Фонетика- тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы



бет1/4
Дата23.04.2024
өлшемі21.94 Kb.
#499613
  1   2   3   4
фонетика


Фонетика- тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.
Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын , түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшклігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес.
Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол – тек тіл дыбыстарын ғана тексереді.
Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығады. Бұл – бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.
Мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.
Адам баласы бірімен бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлесу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады екен, ол – тіл дыбыстары. Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз-сіз, соз-сөз немесе тал-сал, бал-қал, зал, бала-дала, шала-сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл – дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет.
Тіл – ойды жарыққа шығарады, сондықтан да К. Маркс “Тіл – ақиқат шын сана” деп көрсетеді. Адам ойын сөз арқылы білдіреді, ойлаған ой сөз арқылы басқа адамға жетеді. Тіл – ойды жарыққа шығаратын құрал. Ой сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ойдың қамтитын өрісі.
Тілдің физиологиялық аспектісі дегеніміз дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметі. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің тікелей іске (жұмысқа) кірісуімен байланысты екендігін, дыбыстау мүшелерінің актив болып келетіндігін игергені жөн. Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет.
Тіл дыбыстары адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Тіл – қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл болуы мүмкін емес. Тіл – қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі) дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.
Адам баласы тілді өзін қоршаған ортадан, қауымнан үйренеді. Қандай ортада тәрбиеленсе, ұлтына қарамастан, сол өзі тәрбиеленген ортаның тілімен сөйлейтін болады. Бала тілдің заңдылықтарын тіл білімінің әр саласын мектепте оқу арқылы үйренеді, өзінің білімін жетілдіреді. Сөз бен ойлаудың арқасында адамдар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын, білімін молайта түседі. Ойлау – адамның нақтылы іс-әрекетімен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет