Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.
Наполеон Бонапарт
Мен Ресейді басқара аламын, бірақ өзімді басқара алмаймын.
І Петр
Барлық Азия елдері мен жерлеріне бұл (Қазақ) орда кілт және қақпа. Сол себепті бұл орданы Ресейге бағындыру қажет, сол арқылы барлық Азия елдеріне байланыс жасап, Ресей үшін пайдалы және жағымды шараларды іске асыру керек.
І Петр
Революция
Мен жас кезімде революцияшыл болдым. Ақыл тоқтатып, ақ пен қараны ажырата алатын шақта консерватор болуға бекіндім
Уинстон Черчилль
Революция данышпандардың ойлауымен, оның жүзеге асуы фанатиктермен, нәтижесін көретін арамзалар болмақ
Отто фон Бисмарк
Ресурс
Мақсатыңды тап, ресурс табылар.
Махатма Ганди
Рахаттану
Менің қандай нәрседен рахаттанатынымды білесіз бе? Жұмсаған күш-жігерімнің пайда алып келгенін көру.
Рокфеллер Джон Дэвисон
Рахатпен күресу ашу – ызамен күрескеннен де қиынырақ.
Гераклит
Рухани
Рухани жағынан сұлу адамдар — бұлар ең алдымен бақытты адамдар.
Василий Александрович Сухомлинский
Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін, оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек.
Николай Иванович Пирогов
Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.
Сағатхан Әшімбайұлы Әшімбаев
Еңбек рухани және эстетикалық дамудың ең таңдаулысы.
Франсуа Мариаруэ Вольтер
Режим
Режим мен еңбек — денсаулықтың кепілі.
Павлов Иван Петрович
Романтика
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы
Назым Хикмет Ран
Сатқындық
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.
Білге қаған
Сөз
Сөзіне қарай кісі ал, Кісіге қарап сөз алма.
Абай Құнанбаев
Дау кезінде сіздің сөзіңіз соңғы сөз болсын десеңіз, қарсыласыңызға "сіздікі, шамасы, дұрыс"- деңіз
Уинстон Черчилль
Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.
Марк Твен
Сөз түсініксіз болса, суретке мән беремін. Сурет түсініксіз болса онда үнсіздікке риза боламын.
Ансел Адамс
Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені
Сәбит Мұқанов
Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.
Наполеон Бонапарт
Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.
Наполеон Бонапарт
Сөздің ең ұлысы – тарих.
Ахмет Байтұрсынов
Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.
Ахмет Байтұрсынов
Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген. Әйтеке би
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады. Әйтеке би Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің! Әйтеке би Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді.
Сенека Луций Анней
Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.
Ғабит Мүсірепов
Дәрігерде үш қару бар. Олар : сөз, өсімдік, пышақ
Ибн Сина
Жаңа сөздер ұсынуымызға болады. Бұл бағытта табанды түрде жұмыс істеуіміз керек. Бірақ біз оларды түрік тілінің кемелденуі жолындағы қозғалысқа бағындыруымыз қажет.
Мұстафа Кәмәл Ататүрік
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.
Жамбыл Жабаев
Достарыңызбен бөлісу: |