|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
2012 жылғы “ 03 ” 10
№ 736 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
Долана тұндырмасы
Саудалық атауы
Долана тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
100 мл тұндырма
Құрамы
100 мл тұндырманың құрамында
белсендi зат - 10.0 г долана жемістері,
қосымша зат –70% этил спирті
Сипаттамасы
Сарғыш-қызғылт сарыдан сарғыш-қызыл түске дейінгі мөлдір сұйықтық, дәмі тәттілеу.
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да біріктірілген препараттар.
Басқа да кардиотоникалық препараттар.
АТХ коды С01ЕB
Фармакологиялық қасиеттері
Долана тұндырмасы өсімдік тектес кардиотоникалық дәрі. Долана жемістерінің құрамында флавоноидтар: кверцетин, гиперин, гиперозид, витексин, органикалық қышқылдар: лимон, олеан, урсол, кратегус, кофе, хлороген; сондай-ақ каротиноидтар, иіткіш заттар, майлы майлар, пектиндер, тритерпен мен флавон гликозидтері: бета-ситостерин, холин; қант, витаминдер бар.
Долананың әсер етуші заттары орталық жүйке жүйесі мен жүрек бұлшықетінің қозғыштығын төмендетеді, соңғысының жиырылғыштығы жоғарылауына, коронарлық және ми қанайналымының жақсаруына ықпал етеді, бас айналуын жояды. Долана тұндырмасы жүрек ырғағының қалпына келуіне мүмкіндік жасайды, бұл III класты антиаритмиктерге тән әсер ету механизміне байланысты.
Құрамындағы үштерпен қосылыстары мен флавоноидтардың арқасында спазмолитикалық және гипотензивті әсер береді.
Долана тұндырмасы жүрек пен мидың қан тамырларын іріктеп кеңейте отырып, көктамыр қысымының қалпына келуіне ықпал етеді, тамыр қабырғаларының қызметін жақсартады. Атеросклерозға қарсы айқын әсер етеді, жүрек гликозидтерінің әсеріне миокард сезімталдығын арттырады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында
-
жүрек қызметінің функционалдық бұзылуларында
-
вегетативті-тамырлық дистонияда
-
артериялық гипертензияда
-
жүректің ишемиялық ауруында
-
ангионевроздарда, жыпылықтағыш аритмияда, пароксизмальді тахикардияда
-
атеросклерозда, климакстық неврозда.
Қолдану тәсiлi және дозалары
Ересектерге, ішке, тамақтануға дейін 20-30 тамшыдан күніне 3-4 рет.
Емдеу курсы 20-30 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек:
-
брадикардия, гипотензия (үлкен дозада ұзақ қабылдағанда)
-
аллергиялық реакциялар (есекжем, қышу)
-
бас айналу, діріл
Болуы мүмкін:
-
жүрек айну, құсу, ішек шаншуы, ұйқышылдық (ашқарынға қабылдағанда).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
-
артериялық қысымның төмендеуі
-
жүрек ырғағының бұзылуы
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты және жүрек гликозидтерін (строфантин, дигоксин және т.б.) біріктіріп қолданғанда кардиотоникалық әсері күшейеді, ал β-адреноблокаторлармен –гипотензивті әсері күшеюі мүмкін.
III класты антиаритмиктермен, сондай-ақ цизапридпен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Жүрек гликозидтерімен біріктіріп қолданғанда кардиотоникалық әсерін күшейтеді.
Тамақтану кезінде ондағы компоненттермен өзара әрекеттесуін болдырмас үшін препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Бауыр аурулары мен бас сүйек-ми жарақаттары кезінде абай болу керек.
Созылмалы маскүнемдікпен зардап шегетін адамдарға препаратты қолдануға болмайды.
Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында спирт бар екендігін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айну, құсу, ішек шаншуы.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, сіңіретін дәрілер тағайындау, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан бұрандалы қақпақпен немесе бақылау сақинасы бар металл қалпақшалармен тығындалған құтыларға құйылған.
Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 0С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы standart@santo.kz
Достарыңызбен бөлісу: |