Тіл және қоғам
(эссе)
Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Қоғамсыз тіл бомайды, тілсіз қоғамда болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Сондай-ақ тіл мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты зерттеудің қажеттігін бекер деушілер де жоққа тән. Бірақ мұндай шешім ғылымда талас-тартыссыз, пікірлер қайшылығынсыз бірден қалыптаса қалған жоқ. Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы бұлдыр болжам ежелгі заман ойшыларынын бастылғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп сынау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру өткен ғасырдан ғана басталды.
Тілдің қоғаммен байланысын зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік тіл білімі деп аталатын саласы осы атқа үстіміздегі ғасырдың 50-жылдарынан бастап ие болды.
Содан бері ұзақ уақыт ішінде тілдің табиғаты мен мәні, тіл тарихи мәселелерімен айналысқан ғалымдардың ешқайсысы да тілдің қоғаммен қарым-қатынасына соқпай өткен емес, олай болатыны аталған мәселелердің бірден-бірін тілді адамдардың қоғамдық өмірімен байланысына қарамай шешу мүкін емес.
Тіл мен қоғам арасында болатын қарым-қатынас-өте күрделі көпқабатты, кең салалы проблема. Бұл проблеманың қарауына жататын басты тараулар қатарына: тілдің табиғаты мен әлеуметтік мәні, оның шығу, даму тарихының адам қоғамы тарихымен бірлігі, тідің адамдардың этникалық бірліктерімен, қоғамдық формациямен байланыстылығы, тіл қызметінің салалары, олардың әлеуметтік сыры, қоғамның тілге, тілдің қоғамға тигізетін әсерлері, тілдің қоғам мәдениетімен, ғылыми техникалық прогреспен қарым –қатынасы, олардың тілдегі көріністері , тілдер араларында болтан қарым-қатынастар, халықаралық қарым-қатынастағы тілдік бөгет, одан құтылудың жолдары,т.б.
Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселемен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын әлеуметтік тіл білімі немесе социолингвистика ғылымы айналысады.
Тіл, қоғам ұғымдары – бірін-бірі дамытып отыратын, біріне-бірі әсер етіп отыратын үздіксіз үдеріс. Қоғамның (ұжымның) пайда болуы тілдің шығуына, тілдің пайда болуы қоғамның дамуына ықпал еткені сөзсіз. Осыдан тілдің қоғамдық қызметі келіп туындайды.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, тіл саясаты, қостілділік, көптілділік, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады.
Қорытындылай келгенде, тіл – қоғамның айнасы. Қоғамдық өзгерістер мен дамулар тіл арқылы жүзеге асып, көрініс беріп, хабардар болып отырады. Тілдің дамуына әсер ететін экстралингвистикалық фактор да қоғамдық жағдайлардан туындайтыны сөзсіз. Бірақ тіл мен қоғам дамуының заңдары басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |