Физика • толқындар • электромагниттік спектр 1 1-бөлім. Төмен инфрақызыл



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата02.12.2023
өлшемі0.84 Mb.
#485189
  1   2   3   4   5   6   7   8
KKTwig Электромагниттік спектр



Электромагниттік спектр
ФИЗИКА • ТОЛҚЫНДАР • ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СПЕКТР
1
1-бөлім. Төмен инфрақызыл
• Электромагниттік толқындар дегеніміз не?
ДИАГРАММА 01:
• Радио толқындар дегеніміз не?
Толқын энергиясы төмен болған сайын, жиілік төмен болады. 
Радиотолқындарда толқын энергиясы ең төмен. Олардың толқын ұзындығы ең 
үлкен, шамамен 30 см-ден жоғары. Егер электр тогы өткізгіш бойымен әрі-бері 
қозғалса, электрондар тербеліп, радиотолқындар пайда болады. Егер бұл 
толқындар басқа өткізгішке жетсе, онда олар сол өткізгіштегі электрондардың 
тербелісіне алыр келеді, нәтижесінде кішігірім электр тогы пайда болады. Бұл 
байланыста қолданылуы мүмкін. 
Электрондар секілді зарядталған бөлшектер электр 
өрісімен қоршалады. Егер зарядталған бөлшектер 
жылдамдығын арттырса, электр өрісі өзгереді. Электр 
өрісінің бұл өзгерісі магнит өрісінің өзгерісіне алып 
келеді. Ал магнит өрісінің өзгерісі электр өрісін өзгертеді. 
Бұл процесс қайталанып, жоғары жылдамдықта 
қозғалатын толқындардың пайда болуына алып келеді. 
Олар электромагниттік толқындар деп аталады.
Электромагниттік толқындар электрондардың тербеліс 
қозғалысы нәтижесінде пайда бола алады. Электронның 
әр секундтағы тербеліс саны әрбір секундта пайда 
болатын толқын санын анықтайды, бұл толқын жиілігі 
деп аталады. Толқындардың биіктіктерінің арасындағы 
қашықтық толқын ұзындығы деп аталады, ол толқын 
жиілігімен тығыз байланысты. Жоғары жиілікті 
толқындардың толқын ұзындығы қысқа.
Кейбір толқындарды өзіміздің көзімізбен байқауға 
болады. Мұны біз көзге көрінетін жарық деп атаймыз. Біз 
көре алмайтын басқа да электромагниттік толқындар бар. 
Оларға радиотолқындар, микротолқындар, инфрақызыл, 
ультракүлгін, рентген және гамма сәулелер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет