Ғимараттарды ұстау, оларға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама



Дата29.02.2016
өлшемі30.15 Kb.
#30188
Ғимараттарды ұстау, оларға техникалық

қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама

Астана қаласы  

Бейбітшілік көшесі, 11            сағ. 11-00              2014 жылғы 5 ақпан

 

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11) ғимараттарды ұстау, оларға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бойынша бір көзден тәсілімен сатып алуды өткізді.



2. Конкурс тәртібімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығарғанға дейін сатып алу үшін 2014 жылға бөлінген сома 9 397 321 (тоғыз миллион үш жүз тоқсан жеті мың үш жүз жиырма бір) теңге, 43 тиын (ҚҚС қоса есептемегенде).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабының 3)-тармағы негізінде, конкурс тәртібімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңде күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсатында бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілі қолданылсын (2014 жылғы 31 қаңтардағы № 11 шешім).

4. «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС Заңның 8-бабында қарастырылған біліктілік талаптарына келесі құжаттар негізінде сәйкес келеді:

- хат;


- сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

- біліктілігі туралы мәліметтер;

- бағалардың кестесі;

- техникалық ерекшеліктері;

- 14.01.2014 жылғы жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің 2014 жылдың 14 қаңтардағы нотариалды куәландырылған көшірмесі (25.06.2012 ж., № 838-1901-01-ЖШС);

- қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің 2014 жылдың 14 қаңтардағы нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- 2014 жылдың 13 қантардағы жағдайы бойынша «Цеснабанк» АҚ берешектің жоқтығы туралы 2014 жылғы 15 қантарда № 491 анықтамасы;

- «Қаржы министрлігінің Салық комиетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша басқармасы» ММ 2014 жылдың 22 қантарда жағдайы бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтамасы;

- бағаның негіздемелері;

- қайта ұйымдастыру туралы қаулының көшірмесі.

- шарттың жобасы.

5. Жеткізушінің атауы және мекен-жайы: «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС - мен (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11), келісімшарттың жалпы сомасы – 10 525 000 (он миллион бес жүз жиырма бес мың) теңге, (ҚҚС оның ішінде).

6. Сарапшы(лар) тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден тәсілімен сатып алудың нәтижесі бойынша мынаны ШЕШТІ:

1) «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС-дан (Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11) ғимараттарды ұстау, оларға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бойынша сатып алу өткізілсін.

2) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ:

- осы хаттаманың мәтінін интернет-ресурсына жіберсін;



- 2014 жылдың 6 ақпанға дейін «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС-мен шарт жасассын.
 

Конкурс комиссиясының төрағысы Ж.Ғ. Нұрпейісов


Конкурс комиссиясы

төрағасының орынбасары: А.Ә. Түгелбаева



И.С. Лещева


С.В. Николайчук


Ә.Т. Қоңырбаева


Комиссия хатшысы Ғ.Ұ. Асылбек




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет