Гагарин ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі109.66 Kb.
#16311
Гагарин ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті ауылдастар!

Өткен жыл біздің еліміздің өміріндегі айрықша мәнді жыл- біздің еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл болды. Бұрынғы КСРО республикасының ішінен, осы жылдарда Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет, бүкіл әлемге сыйлы БҰҰ мүшесіне жету үшін орасан зор жыл жүрді. Биылғы жылы Қазақстан Кедендік және Евроазиялық Одақтың 3 мүшесінің бipi болды, соның арқасында өзi үшін өзінің дамуына жаңа мүмкіншіліктер ашты. Өз дамуындағы табыстары көптеген халықаралық ұйымдармен сонымен қатар әлемдік саяси қайраткерлермен атап өтілді.

Сонымен қатар қол жеткізген жетістіктер біздің еліміздегі тұратын халықтар арасындағы этникааралық, конфессияаралық келісім арқасында өз дамуындағы таңдалған стратегиясы және біздің Елбасшымыз - Н.А. Назарбаевтың беделділігінің арқасында мүмкін болғандығы атап өтілді. Биылғы жылы өткен президент сайлауында қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдау көрсеткендігі кездейсоқтық емес.

Өткен жылдың қорытындысын шығара келе, округтің қaзipri жағдайына тоқтағым келеді.

Округ тұрғындары 958 адамды кұрайды, алатын көлемі 38,5 мың гектар, 1 елді мекен: Гагарино.

Ұлттық кұрамы: 531 - қазақ, 393 - орыс, 8 - неміс, 15 - шешен, 5 - украин, 6 - беларус, 958 адамнан: 220 - зейнеткер жасы бойынша, 2 интернационалист жауынгер, 1 чернобыльдік, балалық және еңбек мүгедегі - 34, ақталған - 5 адам, «Алтын алқа» - 2 адам, «Күміс алқа» - 6 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары Ерен еңбегі үшін марапатталған - 3 адам, тыл еңбеккерлеріне теңелген - 33 адам.

Округте орта мектеп, әкімшілік, дәрігерлік емхана, дәріханалық пункт, «Қазақтелеком» АТС, «Қазпошта» филиалы, күнделікті тауар сататын дүкендер жұмыс істейді. Округте учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік жұмысшы, лицензиат дәрігер жұмыс істейді. Сонымен қатар округте шаруа қожалықтары дамып, жұмыс істеуде, қазіргі күні 53 - шаруа қожалығы және көршілес 7 шаруа қожалығының филиалы бар.

Олардың қызметінің негізгі бағыты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру: сүт, ет, бидай, күнбағыс. Шаруа қожалығының тұрақты жұмысында, мынандай, кейбір кұрылған және бар жағдайлар мүмкіндік туғызады. Қолдағы сүт қабылдау бойынша дайындау пункті, керекті мөлшерде жемі бар база, игіліктегі эпизоттық жағдай, округтің географиялық жағдайы.

2011 жылы шаруа қожалықтары және тұрғындармен 1678,7 тонна сүт өндірілді, дайындау пунктімен ғана 1000 тонна сүт, 282,8 тонна - ет, 152,8 мың дана-жұмыртқа, 50ц - жүн сатып алынды.
Kaзipri күні біздің округтің мал бастарының кұрамы төмендегідей:





01.01.2011ж

01.112011ж




iқm

1414

1471

+57

Шошқа

106

46

-60

Жылқы

400

447

+47

Ешкі, қой

1697

2147

+450

кұс

907

1880

+973

Былтырғы жыл өнімділік жоспарында 6ip қатарлы болған жоқ. Бір жағынан жақсы шөпшығымы өзінің азық кажеттілігін толық мөлшерінде қамтамасыз етті және артығын көрші округтерге сатты, екінші жағынан өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруа қожальқтары астық өнімін төмен алды.

Өткен жылда былтырғы жылмен салыстырғанда, өнім азырақ болды. Негізгі ауылшаруашылық кұрылымдарымен қуатты үнемдеу сияқты озық технологияны қолдануға қарамастан дәнді дақылдар бойынша өнім гектарынан 8 центнер және күнбағыс бойынша гектарынан 2,5 центнерді кұрады.

Н. Ф. Аухадиеваның, В. К. Дементьевтың, А. Ш. Нуртазовтың, Б. К. Абдешовтың, А. Г. Дорнның, К. А. Рахматулинның, Т. Р. Макишевтың, М. А. Исатаевтың, Н. А. Сулейменовтың және тағы басқалардың шаруа кожалықтары жақсы жұмыс icтеп және тұрақты дамуда. Олардың қызметтері жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді меншік талғамдарын қанағаттандырады, аудандық бюджеттің қазынасын толтырады. Облыста және ауданда өтетін жәрмеңкелерге В. К. Дементьев, М. К. Утебаев қатысады.

Биылгғы жылы 6iз кайғыға душар болдық, біздің жерлесіміз, Бауржан шаруа кожалығының басшысы Бақытжамал Елеусизова қайтыс болды. Бұл айтуға тұрарлық азаматша- ардақты ана болған, өзінің шағын шаруашылығын шебер жүргізуімен, өзгелерге болысу және пайда түcipiп отбасын асырауымен, еңбекқор үлгісімен есте қалады.

Сонымен қатар жұмыс орны, аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша қоғамдық жұмыспен кұрылады. 2011 жылы 12 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 4 адам жұмыспен қамту орталығынан курстарды бітірді.

Қамкорлыққа алып отырған баласы бар 2 отбасына, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 12 отбасына балалар жәрдемақысы төленді. Біздің округ бойынша 43 отбасына баспаналық көмек көрсетілді. Барлығы 6ip жылда 892653 теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді.

Статистикада мынандай көрсеткіш бар: 1 адамға ортаайлык пайда, біздің округте ол 17 мың теңгені кұрайды, аудандық көрсеткіштен жоғары көрінеді.

Біздің округтің көптеген тұрғындары Дубығалы көліндегі демалу базасында жұмыс орындарын алды. Дегенмен, бұл жұмыс әзірше мерзімдік қана, келешекте индустриялық туризмнің өcyiнe байланысты, бұл бағыттың келешегі зор. (түсініктеме сөзбен)

Гагарино орта мектебі біздің ауылымыздың тipшiлiк орталығы болып саналады. Қaзipri кезде онда 66 оқушы оқиды. Мектептің ұжымы толық, қажетті кәсіптік тұрақты кадрлармен жинақталған, тәжірибелі басшылар басшылық етеді, осыған байланысты аудандық және облыстық олимпиадаларда жыл сайын оқушылар ҰБТ тапсырғанда жақсы нәтижелер көрсетеді

Былтырғы жылғыға қарағанда, ҰБТ орташа балы аздап нашар болды, 6ipaқ ececiнe біздің мектеп түлегі Карина Калипова аудан бойынша өзі жалғыз ең жоғарғы балды жинап білім озаттарының жоғарғы белгісі «Алтын белгі» иerepi атанды. Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университетінде оқуын жалғастыруда.

Мектепте азқамтылған отбасыларының балалары және бастауыш сынып оқушылары үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Температуралық режим мектепте санитарлық нормаға сәйкес. Былтырғы және биылғы жылдары қатты аяздарға қарамастан, сыныптарда температура төмендігінен сабақтар тоқтатылған жоқ.

Сонымен қатар мектептің өзінің проблемалары бар. 2008 жылы мектептің терезелерінің жартысы пластик терезелерге ауыстырылды, содан кейін жылу байқалды. Біз қазір мектептің басшыларымен 6ipiriп, мектептің қалған терезелерін пластик терезелерге ауыстыру жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Тағы бip проблема-бұл интернет.

Бізде облыста өткізілген «Туған жерге тағзым» - «Поклонись родной земле» акциясы шеңберінде біздің мектептің түлектері К.Ивашин және В.Синкевич спортзалды жөндеуде демеушілік көмек көрсетті. Осындай жақсы icтep бізде көп болса деп тілейміз.

2008 жылғы казаннан бастап мектеп маңындағы мектеп жасына дейінгі балалар үшін 10 орындық шағын орталық жұмыс істеуде. Онда балалар үшін барлық жағдай жасалған. Суық және ыстық су, жылы санитарлық торап, канализация, электрожылумен қамтамасыз етілген. Балалар 3 рет тамақпен қамтылады, жұмысшылар штаты білікті мамандар. Температура режимі санитарлық нормаға сәйкес.

2008 жылдың соңынан бастап ауылдық клуб жұмыс істеуде. Клуб ішінде қaзipri жылыту кұрал-конверторы орнатылған. Біздің округтің тұрғындары клубтың жылы залында салтанатты тойларды және ас беруге мүмкіндік алды. Онда біз мерекелерді, басқа ic-шараларды жүргіземіз. Қоғамдық жұмысшылардың күшімен жыл сайын клуб ғимаратын жеңіл жөндеуден өткіземіз.

Былтырғы жылдың тамыз айында аудандық мәдениет бөлімімен жаңадан клуб мeңrepyшici болып Асхат Гапчукуров тағайындалды. Жұмыс істегеніне аз уақыт өттi, ол тек аудандық және облыстық ic-шараларға қатысып қана қоймай, өз жұмысын да ұмытпай жүргізеді деп, үміттенемін. Әуесқой бірлестіктердің бұрын, біркезде болған жұмыстарын қызығушылықтары бойынша жандандыру қажет-әйелдердің фольклорлық топтарын, «Үй ошағы» және тағы басқалар.

Мәдениет үйі мейрамда ғана емес, сонымен қатар жұмыс күндеріде ауылдың тіршілік орталығы болуы қажет. Өткізілген ic-шаралардың кәсіби деңгейі, қaзipгire қарағанда жоғары болуы қажет. Клубтың келелі мәселесі музыкалық аппаратура және жиһаздар.

Біздің емхана өзінің жұмыс тәртібімен жұмыс істейді. Толық кадрлармен жинақтастырылған. Былтырғы жылы емхана ғимаратына 10 жылу жіберу кұрал-конверторлары орнатылды, пеш жақпайды. Емхана ауданда жақсы есепте. Медбикелердің адал ниетті жұмыстарының арқасында, уақытында профилактикалық ic-шаралар өткізілетіндіктен округте инфекциялық аурулар жоқ. Бала өлімі жоқ.

Округте «Қазақтелеком» автоматикалық телефон станциясы жұмыс істейді. 180 адам абоненттер болып саналады. Ecкi жабдықтарды жаңаға ауыстыру арқасында байланыс сапасы елеулі жақсарды. Шағым жоқтың қасы. Телефон орнату үшін арыз және кезекке тұру жоқ, бұдан сәл бұрын бұл 6ip күрделі мәселе болған.

Тіршілік 6ip орнында тұрмайды, сапалы интернетке шығу үшін, біз аудан басшыларының «Мегалайн» системасын тезірек орнатып беруін қалаймыз.

«Қазпошта» бөлімінде 6ip кici қызмет көрсетеді.Телефон бар. Поштада ең келелі мәселе жылыту, әcipece қатты аяздарда. Біз поштаға қолымыздан келген көмегімізді көрсетеміз, жыл сайын қоғамдық жұмысшылардың күшімен жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, 6ipaқ жылу мәселесі, біздің 6ipнeшe реткі ұсынысымызға қарамастан, «Қазпошта» басшыларының уәдесі аяғына дейін шешілген жоқ.

Жалғыз басты 6 зейнеткерге үйде штаттық әлеуметтік жұмыскер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік жұмысшының жұмысына арыз түскен жоқ.

Мал дәрігер- лицензиатпен жыл сайынғы ветеринарлық өндеу және сырғалау, малдарды емдеу бойынша (үйге шақыру) қызмет көрсетіледі. Ci6ip жарасы және сарып ауруына қарсы малдарға вакцина егу жұмыстары жүргізіледі. Бруцеллезге малдарды тексеру жұмыстары жүргізіледі. Мал дәрігер-лицензиат және мал иелерінің ветеринарлық ic-шараларға тыңғылықты және адал ниетпен қарағандығы арқасында, біздің округте бруцеллез, пастереллез аурулары ұзақ уақыт болған жоқ. Алдыңғы жылы «Азат» шаруа қожалығының «Ильинка» отгон учаскесінде бруцеллез ошағы уакытында анықталып, жайылтпай жойылды. Шеткі аудандардан мал тасымалдауға байланысты, бұл ошақ пайда болды.

Округте тәжірибелі учаскелік инспектор бар. Округте криминогендік жағдай тұрақты қалыпта. 2011 жылы 8-қылмыс тіркелген, оның ішінде 8-ашылды, 3-қару тәркіленді, 46- шағым және өтініштер қаралды. 4 адам ұсақ бұзакылықтар үшін, 24 адам- абаттандыру ережесін бұзғаны үшін, 62 адам төлкұжат режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 адам- СЛПУ-ға жіберілді, 27 адам-профилактикалық есепте тұр.

Учаскелік инспекторда жұмыс кабинеті бар, қызметтік автокөлікпен қамтылған. Учаскелік инспектордың жұмысына арыз түскен жоқ.

Гагарино әкімшілігі бекітілген үлгі ережемен жұмыс істейді. Іс қағаздарын жүргізу icтep тізбесіне сәйкес жүргізіледі. Әкімшілікте қоғамдық кұрылым: ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесі жұмыс істейді.

2011 жылға бөлінген бюджеттік қаржы толық игерілді. Қаңғыбас иттерді ұстау және жою жұмыстары жүргізілді. Ағаш көшеттepi және гүлдер сатып алынып, әкімшілік, мектеп, клуб маңайы көгалдандырылды.

Былтырғы жылдың өте қиын қысына қарамастан, ауылдың көшелері мен жолдары қардан тұрақты тазаланып тұрды, сонымен қатар жиі боранға қарамастан мамыр айына дейін, сыртқы әлемнен бөлінген жағдай, бізде болған жоқ. Шаруа қожалықтарының басшылары В. Г. Воропай, В. В. Зейнок, Н. В. Воропай бізге көп көмек көрсетті.

Күрделі қыстан кейінгі нағыз апат су тасқыны болды. Олар бізді де соқпай өткен жоқ, шара қолдану арқасында, осы су тасқынының салдарын ықшамдадық және қатерлі салдардан кұтылдық. Ауылдың жоғарғы алқабындағы тасқын сулары ауылға соқпай кету үшін, биылғы жылы 6із ауылдың алдындағы бөгетте жер жұмыстарын жүргіздік. Бізге тіптi, трассаны су жырып кетпеу үшін, Өскемен-Семей трассасындағы су өткізетін құбырларды қаздық.

Жыл сайын 6із Наурыз мейрамы, Жеңіс күні , Тәуелсіздік күні, Кәрілер күні және т.б. мейрамдарды еткіземіз. Бұл мейрамдарды өткізуге мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары үлкен көмек көрсетеді. Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалақтарының басшылары әртүрлі ic-шараларды өткізгенде шамаларына қарай көмек көрсетеді. Бұлар: Н. Ф. Аухадиева, Т. И. Дементьева, М. А. Исатаев, Н. Ж. Байгабулов және т.б. Бірақ барлық шаруа қожалықтары шетте қалмаса екен деп тілеймін.

Ауылдық әкімшіліктің ең 6ip басты мәселесі жаңа жұмыс орындарын ашу. Биылғы жылы 2 шаруа қожалықтар ашылды. Біздің қолдаухатымызбен қосалқы шаруашылықты жетілдіру үшін, аудандық қордағы жерлерден 2000-дай га жер, жалпы қолданыс жеріне берілді.

Біздің округтің тұрғындарының кө6i, Дубығалы көлінде салынып жатқан демалыс үйлерінде жаңа жұмыс орындарын алды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша қоғамдық жұмысқа 12 адам тартылды.

Өткен жылы жиында айтылған сын-ескертпе пікірлерден, орындалды:


  1. Әкімшілікте шаруа қожалықтарының басшыларына декларация тапсыру кезіне кеңестік көмек ұйымдастырылды, биылғы жылы декларация тапсыру үшін әкімшілікте компьютер орнатылады.

  2. Былтырғы жылы мердігерлік Ұлан жолдары ұйымы өзінің автопаркін жаңартты, содан кейін қысқы уақытта жолды ұстауды жақсартуға әсерін тигізді.

  3. Биылғы жылы клуб маңайында скважина бұрғыланады.

Кейінгі жоспарлар:

Шағын және орта бизнесті өркендету, қолдан ұрықтандыру пунктін кұру, ауыл көшелерін жарықтандыру, ауылды абаттандыру және көгалдандыру, жолдарды жөндеу жұмыстарын өткізу.



Өз баяндамамды аяқтай отырып, Гагарин ауылдық округінің әкімшілігі,өзінің ұйымдарымен 6ipre және ауыл тұрғындарының қолдау қорсетуімен, біздің алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін, барлық күш-жiгepiмiздi саламыз деп айтқым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет