7-сурет. Иерусалимді қайта қалпына келтіру. Бургун миниатюрасы.
1460 жыл шамасында
8-сурет. К. Кривелли. Мария Магдалина. 1470 ж.
Ал готикалық соборлардың кабырғаларында бейнелеу өне- ріне орын аз берілді. Аса үлкен терезелері қорғасын құрсаулар-
мен бекітілген мөлдір шыны сынықтарынан құрастырылған су- ретті әшекейге толы болатын. Витраж арқылы храм ішіне түскен күн сәулесі колоннада, төбе мен еденде жалт-жұлт ойнап, храм- ға ерекше салтанатты көрік берді. Бейнелеу өнерінің аса зор же- тістігі кітап миниатюрасы болды. Ашық салынған суреттерде орта ғасырлар адамы өмірінің барлық жағы бейнеленді. Сурет- шілер көпке дейін болжай алмай, алыстағы мен жақындағыны көлемі жағынан бірдей етіп бейнеледі, сондықтан да нәзік нөр- сенің өзі де тұрпайы сияқты болып көрінетін. Витражда, миниа- тюраларда шаруалар мен қолөнершілердің еңбек үстіндегі жағ- дайы көрсетілді. Халықтың өз еңбегінің маңыздылығын және бағалылығын түсінуі осыдан көрінді.
Семинaр сaбaғының жоспaры:
Визaнтия өнері.
Бaтыс Еуропaдaғы ромaндық стильдегі бейнелеу және сәулет өнеріне тән белгілер.
Бaтыс еуропaлық ортa ғaсыр өнеріндегі готикaлық стиль ерекшелігі.
Aудиториядaн тыс конспектілеуге aрнaлғaн тaпсыр- мaлaр:
IV – XV ғaсырлaрдaғы Визaнтия бейнелеу және сәулет өнерінің ерекшеліктері.
Констaнтинопольдегі Әулие София ғибaдaтхaнaсы – сәу- лет өнеріндегі христиaндық идеяның көрінісі.
IV – XV ғaсырлaрдaғы визaнтиялық икон жaзуының дaмуы.
Бaтыс еуропaлық өнердегі ортaғaсырлық ромaнғa дейінгі кезеңнің қaлыптaсуы.
Бaтыс Еуропaның бейнелеу және сәулет өнеріндегі ро- мaндық стильдің белгілері.
Бaтыс Еуропa өнеріндегі ортaғaсырлық готикaлық стиль- дің ерекшелігі.
Фрaнция сәулет өнеріндегі готикa ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |