Ғимараттарды ұстау, оларға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама



Дата23.02.2016
өлшемі25.72 Kb.
#6158
Ғимараттарды ұстау, оларға техникалық

қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама

Астана қаласы  

Бейбітшілік көшесі, 11            сағ. 11-00            2014 жылғы 18 наурыз

 

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11) ғимараттарды ұстау, оларға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бойынша бір көзден тәсілімен сатып алуды өткізді.



2. Сатып алу үшін 2014 жылға бөлінген сома 28 191 964 (жиырма сегіз миллион бір жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз алпыс төрт) теңге, 29 тиын (ҚҚС қоса есептемегенде).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңының 32-бабының 2)-тармақша негізінде (2014 жылғы 13 наурыздағы № 25 шешім).

4. «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС Заңның 8-бабында қарастырылған біліктілік талаптарына келесі құжаттар негізінде сәйкес келеді:

- жолдама хат;

- сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

- біліктілігі туралы мәліметтер;

- бағалардың кестесі;

- техникалық ерекшеліктері;

- 06.03.2014 жылғы жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің 2014 жылдың 6 наурыздағы нотариалды куәландырылған көшірмесі (25.06.2012 ж., № 838-1901-01-ЖШС);

- қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің 2014 жылдың 6 наурыздағы нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- 2014 жылдың 6 наурызға жағдайы бойынша «Цеснабанк» АҚ берешектің жоқтығы туралы 2014 жылғы 11 наурыздағы № 4613 анықтамасы;

- «Қаржы министрлігінің Салық комиетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша басқармасы» ММ 2014 жылдың 11 наурызға жағдайы бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтамасы;

- бағаның негіздемелері;

- қайта ұйымдастыру туралы қаулының көшірмесі.

- шарттың жобасы.

5. Жеткізушінің атауы және мекен-жайы: «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС - мен (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11), келісімшарттың жалпы сомасы – 31 575 000 (отыз бір миллион бес жүз жетпіс бес мың) теңге (ҚҚС оның ішінде).

6. Сарапшы(лар) тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден тәсілімен сатып алудың нәтижесі бойынша мынаны ШЕШТІ:

1) «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС-дан (Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11) ғимараттарды ұстау, оларға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бойынша сатып алу өткізілсін.

2) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ:

- осы хаттаманың мәтінін интернет-ресурсына жіберсін;



- 2014 жылдың 20 наурызға дейін «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС-мен шарт жасассын.
 
Астана қаласының Экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқарма басшысы Ж. Нұрпейісов


Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Ғ.Ұ.Асылбек





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет