Физика VI тарау. Әртүрлі ортадағы электр тоғы Мақсаты



Дата16.06.2016
өлшемі101.56 Kb.
#140749
түріСабақ
Физика

VI тарау. Әртүрлі ортадағы электр тоғы
Мақсаты: Электр тоғының әртүрлі ортадағы, яғни металдардағы

сұйықтардағы, газдардағы табиғаты туралы түсінік алу

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, әр

түрлі ғылыми деректерді пайдаланып, алған білімдерінің

тұрмыста, техникада қолданылуымен салыстыра отырып,

шығармашылық жұмысқа баулу.

Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Оқытудың негізгі міндеттері:


  • Токтың электролит ерітінділеріне бағынатын заңдылықтарын және тоқтың

электролиттік ортадан өту кезіндегі қосымша құбылыстарын түсіндіру.

  • Заттың бір күйі – плазма туралы түсінік беру.

  • Термоэлектрондық эмиссия құбылысымен және электрондық шоқтардың

қасиеттерімен таныстыру.

  • Шалаөткізгішті диод және оның қолданылуын білу

Модуль құрылымымен таныстыру




Модуль

құрылымы


Сабақ

реті


Сабақ мазмұны

Уақыты

Кіріспе бөлімі

1

1.Модульге кіру

2. Дәріс беру

Тірек конспектімен,

дәптермен жұмыс




10 мин

20 мин


15 мин

Сөйлесу бөлімі

2
3
4

Рольдік ойын
Бақытты сәт ойыны
Жек-топтық жұмыс формасы


45 мин
45 мин
45 мин

Қорытынды

5

Реле сынақ тест

Өздік жұмыс




15 мин

30 мин



1 сабақ.

Металдардағы электр тоғы.


Электролит ерітінділеріндегі электр тоғы. Электролиз заңы








Газдардағы электр тоғы.

Газдар электр тоғын өткізбейді, себебі онда еркін электр зарядын тасымалдаушылар жоқ. Атмосфералық қысымда, ол өте жақсы оқшаулағыш бола алады. Себебі газдар электрлік бейтарап атамдар мен молекулалардан тұрады.




Газдың иондалуы.



Плазма:


Әлем заттарының 99% -і - плазма.

Вакуумдегі электр тоғы.

- бұл екі электродты ( А- анод и К - катод ) электр шамы.


шыны баллон ішінде қысым өте төмен болады:


Электронды-сәулелік түтікше (ЭСТ)
- электр сигналдарын көрінетін кесіндіге айналдыратын вакуумді электрондық құрал.


Шалаөткізгіштердегі электр тоғы

Меншікті кедергісі: кемтіктік-қоспалық электрондық қоспалық

10-5 – 108 Ом м өткізгіш (р-типті) өткізгіш (n-типті)

Шалаөткізгішті диод.








2 сабақ.

Ролдік ойын»

 

Бұл ойынды үй жумысын тексергенде падйалануға болады,сынып балалары топтарға бөлінеді, Қағазға жазылған топтық атаулары:




Сенім

 

Делегат

 

 

 

Таңдау

 

Бәрі









Әрбір топтан бір оқушы келіп, өз топ атауларына таңдау жасайды. Әрбір топ өз атаулырына байланысты тиісті тапсырмаларға жауап береді:



  1. «Сенім» тобына: Мұғалімнің сөзі

Мен сендерге сенімен, уй тапсырмасын сұрамаймын, сендерге сұрақ қоюға болады.

  1. «Делегат» тобы: Топтан бір оқушы өкіл ретінде шығып жауап береді.

  2. «Таңдау» тобы: Мұғалім өзі таңдап сұрайды.

«Бәрі» тобы: Топ оқушылары түгелдей жауап беруге тиіс.

  

3 сабақ.



« Әр түрлі ортадағы электр тоғы » тарауы бойынша «Бақытты сәт» ойын сабағы.

Сабақтың негізгі мақсаты: Электр тоғының әртүрлі ортадағы, яғни металдардағы, сұйықтардағы, газдардағы табиғаты туралы ұғымды оқушыларға ойын элементтері арқылы түсіндіру.

Сынып окушылары екі топқа бөлініп жарыс ұйымдастырылды.

Құрал жабдықтар:

1) Қоржын

2) Секундомер

3) Бағалау парағы

4) Фишкалар

5) Үй тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақ)

6) Конкурстық тапсырмалар

7) Жауап үлгілері

Ойын барысы

Әр командаға ат қойылады өз капитандарын тағайындайды.

І-гейм «Сергіту».

Әр топқа тарау бойынша қайталау ретінде 10 сұрақтан қойылады. Ал қарсылас топ сұрақтың дұрыстығын жазып бағалау парағындағы үлгі бойынша анықтайды. Сұраққа жауап іздестіруге 5 минут уақыт беріледі. Ең көп сұракқа жауап берген топ жеңеді.



ІІ-гейм «Теңге алу».

Ойынға қатысушылар қоржыннан нөмірленген шарлар алады. Жүргізуші әр нөмірге сәйкес сұрақты оқиды. Өзара талдаудан кейін капитандар жауап берді.



ІІІ-гейм «Жорга».

Жүргізушінің сұрағына бұрын жауап берген топ озады. 3 сұрақ қойылды.



ІV-гейм «Сен-маган, мен- саган».

Үй тапсырмасы бойынша әр топқа 2 сұрақтан қойып, жауаптары тындалады.



V-гейм «Көшбасшыны қуу».

Сұраққа барлық қатысушылар жауап береді. Көбірек дұрыс жауап берген топ жеңеді (4-7 сұраққа жауап берген оқушылар топқа қосымша ұпай әкеледі) 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші геймдерге әр біреуіне 1 минут уақыт берілді. Сұраққа тез жауап берсе уақыт үнемдейді, оны баска сұрақтарға пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа топ 1 ұпай немесе 1 фишкадан алады (барлық фишкалар бір түсті).


4 сабақ

Жеке - топтық жұмыс формасы (45 мин)

Бұл сабақта картачкалар, суреттер бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Дидактикалық материалдардан.



5 сабақ

Реле сынық тест орындайды. (15мин)

Өздік жұмыс. Есептер жинағынан. (30 мин)
І-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы

І-нұсқа
1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:

а) электрондар; ә) оң иондар;

б) теріс иондар; в) кемтіктер;

2. Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар:

а) оң иондар; ә) электрондар;

б) теріс иондар; в) оң және теріс иондар;

г) электрондар мен оң және теріс зарядталған ион­дар.



3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі:

а) Электролиттік диссоциация;


ә) электролиз;

б) рекомбинация;

в) газдың иондалуы;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



4. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваникалык элементтер;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады?

а) егер 3 валентті элементке 4 валентгі элементтің коспасын енгізсе;

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің коспасын енгізсе;

г) егер 4 валентті элементқе 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.



6. Шала өткізгіштің температурасы артқанда, кедергісі:

а) өзгермейді; ә) артады; б) 2 есе артады; в) кемиді; г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



7. Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті:

а) 0,394 мг/Кл; ә) 0,207 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,238мг/Kл; r) 0,112 мг/Kл.



8. Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді? Ниқельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03*10-7кг/Кл.

а) =2 г; ә) =1,5 г; б) =0,5 г; в) =2,5 г; г) =3 г;



9. Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өтқен токтың күші қандай? Қорғасынның элеқтрохимиялық эквиваленті 1,074* 10-6 кг/Кл..

а) 6А; ә)4A; б) 5А; в) 3А; г) 4,5A



10. Соққы иондалу нәтижесінде тізбектегі ток:

а) кемиді: ә) артады;

б)аздап артады; в) аздап кемиді;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.

VІ-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы
ІІ-нұсқа
1. Элеқтролиттерде зарядты тасымаддаушы қан­дай бөлшектер:

а) электрондар мен қемтіктер;


ә) электрондар;

б) оң және теріс иондар;

в) қемтіктер;

г) оң иондар.



2. Шала өткізгіштерде зарядты тасымалдаушы бөлшектер:

а) электрондар; ә) электрондар мен кемтіктер;

б) оң және теріс иондар; в) кемтіктер; г) теріс иондар.

3. Рельефті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындалуды:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваниқалық элементтер;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



4. Электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігу процесі:

а) электролиз;

ә) рекомбинация;

б) электролиттік диссоциация;

в) термоэлектрондық эмиссия;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.



5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда электрондық өткізгішке ие болады?

а) жауаптардың ішінде дұрысы жок:

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементгің қоспасын енгізсе;

в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

г) егер 4 валентті элементке 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.



6. Қандай жағдайларда шала өткізгіш диэлектр бола алады:

а) температура жоғарлағанда; ә) температура нольге тең болғанда;

б) температура өзгермеген жагдайда; в) темпера­тура төмендегенде;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



7. Электролит арқылы 2 А ток күші етқенде, 10 минут ішінде катодта 244 мг никель жиналды. Никельдің электро-химиялық эқвиваленті:

а) 0,304 мг/ Кл; ә) 0,238 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,394 мг/Кл; г) 0,203 мг/Kл.



8.Катодтан 5 А ток өткенде 50 мин ішінде массасы кандай қүміс белінеді? Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118*10-6кг/Кл.

а) 16,8 г; ә) 20,г; б) 10г; в) 8,4г; г) 33,6 г.



9. Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? Мыстың электрохимиялық эқвиваленті 3.94*10-7кг/Kл

а) =5,4A; ә) = 4A; б) =3,8A; в) =4,6A; г) = 5 A



10. Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы:

а) электролиз: ә) газ разряды;

б) термоэлеқтрондық эмиссия;

в) газдың иондалуы;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

VІ--тарау. Эр түрлі ортадағы электр тогы.




1-нұсқа

2-нұсқа



жауап



жауап

1

А

1

Б

2

Г

2

Ә

3

Ә

3

А

4

Б

4

Ә

5

Б

5

Г

6

В

6

В

7

А

7

Г

8

Ә

8

А

9

В

9

Ә

10

Ә

10

Б

Ақшәулі орта жалпы білім беру мектебі



Физика пәнінің мұғалімі

Дулатова Гульзира Серикказиновна

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет