Функцияның ерекшелігі, оған қатынасуға болатын атының болуында және осы ат(осы функцияның орындалуы нәтижесінде) қорытынды мәге ие. Басқаша айтқанда, функция аты айнымалы ретінде қызмет атқарады. Мұнда функция бірнеше параметрлерге тәуелді болғанмен, ал оның нәтижесі-бір ғана сан екендігін астын сызып айтамыз(әзірше сандық функция туралы). Функцияны сипаттау функцияның аты, ол тәуелді болатын параметрлер тізімі және типі көрсетілген function қызметші сөзімен орындалады: Функцияның ерекшелігі, оған қатынасуға болатын атының болуында және осы ат(осы функцияның орындалуы нәтижесінде) қорытынды мәге ие. Басқаша айтқанда, функция аты айнымалы ретінде қызмет атқарады. Мұнда функция бірнеше параметрлерге тәуелді болғанмен, ал оның нәтижесі-бір ғана сан екендігін астын сызып айтамыз(әзірше сандық функция туралы). Функцияны сипаттау функцияның аты, ол тәуелді болатын параметрлер тізімі және типі көрсетілген function қызметші сөзімен орындалады: function функция аты (параметрлер тізімі: 1-тип): 2-тип Мұнда функция аты әдеттегідей (бірінші символы әріп болатын латынның 63-ке дейінгі әрпінен және цифрлардан тұратын символдар жиынтығы), параметрлер тізімі –функция тәуелді болатын(1-тип) типтері көрсетілген айнымалылар тізімі, 2-тип- функция типі(мұнда функцияның қорытынды мәні көрсетіледі) беріледі. Бұдан бөлек, функция бұл да программа сияқты, онда тақыры-бынан басқа, оның ішінде қолданылатын айнымалылардың сипат-тамасы және begin, end қызметші сөздері бола алады. Оның ішінде Паскальдың кезкелген операторларын қолдануға болады. Соңғы оператордың функцияның қорытынды мәнін функция атына меншіктеуі маңызды. Функцияны сипаттау негізгі программа басталғанға дейін, яғни негізгі программаның айнымалыларын сипаттаудан кейін, бірақ негізгі программадағы begin-ге дейін орындалуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |