ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Ишанова Қарлығаш Биганиевна
И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы
Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыруда пәнді гуманитарландырудың мәні зор. Бұл арқылы дүниетаным дамып, сезімі тәрбеленіп, ой-өрісі дамиды, пән қоғамдық таныммен, өмірмен байланыстырылады. Физика пәні қоршаған әлемнің әсемдігін нәзік терең түсінуге көмектеседі. Гуманитарландыру өмірге жақындаудағы, пәнге деген қызығуын арттырудың негізгі тәрбие мәселелерін жеңуге көмектеседі, эстетикалық тәрбие берудің негізі қаланады. Бұл тұрғыда өткізілген сабақтардың кейбір тақырыптарына тоқталуға болады.
Кәрі аңшы қартайған шағында музыканы сүйгендіктен скрипка үйренгісі келеді, бірақ түк шығара алмайды. Бірде дос келіп, «мен орманнан аю көрдім, скрипканы таста да орманға бар, мылтығынды алып» дейді. Аңшы мылтығын асынып орманға жақындаса, бір әдемі дыбыс шығады. Жақындап келе, кесілген ағаш томарының бір жаңқасын тербетіп дыбыс шығарып отырған аюды көреді. Әдемі әуенді естіп, аюды атуға қимай кері қайтады. «қалай аю ата алдың ба?» деген досының сұрағына «жоқ, атпадым, ол да мен сияқты музыкант екен депт» деген В.Бианкидің «музыкант» шығармасын айта отырып, ағаш жаңқасы тербалгенде, екі жағында ауаның сиреуімен, сығылуының нәтижесінде дыбыс толқынының ауада таралуы екенін, физикалық процесс тұрғысынан түсіндіруге болады.
«Күштер», «Денеге әсер етуше күштер», «Денеге әсер етуше күштердің жұмысы» тықырыптарына С.М.Крыловтың «Аққу, шортан, шаян» атты мысалына салынған «ауырлық күшіне», «қарға мен түлкі» мысалына салынған сюжетті суреттерін қолдануға болады.
«Бернулли заңы» тақырыбында энергияның айналуы, сақталуы негізінде сұйықтың қысымы мен жылдамдығы қалай өзгеретінін түсіндіруде, кеме мен қайықтың тар арнада кездескен кезінде қайық кемеге соқтығысып, кеменің жанын теседі, ішіне су толған кеме суға батып кетеді, оны да аңыз әңгіме ретінде айта келе, сюжетті суреттен көрсетіп, қайық неліктен кемеге соқтығысады? деген проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушының ой өрісін дамытуға ықпал етуге болады. Оқушылар өз ойларын қорыта келе сұйықтар тар арнада жылдамдығы кеміп, қысым артатынын, энергияның потениалдық түріне ауысатынын қорытып, арнайы кестедегі кескіндемемен салыстырып, көз жеткізуге болады.
Аталған тақырыптар бойынша оқушылар әр физикалық заңдылық, құбылыстардың өмірмен тікелей байланысты екеніне көз жеткізеді. Танымдық дағдыларды, эстетикалық тәрбие қалыптасады. Қоршаған әлемдегі табиғат құбылыстарын, күнделікті өмірдегі процестерді түсінуде физикалық заңдылықтарды осындай байланыстар арқылы түсіндіру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қоймай, айналаға сергек қарауға үйретеді. Пәнді дамыта оқытуда пәнаралық байланысты тиімді пайдаланудың тәрбиелік мәні зор. «Іштен жану қозғалтқышы» тақырыбында авто ісі пәнінің мұғаліміме, «Көз көру механизмі» тақырыбында биология пәнінің мұғалімімен өткізілген біріктірілген сабақтар өз нәтижесін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
М.Васильев «Энергия және адам».
-
Уделл «Күн энергиясы».
-
П.С. Непорожний, В.Н.Попков «Әлемнің энергетикалық қорлары». 2013ж.
-
Журнал «Жастар техникасы», 2014 №5
-
В.Володин, П. Хазановский «Энергия жиырма бірінші ғасыр».
Достарыңызбен бөлісу: |