Нұсқаулар «Мәселе сұрақ» стратегиясы



бет1/3
Дата29.10.2023
өлшемі97.22 Kb.
#481860
түріСабақ
  1   2   3
5 бөлім 21 сабақ 1 нұсқа Әдістемелік Нұсқаулар (1)


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  1. «Мәселе сұрақ» стратегиясы

Оқушылар алдын-ала меңгерген білімдерін пайдалана отырып, идеялар мен пікірлерді талқылау арқылы сабақтың проблемалық мәселесіне жауап табады. Тапсырма соңында мұғалім сабақтың мақсаттарына алып келеді.

  1. «Атаулар» тапсырмасы

Оқулықтағы материалды немесе біз ұсынған тарихи және мәдени ескерткіштер фотосуреттер топтамасын қолдана аласыз. Ескерткіштер туралы мәліметтерді жылдам табулары үшін ғаламтор желісіне сымсыз қосылу мүмкіндігі бар смартфондарды қолдануға болады (егер ұялы телефондарды қолдану мектеп жарғысына қайшы келмесе).



  1. «Мұғалімнің сыйлығы» стратегиясы

Оқушыларға арналған сыйлық - жаңа теориялық қызықты материал. Оқушыларға осындай түрдегі тосын сыйларды күтуге үйретіңіз. Слайдты және Қазақстанның мәдени және табиғи нысандарының тізімін көрсетіңіз.



  1. «Экскурсия жүргізуші» тапсырмасы

Оқушылардың туристік бағдарды құрастыру тәжірибесі бар. Бағдарды безендіру топтың қалауы бойынша әр түрлі болуы мүмкін.
Сондай-ақ, өз өңірінен бөлек, Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалалары бойынша да бағдар жасауларына болады.



  1. «Таңдау» тапсырмасы

Бағалау критерийлер бойынша өзара тексеру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жұмысты жинап, үйде тексеріп, келесі сабақтың басында кері байланыс беруге де болады.
Сергіту сәті ретінде «Ескерткіштерді сақтау керек» деген ой қорытуы бар «Алан мен Қозықа» мультфильмін көрсету тиімді.

  1. Қосымша ойын «Домино»

Оқушыларға «Әлемнің мәдени ескерткіштері» домино ойыны ұсынылады. Ол үшін алдын-ала домино жиынтығы дайындалады және әрбір топқа таратылады. Әлем және еліміздің ескерткіштері мен атауларын сәйкестендіру арқылы доминоны дұрыс жинау керек. Домино екі бөліктен тұрады. Домино фишкаларының бір бөлігінде мәдени нысанның суреті, екінші бөлігінде мәдени мұра тізімінен алынған мәдени нысанның атауы, қай елде орналасқаны жазылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет