ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#124843
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-24.1.31

/03-2013


ПОӘК

«Ветеринария негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


18.09.2013

№1 басылым



ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ветеринария негіздері»
5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»

мамандығы үшін



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013
Мазмұны









  1. Дәріс оқулар

3

  1. Зертханалық сабақтар

33

  1. Студенттің өздік жұмысы

36



  1. ДӘРІС ОҚУЛАР

Дәрістің атауы. Дәріс 1. Кіріспе.

Сұрақ атауы 1 Мал шаруашылығының мамандарын дайындаудағы

Сұрақ атауы 2 Ветеринария негіздерінің маңызы .

ҚР мал шаруашылығын өркендетудегі ветеринариялық алдын-алу шараларының маңызы

Мал шаруашылығын интенсивтендірудің дәрежесі мал саны мен одан алынатын өнімдердің артуына байланысты. Мал басының көбеюі жер көлемінің әрбір гектарыына шаққанда келетін мал санына сай келеді.

Мал басының көрсеткіштері – малдың сапасы жөніндегі мәліметтер (тұқымы, өнімі).

Соңғы жылдары Республикада мал басының өсуіне үлкен көңіл бөлінуде. Малға және басқада жануарларға ветеринарлық жылдам көмек көрсетілмеген жағдайда, олардың кенеттен өлім-жітімге шалдыққан уақытта үлкен шығынға соқтырады. Ал ветеринария негізі пәні мал шаруашылығының мамандарын алғашқы көмек тәуліктің кез келген ешқандай жағдайға қарамастан сапалы және тиімді уақытында көрсетуге үйретеді.

Мал шаруашылығының жүйесі - өнім өндірудің жоғарғы дәрежесі жемшөпті, еңбекті, құрал-жаббықтарды аз жұмсау негізінде, интенсивтендіру арқылы қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастыру-шаруашылығы, зоотехникалық, мал дәрігерлік әдістердің жиынтығы. Міне сол себептен ветеринария негіздеріні пәні мал басын көбейтіп, оның өнімділігін арттыруға жағдай жасайды. Жалпы биологиялық, аурутану, фармакология, хирургия, індет тану, инвазиялық аурулармен және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланыста бола отырып мамандықты қалыптастыратын пән. Пәннің негізін жалпы биология, физиология мен патофизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану, ішкі жұқпалы емес аурулар, хирургия және экономика пәндері құрайды.

Болашақ мамандыққа маңызы зор қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игерген, шаруашылықтарда ауруды емдеу әрекеттерін және олардан сақтандыру шараларын ұйымдастыруды тиянақты түрде орындай алатын білімді мал дәрігері мамандарын дайыдауда бұл пәннің алатын орны ерекше. Малшаруашылық өнімдерін нәтижелі пайдалануды малдарды аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Ол үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады. Көптеген аурулардан айықтыруда азықпен емдеудің (диетотерапия), ветеринарлық лабораторияларда азықтарды тексеруді жан-жақты, кең түрде жүргізудің сапалы және дұрыс азықтандыруды қадағалау үшін маңызы зор.

Организм – ол тірі биоұлпалық, бүтіндік, динамикалық жүйе. Организм бүтіндігі ол бірігуі (интеграция)

Организмнің барлық бөліктерінің структуралық бірігуі ( организмнің барлық бөлігі біркелкі құрылымнан тұрады: жасушалар, ұлпалар, мүшелер)

Организмнің барлық бөліктері тамырларда, қуыстарда, кеңістіктерде (гуморальды – humor – суық ) айналатын суықтардың көмегімен және барлық органдарды реттеуші жүйке жүйесінің үрдісі арқылы бірігеді.

Организм –иерархиялық жүйе, жалпы құрылым схемасынан тұрады: организм – органдар cистемасы – орган- органның функционалдық элементі – ткань , ұлпа- клетка, жасуша – клеткалық құрылымдар – молекулалар.

Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй-жайын анықтайды. Ауруды анықтау және болжау үшін, дұрыс емдеу әдісін таңдау мақсатында аурудың белгілерін тексерудің (семиотика) маңызы өте зор. Малдарды аурудан сақтандыру әрекеттерін дұрыс ұйымдастырып, нәтижелі ем қолдану үшін, жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын (синдроматика) анықтау қажет.

Мал мамандарының мал дәрігерілік жұмысын жете білуде мына шараларға аса көңіл бөлуі қажет, малды аурудан сақтандыру шаралары Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай ауру болмасын, патологиялық үрдіске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.

Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, түп-нұсқасына жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:


  1. Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;

  2. Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;

  3. Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);

  4. Аурудың даму үрдісіне көңіл аудару (патогенез);

  5. Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;

  6. Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;

  7. Аурудың өту барысына сүйене отырып оған болжам жасау (прогноз);

  8. Ауруға ем тағайындау (терапия);

  9. Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).

Бұл жоспардың ішінде ауруды дұрыс анықтау мен оның себептерін дәл табудың ауруды емдеу және сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы өте зор.

Дәріс №1 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер

1.Веиеринария негізі пәні нені уйретеді

2. Семиотика нені білдіреді

3. Синдроматика нені білдіреді

4.Ауру малды нәтижелі емдеуде не кұрылуы қажет
Дәріс №2 Ветеринария негіздерінің қышқаша тарихы және оның өркендеуі

Сұрақ атауы 1 Жұқпалы емес және індетті аурулардың алдын алудағы ветеринарияның қазіргі өмір талабына сай жетістіктері
Сұрақ атауы 2 ҚР Ветеринария туралы заңдары.

Ветеринарияның алдына қойған міндеттері


Патологияның даму тарихы өзінің түбірімен өте тереңге бойлап кетеді. Ол адамның дамуындағы оның әлеуметтік – экономикалық, және адамзат цивилизациясы мен адамгершілік көз қарастың дамуымен байланысады. Ғылым тұрғысына көз қарастың болмаған кезеңінде аурудың маңызы демоникалық және онтологиялық көріністер және онтологиялық патологияның дамуы мен (грек. Ontos – тіршілік, pathos - күйзелу, лат. logos - оқу), сипатталады. Б.э.б. 460 – 377 жж. грек дәрігері Гиппократ гуморальдық (grek. Humor – ылғал, сұық, нәр) патологияны дамытты, оның негізінде дені сау организмде, организм нәрінің ара қатынасы тең болуы (қан, шырыш, сары және қара өттің) жатады (эукразия), ал дерт олардың өзгерісі немесе араласуы (дискразия) мен мүшелерде «ауру тудыратын материяның» орналасуы мен сипатталады.

Б.э.б. 156 - 128 жж. Асклепиад солидарлық патологияның негізін салды (лат. Solidum – тығыз) ол аурудың мәні организмдегі атомдардың орналасуы дұрыс болмағандықтан (тығыз, сиретілген) деп түсіндірді.

Гален (б.э. ІІ ғ.) синтетикалық (гуморальдық – солидарлық патологияны) дамытты, ол ХІІ – ХІІІ ғасырда, дәрігерлердің көзқарастарына үлкен әсер тудырды. ХІІ ғасырда аурудың мәнін түсінудің екі бағыты пайда болды: иатрофизика (грек. іаtros – дәрігер) ол ауруды организмнің физикалық қасиетінің бұзылуы және иатрохимия ол аруды қанның химиялық қасиетінің өзгеруі, асқорыту нәрінің, тағы басқа организмнің бөліктерінің құрылымының өзгеруімен түсіндірді.

Россияда аутопсия Петр І ұйғаруымен 1706 ж. енгізілді. ХҮІІІ ғ. ортасында италиалық дәрігердің Джованни Морганьи (1682-1771) 700 аутопсия негізінде «анатомдардың анықтауындағы аурудың шығу орны және себептері» атты еңбектері жықты. Онда аурудың клиникалық белгілері мен мүшелердің морфологиялық өзгерісінің байланысын көрсетуге тырыстып, органопатологияның негізі құрыла басталды.

Алғашқы рет «патологиялық анатомия» негізін неміс патологі Хоффманн 1713 ж. енгізді. Одан ары жалпы патология мен патологиялық анатомияның өңделуін 1855 ж. неміс ғылымы Р. Вирхов, Шлейдан мен Шванн әртүрлі тіршілік иелері өсімдік пен жануарлар жасуша теориясын құрлысын ашқан, микроскопиялық техниканың даму негізінің арқасында (1824-1902) дамытты. Микроскопиялық зерттеу нәтижесінде зақымдалған мүшелердің Р.Вирхов, аурудың материалдың субстраты - ол жасушалар –деп көрсетті. Патология тарихында микроскопиялық зерттеулер кезеңі басталды. Электронды микроскоп пайда болғаннан неміс инженері Е. Руской 1832 ж. жасап шығарғаннан кейін, ультраструктуралық патология дамыды. Ары қарай патологияның дамуын үдеткен Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқада микробиологтардың адам мен малдардың індетті ауру қоздырғыштарын, И.И. Мечников, П.Эрлих иммунология саласы мен салыстырмалы патологияны ашқаннан кейін дамыды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Клод Бернар, Конгейм және басқа ғалымдар ауруларды зерттеуде, тәжірибе ретінде малдарға физиологиялық және биохимиялық зерттеу әдістерін қолдана бастады. «Патологиялық физиология» терминін алғашқы рет И.Варандес ХІІ ғасырда қолданды.

Орыс елінде патологиялық физиологияның дамуы белгілі физиологтар И.М.Сеченов, С.П.Боткин және олардың оқушылары В.В.Пашутин –Казан университетінің (1874) жалпы және эксперименталды патология кафедрасының ең алғашқы меңгерушісі және Петербургтегі (1879) Әскери-медициналық академиясымен байланысты. Олар бірінші болып алғашқы оқулықты «жалпы патология дәрістері» жазып шығарды. Патологиялық анатомия мен физиологияның ары қарай дамуына үлкен әсерін тигізген И.П.Павлов (1852-1936) және оның мектебі. Ветеринариялық жалпы патологияның негізін түзуші И.И. Равич, «Жалпы зоопатология» оқулығын жазды. Патологиялық физиологияның ары қарай дамуына үлес қосқандар Е.С.Лондон, М.П.Тушнов, Г.Н.Крыжановский және басқада ғалымдар.

ХХ ғасырда патологиялық анатомия мен патологиялық физиология тығыз байланыстағы ғылымдар ретінде, өздеріне тән және арнайы зерттеу әдістерімен бірге, басқада адам мен малдардың молекулярлық патологиясы мен жалпы дамуының негізін түзуші биохимия, биолфизика, иммунология, генетика, молекулярлы биология, электрондық және информатиканың жетістіктерін ары қарай жетілдіреді

Дәріс №3 Жануарлардың патологиялық үрдісі жөнінде түсінік.

Сұрақ атауы 1 И.И. Мечниковтың, И.М.Сеченовтың, И.П.Павловтың ауру туралы көз қарасына түсінік.

Сұрақ атауы 2 Организмнің қорғаныс кедергілері (барьерлері

Ауру туралы ұғым – нозология (грек. nosos – ауру, logos - ілім-оқу)

Организмнің сыртқы ортаның өзгерістеріне қалыптасу касиетін физиологиялық реттелу деп атайды. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық қорғау ұйымы (ВОЗ) айтуы бойынша адам денсаулығын - «физикалық, психикалық және әлеуметтік толық жағдайы» - ол организмнің ауруы жоқ дені сау қалпымен жұмысқа қабылетті жағдайы – деп көрсетсе, ал малдарға келсе олардың өнім беру сапасы - деп көрсетеді. Дені сау мал үшін анатомо-физиологиялық, өнім беру – репродуктивтік, және биохимиялық олардың өмір сүру жағдайына, күтімі мен азықтандыруына, мал басының көбейуі мен қолдану жүйелерінің оптималды, санды және сапалы көрсеткішері сипатталады. Дені сау организм белгілі бір тұрғыда төзімділік қорын, резервтік күш, генетикалық өзгерушілікті қалыптастыратын сыртқы ортаның ауысу жағдайына байланысты қабылеттілік танытады.

Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы бұзылған кезде оның морфофункционалдық аппараттары физиологиялық көрсеткіштері гомеостаздың көрсеткіштерінен асып кетеді. Осындай организм қалпы ауру деп қаралады. «Ауру – дегеніміз организмнің сапалы өмірәрекетінің жаңа үрдісі, төтенше тітіркендіргіштің әсерінен арнайы бір физиологиялық аппараттар мен құрылымдық элементтердің қорғаныш механизімінің қозғалуы». Кез келген ауру күрделі құбылыс ретінде бір-бірімен әрекетесетін қарапайым компонентердің жиынтығы немесе патологиялық үрдіс.



Патологиялық үрдіс – ол организмдегі өмір әрекеті бұзылғанда бірте - бірте зақымдалатын және қорғануға бейімделген құбылыс. Қабынудағы болатын фагоцитоз патологиялық үрдістің тұрғылықты бір элементі оны патологиялық реакция деп атайды.

Сонымен ауру дегеніміз күрделі комплекс бір-біріне қарсы келетін реакция мен үрдістен құралған арнайы бір жерде орналасып уақытша динамика туғызады. И. П. Павловтың айтуы бойынша аурудың пайда болып дамуы патогендік факторлардың әсерінен субклеткалық, клеткалық, ұлпалық және мүше жүйелерінің компенсаторлық, қорғаныс-бейімдеушілік реакциялары ауру үрдісін жауып, клиникалық белгісі білінбей, жабық латентті түрімен сипатталатын, аурудың белгісін зертханалық әдістерді қолданып анықтайды.

Аурудың жасырын кезеңі егер этиологиялық фактор ары қарай әсер етсе онда – продромальды кезеңге (тәбеттің болмауы, әлсіздік, бұлшық ет тонусының төмендеуі) аурудың айғағы байқалмайтын кезең болады. Бірте –бірте ауру анықтала бастайды. Аяққы кезең не жазылып толық жақсарады, немесе жақсармай, арықарай өлімге әкеледі. Толық жазылса иммунитет пайда болды.

Дене бітім (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке түрлердің құрылымдық, функциялық және өмір әрекетінің немесе жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.

Жеке түр ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізінде алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын жануарлардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, жиі кездеседі.


Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер



  1. Ауру туралы ұғымды қалай түсінесіз

  2. Патологиялық үрдіс нені білдіреді

  3. Дене бітім – дегеніміз нені білдіреді

Дәріс №4 . Аурудың этиологиясы, патогенезы, клиникалық белгілеріне түсінік

Қарастырылатын сұрақтар:

Сұрақ атауы 1. Аурудың патогенезы.
Сұрақ атауы 2 2.Аурудың этиологиясы
Сұрақ атауы 3 Жалпы этиология - ауру тудырғыш факторлардың организмге әсері
Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.

Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.



Патогенез - патологиялық физиологиядағы ауыл шаруашылық малдарының ауруының желісі, даму ерекшеліктері, сипаты және механизімі мен таралу жолы туралы оқытады.

Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.

Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.

Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – ауруды себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар

Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.

Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.

Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.

Себепке жетектеуші немесе тән жәйіттар:


  • Ауру дамуының алдында әсер етеді

  • Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар

  • Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды

Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жәйіттар Жалпы этиология. Сыртқы ортаның тітіркендіргіштері өмір әрекетінің үрдісінен байланысадыда, олар ары қарай организмде патологиялық үрдістерді дамытады. Ауру тудыратын сыртқы факторларға механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық организмге әсер етушілер жатады.

Механикалық факторлардың әсері. Әртүрлі механикалық агенттер әсер ету арқасында организмде ұлпаларды, мүшелерді, зақымдап жарақат туғызып, функцияларын бұзуға әкеп тірейді. Механикалық жарақаттарға турлі зақымданулар, үшкір немесе топас заттар, атылатын қарулар, қысылудан зақымдалған жаралар жатады. Жабық зақымдалған жарақаттарға (тері жабынының бүтіндігінің бұзылуы) ұлпалардың қысылуы (ісінген, домбыққан), топас заттармен зақымдалған, сіңірі созылған, буыны шыққан, сүйегінің жігі ашылған немесе жарықжақталып сынған, жабық сынықтар жатады. Морфологиялық ерекшеліктері мен шығу тегі бойынша жараланған затқа және зақымдау механизміне байланысты кесілген , шабылған, атылған, пісілген, жаншылған , жырылған, тесілген және уланған деп бөлінеді Механикалық факторлардың организмге әсер етуіне байланысты олардың күші мен тітіркендіргіш әсері және зардабы зақымдау дәрежесіне байланысты болып келеді.

Физикалық факторлардың әсері. Ауру тудыратын физикалық факторларға жоғарғы немесе төменгі тем­пературалар, сәулелі энергия, электр тоғы, дыбыс, барометрлік қысымның өзгеруі жатады. Жоғарғы температура әсер еткенде организмде жергілікті және жалпы патологиялық өзгерітер пайда болуымен сипатталады. Ыстық заттар мен организм ұлпаларының жанасуы (металл, әйнек, су, май, бу т.б.) жергілікті өзіне тән зақымдалулар туындап күюмен сипатталады. Сондай жағдайда ұлпалардың зақымдалу дәрежесін еске аламыз. Күйіктер көмірсу, белок, май, басқада зат алмасу түрлерін бұзады. Ұлпалардың оттегін қолдануы бұзылады, сондықтан организмде тотықтану үдрісі төмендеп тотығуға жатпаған алмасу заттары пайда болады. Қанда жиналған токсинді заттар организмнің улануын тудырады. Қан мен несепте улы заттар пайда. Міне осының салдарынан күйік ошағында нерв тежелуінің нәтижесінде қан құрамы өзгеріп және организм заттары уланғандықтан өлімге әкеліп тірейді. Жалпы жоғарғы температураның әсерінен организм ысынып, ыстық соққсынын тудырады.



Организмге төменгі тем­пературалардың әсері. Төменгі тем­пературалардың әсер ету нәтижесінде организмде жалпы және жергілікті өзгерістер туындайды. Жергілікті тем­пературалардың әсерінен перифериялық тамырлардың қабырғалары қысылып (спазм) тері ақшылтым болады. Одан кейін парез немесе паралич нәтижесінде ұлпалардың тамыр тарылтарын жуйке аяқшаларының сезімталдылығы жоғалып, тамыр тонусы төмендеп, кеңейедіде, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлап қан сұйығы зақымдалған ұлпаға жайылады. Төменгі тем­пературалардың әсер ету нәтижесінде зақымдалған ұлпа интенсивтілігі бір қатар жағдайларға байланысты. Сыртқы ортаның температурасының төмендеу дәрежесі, әсер ету ұзақтығы, атмосфералық құбылыстарға байланысты. Желмен бірге болған ылғалды суық қатты әсер етеді . Әсіресе организмнің перифериялық бөлімдері қатты әсер алады: құлактар,желін ұштары ; жылқыларда — тұяқ негізі, айшығы, аяқтың тұсамыс салатын жерлері. ума. препуция.

Бүкіл организмнің немесе оның бөліктерінің жаурауы суық тиіп ауруға ұшырайды. Мысалы терлеген малдар өтпе желде көп уақыт болса немесе суық суға түссе тыныс алу жолдары, өкпелері буындары, бүйректері ауырады. Денесі тоңазыса организмнің имму­нобиологиялық қасиеті азайып (фагоцитоз және антиденелердің түзілуі төмендейді),организмнің резистенттілігі төмендеуіне әкеледіде әртүрлі микроорганизмдер әсер етіп ұлпалардың коллоидты құрылымы бұзылады. Организмнің канмен қамтасасыз етілуі бұзылады (мидың, тыныс алу жолждарының кілегейлі қабатарының т.б.). Сонымен жергілікті және жалпы дененің сууы ауруға жағдай туғызушы ретінде қарастыруға болады, малдарды суықта тоңдырмау үшін алдын алу шараларын қарастыру қажет.



Сәулелі энергия әсері. Сәулелі энергияның патологиялық әсері оның түріне байланысты, сәулелендіру интенсивтілігіне , әсер ету ұзақтығына байланысты, организмнің реактивтілігін қасиетіне байланысты. Сәулелі энергия организм ұлпаларына жұтылып, жылу энергиясына айналадыда организмнің температурасын көтереді, қан айналу процесін жылдамдатып зат алмасу процесін күшейтеді. Ультракүлгін сәулелерінің спектріде организмдегі патологиялық процестің дамуында үлкен роль атқарады. Ультракүлгін сәулелерінің спектрі қысқа болса, сәуле әсері жіті келеді. Ультракүлгін сәулелерінің жіті әсері тері капиллярлары субкапиллярлар торы кеңейтіп ұлпаларда қабыну тудырады. Бұл құбылыстар тамыр қозғалтқыш нервісінің реттелуі төмендегендіктен, тамыр тонусы төмендеу нәтижесінде жасушаның зат алмасуы мен ферменттерінің әрекеті өзгеруі туындайды. Күн сәулесі спектірінің ұзын толқындары, қызыл және инфрақызыл сәулелер организм ұлпасына жылу береді. Мысалы ұзақ уақыт кұн астында болса бастан күн өту. Сол уақытта патологиялық өзгерістер организмде орталық нерв жұйесін қоздырады, ыстық көтеріліп, тыныс алу, жүрек ритімі жиілейді, қан айналымы бұзылады. Күн өткенде жалпы дене қызуының қөтерілуі, Орталық нерв жүйесінің қызуды реттеу орталығының шарттылығына байланысты, күн өткенде жалпы дене қызуының қөтерілуі екінші реттікке жатады. Көбінесе орталық жүйке жүйесiнiң салдануынан мал өлімге ұшырайды.
Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Бақылау сұрақтары

Патогенезді қалай түсінесіз

Этиологияны қалай түсінесіз

Этиологиялық факторларға нелер жатады

Организмге механикалық факторлардың ісері

Организмге физикалық факторлардың әсері

Организмге төменгі тем­пературалардың әсері

Организмге сәулелі энергияның әсері

Организмге иондаушы сәуленің әсері

Организмге электр тоғының әсері

Организмге атмосфералық қысымның әсері

Организмге химиялық факторлаодың әсері
Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер
Дәріс №5. Реактивтілік және оның патологиядағы маңызы Реактивтілік түрлері. Патологияның дамуындағы стресстың ролі
Сұрақ атауы. Организм реактивтілігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организм жауабының түрлері.

2 Сұрақ атауы. Организмнің төзімділігі, анықтамасы, төзімділіктің түрлері.



  1. Сұрақ атауы Реактивтіліктің түрлері, сипаттамалары.

Сұрақ атауы еактивтіліктегі жастың, жыныстың және организм конституциясының маңызы



Реактивтілік (Re – қарсы; action - әсер)- сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).

Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).

Реактивтілік белгілі бір тітіркендіргішке (жылдамдығы, қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.

Организм реактивтілігі – ол организм бір тұтас құрылым ретінде қоршаған орта әсеріне тіршілікке тән қасиет зат алмасу, даму, өсу т.б. ретінде өзгеруі арқылы жауап беруі.

Реактивтіліктің көріністері:

Нормергия – әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады

Патергия- қалыптан тыс жауап:


  • гиперергия – реактивтіліктің жоғарылауы

  • гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (мал қәрілігің реактивтілігі)

  • анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)

  • дизергия - қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)

Организм төзімділігі – ауру тудыратын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді

Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.

Енжар төзімділік: тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.
Реактивтіліктің түрлері


  • Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)

  • Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)

  • Даралық - жеке тұлғалардың реактивтілігі, әр мал қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.

  • Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)

және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.

Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік – антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік – иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.

Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.

малдың жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Жас малдардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:


  • Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.

  • Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен

  • Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.

Қәрі малдарда патологияның келесі ерекшеліктері тән:

  • Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).

  • Аурулардың созылмалы түрде өтуі.

  • Патологияның көптігі

  • Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы

  • Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, ауруларының жиі кездесуі.

Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Аналық малдар қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Аталық малдар стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық ауруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.

Реактивтілік барлық тірі организмге тән касиет. Эволюция процессесінде тірі организмнің барлық күрделілігіне сай, реактивтіліктің түрі мен механизміде күрделенеді. Егер жануар құрылысы қарапайым болса, онда оның жүйке жүйесіде толық дамымайды, сондықтан түрі мен реактивтілігіде қарапайым. Қарапаймдар мен көптеген омыртқасыз жануарлар реактивтілігі оларға жағымсыз сыртқы ортада өмір сүруде, тек зат алмасудың өзгеруімен шектеледі. Төменгі сатылы жануарлардың реактивтілігінің ерекшелігі зат алмасу процесінің интенсивтілігін өзгеруі, сыртқы ортаның температурасының төмендеуі, онда оттегінің азаюына төзімділік көрсетумен сипатталады. Жануарлардың даму сатысы неғұрлым жоғарырақ болса соғұрлым сыртқы ортаның зиянды заттарының әртүрлі әсерінін белсенді түрде сезінеді.

Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер

Реактивтілікті қалай түсінесіз

Реактивтілік көріністерін атаңыз

Реактивтіліктің түрлерін атаңыз
Дәріс №6 Организмның иммунологиялық реактивтілігі (иммунитет, аллергия, анофилаксия) Гипо; Гипербиотикалық үрдістер
Сұрақ атауы 1 Организмның иммунологиялық реактивтілігі

Сұрақ атауы 2 ; Гипербиотикалық үрдістер

Гипербиотикалық процесстер
Организмнің иммунологиялық реактивтілігі – дененіміз, бір бірімен тығыз байланысатын құбылыс ретін түзуші организмнің ерекше реактивтілігі. Осы тараптан қарағанда иммунитет – індетті ауруларды қабылдамайтын, жоғарғы немесе төменгі организм сезімталдылығының өзгеру реакциясы (анафилаксия, аллергия), мен уларға қалыптасуы. Жоғарыда аталған түрлі құбылыстарды иммунологиялық реативлік деп, аталып, келесі белгілермен сипатталады: біріншіден, бұл құбылыстар организмнің ішкі ортасына түскен тітіркендіргіштер мен « бөгде» тіршіліктердің (микроорганизмдер), ұлпалардың патологиялық өзгерулері, денатурленген белоктар, әртүрлі антигендер, токсиндер, алколоидтар т.б. әсеріне организмнің жауабы ; екіншіден, олар қорғаныш қызметін атқаратын және ішкі ортаның тепетеңдігін сақтаушысы (гомеостаз); үшіншіден бұл реакцияларда антиденелер мен антигендердің әрекеттесетін үрдістерін байқауға болады.

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу), Иммунитет дегеніміз -  Организмнің, азаның кез келген ауруға төтеп бере алу қабілеті.

Иммунитет - ауру тудыратын агентердің әсеріне, оның ішінде инфекция қоздырғыштарына қарсы тұратын организимдегі жиі байқалатын резистенттілік.

Организмнің иммундық жасушалары ауру тудырғыш «бөтен» микробтарды өлті­ретін бактериялардан тұрады. Бұл бактериялар ағзадағы им­мундық жасушыларды қолдап отырады және аминқышқылдар мен витаминдерді өнді­реді. Егер организмде бұл микроорганизмдер аз болса, онда «бөтен» бак­териялар үс­темдік алып, ауырта бастайды.



Иммунитет түрі көп олар: шығу тегі бойынша, белсенділік танытуы бойынша, түзілу механизмі бойынша басқада ерекшеліктеріне байланысты сипатталады.

Иммунитет түрлері.

Туа біткен иммунитет тұқым қуалаушылық арқылы берілетін организмнің арнайы түрлік қасиеті, мысалы ірі қараның ала өкпе ауруына, шошқа, құс обасына және т.б. жылқы иммунитеті жоғары болады.

Түр аралық иммунитет дегеніміз жануарлар түрінің белгілі бір індетке қарсы тұруы, мысалы алжир тұқымды қойлар топалаң ауруына (сібір жарасы) төзімді келеді, иоркшир тұқымды шошка түрі тілме (рожа) ауруына төзімді, монғол тұқымды ірі қара малдар оба індетіне төзімді болғанымен, жоғарыда аталған түрлердің тұқымдастары осы ауруларға төзімсіз ауырғыш келеді. Туа біткен түр аралық иммунитет індетке ғана емес токсиндергеде төтеп бере алады, мысалы тасбақалар мен кірпілер рицин мен абрин токсиндеріне сезімталдығы басқа жануарларға қарағанда байқалмайды.

Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда шу (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, төл белгілі бір мезгіліне жеткен уақытқа келгенше сақталуы мүмкін.


Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға, көзге тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әр түрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.

Иммунитет реакциясындағы жасушалық құбылыстар. Иммунологиялық реакциялар организмнің физиологиялық жүйесінің арқасында атқарылады, әсіресе ол ішкі ортаның салыстырылмалы тепетеңдігінің (гомеостаз) бұзылуында әсер етуші ретінде әрекетке кіредіде

ретикулоэндотелиальды немесе фагоцитарлы жүйенің реакциясында ең маңызды рөлді атқарады.

И.И.Мечниковтың фагоцитоз жайында ілімі. Алғашқы иммунитеттің ғылыми теориялық негізін қалаушы И.И.Мечников. Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау жануарлардың барлығында әр түрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын белок, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет