Фон из разноцветных треугольников


• 4-7 күнде сия көк және жасыл ӛңді бола бастайды



бет4/5
Дата21.02.2024
өлшемі3.36 Mb.
#492648
1   2   3   4   5
103 Мирсодик

• 4-7 күнде сия көк және жасыл ӛңді бола бастайды

7-10 күнде сарғыш болады

12-14 күнде терінің түсі қалыпты түріне енеді. Шырышты қабаттардағы қанталаулар түсін өзгсртпейді.

Сүйек сынықтары:
сынықтардың формасы, көлемі әсер етуші доғал заттың сипатын (әсер ету бетінің көлемі, формасы, қырының болуы, бетінің тегіс немесе кедір- бұдырлы болуы) және әсер ету күшіне, сүйекке жанасу бұрышына тікелей байланысты. Жалпақ сүйектер (бас күмбезі, түбі) көбінесе қатты доғал зат әсерінен майысып сығымдалудан сынады. Сүйектср сығымдап майысуға төзімдірек келеді, ал керу кезінде тез сынады. Қыры бар доғал заттармен жалпақ сүйектерғе соққы берілсе, сол затгың қыры сүйекке еніп жарықшақтанған сынық.
Қабырғалардың сынуы.:
Қабырғалар соққы әсерінсн соққы тиген жерде сынуы мүмкін. Сынықтың пайда болу механизмі: соққы тиген кезде қабырғаның сыртқы беті сығымдалып ішке қарай майысады, ал ішкі беті керіліп созылады, сондықтан сүйектің ішкі беті шытынап сынып, сынық сүйектің сыртқы бетіне тарайды. Соққы берілген жердегі сынықтар «тікелей соққыдан алынған сынық» деп аталады.
Өткір заттардан болған жарақаттар
Өткір құралдар мен заттардың өткір жиегі және үшкір ұшы болады. Өткір жиектің және өткір ұштың болуына байланысты оларды:
  • Кесу құралдары (өткір қыры бар);
  • Шаншитын құралдар (өткір ұшы бар);
  • Аралас (кесетін,шаншитын) (өткір қыры және өткір ұшы бар) құралдар;
  • Ұсақтауға арналған құралдар (өткір және өткір ұштары бар, массивтілігімен ерекшеленетді).

Кесілген жаралар - кесетін заттар өткір жүзімен және салмағының аздығымен (ұстара, пышақ) сипатталады. Кейбір заттардың кесу әсері де бар: әйнек сынықтары, өткір жиектері бар металл бөліктері.
Әсер ету механизмі: теріні және жұмсақ тіндерді қысыммен бөлу және кесу құралының өткір жиегінің дене беті бойымен трансляциялық қозғалысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет