Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы «18» қыркүйектегі
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік
талаптары
1-бөлім. Жалпы талаптар
1. Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын қалыптандыру және мотор майлары өндірісіне (бұдан әрі-ГӨӨ) таралады.
2. Осы Талаптар ГӨӨ жобалау, салу және пайдалану кезінде, ғылыми-зерттеу, конструкторлық және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті түрде қолданылады.
3. ГӨӨ қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған пайдалану және техникалық құжаттар дайындалады. Ол құжатта мынадай нақты сипаттамалар көрсетіледі:
1) өндірістік бақылау жөніндегі ережелер;
2) технологиялық регламенттер;
3) апаттарды жою жоспары (бұдан әрі-АЖЖ).
4. Болуы мүмкін апаттарды жою жоспары туралы жұмыскерлердің білімі, ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша өткізілетін оқу және жаттығу сабақтары кезінде тексеріледі.
5. ГӨӨ қауіпті нысандарының жұмыскерлерін дайындау және аттестациялау өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.
2-бөлім. Жобалық құжаттарға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы талаптар
6. Жобалық шешімдерде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және табиғи ортаның орны толмас техногендік өзгеруін, соның ішінде және зиянды заттардың апат кезінде ауаға шығу салдарын болдырмау қамтамасыз етіледі.
7. Жобалық шешімдердің құрамына өндірістік процестер мен жабдықтардың беріктілігі мен апатсыз жұмыс істеуін есептеулер негізінде бағалау; зиянды заттардың апатты түрде ауаға шығуы мен оның салдарынан туатын апаттық жағдайларды бағалау; апаттарды болдырмауға, залалсыздандыруға және жоюға, жұмыскерлер мен тұрғындарды қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға бағытталған шешімдер кіреді.
8. Жобалық құжаттар құрамында, толық көлемде, осы аумақтың сыртында, әртүрлі ауа райына байланысты зиянды заттардың атмосфералық ауаның жер үсті қабатында шекті мүмкін мөлшерінің (ШММ) асып кетуіне болмайтын, газ қауіпті нысанның апаттық (буферлік) аумағының қабылданған сыртқы өлшемдерінің есептеулері мен негіздемесі беріледі.
9. ГӨӨ жобалық құжаттар құрамында, мүмкін болатын апаттық жағдайларда, жұмыскерлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ұйымдастыру-техникалық шешімдер анықталып және негізделеді. Ондай шаралардың құрамына мыналар кіреді:
1) мүмкін болатын апаттық жағдайларда, жұмыскерлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аталған жағдайларды шұғыл залалсыздандыру және жоюға арналған апаттық-құтқару қызметтерін құру және оларды материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) апаттық аумақтан жұмыскерлер мен тұрғындарды уақытша көшіруді, құтқару және шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жоспарын және материалды-техникалық қамтамасыз ету;
3) мүмкін болатын апат туралы жұмыскерлерге және тұрғындарға шұғыл түрде ақпарат беруді қамтамасыз ететін, жеке апаттық хабар беру және байланыс жүйесін құру, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
4) мүмкін болатын апаттық жағдайда зиянды заттардың ауаға шығып кетуін дер кезінде бақылайтын автоматтық құралдармен қамтамасыз ету және оларды құру;
5) жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
10. Мүмкін болатын апаттық жағдайда, буферлік аумақтағы жұмыскерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шешімдердің әрқайсысына, жобалық құжаттарда, қажетті құралдардың, материалдар мен жабдықтардың, орындардың, қажет жағдайда, оларды орналастыруға арналған арнайы имарат пен оларды пайдалану, қызмет көрсетудің нақты түрлері мен көлемі негізделіп, анықталады.
11. Жобаның құрамында көрсетілген, мүмкін болатын апаттық жағдайда, буферлік аумақтағы жұмыскерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шешімдер, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сараптамадан өтіп, тіркеледі.
2-тарау. Қауіпті өндірістік нысандарды орналастыру
12. Өндірістік нысандарды, құбыр желілерін және инженерлік желілерді орналастырған кезде, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау керек.
13. Қауіпті өндірістік нысандарды мына:
1) сайлы және жергілікті аумақтың жел тимейтін бөліктерінде;
2) желдің жылдамдығы көбінесе 1 м/с жылдамдықтан аспайтын аумақтарда;
3) ұзақ уақыт немесе тез қайталанатын желсіз, инверсиялық, тұманды (жылына 30-40 %, қыс кезінде 50-60 %) күндері көп аумақтарда аумақтарға орналастыруға болмайды.
14. Қауіпті өндірістік нысандарды тұрғын ғимараттар мен адамдардың көп шоғырланған жерлеріне қарағанда, желдің бағытына қарай орналастырады.
1-параграф. Ғимараттар мен имараттарды жоспарлау және орналастыру
15. ГӨӨ бас жоспарында мыналар:
1) санитарлы-қорғаныс аумағы ұйымдастырылып, қалыпқа келтіру;
2) қажет жағдайда елді мекендерді, демалыс орындарын және адамдардың көп шоғырланатын орындарды санитарлы-қорғаныс және буферлік аумақтың сыртына шығару;
3) табиғатты қорғау имараттарын, соның ішінде шлам-сақтағыш, шлам-жинағыштарды, өндірістік ағын суларды жыл мезгіліне қарай реттеу ыдыстарын ұйымдастырып, қалыпта ұстау;
4) мүмкін болатын апаттық жағдайларда жұмыскерлерді жинайтын және қорғайтын орын қарастырылады.
16. Атмосфералық ауаны ластау көздері бар өндіріс орындарын қосалқы, қоймалық және санитарлы-тұрмыстық орындармен бір ғимаратта орналастыруға болмайды.
17. ГӨӨ алаңқайларында жартылай немесе толығымен жабылған аула құрайтын ғимараттарды пайдалануға болмайды.
18. Атмосфералық ауаға зиянды немесе жанғыш заттарды шығаратын және осы заттарды ауаға апатты түрде шығаруы мүмкін өндірістік процестері бар ғимараттар мен имараттарды басқа ғимараттар мен имараттарға қарағанда «жел розасын» ескере отырып орналастырады.
2-параграф. Жолдар, кірер жолдар және өткелдер
19. Қауіпті өндірістік нысан аумағында, оның өлшемдеріне қарамай-ақ, бір-біріне қарағанда ең кемі 90° бұрыш құрайтын, ең кемі екі кірер жол болуы керек.
20. Өндірістік алаңқайға кірер жол мен теміржолдың қиылысуына рұқсат етілмейді.
3-параграф. Аумақты қоректендіру
21. ГӨӨ өндірістік алаңқайында бұтақты өсімдіктер отырғызуға болмайды. Кейде бөлек өсіп тұрған сәндік талдар мен аласа бойлы бұталарға рұқсат етіледі.
22. Магистральдық және өндірістік жолдардың, өткелдер мен кірер жолдардың өн бойына, барлық жағдайда да, жаяу жүргінші жолдарды салу керек.
3-тарау. Инженерлік жүйелерді орналастыру
23. Өндірістік алаңқайларда жерасты, қоршауға дейін жүргізілген манифольдалардың кіру және шығу желілерінен басқа, улы заттар тасымалданатын құбыр желілерін жүргізуге рұқсат етілмейді.
24. Улы заттар және газдар тасымалданатын инженерлік желілерді ғимараттар мен имараттар астымен жүргізуге болмайды.
25. Улы заттар және газдар тасымалданатын жерүсті инженерлік желілерін алаңқай деңгейлерінен төмен орналасқан ашық арықтармен және жерасты өткелдермен жүргізуге болмайды.
26. Алаңқай аумағындағы жерүсті жүргізілген улы заттарды тасымалдайтын құбыр желілерін, олардың өртке төзімділігінің дәрежесіне қарамай-ақ, ғимараттардың қабырғалары мен шатырларымен жүргізуге болмайды.
27. Екі жақты құю-құйып алу құбыр желілері бар теміржол эстакадаларынын қоспағанда, улы заттар тасымалдайтын құбыр желілері өндірістік аумаққа келетін теміржолдармен қиылыспауы керек.
4-тарау. Өндірістік ғимараттар мен имараттар
28. Егер ғимараттың сыртқа шығар есігі екі немесе одан көп болса, онда ол есіктердің біреуін ауаға улы заттарды шығаратын көздері жоқ, ол жерде өндіріс орындарына қызмет көрсететін жабдықтар орналасқан және ол жерде қызметкерлердің тұрақты жұмыс орны жоқ және жұмыс орнының ең алыс нүктесінен шығар есікке дейінгі ара қашықтық 25 метрден аспаса, бөлмеден шығаруға болады.
29. А және Б дәрежелі бөлмелермен және олардың кірер бөлмесімен байланыспаған, ауаға улы заттарды шығаратын көздері жоқ ғимараттарға, бөлмелерге және сыртқы қондырғыларға бір ғана шығар есік (екіншісін орнатпай-ақ) қарастыруға болады.
30. Бөлмелер мен сыртқы қондырғылардың аумағында кабель жүргізетін тереңдетілген арықшалар мен тоннельдер (кейін көмілетіндерден басқасы) арқылы жүргізуге болмайды:
1) ауаға тығыздығы ауамен салыстырғанда 0,8 болатын улы заттарды шығару көздері бар;
2) жанатын және күкіртсутекті сұйықтықтардың төгілуі мүмкін көздері бар.
31. Тереңдетілген тоннелдер мен арықшаларда бу мен ыстық суды тасымалдайтын құбыр желілерін жанатын және улы заттарды тасымалдайтын құбыр желілерімен, сонымен қатар, күкіртсутекті сұйықтықтарды жинау және залалсыздандыруға арналған құбыр желілерімен бірге жүргізуге болмайды.
32. Ауаға зиянды заттардың бөлінуі және улы сұйықтықтардың төгілуі мүмкін ғимараттар мен сыртқы қондырғылардың алаңқайларында жертөлелер, тоннельдер және арықшалар қарастыруға болмайды.
33. Ауаға улы заттарды шығаратын көздері бар имараттар (бөлмелер) арқылы және сыртқы қондырғылар алаңқайлары арқылы адамдарды көшіру жолдарын қарастыруға болмайды.
34. Тереңдетілген және жертөлелік бөлмелерден сыртқа шығатын есік орналастыруға болмайды, егер олар мынадай бөлмелер мен сыртқы алаңқайлар астында орналасқан болса:
1) егер ауаға улы заттарды шығаратын көздері бар болса;
2) улы сұйықтықтардың төгілуі мүмкін болса.
35. Адамдарды көшіруге арналған шығар есіктерді тура сыртқа шығару мүмкін болмаса, есіктердің біреуін улы сұйықтықтардың төгілу көздері жоқ, Г және Д дәрежелі имараттар арқылы орналастыруға болады.
5-тарау. Технологиялық жабдықтар және технологиялық құбыр желілері
36. Жобалау кезінде технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін қауіпсіздіктің, беріктіктің, коррозияға беріктіктің және сенімділіктің техникалық шарттарына сәйкес қабылдайды.
37. ГӨӨ жеке болат құбыр желілері технологиялық құбыр желілерінің құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану Талаптарына сәйкес қабылданады.
38. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін негізінен қосылатын элементтері ең аз мөлшерде болатын, бүтін пісіріліп қосылған құрылғылардан тұрады.
39. Коррозиялы-агрессивті заттармен түйісетін технологиялық жабдықтар мен құбыр желілері, оларды жобада көрсетілген көрсеткіштер аясында қауіпсіз пайдалануды растайтын зауыт-дайындаушының техникалық құжатымен жабдықталады.
Шет елдік жабдықтар орнатылатын өндірістік нысандарды жобалау құрылыс нормаларына сәйкес жүргізіледі.
40. Коррозиялы-агрессивті заттармен түйісетін технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерінің қабырғаларының қалыңдығының есептелген мәндерін, жұмысшы кернеудің 0,4 нормативтік ағу шегінде, дайындау кезіндегі шектің теріс мәндерін ескере отырып қабылдайды.
41. Жабдықтар мен құбыр желілерінің пісіріп жалғанған қосылыстарын, олардағы қалдықты кернеуді ыдырату үшін, қолданыстағы техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес термиялық немесе басқа да өңдеу түрлерінен өткізеді.
42. Коррозиялы-агрессивті заттармен түйісетін технологиялық жабдықтар мен құбыр желілері, олардағы коррозияны және коорозиялық шытынауды бақылайтын аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
43. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін жобалаған кезде, коррозия ингибиторларын енгізуге арналған тұмшаланған жүйелерді және коррозияға қарсы шараларды іске асыруға арналған құылғыларды қарастырады.
44. Жобалау кездерінде жабдықтар мен құбыр желілерінің беттерінде коррозиялы-агрессивті орталар мен әртүрлі металдар мен қоспалардың өзара түйіскен тұйықталған және осал аумақтарының болмауын қамтамасыз ететін техникалық шешімдер қабылданады.
45. Улы сұйықтықтарды айдауға арналған сорғылардың конструктивтік орындалуы мен іске қосылу сызбалары, оларды профилактикалық-жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындау кездерінде, олардағы улы заттардың толығымен төгілуін, шайылуын және дегазация жасалуын қамтамасыз ете алатындай болуы керек.
46. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін жобалаған кезде, олардағы улы сұйықтықты толығымен төгіп алуға арналған тұмшаланған және тұйықталған (қажет болған жағдайда оларды залалсыздандыруға арналған ыдысы бар) шаю жүйесі және жабдықтардағы улы ортаны қысып шығару үшін оларға азот, бу немесе сұйықтық айдайтын құрылғы немесе жағып жіберу үшін факельдік жүйе қарастырылады.
47. Жобада, улы заттарды, жабдықтарға беру аралықтарында, негізінен тұмшаланған, жер астында орналастырылған, газ-динамикалық жағдайда пайдалану мүмкіндігі бар ыдыстарда сақтау мүмкіндігі қарастырылады.
Аталған сұйықтықтарды «азоттық» ауа шығатын құрылғысы бар, жер үсті резервуар-ыдыстарда сақтауға рұқсат етіледі. Бұл кезде резервуар-ыдыстар ең жоғарғы деңгейдің белгісін беретін, сонон соң сорғыны автоматты түрде тоқтататын, белгі бергіш аспаптармен және артық сұйықтықты шаю жүйесіне төгетін құрылғылармен жабдықталады.
48. Улы сұйықтықтарды «атмосфералық» ауа шығатын құрылғысы бар резервуар-ыдыстарда сақтауға рұқсат етілмейді.
6-тарау. Технологиялық процестерді автоматтандыру және бақылау
49. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін оператор бекетіне шығарылған және ара қашықтықтан әрі автоматты түрде басқарылатын автоматты басқару және бақылау аспаптарымен жабдықталған.
Қосымша жабдықтың жанына технологиялық процесті қолмен басқаруға және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге және бақылауға арналған бақылау аспаптарын орнатады.
50. ГӨӨ технологиялық процестерін автоматты түрде басқару және бақылау үшін жабдық деңгейі мына көрсеткіштерді қамтамасыз ету мүмкіндігін беруі керек:
1) шикізаттың, дайын өнімнің және энергетикалық ресурстардың сипаттамаларын;
2) негізгі технологиялық көрсеткіштердің мәндерінің шекті ауытқуларын автоматты реттеу, ара қашықтықта бақылау және белгі беруді реттеу;
3) апатты жағдайларда жабдықтарды автоматты және ара қашықтықтан өшіру;
4) жабдықтарды автоматты түрде қорғау, апатты жағдайда өнімді залалсыздандыру жүйесіне жіберу;
5) кернеудің аз уақытқа ауытқуы немесе мүлдем болмай қалуы кездерінде бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы (бұдан әрі-БӨАА) қалыпты жағдайда ұстау;
6) диспетчер бекетіне негізгі өшіру тетіктері мен сорғылық-компрессорлық жабдықтардың жағдайы туралы белгі беру;
7) мезгіл-мезгіл жұмыс істейтін жабдықтарды автоматты түрде қосып-өшіріп тұру;
8) диспетчер бекетіне жалпы апаттық белгі беру.
51. Технологиялық процестер мен өндірістік жабдықтарды автоматтандыру, басқару, бақылау және апаттық қорғау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін жобада мыналар қарастырылған:
1) технологиялық қондырғылардың ең кемі бір сағаттық жұмыс істеуіне жететін бақылау-өлшеу аспаптарына арналған ауа ресиверлері;
2) апаттық жағдайда жабдықтарды тоқтататын және олардағы өнімдерді төгіп алуды қамтамасыз ететін пневмоқондырғылардың тетіктеріне арналған БӨА жеке ауа ресиверлері;
3) апаттық белгі беру, басқару, бақылау, жарық беру аспаптарының ең кемі бір сағаттық жұмыс істеуіне жететін автономды ток көзінен (аккумуляторлық батареялардан) апаттық электр тогін алу.
52. Технологиялық жабдықтар құрамына кіретін белгі беру, бақылау және басқару құрылғыларының электрлік жүйесінің конструктивтік орындалуы, электр қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек.
53. Автоматтық реттеу және басқару жүйесінің пневматикалық аспаптарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, аталған аспаптардың зауыт-дайындаушы берген құжаттарының талаптарына сәйкес кептірілген және тазаланған ауа немесе тауарлы газ қолданылады. Бұл мақсатқа құрамында улы немесе коррозиялық белсенді заттары бар газдарды қолдануға болмайды.
54. Технологиялық ортадан үлгі алуға және реттегіш, бақылау-өлшегіш аспаптарды орнатуға арналған құрылғылар сол ортада пайдалануға лайықты конструктивтік материалдан жасалуы тиіс. Жобалық шешімдерде аталған құрылғыларды жабдықтарға, оларды беріктікке және толық тұмшалануына сынақ жүргізбес бұрын орнатқан жөн.
7-тарау. Газ сараптау жүйелері
1-параграф. ШМК аспаптарын орнатуға арналған талаптар
55. Зиянды заттардың ШМК анықтайтын аспаптарды, өндірістік айналымда I және II класты қауіпті және аса қауіпті зиян тигізетін заттары бар, қызметкерлер тұрақты жұмыс істейтін, өндірістік орындарында, блоктық-кешендік қондырғылар орнатылған бөлмелерде (айналасы ашық жабындарда) орнатады.
56. Зиянды заттардың ШМК анықтайтын аспаптарды, өндірістік айналымда I және II дәрежелі қауіпті және аса қауіпті зиян тигізетін заттары бар технологиялық қондырғылардың ашық алаңқайларының және ашық блоктық-кешендік қондырғылардың (БКҚ) жұмыс аумақтарында орнатады.
57. Өндірістік орындарда ШМК аспаптарын қызметкерлер көп шоғырланған орындарда, 200 м2 шаршы алаңға бір аспаптан кем, бірақ бір жұмыс бөлмесіне бір аспаптан кем орнатпау керек.
58. ШМК аспаптарын сырттан ауа бергіш құрылғылардан ең кемі 3 м және зиянды заттар шығатын көздерден ең кемі 1 м қашықтықта орнатылады.
59. ШМК аспаптарын ГӨӨ ашық алаңдарында, зиянды заттары бар технологиялық жабдықтардың алаңқайларын айналдыра, жабдықтардан 3 м қашықтықта, бір-бірінен 20 м қашықтықта және жерден (еденнен) 0,5 м биіктікте орнатады.
60. ШМК аспаптарын технологиялық жабдықтардың алаңқайларының аумақтық түйіскен жерлерінен бір сызық бойына орналастыруға болады.
2-параграф. ЖДК аспаптарын орнатуға арналған талаптар
61. Жанатын газдар мен булардың жарылысқа дейінгі қауіпті концентрациясын анықтайтын аспаптарды (бұдан әрі-ЖДК), БКУ бөлмелері мен В-1 және В-1а дәрежелі жабындарда орнатады.
62. Технологиялық жабдықтар орнатылған, сырттан жарылыс қауіпті газдар мен булар енуі мүмкін, тереңдетілген бөлмелерге және ойпаңдарға, тез тұтанатын сұйықтықтар (ТТС) мен жанғыш газдар сақталатын тереңдетілген қоймалардың әрбір 100 м2 шаршы бөлігіне, бірақ бір бөлмеге бір аспап орнатылады.
63. Компрессорлық бекеттердің бөлмелеріне ЖДК аспаптары, жарылыс қауіпті газдар мен булар бөлінуі мүмкін, әрбір айдағыш агрегаттардың жанына, арасы 3 м (горизонталь бойымен) аспайтындай етіп орнатылады.
Агрегаттардың тобымен орналасуы кезінде ЖДК аспаптары, алаңның әрбір 100 м2 шаршы бөлігіне біреуі орнатылады.
64. Жарылыс қауіпті газдар мен булар бөлінуі мүмкін технологиялық жабдықтар аралары жабық емес және тор тәрізді бөлінген, көп қабатты өндіріс ғимаратында орналасқан кезде, әрбір қабатты өз алдына бөлек жұмыс орны ретінде қарау керек.
65. ЖДК аспаптары жұмыс орындарында, газдар мен булардың тығыздығына (ауаның температурасына байланысты түзетулерді қоса есептегенде) байланысты мына жерлерге:
1) көздердің үстіңгі жағына (ауамен салыстырғанда тығыздығы 0,8-ден кем жеңіл газдар бөлінген кезде);
2) көздің биіктігімен тең биіктікте немесе одан төмен (ауамен салыстырғанда тығыздығы 0,8-ден 1,5-ке дейін болатын газдар бөлінген кезде);
3) еденнен ең көбі 0,5 м (ауамен салыстырғанда тығыздығы 1,5-тен жоғары газдар бөлінген кезде) орнатылады.
66. ЖДК аспаптарын В-1г дәрежелі жарылыс қауіпті аумақтың мынадай қондырғыларының жанына:
1) жанғыш газдар немесе тез тұтанатын сұйықтықтары (бұдан әрі-ТТС) бар технологиялық жабдықтардың;
2) сұйытылғын көмірсутекті газдарды (бұдан әрі-СКГ) сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың;
3) ТТС және СКГ құю және құйып алу эстакадаларында;
4) СКГ газ толтыру бекеттерінде;
5) ТТС, СКГ және жанғыш газдардың ашық алаңқайларда орнатылған сорғылық-компрессорлық қондырғыларында орнатады.
67. В-1 және В-1а дәрежелі жарылыс қауіпті аумақтары бар бөлмелердің және кез келген класты жарылыс қауіпті аумағы бар жұмыс орындарынан ауа соратын, желдеткіш-сорғы жүйелері бар бөлмелердің жанында орналасқан В-1 класты аумағы бар жұмыс орындарына ЖДК аспаптарын орнатпауға рұқсат етіледі.
68. СКГ резервуарлық паркіндегі сорғылық және компрессорлық қондырғылардың ашық алаңқайларында В-1 дәрежелі аумақты айналдыра ЖДК аспаптарын араларын 20 м қашықтықтан аспайтындай етіп, ең кемі үш аспап орнатады, бұл әдіс технологиялық аппараттардың, жабдықтардың және резервуар-ыдыстардың жеке орналасуы кезінде де жарамды.
69. СКГ құю-құйып алу эстакадаларында, эстакада бойымен, ара қашықтықтары 20 м екі тұғырға бір ЖДК аспаптарын орнатуға болады. Екі жақты құю тұғыры, еденінде тесігі бар эстакадаларда-төрт тұғырға бір аспап орнатылады.
70. СКГ газ толтыру бекеттерінде әрбір газ толтыру тұғырларында қызмет көрсететін жұмыскерлер жағына, газ толтыру тұғырынан 5 м көп емес ара қашықтықта бір-бір ЖДК аспабын орнатады.
71. ГӨӨ технологиялық пештерінің ашық алаңқайларында ЖДК аспабы, жақын жерде орналасқан жарылыс-өрт қауіпті қондырғылардың газ бөлу мүмкіндігіне қарап орнатылады. Аспаптардың пештен ара қашықтығы 20 м аспауы және бір-бірінен ара қашықтықтары 20 м аспауы керек.
72. ЖДК аспаптарын ашық алаңқайларда жердің (еденнің) бетінен 0,5-1,0 м биіктікте орналастырады.
3-параграф. Белгі беру құрылғыларына қойылатын талаптар
73. ШМК газ белгісін беру аспабының жарық пен дыбыс белгілерін беруі, зиянды заттардың концентрациясының ШМК жеткен кезінде қамтамасыз етіледі.
74. ЖДК газ белгісін беру аспабының жарық пен дыбыс белгілерін беруі, жанғыш заттардың концентрациясының 20 % және тұтану шегінің ең кіші концентрациясының 50 % (жабдықтарды автоматты түрде өшірумен қатар) кезінде қамтамасыз етіледі.
75. Барлық жұмыс орындары тұрақты жұмыс істейтін ішке сору-сыртқа айдау желдеткішімен қамтамасыз етіледі. Жұмыс орнының ауасы туралы мәліметтер басқару бекетіне беріледі.
76. ШМК аспабы орнатылмаған өндіріс орындарында апаттық желдеткішті іске қосу ЖДК газ белгісін беру аспабының ескерту белгілерін беруі кезінде жүргізіледі.
77. Қызмет көрсететін жұмыскерлер тұрақты болатын жұмыс орындарында ескерту және апаттық белгі берулер аспап тұрған жерде және бөлме ішінде шығар есікте беріледі. Барлық бөлмелерде жалпы дыбыс белгілері беруге рұқсат етіледі. Жұмыскерлер мезгілімен ғана келетін бөлмелерде-бөлменің сыртында, бөлмеге кірер жерде беріледі.
78. Ашық алаңқайларда және басқару бөлмелерінде, әрбір аспаптан немесе аспаптар тобынан келетін ескерту және жарықпен, дыбыспен белгі беру қондырғылары орнатылады.
79. ГӨӨ технологиялық пештерінің ашық алаңқайларында ЖДК белгі бергіштерімен, жанғыш заттардың төменгі концентрациялы жарылу шегінің (бұдан әрі-ТКЖШ) 50 % концентрациясын құраған кезде отындық газды беруді тоқтату, бу пердесінің іске қосылуын және пешке бу берілуін қамтамасыз ететін қосымша басқару белгісін беруі қарастырылған. Басқа нысандардың автоматтық қорғаныс көлемі жобалау ұйымымен анықталады.
80. Газ анықтағыштардың және белгі бергіш аппараттардың ашық қондырғылардың жарылыс қауіпті аумақтарында орнатылған белгі бергіштері, жарылыс қауіпті қоспалардың тобы мен дәрежелеріне сай келетін жарылыстан қорғалған түрде жасалған болуы керек.
81. Қалыпты жағдайда пайдаланылатын, сипаттамалары мен құру шарттары, ауаның температурасының мүмкін болатын аралықтарында олардың жұмыс жасауын қамтамасыз ететін белгі беру аппаратураларын пайдалану қарастырылған.
82. ЖДК газ белгі бергіштерінің негізгі ауытқуы ТКЖШ ± 5 % құрайды.
8-тарау. Жарылыс қауіпсіздіктің жалпы талаптары
83. Технологиялық процестерді таңдаған кезде және оның мөлшерін жобада негіздеген кезде, жарылыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес ГӨӨ өндірістік жабдықтарының және имараттарының жарылыс қауіптілігінің ең төменгі деңгейі қамтамасыз етіледі.
84. Жобалар мен технологиялық регламенттерде өндірістік процестердің технологиялық көрсеткіштерінің регламенттік мәндерінде жарылыс болуын болдырмауды қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған; көрсеткіштердің регламенттік шектерден шығып кетуін болдырмауға арналған, жарылыс-өрт қауіпті химиялық, мұнайхимиялық және мұнай өңдеу өндірістеріндегі жарылыс қауіпсіздігінің жалпы талаптарына сәйкес автоматтық реттеу және апатқа қарсы қорғану шаралары мен тәсілдері анықталған.
85. Жарылыс қауіпті технологиялық процестердің апатқа қарсы қорғаныс жүйесі мыналарды қамтамасыз ете отырып орындалады:
1) технологиялық жабдықтарда, олардың барлық мүмкіндікте жұмыс істеуі кезінде жарылыс қауіпті ортаның пайда болуының алдын алу;
2) апаттық жағдайларда өндірісті қауіпсіз тоқтату.
86. Әрбір жарылыс қауіпті өндіріс, бөлім және қондырғы үшін жобада:
1) барлық мүмкін болатын апаттық жағдайда пайда болатын жарылыс қауіпті қоспалардың дәрежесі мен тобы, жарылыс қауіпті аумағы мен олардың дәрежесі;
2) жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттардың дәрежесі анықталады.
87. Жарылыс қауіпті аумақта қолданылатын жабдықтар, БӨАжА құралдары, жарық беру, белгі беру және байланыс құралдары жарылыс қауіпті аумақтың дәрежесіне сәйкес жарылыстан қорғалған болып жасалған және жарылыс қауіпті қоспалардың тобы мен дәрежесіне сәйкес жарылыстан қорғалған болуы керек.
88. Жанғыш булар мен газдарды ысырып шығаруға арналған әрекетсіз газдарды пайдалану туралы шешіммен қатар, оттегінің құрамын анықтау құралдары анықталып және оның технологиялық ортада қауіпті мөлшерінің жиналуын болдырмау тәсілдері рәсімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |