық
Сократтың философиялық үшбұрышы

Ақиқат түрлері:

  • Абсолюттік ақиқат – заттар мен құбылыстар туралы толық, жан-жақты қамтылған, жеткілікті білім;
  • Объективтік ақиқат – мазмұны субъектіге тәуелсіз, бүкіл адамзатқа да тәуелсіз білім;
  • Салыстырмалы ақиқат – объективтік ақиқаттың көріну формасы. Ол шындықты негізінен дұрыс, бірақ толық емес мөлшерде, тек белгілі бір деңгейде бейнелейді.
  • Нақты ақиқат. Ақиқаттың нақтылығы. Абстрактілі , тиянақсыз ақиқат жоқ, ақиқат әрқашан нақты.

Танымда танымның негізгі формасы мен ақиқаттың критерийі практика болып табылады. Практика – адамдардың қрошаған дүние мен өзін өзгертудегі нақты іс-әрекеті, қызметі.

  • Практиканың негізгі түрлері:
  • Материалдық өндіріс;
  • Басқару қызметі;
  • Ғылыми эксперимент.
  • Практиканың қызметтері:

    - ақиқат критерийі;

    - таным негізі;

    - таным мақсаты;

    - таным нәтижесі.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет