Физикалық сәттіліктің


Денсаулығын сақтау технологияларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибеде зерттеу



бет3/3
Дата01.07.2016
өлшемі281 Kb.
#171191
1   2   3

2.2. Денсаулығын сақтау технологияларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибеде зерттеу.
Денсаулық сақтау технологияларын қолданылуын зерттеу мақсатында Шымкент қаласының N38 мектебінің оқу-тәрбие үрдісі талданды. Оқушының денсаулық жағдайы бақылауға алынды.

Мектептің оқу жоспарлары, оқу пәндерінің бағдарламалары, сабақ кестесі, жұмыс тәртібі, оқушының денсаулық паспортын психологтардың бақылауы, медициналық тексеру протоколдары, оқушының физиологиялық жағдайы, хаттамалары, олардың қан қысымы мәлеметтер талдалды.

Жоғары және төменгі деңгейдегі дәлдікпен тіркелетін қорытындылар ғана мониторинтке объективті сипат береді. Оларға біздің ойымызша, оқу үлгерімінің, тәрбиелік деңгейлері, тұлғаның дамуы, денсаулықтың физиологиялық, психологиялық, соматикалық күйі, әлеуметтік бейімдеушілік жатады.

Оқыту тұтас біріккен оқыту мазмұны (білік, білім, дағды), оқу-танымдық және оқушының шығармашылық әрекет тәсілдері педагогикалық үрдістің қатысушыларының оқу және кәсіби әрекетке мотивті - құндылықты қарым-қатынасы.

Оқыту тәрбиелік деңгейі оның өзін қоршаған орта мен әлеммен байланысын реттей ала білуге дайындығынан көрінеді. Мектептің оқу жүйесінің нәтижелігін көрсететін оқытудың тұғалық және интелектуалдық дамуының деңгейін бағалаудың критерийі мен көрсетілген анықтауда келесі жағдайларды ескеру қажет: психологиялық үрдістің даму деңгейі, психологиялық денсаулық, әлеуметтендіру, физиологиялық және соматикалық жағдайы, сабақ пен сабақтан тыс уақыттағы оқушының белсенділік пен жетістігін көрсетуі.

Мектептің оқу жүйесінің жетістігін қамтамасыз ететін оптималды жағдайларды жасау, ол түлғаның жеке және психофизиологиялық ерекшеліктерін дамытуын қолдайды, денсаулығын сақтау мен нығайтуға және түйінді компетенттіліктердің қалыптасуына негіз болатын оқу мекемелеріндегі менеджмент жүйесінің тиімділігі.

Баланың денсаулығын сақтауға үлкен себепші оның мектептегі психо-педагогикалық ортасы болады. Бұл деген сөз, сабақта оқушы мен үлкендердің тұлғалыққа бағытталған ортасы мен жаңа технологиялар мен оқытуды кіріктіру тәй-тәй, шеберхана арқылы баланың өз құрбыларымен толыққанды қарым-қатынас жасауына жағдай жасау ортасын құрауды айтады. Денсаулық сақтаушы технологияларда оқу-үрдісінің барысында бала дамуын жүзеге асыратынпедагог пен оқушының бірлескен әрекеті арқылы жүргізіледі. Бұл принципке құрылған технология Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтің дамыта оқытуын, ойын технологияларын жатқызуға болады.

Оқушы ағзасының функционалдық пен оның жұмыс қабілетіне сабақтың құрылымы күйі ықпал етеді. Сондықтан сабақ құрылымында іс-әрекетінің әр түрі мен оның ұзақтығы мен қиындығы, қажуы бірдей болмауын қарастыру керек.

Зерттеу нәтижесі анықтағандай ең көп тарағаны 4 кезеңнен тұратын сабақ: үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырып бекіту және үйге тапсырма екен. Бұл бірақ оқушының танымдық белсенділігін артыра қоймайды және оның дамуына ықпал ете алмайды.

Көптеген ғалымдардың зерттеуінде сабақ құрылымы иірілімді болу қажет, себебі әр пәнде әрекет түрлері әр түрлі сондықтан құрылымы да әр түрлі болуы мүмкін.

Сабақтағы оқушының жоғары жұмыс қабілетін сақтауға іс-әрекетінің әр түрін тиімді кезегімен уақытын дұрыс мөлшерлеп қойсақ көмектескен болар еді. Сабақ неғұрлым біртекті, монотонды болса, соғұрлым оқушылардың қажуы жылдам болады. Бірінші кезекте бастауыш сынып оқушыларының тежелу жылдам болады. Оның үстіне бастауыш сыныпта оқыту сезім арқылы, яғни екінші сигнал жүйесінен гөрі бірінші сигнал жүйесін көбірек пайдалану қажет. Бұған қажеттісі оқытудың көрнекілік арқылы жүйесі. Сабақта техникалық оқыту құралдарын пайдалану жұмыс қабілеттіліктің оптималды кезеңін ұзартады. Сондай-ақ оқушы мен мұғалімнің диалогына құрылған сабақтар да қажет. Сабақтағы іс-әрекеттің бір түрінен бір түріне көшудің өзі де қажуды болдырмайды.

Оқу күні, аптасы, тоқсаны т.б. бойы жоғары жұмыс қабілеттілікті сақтау сабақ кестесінің дұрыс құрылуына байланысты. Бірақ, бұны мектепте жүзеге асыру ең қиын жұмыстардың бірі.

Қоршаған ортаның гигиеналық талаптарын дұрыс ұйымдастыру мәселелрі, мектепте оқушыларға гигиеналық білім беруден батсалады. Денсаулықты сақтау мен адамның жұмыс қабілетін сақтауда ауаның таза болуы маңызды фактор болып табылады. Ауаның жағымсыз өзгерісі ағзадағы үлкен бұзылыстарға: дененің ысып кетуі мен тоңуына, гипоксияға, инфекциялық аурулар мен басқа да ауруларға, жұмыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Ауаның физикалық-химиялық, биологиялық қасиеттерінің жиынтығы микроклиматты түзеді. Егер оқушылардың мектепте күніне 5-6 сағат жүретінін ескерсек, ауаның оптималды микроклиматын сақтау керекті мұғалімдерге медқызметкерлерге, әкімшілікке, техникалық қызметкерлерге жүктеледі.

Ауаның физикалық қасиеттерінің ішішнен оқушылық көңіл-күйі мен жұмыс қабілетіне әсер ететіндіген температурада, салыстырмалы ылғалдылық, қозғалыс жылдамдылығы.

Сыныптағы температура мен салыстырмалы ылғалдылық қалыпты жағдайдан жоғарлауы оқушының терморегуляторлық процестерінің қажуы мен жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Осы себепті де температура мен ауаның ылғалдылығын үнемі бақылап отыру керек. Әрбір сынып пен кабинеттер термометр мен ылғалдылықты өлшейтін құраладармен қамтамасыз етілуі қажет.

Мектеп пен үйде оптималды ауа-жылу режимін ұстау, денсаулық пен жұмыс қабілеттілікті сақтау маңызды факторы.

Ауаға кешенді гигиеналық баға беруде: физикалық қасиетін, ауадағы механикалық қоспаларды, бактериялық ластануды ескереміз.

Кабинеттің микроклиматын сақтауға бөлме өсімдіктері көмектеседі. Олар әсіресе қыста ауадағы шаңды жинайды, өттегі бөледі.

Зерттеу нәтижесі бойынша, кабинеттің әрбір 1м3 да 1 өсімдік (немесе әр адамға 3 өсімдіктен) болса, 27-30 оқушыға қажетті қалыпты микроклиматты қамтамасыз етеді. Кабинетті көгалдандыру кезінде өсімдіктен шығатын әр түрлі иістердің де адамның физиологиялық күйіне әсерін білу керек.

Бастауыш сынып оқушылары үшін дене тәрбиесінің негізгі міндетін біле отырып, физикалық, жаттығуларды үнемі орындауға түркіні қалыптастыру мен тәуліктік қозғалыс белсенділігін жетілдіру қажет. Біздің тәжірибе-эксперименттік жұмысымыз дене тәрбиесі – сауықтыру технологияларын қолдану, сондай-ақ дене тәрбиесі сабағы арқылы, спорттық іс-шаралар, әр түрлі физкультпаузалар, емдік дене шынықтыру, таңертенгілік гимнастика, т.б. яғни дене тәрбиесі құралдарымен денсаулық сақтауды ұйымдастыру.

Оқушының тәуліктік қимыл белсенділігін негізге алып, оқушының қимыл белсенділіі режимі жасалды. Оған дене еңбегінің қомақты көлемі, жүру, мектеп үзілісіндегі қозғалыс ойындары, денсаулық сағаты, сабақ уақытындағы физкульпаузалар, дене тәрбиесі сабақтары, спортпен айналысу, демалыс күнгі клубтар, спорт секциялары, денсаулық күні, туристік саяхаттар мен экскурцияларға қатысу, т.б. жатады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, сабақ кезіндегі физкультпауза оқушылар 150-200 қозғалыс жасайды, кейбір жағдайда бұл тәуліктік қозғалыстың 6% құрайды. Кіші үзілістердегі ойындарда 300-ден 600-ге дейін қозғалыс әрекеттерін, ал денсаулық сағатында 600-ден 1200-ге дейін қозғалыс жасайды. Нәтижеде бір күндегі қозғалыс балалар мен жасөспірімдерге пайдалы әсер етеді, қалыпты тәуліктік қозғалыс белсенділігіне жеткізу үшін дәрігер бақылауында болу керек. Біздің зерттеуіміз тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін зерттеу, оқу жағдайы, пайдалы және зиянды әдеттерге қарым-қатынасы, денсаулыққа зиянды әсер ететін факторлар, анықталды, тұлғаның жеке ерекшеліктері: денсаулық туралы түсінігі, өз денсаулығына қарым-қатынасы, ауруларына деген көзқарасы, дене тәрбиесі мен спортқа құндылықты мотивтік қатынасы тұрды. Мысалы, оқушылардың құндылық-мотивтік қатынасын білу үшін оқушыларға сауалнама жүргізілді, оған 77 оқушы (1-3 сынып) қатысты.

Зерттеу нәтижесі бойынша 84% оқушының дене тәрбиесі мен спортқа оң ықпалы барлығы, ойын түріндегі спортпен 27%-ы, шығыс күресін 16%, және ауыр атлетикаға 16%-ы қызығатындығы анықталды. Сондай-ақ 33% оқушылар дене тәрбиесі сабағы міндетті болғаны үшін қатысады, 31% дені сау, сымбатты болу үшін, 26% балаға қозғалысты ұнатқаны үшін, 12% өзін-өзі жетілдіру, сенімділікті қалыптастыру үшін, 3% дене тәрбиесі сабағында жаңа нәрсені үйренуге болады деп жауап берген.

Диагностикалық әдіс нәтижесі жеке қорытынды жасау, анықталған кемшіліктерді түзетуге нұсқау, ал негізгісі, дене тәрбиесі сабағын оқытуды толығымен қайта қарауды қажет етеді.

Мысалы, дене тәрбиесі сабағының барысында шынықтыру жаттығуларының арнайы кешені қолданылады.

Бұл кешенде биологиялық белсенді нүктелерге нүктелік массаж элементтері, хатха-йога жүйесінің тынысалу жаттығулары қолданылады. Барлық жаттығулардың орындалуы қарапайым, мамандардың айтуы бойынша денсаулықты нығайтуда тиімді болып табылады. Сауықтырумен бірге, оқушының зейінін жинақтауға көмектеседі, алдағы орындайтын жұмысқа дайындайды. Жаттығуды барлық оқушылар бір мезгілде орындайды,арнайы жабдықтарды талап етпейді және оқушылардың үйренген дағдысына қарай 2-7 минутқа ғана созылады.

Бұл кешенді үнемі орындау арқылы суық тиетін аурулардың алдын алуға болады. Жаттығуларды оқушыларға толық меңгерткеннен соң оны үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Дене тәрбиесі мұғалімі бұл жаттығуларды ата-аналарына таныстырып қойса, оның орындалуын бақылайды, немесе бірге орындауына да болады.

Дене шынықтыру кешенінде денсаулық сағатын өткізу құрастырылған. Қалыпты қозғалыстың қажеттілігін біле отырып, денсаулықтың бастапқы күйі мен оның қабылдайтын жүктеменің жиілігі мен жүйелігін ескеру қажет. 1-4 сыныптардың сабақ кестесіне дене шынықтыру сабағы 48 сағаттық интервалмен 3 сабақ қойылады. Сауықтыру эффектісі ең жоғары аэробты сипаттағы циклді жаттығулар: жүрек-қантамыр мен тынысалу жүйесін жақсартатын жүру, жеңіл жүгіру, шаңғы мен велосипедпен қыдыру екендігі дәлелденген.

Бұдан өзге бастауыш сатыда күнделікті сабақтың алғашқы 20 минутында денсаулық сағатын өткізу ұйымдастырылған. Оған иілуге, секіруге және кедергілерге арналған жаттығулар енгізілген. Таңертеңгілік жаттығулардың гигиеналық және тәрбиелік маңызын біле отырып, олардың ұйқыдан соң сергітетін, өмір тонусын көтеретін, тынысалу мен қанайналысын күшейтіп, оқушының жұмыс қабілетін көтеретінін ескеріп, біз жаттығулар кешенін жасадық. Онда баланың жас, жыныс және физикалық дайындығы мен денсаулық жағдайы ескерілді.

Таңертеңгілік жаттығуларды ата-аналары бірге орындап, бала үшін гигиеналық норма болғанға дейін бақылауда болу керек. Таңертең бөлмені желдетіп, 10-15 минутқа ғана созылады. Соңынан су процедурасын: ысқылау, су құю немесе душ қабылдау керек.

Ата-аналар, оқушылар мен педагогтарға жүргізілген сауалнама нәтижесі жаттығуларды үнемі орындау бала бұлшықеттеріне күш беріп ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін күшейтеді, сымбатын жақсартады, бала аса епті бола бастайтынын көрсетеді.

Дене тәрбиесі сабағында оқушының психикалық және физикалық жұмысқабілетін көтеру үшін, оң эмоциялық фон жасау үшін, ойындар, әзілдер, әр түрлі әрекетке көшу, музыка сияқты құралдарды апробациядан өткіздік.

Оқу үрдісінің денсаулық сақтау жүйесін құру мектеп қарым-қатынасын: мұғалім-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы-ата-ана қатынасын гуманизациялау арқылы жүзеге асады. Жеке–тұлғалыққа бағытталған білім беруге өтуде оқушының адами құндылығын қалыптастыру мен денсаулығын сақтау мектептің ең бірінші мәселесі болып табылады. Бұл мәселені ұйымдасқан байланыс арқылы, яғни өзінің психикалық және физикалық денсаулығын сақтау арқылы шешуге болады.

Жанұя мен мектеп қарым-қатынасы педагогикалық ертеден келе жатқан мәселесі. Баланы оқытуды мектеп өзі жүзеге асыра алады, бірақ тәрбие мәселесі ата-аналарсыз қиын. Бұл денсаулық мәселесінеде қатысты. Оның мынадай екі ерекшелігі бар. Біріншісі, салауатты өмір салты, екіншісі, өз баласының денсаулығы – ата-ана үшін ең мағызды фактор болып саналады. Сол себепті де денсаулық сақтау технологиясына оқушының барлығының ата-аналары қатысу керек.

Біздің жүргізген зерттеуіміз бойынша ата-аналардың 26% жоғары білімді, 49,4%-і орта және орта-арнаулы білімді, 24,6%-ы жалпы орта білімді болды. Оқушылардың 67,4%-ы олардың толыққанды білім мен тәрбие алуына ынталы сәтті жанұяларда тәрбие алуда. Ата-аналарға жүргізілген сауалнама бойынша, олардың 48%-ы бірінші кезекте мектептің баланың дамуы мен өсуіне, денсаулығын сақтауға оңтайлы жағдай жасауын, 37%-ы оқушының жеке ерекшеліктерін дамытуын, 25%-ы баласының стандартты деңгейде білім алуын күтетіндігін білдірген.

Салауатты өмір сүрудің негізінің бірі жағымды эмоцияның болуы. Физикалық денсаулықты сақтау үшін психикалық шынығу қажет, оның мәні өмір қуанышында. Педагогикада оқушыны мадақтау жағымды эмоция тудыратын тетік ретінде қарастырылады. Оқушыны мадақтау арқылы оның денсаулығын сақтауға және шынықтыруға болады. Сонымен бірге керісінше жазалау арқыла кері әсер алуымыз мүмкін. Сауалнама жүргізу, сабақтарға ену арқылы байқағанымыз жаңа технологияларды қолдану, сабақтың сергіту сәттері оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы мен олардың арасында өзара құрмет, жауапкершілік және сенім пайда болуына әсер ететінін байқадық.

Денсаулық сақтаушы психологияларды оқу үрдісіне ендірудегі негізгі фактор ретінде ол жағымды эмоциялық фон мен кикілжің жағдайды болдырмау арқылы қарым-қатынасқа тиімді жағдай жасауы керек. Сабаққа оқушының ықыласын тудыру үшін оның алғашқы сәтте көңіл күйін музыка терапия, әртүрлі түстер мен флоратерапия арқылы көтеруге болады.

Қорыта келгенде, біздің эксперимент барысында жоғарыда келтірілген өзекті мәселелер бойынша №38 мектептің бастауыш сатыдағы педұжымы бала денсаулығын сақтау мақсатындағы жұмыстарды 3 негізгі бағытқа жіктейді:

1. Оқыту жүйесін психологиялық-педагогикалық жағымды орта құруға негіздеу (баланың физикалық белсенділігіне жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, т.б.).

2. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

3. Әлеуметтік қорғалған тұлға дамуын қамтамасыз ететін орта құру (оқу үрдісінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету, медициналық, оқу үрдісін ұйымдастыру, сабақ және сабақтан тыс жұмыстар, каникул күндерінде демалысын ұйымдастыру, т.б.)

Сонымен, бірінші бағыт бойынша, яғни денсаулық сақтаушы жағымды психологиялық және педагогикалық орта құру үшін, апталық сабақ кестесінің оқу жүктемесін дұрыс ойластыру қажет. Екінші фактор балалардың физикалық белсенділігін ойластыру. Мектепте аптасына 3 рет денешынықтыру сабағы өтеді, балалардың 50%-ы сабақты «Спартак» бассейнде өтеді. Сондай-ақ сабақтарда физминуткалар, тыныс алу жаттығулары, саусақ жаттығулары, сымбатқа арналған жаттығуларды үнемі жүргізіліп отырылды. Сабақ арасындағы үзілістерде қозғалыс ойындары ұйымдастырылды.

Сонымен бірге мектептің валеолог, психолог, балалар офтальмологымен кеңесе отырып, 4 жылға арналған оқушылардың көру мүшелерінің ауруларының алдын алу мен түзету арқылы миопатияның алдын алу практикалық бағдарламасын жасады.

Қорыта келгенде, оқу-тәрбие үрдісіне қатысушы субъектердің бірлескен шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері – шынайы педагогикалық қарым-қатынас атмосферасын құру мен оқушы тұлғасының жан-жақты үйлесімді дамуын қалыптастыруды қамтамасыз етуге алып келеді.



Қорытынды
Бала денсаулығы – ең жоғары әлеуметтік құндылық. Бүгін мектеп партасында отырған балалар, он жылдан соңғы елдің әл-ауқат деңгейі мен экономикалық потенциалын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқарудың жобалау технологиясы жалпыға білім беретін мекемелерде оқушы денсаулығын сақтайтын педагогикалық орта моделін жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда бастауыш мектептегі оқушылар аурулары жоғарылауы оқу-үрдісінің тым қарқынды және ағзаның психологиялық, физиологиялық шығынның қалпына келуінің бұзылуына байланысты.

Тиімді және үйлесімді оқыту оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескеру негізінде ғана мүмкін. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның тұлғамен жан-жақты қарым-қатынасының үнемі жүріп отыратын үрдісі десек, оның негізгі «байланысқа» түсіруші танымдық үрдістер болып табылады. Дәл солар арқылы тұлғаға дидактикалық әсер ететін, ішкі дүниесінің өзгерісі қалыптасатын, оның мәні оқушының білімі, білігі мен дағдысында көрінеді.Оның негізінде тұлғада психологиялық жаңарулар жүзеге асады.

Бастауыш мектепте баланың болашақта игеруіне болатын кез келген ғылым негізінің алғашқы білімдері қалыптасатындығын ескере отырып, ал бастауыш сынып оқушысы – бірте-бірте қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде, қоғамдық санамен идеяларды талдай отырып, өз мотивтері мен мінез-құлық стимулын қалыптастыру арқылы өзі таңдаған және салалы түрде жасайтын әрекеттерімен өмір сүру әдеті пайда болады.

Оқушының тұлға болып қалыптасуына өзінен үлкендермен (мұғалімдер), өз қатарларымен (сыныптастары), әрекеттің жаңа түрлері (оқу арқылы), ұжымның (бүкіл мектеп, сынып) қарым-қатынасы әсер етеді. Оларда әлеуметтік сезімдер элементтері қоғамдық мінез-құлық (ұжымшылдық, өз әрекетіне жауапкершілік, жолдастық, қамқорлық, т.с.с.) дағдылары қалыптасады.Төменгі сынып оқушыларына адамгершілік саналар мен тұлғаның оң қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндігі зор. Оқушылардың тез икемделгіштігі, сезгіштігі, еліктеуге құмарлығын мұғалім беделіне сүйене отырып, жоғары адамгершілікті тұлғаны қалыптастыруға болады. Адами мінез-құлық негізі бастауыш сыныпта қалыптасады,оның тұлғаны әлеуметтендіруде маңыза зор. Дәл осы кезеңде оқушы денсаулығының негізі мен салауатты өмір сүру нормаларының принцптеріне деген сұранысы қалыптасады.

Сонда төменгі сыныпта оқушыларда психикалық дамуында маңызды өзгерістер болады. Бұл кезеңді толыққанды өткізу үшін мұғалімдер, ата-аналар, психолог, тәрнбиешілер оқушының потенциалды мүмкіндіктерін ашу мен оны жүзеге асыруға жағдай жасағанда мүмкін болады. Сол себепті әр баланың ерекшелігі ескерілген жетістік сабақтары қажет. Егер осы кезеңде бала таным қуанышын сезінбейтін болса, оқу біліктерін, салауатты өмір салтының біліктерін қалыптастыра алмасақ, оны қалпына келтіру қиын болады және үлкен рухани және физикалық күш жұмсауды қажет етеді.

Еліміздің әр аймағында жүргізілген әлеуметтік саулнама нәтижесі бойынша, мектеп бітірушілердің дені сауларының саны төмен болуына қолайсыз жағдайы ғана емес, мектеп басшыларының сауықтыру жұмыстарына немғұрайлы қарауы оқу-тәрбие үрдісін тиімсіз ұйымдастыруы, қазіргі оқыту әдістері мен педагогиккалық технологиялардың денсаулықты сақтауға негізделуінің әлсіздігіне байланысты екендігін көрсетті.Сондықтан да бастауыш мектептегі оқу үрдісі оқушының оқу жүктемесін болдырмау, яғни денсаулық сақтаушы болу керек. Ол үшін: баланың жеке ерекшеліктерін (интеллектуалдық, эмоциялық, мотивациялық темпераментін, естің түрлері, т.б.). ескеру оқу материалын игеру кезінде оқушылардың нормадан тыс интеллектуалдық, эмоциялық жүктемесін болдырмау; мектеп пен сыныптағы жағымды моралды-психологиялық ортаны қамтамасыз ету, балалардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау, қолдау және нығайту; бағалы стресстен қорғану тәсілдерін үйрету қажет.

Бұны жүзеге асыруда мынадай психологиялық-педагогикалық жағдайларды ұстану қажет олар: ересектердің балаларға қарым-қатынасы тұлғалыққа бағытталуы; әр балаға әрекет түрлері мен құралдарын, т.б. өзі таңдау жасауын, бала жетістіктерін үнемі салыстырмалы түрде педагогикалық бағалап отыру (бүгінгі жетістіктерін кешегісімен салыстыру); оқушының эмоциялық-құндылықты, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық, эстетикалық дамуы мен оның жеке ерекшелігін сақтайтын білім беру ортасын жасау: бала дамуының ең маңызды факторы ретінде жетекші әрекет түрін қалыптастыру; оқу әрекетін қалыптастыратын ойындарға сүйену.

Бүгінгі күнде бастауыш мектептің негізгі мәселелері: оқушыларда қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарас дамудың орнына керісінше, бастауыш білім беру тәсілдері бала қызығушылығымен олардың шығармашылық потенциалдарын төмендетуде, бала инициативасы өшуде, балалардың жеке ерекшеліктері ескерілмейді, педагог пен оқушы қатынасында алшақтық байқалады, оқушының білім, білік, дағдысының формалді қалыптасуы сияқтылар анықталған.

Қазіргі мектептің мақсаты оқушыны өмірге дайындау екендігін ескерсек, әрбір оқушының мектепте алған білімі оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймау қажет. Бұл мақсатқа жету денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жүзеге асады. Бүгінгі күнгі педагогтар соңғы педагогикалық жаңалықтарды біле отырып, оқушы денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған жоспар бойынша жұмыс жүргізеді.



Денсаулық сақтау технологияларының баланың мектептегі оқу кезеңінде денсаулығын сақтайтынын, оның салауатты өмір салтының қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыратындығын, алған білімін өмірде пайдаланатынын ескере отырып, барлық оқу мекемелерінің бастауыш мектептерінде кеңінен қолдану ұсынылады.
Пайдаланған әдебиеттер


1.

Назарбаев Н.А. Казахстан- 2030- Алматы: Б1л1м, 1997.-96с

2.

Акиева Г.С. Педагогические основы развития и совершенствования системы охраны здоровья школьников.-Алматы, 1997

3.


Алимжанова Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.- Алматы, 2001.-28с

4.

Ахаев А.В. Управление здоровьесберегающим процессом.- Усть-Каменогорск, 2004.-70с

5.

Даленов Е.Д. Хасин В.Б. О научном обосновании и технологическом обеспечении методик здоровьесбережения учащихся общеобразовательной школы // Здоровьеи болезнь-2007-№4

6.

Аканов А.А. Формирование здорового образа жизни в Республике Казахстан // Валеология.Физвоспитание.Спорт-2004-№1

7.

Смирнов Н.К. Забота о здоровье учащихся как критерий оценки работы школы // Методист-2005-№4

8.

Брехман И.И. Введение в валеологию – науку о здоровье. - Л.: Наука, 1987.- 125с

9.

Лисицын Ю.П. Образ жизни и здоровье населения. –М.: Знание, 1982. – 40с.

10.

Колбанов В.В., Зайцев Г.К. Валеология в школе.- СПб,1992.-50с

11.

Амосов Н.М. Раздумья о здоровье.- М.: ФиС, 1987.- 64с

12.

Адамбеков К.И.Педагогические основы физического воспитания учащихся.-Алматы, 1995.-312с

13.

Казначеев В.П. Очерки теории и практики экологии человека.-М.: Наука, 1983.-260с

14.

Тілеуова С., Ардақ А. “Педагогика”. – Шымкент, 2006. – 162 б.

15.

Абиев Ж., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. “Педагогика” оқу құралы. -Алматы. – 2004. – 448 б.

16.

Абылкасымова А.Е., Даниярова К.А., Тулеубаева Х.Т. Здоровьесберегающие образовательные технологии в учебно-воспитательном процессе.-Астана, 2005.-65с

17.

Безруких М.М. Здоровьесберегающая школа.-М.: МПСИ, 2004.-240с

18.

Ахаев А.В., Колесникова Н.В. Валеологизация учебно-воспитательного процесса в общобразовательной школе.-Алматы: Мектеп, 2002.-48с

19.

Романцов М.Г.,Лисовская Н.И. Здоровьесберегающее образование- стратегическая линия развития современного образования// Инновации в образовании-2004-№1

20.

Выготский И.С. “Педагогическая психология”. – М.: Педагогика. – 1991. – 480 с.

21.

Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы – оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы. – 20002.-67 б.

22.

Ананьев Б.Р. Психологияда іштей сөйлеу теориясына қатысты сезімдік таным психологиясы. М.: РСФСР АГК баспасы. - 1960

23.

Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. -Алматы. – 2006.-288 б.

24.

Игенбаева Б.Қ., Шабажанова С.Қ. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы – бала денсаулығының кепілі.//12 жылдық білім, -2005.-N7, -72-74 б.

Қалиева С.А. Эксперименттік мектепте денсаулық сақтау педагогикасының идеяларын дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. //12 жылдық білім, -2005.-N5, -41-43 б.



25.

Сыздықова Ғ.С. Бала денсаулығына әсер етуші факторлардың әсері.//Қазіргі заман жағдайында денсаулық сақтаудың білім беру кеңістігін қалыптастыру. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Шымкент: Асқаралы, 2007, -296 б.

26.

Жумадилова Г.С. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері.//Салауатты өмір салты: Әлеуметтік жаңарудың көрінісі ретінде.-Астана, 2005, -241 б.

27.

Кальческо Е.И. Гигиеническое обучение и воспитание в школе.-Чебоксары,1989-164с

28.

Сердюковская Г.Н., Кляйнпетер У. Охрана здоровья детей и подростков – важнейшая социальная проблема.- М.: Медицина, 1990.-С.14-16

29.

Шарипова Д.Д. Школьник и его здоровье.-Т.: Медицина,1987-169с

30.

Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Н.М. “Педагогика”. – Алматы.-1998. – 354 б.

31.

Антропова М.В. Режим дня, работоспособность и состояние здоровья школьников.- М.: Просвещение, 1974.- 136с

32.

Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Гигиена и здоровье школьников.- М.: Просвещение, 1988.- 216с

33.

Попов С.В. Валеология в школе и дома (О физическом благополучии школьников). -СПб.:Союз, 1998 -256с.





Қосымша -1



Қосымша-2

Педагогикалық технологиялардың кейбірінің

сипаттамасы


Технологияның авторлары мен атауы


Технологиялардың негізгі ерекшеліктері

Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың “дамыта оқыту жүйесі”

Оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтың ерекшеліктері:

- тапсырманың балаларды ойлауға, пайымдауға, жоспарлай білуге жетелейтін сипатына көңіл бөлу;

- оқушылардың тапсырманы орындау кезінде кездескен қиыншылықтардан өз бетінше шығудың жолын іздеуі мен шығармашылық ізденушілікке жағдай жасау;

- мұғалімнің оқушылардың өз бетінше ойлануын, ізденуін қажет ететін тапсырмаларды алдын-ала даярлап, үйден орындауға ұсыну;

- сабақтың жалпы мақсаты мен ұйымдастыруын оның тақырыбына, мазмұнына байланысты нақтылау. Ең бастысы оқушылардың таным белсенділігін көрсетуіне жағдай жасау. Сабақта оқушыларды әртүрлі іс-әрекет түріне тартуды құптайды, дидактикалық ойындар, пікір-таластарды, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады.


Ш.А.Амонашвили мен В.Н.Ильин ізгілендіру мен жариялылық технологиясы

Балаларға ізгілік тұрғысынан қарап, оның болашағына, қабілетіне сенім білдіріп, кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетіп, ұстаздық сүйіспеншілікпен ішкі жан дүниесіне үңіле білу қажеттігін ұсынды. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарын ізгілендіруде өзіндік көзқарасын білдіруге тыйым салмау, бағыт беру, тең дәрежеде ой бөлісу, еркін таңдау мүмкіндігін беру жүзеге асырылады.

В.Ф.Шаталов технологиясы

Технологияның басты принципі: кезеңдік бақылау, үздіксіз қайталау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сызбаларды пайдалану, жеке тұлғаны жетістікке жетелеу, күш түсірмей оқыту, тәрбиемен байланыстыру. Технология теориялық білімді сыныпта беруді, тақтада баяндауды, сызбалар арқылы түсіндіруді, тірек конспектісі бойынша жұмыс жүргізуді ұсынады.

Технология оқушылардың толық және жаппай белсенділігін қамтамасыз ететін оқу әрекеті жүйесін дайындады. Бұған оқушылардың динамикалық дағдылы іс-әрекетін ұйымдастыру нәтижесінде қол жеткізді. Оқушылардың дағдылы оқу іс-әрекетінің негізіне тірек сигналдары – оқу материалдары бейнеленген көрнекі сызбалар жатады. Технологияның негізгі ұстанымдарының бірі – білімді сансыз қайталау негізінде игеру. Оқушының алған әр бағасы білімді есепке алудың ашық парағына тіркеледі. Бұл парақ оқушы жетістіктерінің есебі қызметін атқарады да, ал бағалар шифрмен жазылған мінездеме іспеттес болады. Мұндай мінездеме жариялылығының үлкен тәрбиелік мәні бар. Бұл мінездеменің бір маңызды ерекшелігі әр оқушының өз бағасын кез келген уақытта жоғарылау бағаға көтере алатындығында, яғни ашық перспектива ұстанымы қолданылады.



С.Н.Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясы

Тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалы мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. Тірек немесе оза оқыту дегеніміз – оқушының көз алдында жүріп жататын кесте, карточка, жылжымалы полотно, сызба, сурет арқылы түсінік бере отырып, қорытындылау. Осы “тірек” әдісіне барлық оқушылар сабақ барысында қатыса алады. “Тіректер” плакат сияқты дайын тұрмайды, олар әр сабақта жұмыс үстінде туындап отырады. Оқушылар өз жауаптарын схема түрінде жазып, оны оқиды, сол бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, олар түсінбей құр жаттап алудан аулақ болады, алдыменен ережені жаттап алмайды, түсіну, салыстыру, көру арқылы өздері тұжырымдайды.


Қосымша-3
Бастауыш мектепке денсаулық сақтау технологиясын ендіру жағдайын бағалаудың индикаторлары:


  1. Оқушының денсаулық мониторингі мен мектептегі өзгерістердің нәтижесін жасау.

  2. Оқушылардың мектепке келу ынтасының болуы.

  3. Оқушының оқу жүктемесінің көлемі.

  4. Зиянды әдеттерге бейім оқушылар саны.

  5. Мектептің гигиеналық жағдайы.

  6. Дене шынықтыру сабағының мазмұны және физикалық даму мен спортпен үнемі және шын көңілмен айналысуға сұранысы.

  7. Сабақ біткеннен кейінгі мектеп өмірі: мектеп 2/3 тәулікке бос бола ма, сабақтағы сияқты жұмыс жүргізіледі ме.

  8. Төменгі сынып оқушыларының белсенділігі мен қызығушылығы, денсаулық тақырыбындағы іс-шараларға қатысуы.

  9. Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты.

  10. Сабақтан шыққан оқушы түрі (әсіресе күннің ортасында).

  11. Оқушының мұғаліммен және бір-бірімен қарым-қатынасының сипаты: бауырмалдық, бір-бірі түсіну, бір-біріне көмек беруге дайын болу, т.б.

  12. Оқушылардың ата-аналарының мектепке қарым-қатынасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет