«Фольклор» атты пәннің басты мақсаты мен міндеті алғашқы қауымның ыдырау кезінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру



бет1/14
Дата13.11.2022
өлшемі301 Kb.
#464691
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ФОЛЬКЛОР КЕШЕН (1)


Алғы сөз
«Фольклор» атты пәннің басты мақсаты мен міндеті алғашқы қауымның ыдырау кезінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру. Халық әдебиетін тарихпен, көшпенділер мәдениетімен байланыстыра қалыптастыру. Фольклорды жанрлық түрлерге жүйелеу. Әр жанрға тән сипаттарды аңғарту. Әдеби мұраның рухани-тарихи мәнін, мазмұны мен көркемдік бітімін талдау. Қазақ және басқа түркі халықтарының фольклорындағы ұқсастықтардың болу себептерін ашып, ортақ белгілерін айқындау.
Аталған пәнді оқу арқылы студент халық әдебиетінің ұзақ даму тарихын, оның туып-қалыптасуын, әр түрлі дәуірдің із-таңбасын және жиналып, жариялануын, зерттелуін біледі. Осы кезге дейін танымдық-эстетикалық мән-маңызын жоймай келе жатқан тұрмыс-салт өлеңдері, кіші жанрлар, лирикалық өлеңдер мен шешендік сөздер, аңыздық және ертегілік проза, эпикалық жырлар мен ақындар айтысы, балалар фольклоры тәрізді жанрлардың сараланып-зерттелуін, олардың идеялық-тақырыптық мазмұн-мағынасын, жанрлық ерекшеліктері мен атқаратын қызметін, көркемдік кестесін пайымдайды.
Фольклорлық мұралардың кейбір жанрлық түрлері тұрмыс-тіршілікпен тікелей байланысты болғандықтан оның танымдық-тәрбиелік, эстетикалық тағылымы мол. Ол халық өмірінің поэтикалық шежіресі іспетті. Әрі халық әдебиетінің синкреттік, дәстүрлік сипаты басым болады. Фольклорлық мұра өнердің басқа салаларымен байланысты келіп, оларға ерекше өрнек үстейді. Сонымен, қай жанры болса да ұрпақтар санасына ерлік пен елдікті, адамгершілік пен ізгілікті сіңіре береді. Сондықтан студенттер осы пәнді оқу арқылы фольклордың болмыс-бітімінен жан-жақты хабар табады.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет