Кіріспе тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін



Дата21.11.2023
өлшемі19.19 Kb.
#483971
түріДиплом
Шағын және орта бизнесті дамыту дипломдық жұмыс


Шағын және орта бизнесті дамыту дипломдық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе
1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
К і р і с п е
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ — ге қатынасы 17% — ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% — дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ — ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Бітіру жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Сұлтан» ЖШС –і.
Бітіру жұмысының міндеттері:

  1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру;

  2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;

  3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР –дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.

Бітіру жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл бітіру жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Сонымен бірге 2.2. сұрағындағы «Сұлтан» серіктестігінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдауды несиелік ресурстарды тартуға қолданудың мүмкіндігі де осы бітіру жұмысының тәжірибелік маңыздылығын анықтайды.
 Диплом жұмысы / 45 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет