Жолдас Фариза Ұлттық болмысы, жеке сенімі мен діни ұстанымдарына байланысты «Демократиялық даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам» атты тақырыпта қысқа метражды кино мәтін Логлайн



Дата08.04.2024
өлшемі23.9 Kb.
#497862
киномәтін


Жолдас Фариза
Ұлттық болмысы, жеке сенімі мен діни ұстанымдарына байланысты «Демократиялық даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам» - атты тақырыпта қысқа метражды кино мәтін
Логлайн
«Бос адам» / «Арқан» / «9:5» (тақырып таңдалмады) - үрей тудыратын ғана емес, терең мазмұны бар философиялық ойларға толы фильм. Алғашында бұл психопатиялық сектанттық туралы фильм деген ой туады. Бірақ негізгі мақсат- жағымсыз, зиянды қарым-қатынасты уақытында тоқтатудың қаншалықты маңызды екендігін көрсету .
Синопсис 
Бұл сюжеттің ортасында жетім қыз Сени тұрады. Жақында оның отбасында қайғылы оқиға орын алып, ол есін жинай алмай қиналады. Тіпті сүйген жігіті Кристен зәбір көріп, алшақ жүреді. Кристиан өте жағымсыз кейіпкер ретінде көрсетіледі: ол Сенидің қайғысын түсінбейді, оған өтірік айтады, туған күнін ұмытады және ақырында оған зәбір көрсетеді.
Бір күні Сенидың құрбысы Лора оны мектептегі дос-жігіттермен бірге Швецияның солтүстігіне ойын-сауық және туристік саяхатқа барып демалып қайтуға шақырады. Сол саяхатта өздерін «Хорга» деп атайтын жабық қауымдық сектаға қалай түскенін байқамай қалады. Бір қарағанда, бұл қауымда бәрі жақсы: ақ киімді адамдар руналарды оқуға қызығады, айналаның бәрі жасыл және таза.
Қыздар мен жігіттер артық сұрақтар қоймай, тек уақытты қызықты өткізуді ойлайды. Ауылға қоныстанады және шектеусіз тамақ пен сусыннан ләззат алады.
Содан кейін Лора оларды жазғы күн тоқырауына арналған қызықты шоуға қатысуға шақырады. «Хорга» мүшелерімен бірге олар үлкен жартасқа барып, ауылдың екі ақсақалының «Волхолла!» деп айқайлап жатқанын көреді. Олар жартастан секіргелі жатыр екен. Бірінші секірген әйел бірден өледі. Ер адам жараланып, оны ауылдың бірнеше мүшесі сабап өлтіреді. Сени мен басқа жігіттер мұнда болып жатқан оқиғадан қорқады, бірақ ауыл ақсақалы таңқалған жастарға бұл рәсімнің қажет екенін түсіндіреді: ауыл тұрғындары «өмір шеңберіне» сенеді. Олар қарттардың жастарға «жанын беруі» керек деген ойда.
Сени бұл көріністен қорқады. Оның үстіне, «Хорга» мүшелерінің өзіне қол жұмсауы оның онсыз да шайқалған психикасына ауыр соққы болды. Бірақ Криске қатты ұнағаны сонша, ол біртүрлі ауылдың өмірі туралы зерттеу жазуды ұйғарды. Ал жігіттердің бірі — Сем бұл секта туралы влог түсіріп бастап кеткен еді.
Ақсақалдар қонақтарға ақпарат жинауға рұқсат береді, бірақ аты-жөні мен сектаға қатысты ақпаратты айтпау шартымен. Хорга ақсақалының тыйымына қарамастан, Крис руналар жайлы кітаптарды алу үшін қараңғылықты пайдаланып ғибадатханаға жасырын кіреді. Осы бұзақылығы үшін «Хорга» тұрғындары алғашқы құрбан ретінде Кристі таңдайды.
Сюжет өрбіген сайын құрбандар саны артты, бірақ психикалық ауытқуға ұрынған Сени «Хорга» ханшайымы болады. Сусындарға мас болған қалған қыз-жігіттер бұған назар аудармайды.
Күн тоқырауының мерекесі 7 күнге жалғасты. Оның бір күнінде тоғыз құрбандық шалуға тура келді. Сегіз құрбан бөтен адамдар және бір «Хорга» тұрғыны болуы керек және тоғызыншы құрбанды ханшайым таңдауы керек екен. Ол Крис пен кездейсоқ жергілікті тұрғынды таңдауға мәжбүр болды. Өткен реніштерін есіне алып, Сени өз таңдауын жасады.
Фильмінің мәні әртүрлі мәдени бағыт қана емес, сенім мен сенімсіздіктің қақтығыстарында жатыр. Мәселе мынада: кәпір әрқашан жалғыз болады, бірақ сенуші басқа өкілдермен біріге алады. «Сенімі жоқ адам селге аққан салынды».
«Әркімнің діні – оның түсінігі. Ақылы жоқтың діні де жоқ, әркімнің етегінде қалады», – деген.
1.Экспозиция: Сени есімді қыз мектеп оқушысы. Жас болса да өмірдің тауқыметін тартады. Әпкесі мен ата-анасы көміртегі тотығымен уланып қаза болады. Сени жағдайға көндіге алмай психикалық ауытқуға шалдығады.
2.Байланыс: Сенидің оқу үлгерімі төмендеп, сабақтардан қалады. Қиналған кезінде жігітінен қолдау күтеді. Бірақ Крис ішімдікке тойып алып Сенидің үйінде қол көтереді. Сол кезде Сенидің көз алдына Кристің жасаған опасыздықтары келеді. Қынжылады.
3. Даму: Құрбысы Лораны Сенидің хәлі қатты уайымдатады. Осы жағдайдан алып шығу үшін құрбысын туристтік саяхатқа шақырады. Достарымен бірге Швецияның солтүстігіне ойын-сауық құрып сергіп келуге көндіреді.
4. Шиеленіс: Жастар Швецияға келіп шеткі ауылға қоныстанады және көңіл ашар шоу, ойын бағдарламалары, шектеусіз тамақ пен сусын рұқсат етілетінін естіп уақыттан ләззат алайық деп ұялы телефондарын қолданбауға шешім қабылдайды. Содан кейін Лора оларды жазғы күн тоқырауына арналған қызықты шоуға қатысуға шақырады. «Хорга» мүшелерімен бірге олар үлкен жартасқа барып, ауылдың ақсақалының «Волхолла!» деп айқайлап жатқанын көреді.


5.Шарықтау шегі: «Хорга» мүшелері жартастан секіреді. Бірінші секірген әйел бірден өледі. Ер адам жараланып, оны ауылдың бірнеше мүшесі сабап өлтіреді. Сени мен басқа жігіттер мұнда болып жатқан оқиғадан қорқады, бірақ ауыл ақсақалы таңқалған жастарға бұл рәсімнің қажет екенін түсіндіреді: ауыл тұрғындары «өмір шеңберіне» сенеді. Олар қарттардың жастарға «жанын беруі» керек деген ойда. Сени бұл көріністен қорқады. Оның үстіне, «Хорга» мүшелерінің өзіне қол жұмсауы оның онсыз да шайқалған психикасына ауыр соққы болды. Сени үйіндегі хәліне қайтадан түседі. «Хорга» мүшелеріне қосылып миға сенгісіз әрекеттерге барады. Жігіті Кристі өлімге қияды.
6.Шешімі: Крис жардан құлап, құрбандық етеді. Сени Лораның ықпалымен «Хорга» сектасының ханшайымы болады. Бірге келген достары да өлім жазасына кесіледі. Сениді жарты жылдан соң мектеп ұстаздары тауып, алып кетеді. Психикалық ауытқуы бар адамдарға арналған орталықта емделіп шығады. Біраз жылдардан соң көзімен көрген оқиғасын Крис пен Семнің жинаған ақпараттары негізінде мақала етіп жазады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет