Пәні:
|
Жаратылыстану
|
Бөлім:
|
Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Тақырыбы
|
Көлеңке қалай пайда болады?
|
Оқу мақсаты
|
3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру
3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
|
Сабақтың мақсаты
|
- көлеңкенің не екенін біледі
- көлеңкенің қалай пайда болатынын түсінеді
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
|
I.Психологиялық ахуал
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып
|
1.Мұғаліммен сәлемдеседі.
2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады
|
Жарайсыңдар!
|
|
5 минут
|
II. Үй тапсырмасын сұрау
Мәтінді түсініп оқу.
Өткен сабақты пысықтау.
1. Қандай заттарда жарықтың шағылу қасиеті пайдаланылады? Тағы қандай заттарды білесің?
2. Айнадағы мәтінді оқуға бола ма?
3. Қыста тауға көтерілген адамдар неліктен күннен қорғайтын көзілдірік киеді?
4. Қай жағдайларда шағылысу кездеседі?
|
Мәтін бойынша түсінгендерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын айтады.
|
Ауызша мадақтау
Дескриптор:
1.Мәтін бойынша түсінгендерін айтады.Сұрақтарға жауап береді.
1б
|
сурет
|
Сабақтың ортасы
5 мин
8 мин
10 мин
10 мин
|
Оқушылар оқу мақсаты және бағалау критерийімен танысады
III. Жаңа тақырып.
Білу және түсіну
Сен
- көлеңкенің неекенін білесің;
- көлеңкенің қалай пайда болатынын түсінесің
Материалдардың қасиетін салыстыр
Негеш пен Эврика кейбір материалдардың қасиетін зерттеді. Жұмыс нәтижесін сурет түрінде бейнеледі. Олардың салған суретіне қара. Суреттегі заттарды қандай екі топқа бөлуге болады? Балалар суреттің ортасына неліктен Күнді бейнеледі?
Көлеңке қалай пайда болады?
Көлеңке түсіретін заттар қандай материалдан жасалған? Қараңғы бөлмеде көлеңкені байқай аламыз ба? Ал бұлыңғыр күні ше? Көлеңке пайда болу үшін не керек?
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқиды.
Қараңғы жерде және бұлыңғыр күні көлеңке көрінбейді. Неліктен? Ойыңды түсіндір.
ЕБҚ оқушыға тапсырма:
1.Көлеңке түсіретін заттар қандай материалдардан жасалады деп ойлайсың?
(Мөлдір емес материалдан жасалған заттар көлеңке түсіре алады.)
Зертте
Жарық қалай таралады?
Толқын мен сәуле
Суреттерді салыстыр. Толқын мен сәуленің қандай ұқсастығы бар? Олардың басты айырмашылығы қандай? Екінші суреттің көмегімен көлеңкенің қалай пайда болатынын айтып көр.
Ойлан
Неліктен көлеңкенің түсі қара болады?
|
оқу мақсаты және бағалау критерийімен танысады
Материалдардың қасиеттерін салыстырады
заттарды топқа бөледі .
.
Көлеңке қалай пайда болатынын біледі
Көлеңке пайда болу үшін не керек екенін біледі
зерттеу жұмысын жасайды
Қатты қағаздың екінші жартысын орнына қойыңыз да, бірінші жартысын қолшам сәулесінен әрі қарай жылжытыңыз. Бірінші қиық арқылы жарық түсе ме? Екінші жартысына жарық түсті ме? Оқушылар бақылау тәсілімен жарық түзу сызық бойымен қозғалады деген қорытындыға келуі керек
суреттің көмегімен көлеңкенің қалай пайда болатынын айтып көреді
Сен білесің бе?
Айға Жердің көлеңкесі түскенде Ай көрінбей қалады. Оны Айдың тұтылуы дейді. Ай Жер мен Күннің арасына келіп қалса, ол Күнді жауып қалады. Оны Күннің тұтылуы дейді. Күннің толық тұтылуы өте сирек кездеседі.
Есте сақта!
Көлеңке - мөлдір емес заттардың артындағы жарық түспейтін бөлігі.
|
бағалау критерийі:
1.- көлеңкенің неекенін біледі;
- көлеңкенің қалай пайда болатынын түсінеді
Дескриптор :
1.Материалдардың қасиеттерін салыстырады 1б
2.Қорытынды жасайды 1б
Дескриптор :
1.Көлеңке қалай пайда болатынын айтады 1б
2. Көлеңке түсіретін заттар қандай материалдан жасалғанын атайды 1б
Дескриптор :
1.Суреттерді салыстырады 1б
2.Ұқсастыөтарын атайды 1б
3.Екінші сурет арқылы көлеңкенің пайда болуын айтады 1б
Дескриптор :
1.Жарық қалай таралатынын зерттейді 1б
2.Қорытынды жасайды 1б
Дескриптор :
1.Неліктен көлеңкенің түсі қара болатынын айтады 1б
|
Оқулық
сурет
|
Сабақтың
соңы
5 мин
|
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?
-Бүгін қандай ұғыммен таныстың?
-Сабақтың мақсатына жеттің бе ?
- Не қиын болды ?
Үйге тапсырма: түсінгенін айт
Рефлексия.
|
Бүгінгі сабақтағы өзінің әрекеті туралы, жаңа білімді меңгерудегі өзінің жетістіктері мен қиыншылығы туралы ой бөліседі. өзін бағалайды
Қолдарындағы гүлдерін себетке салу арқылы сабақтан алған әсерлерін бөліседі
|
Кері байланыс : Бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттік пе ?
Бүгінгі сабақта не үйрендің ?
Қорытынды бағалау .
ҚБ : 1-10 б жүйе Мадақтау сөздер
|
|