Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуды талдау



Дата17.07.2016
өлшемі90.2 Kb.
#205432


Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуды талдау



Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары және мiндеттердiң атауы

Мемлекеттiк органның есеп жылға стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын iске асыру бойынша жоспарланған iс-шаралардың қол жеткiзуi

2012 жылы нақты орындау

(есеп кезеңдегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң нәтижелерiн жақсартуға бағытталған iс-шаралар)

Қол жеткiзбеу себептерi

1

2

3




1-стратегиялық бағыт.

Елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту


1- мақсат.

2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бiрiнен аса артуын қамтамасыз ету



  1. Министрлiк құзыретiне кiретiн нормативтiк құқықтық актiлердi өзектендiру

2. Министрлiк қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру



1. Тұрақты негізде

Министрлік құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру, ҚР заңнамасына қайшы келетіндерді және ескірген құқық нормаларын анықтау үшін нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, оларды іске асыру тиімділігін бағалау, «Заң», «Параграф» деректер базасына, Интернет желісіне қосылған Министрлік қызметкерлерінің санын арттыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.

Осылайша, 2011 жылдан бастап «Заң» деректер базасына 71 адам қосылды, Интернет желісіне – 92 адам. Министрлік бойынша барлығы «Заң» деректер базасына 229 адам қосылған, Интернет желісіне – 207 адам.

Аталған шараларды орындау мақсатында ЭДСМ бұйрықтары бойынша квартал бойынша (1 тоқсан 2011 жылғы 14 ақпандағы № 25-2-4/24-И хатымен, 2 тоқсан - 2011 26 шілдегі № 25-2-4/6887 хатымен; 3 тоқсан 2011 жылғы 20 қазандағы № 29-2/10386 және 2011 жылдың 4 тоқсаны бойынша – 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 31-2-4/77-И хатымен) және НҚА мониторингі бойынша (жартыжылдық есептеме 2011 жылғы 15 шілдегі № 25-2-4/52-и хатымен и жылдық есептеме 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 31-2-4/77-И хатымен жіберілді) ҚР Әділетминіне есептемелер ұсынды.





  1. Тұрақты негізде

Оқытуға міндетті мемлекеттік қызметкерлерге мониторингі бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Есепті кезең бойынша министрліктің 121 қызметкері оқытылды, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау курстарында – 5, шетелде – 20, сыныптаманы жоғарлату семинарлары мен курстарында – 36 және тіл курстарында – 60, олардың ішінде 30 мемлекетік тілді оқыту курстарында. Есепті мерзім бойынша қызметкерлерді шетелде оқыту бойынша комиссиясының 16 отырысы өткізілді, комиссияның шешімі бойынша 34 кандидатура ұсынды, 20- оқытылды. Сондай-ақ 7 қызметкер магистрлік бағдарламалар бойынша оқуға бағытталды, оның ішінде 1 қызметкер шателге (Корея), 6 ҚР Президенті жаңындағы Мемлекеттік басқару академиясына.




3. Кадрлар ағымының тұрақты динамикасын қамтамасыз ету

3. тұрақты негізде

2011 жылдың нәтижелері бойынша мнистрліктің нақты саны 290 бірлікті құрады, олардың ішінде 7 саясаси мемлекеттік қызметкер.

Ағымдағы мерзімде министрліктің қызметкерлері есебінен, іскерлік және жеке ерекшеліктерін сепке алғанда, лауазымда 63 сарапшы жоғарлады, бұл мнистрліктің жалпы санынан 8,8% құрады, оның ішінде келесі категориялар бойынша: С-2-2 адам, С-3-2 адам, С-4-23 адам, С-5-36 адам;

Жалпы министрлікке 45 адам қабылданды, оның ішінде:

- басқа мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен 32 маман қабылданды (13,3%),
олардың ішінде санаттар бойынша: С-2 –2 адам, С-3-2 адам, С-4-6 адам, С-5-11 адам, С-6-11 адам.

- мемлекеттік қызметтің кадрлық резервінен сұхбаттасу қорытындылары бойынша жұмысқа 13 адам қабылданды.. санаттар бойынша С-4 – 1 адам, С-5 – 2 адам, С-6 – 10 адам.

- 52 қызметкер лауазымынан босатылды (штаттық санынан 12,2%), олардың ішінен өз еркімен 10 адам: С-2-1 адам, С-4-1 адам; С-5-1 адам, С-6-7 адам;

Мемлекеттік емес құрылымға ауысумен байланысты 19 адам, С-2 –4 адам, С-3-1 адам, С-4-7 адам, С-5-5 адам, С-6-2 адам;

басқа мемлекеттік органға ауысу тәртібімен 21 адам. (4,9%), олардың ішінен санаттар бойынша: С-2-2 адам, С-4-4 адам, С-5-9 адам, С-6-6 адам;

1 саяси мемлекеттік қызметкер – басқа жұмысқа ауысуға байланысты, 1 адам – зейнетке шығу себебімен.

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқуды аяқатағаннан кейін 2 қызметкер қызметке кірісті.





1.1-мiндет. Болжанатын көрсеткiштер шегiнде экономиканың дамуын қамтамасыз ету

1.2-мiндет. Кәсiпкерлiктi дамытуға жағдай жасау

1.3-мiндет. Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiктерiн дамыту

1.4-мiндет. Iшкi сауданың тиiмдiлiгiн арттыру

1.5.-мiндет. Экономикалық әлеуеттiң ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау

2-мақсат. Әлемдiк сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерiн жылжыту мен қорғаудың тиiмдi және жедел жүйесiн құру

2.1-мiндет. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау

2.2-мiндет. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыруды аяқтау

2.3-мiндет. Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру

2.4-мiндет. Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн халықаралық нарықтарда позицияландыру

2-стратегиялық бағыт. Нәтижелi мемлекеттiк секторды құру

1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтiк басқару, нәтижелiлiк, транспаренттiлiк және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттiк басқарудың жаңа моделiн енгiзу

1.1-мiндет. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру

1.2-мiндет. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк басқару жүйесiнiң толыққанды жұмыс iстеуi үшiн қажеттi элементтердi енгiзу

2-мақсат. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесiн жетiлдiру


  1. 2016 жылға қарай билiктегi әйелдердiң шешiм қабылдау деңгейiндегi 30% өкiлдiгiне қол жеткiзу бойынша шаралар қабылдау



  1. Министрлiктiң қолданыстағы құрылымын талдау және Министрлiк жүйесi iшiндегi мiндеттер мен өкiлеттiктердi нақты бөлу мақсатымен қажет болған жағдайда оны өзгерту

6. Халықаралық қаржылық ұйымдарымен, рейтингтiк агенттiктермен, елдермен өзара iс-қимылдар


7. Ақпаратты жинау және пайдалану жүйесiнiң еңбек сыйымдылығын реттеу және қысқарту, Министрліктің қызметкерлерін Интернетпен, заң базасына, мәліметтердің ақпараттық базаларына қол жеткізумен қамтуды ұлғайту

8. Министрлiктiң интернет-ресурстарын жетiлдiру, оның өзектi жаңартылуы, сондай-ақ оның iшiнде азаматтардың Министрлiк басшылығымен "жанды қатынасына" мүмкiндiк беретiн арнайы веб-парақтар ашу

9. Министрлікпен қабылданатын шешімдерді ақпараттық ресурстарда жариялауды қамтамасыз ету



4. Жыл сайын

Есептік кезеңде көшбасшылық, кәсіби және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерін ескере отырып, кандидатураларды жинақтау бойынша жұмыс жүргізілді. Гендерлік аспектіні ескере отырып, саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жылжыту үшін Министрліктің кадрлық резерві қалыптастырылды. Саяси мемлекеттік лауазымға жылжытуға арналған резерв 8 қызметкерден құралады, оның ішінде әйелдер саны 60%-ды құрайды, басшылық әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жылжытуға арналған резервті 51 қызметкер құрайды, оның ішінде әйелдер - 63%. Сонымен қатар басшылық лауазымдардағы әйелдер саны 58%-ды құрайды.

5. Тұрақты негізде

Тұрақты негізе Министрліктің қызмет ететін құрылымға талдау жүргізіледі және қажет болған жағдайда Министрлік жүйесінің ішінде міндеттерді және өкілеттіктерді нақты бөлу мақсатынмен өзгерістер енгізіледі.

Осылайша, 2011 жылдың басынан бастап Министрліктің құрылымына «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 623-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Министрліктің 31.03.11ж. № 116-нқ бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2011 жылғы 3 қазандағы № 335-нқ бұйрықпен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің жаңа құрылымы мен штаттық кестесі бекітілді.
6. Тұрақты негізде

Министрлікпен тұрақты негізде кездесулер өткізіледі:

- халықаралық қаржылық ұйымдармен, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID), Әлемдік банк, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының,Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің, Азиялық Даму банкінің, Ісләм Даму банкінің, Еуропалық одақ өкілдерімен;

- рейтингтік агенттіктерімен (Standard&Poor’s, Moody’s, Fitch Ratings)

- экономикалық серіктестік және даму ұйымдарымен, Халықаралық серіктестік бойынша Германдық қоғамдастық, Халықаралық серіктестік бойнша Жапон агенттігі, Халықаралық серіктестік бойнша Корея агенттігі, ҚР-дағы АҚШ Үкіметінің өкілдігі, ҚР-дағы Жапон Үкіметінің өкілдігі, ҚР-дағы Корея Үкіметінің өкілдігі.

7.Жыл сайын

Ақпаратты жинау және пайдалану жүйесінің еңбек сыйымдылығын қысқарту үшін, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саясатын күшейтуді жүргізу мақсатында Министрлікте Интернетке толық қолжетімділігі бар жеке Интернет-класс қызмет етеді. Серверлердің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру және үздіксіз жұмыс істеуі үшін серверлік жабдық жаңғыртылған. Тұрақты негізде Министрлік қызметкерлеріне ақпараттық деректер базасына қол жеткізу ауқымын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Министрлік қызметкерлерінің заң базасына және деректер базасының ақпараттық жүйесіне қол жеткізу ауқымдылығын арттыру мақсатында «Параграф» ақпараттық жүйесі қолданылады. «Параграф» АЖ-не кіретін «Строй Мастер» комплекті Министрліктің 18 жұмыс орнында қызмет етеді, «Кеден одағы» континент комплекті Министрліктің 3 жұмыс орнында қызмет етеді және «Гарант-Максимум» комплекті 1 жұмыс орнында жұмыс істейді.


  8. Қажеттілігіне қарай

Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Министрліктің бұйрығымен тоқсан сайынғы негізде бектілген қызметінің негізгі бағыттары бойынша Министрліктің медиа-жоспарына сәйкес іске асырылды.

Күн сайын азаматтардан Министрліктің интернет-ресурсындағы «Сұрақтар-Жауаптар» функциясы арқылы, сондай-ақ Министрліктің info@minplan.kz ресми поштасы арқылы сұрақтар қабылданады және бекітілген тәртіпте қарастырылып, жолдаушылар нұсқаған электронды пошталарына жолданады немесе жоғарыда аталған бөлімде орналастырылады.

Министрліктің нормашығарушылық қызметін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, тұрғындарды қабылданған шешімдер туралы хабарландыру мақсатында www.minplan.kz интернет-ресурсында 2011 жылы Министрліктің қабылдаған шешімдері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз хабарламаларын орналастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.


9. Тұрақты негізде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 шілдегі № 885 қаулысына сәйкес Министрліктің нормашығармашылық қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында, сонымен бірге қабылданатын шешімдер туралы халықты ақпараттандыру мақсатында www.minplan.kz интернет ресурсында 2011 жылы Министрлікпен қабылданатын шешімдерді мемлекеттік және орыс тілдерінде пресс-релиздерді жариялауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет