Функционалды және емдік профилактикалық нан өнімдерін өндіру технологиясы



бет1/3
Дата12.01.2024
өлшемі22.42 Kb.
#488987
  1   2   3
Босназарова Б.С.


Функционалды және емдік профилактикалық нан өнімдерін өндіру технологиясы.
Жақанова Индира Бақытқызы
Ғылыми Жетекшісі: Босназарова Балжан Саматовна
Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғыры ауылшаруашылық колледжі.


Жұмыстың мақсаты: Жаңа технологиялармен диеталық нан-тоқаш өнімдерін қолданудың терапиялық және профилактикалық әсері рецептураға қажетті қосымша компоненттерді енгізу арқылы, немесе қажетсіздерін жою арқылы, сондай-ақ оларды дайындау технологиясының өзгеруімен қамтамасыз ете отырып организмдегі зат алмасуды ретке келтіру.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде күнделікті халықтың тамақтану рационы бұзылғаны басты мәселелердің бірі. Тұтынатын күнделікті тағамдарымызда дәрумендер, белок, тағамдық талшықтар, макро және микронитруенттердің жетіспеушілігі асқазан - ішек және де басқа да денсаулыққа қауіпті аурулардың өсуіне әкеліп соғуда. Күнделікті уақытылы дұрыс тамақтану адам организмінің қарапайым (суық тиу, асқазан ішек арурлары) және созылмалы аурулардың алдын алуға иммунитеттің көтерілуіне көмектеседі.
Осы таңда елімізде тұтынушылардың емдік–профилактикалық бағыттағы нан тоқаш өнімдеріне деген сұранысы артқан. Бұл тұрғындардың бірқатар ауруға шалдығуымен, ем барысында арнайы диетаны қажет ететін, оның ішінде жоғары тағамдық және биологиялық құндылыққа ие нан өнімдерін қолдануына негізделіп отыр. Азық-түлік өнімдерінің тағамдық құндылығын жақсарту үшін оның құрамындағы ақуыздың, витаминдердің және минералды заттардың үлесін арттыру қажет. Бұл мәселелерді шешуді ең тиімді бағыты дәстүрлі емес шикізаттарды қолдану болып табылады.
Hан тоқаш өндірісінде клечаткаға бай, нанның калориясын түсіретін және оның минералдық құрамын жақсарту үшін көкөніс қоспалары да қосылады
Tеңіз орамжапырағынан ұнтақ алып, нан-тоқаш өндірісінде емдік-профилактикалық мақсатта қолданады. Оның құрамында 0,2% кем емес мөлшерде йод болады. Йодтың жоғары құрамына байланысты нан-тоқаш өнімдерінің арнайы сұрыптары шығарылған.
Tеңіз орамжапырағы және калий йоді қосылған нан-тоқаш өнімдерін қалқанша безінің қабынуы ауруымен ауыратын адамдарға емдік бағытта, ал йод тапшы елді-мекендерге профилактикалық мақсатта қолданады.
Hан-тоқаш өнімдерінің көптігіне қарамастан олардың тағамдық құндылығын және энергетикалық құндылығын жақсарту оның химиялық құрамын түзету арқылы ассортименттің көбеюіне әкеледі. Сонымен қатар сапалық көбіне органолептикалық қасиеттерінің жақсаруына және де өнім рецептурасына белгілі бір емдік қасиетке ие қоспаны қосу арқылы сол өнімді емдік және профилактикалық мақсатта қолдануға көптеген мүмкіндіктер береді. Нан-тоқаш өндірісінде қолданылатын шикізаттарды байыта отырып, өнім өндіру өзекті мәселелердің бірі. Мысалы: нанның көптеген ассортименттерін шығара отырып, отандық шикізаттарды нан құрамына қосу арқылы оның биологиялық құндылығын арттыру, ашыту процесін жеделдету, минералды заттар мен витаминдермен байыту. Адам үшін аса құнды тағам нан өнімі болып есептелінгенімен бірақ оның құрамында кейбір алмастырылмайтын аминқышқылдары жетіспейді. Бидай нанында лизин, метионин және триптофан жетіспесе, ал қара бидай нанында датриптофан өте аз болады.
Соңғы жылдары әлемде нанды емдік-профилактикалық қасиет беретін түрлі пайдалы заттармен байытуға көп көңіл бөлінуде.
Нан - халық ең көп тұтынатын азық-түліктің бірі. Оның құрамына терапевтік және профилактикалық қасиет беретін компоненттерді енгізу белгілі бір заттардың жетіспеушілігімен байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу және емдеу мәселелерін тиімді шешеді.
Рационалды, жасына, кәсіптік белсенділігіне, денсаулық жағдайына, тұрғылықты жеріне, тамақтануына оңтайлы физикалық және ақыл-ой дамуына жағдай жасайды, жоғары өнімділікті сақтайды, организмнің қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне төтеп беру қабілетін арттырады, сонымен қатар адамның көптеген ауруларының алдын-алудың маңызды факторы болып саналады, соның ішінде жүрек-қан тамырлары (атеросклероз, миокард инфарктісі, инсульт, гипертония және т.б.), онкологиялық, асқазан-ішек, метаболизм (семіздік, остеохондроз және т.б.) . Қазіргі уақытта біздің еліміздің әр түрлі аймақтарында ең биологиялық құнды тамақ өнімдерін тұтынудың едәуір төмендеуі, дәрумендер мен бірқатар минералды заттардың жеткіліксіз тұтынылуы байқалады. Ресей медициналық ғылымдары академиясының тамақтану институты жүргізген зерттеулер тексерілген адамдардың 50% -дан астамында С дәрумені (физиологиялық нормадан 3,5-6 есе аз), В дәрумендері (В 1, В 2, В 6) терең жетіспеушілігін анықтады. Фолий қышқылының жеткіліксіз мөлшері 36% адамдардан табылған (солтүстік аймақтарда тапшылық 64% жетеді); Е тобындағы дәрумендер 47% (кейбір аймақтарда бұл 87%). Көптеген адамдарда кальций, темір және басқа микроэлементтердің концентрациясы төмендейді, оның ішінде фтор, мырыш, йод және әсіресе организмнің антиоксидантты қорғанысының маңызды элементі болып табылатын селеннің маңызды микроэлементтері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет