Газет тарихы


Көбен АСҚАРҰЛЫ, Қытайдың Алтайынан



бет5/10
Дата28.01.2024
өлшемі241.13 Kb.
#490048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тәрбие сағаты Көк тудың желбірегені

Көбен АСҚАРҰЛЫ, Қытайдың Алтайынан, Екінші орын
ЖЕЛТОҚСАН ЖЫРЫ 
Мың – мың жылдан кейіндағы ақынды
Тебірентетін.
Ұлт дауысын ақырғы.
Жас ұрпақтар ту ғып ұстап ұрандап,
Ән ғып шырқап,  зұлымдыққа атылды.
Желтоқсанның алаңында жекпе – жек.
Жауыздықпен белдескенде бетпе – бет.
Бүкіл әлем батыр қазақ ұл – қызын,
Күрескерлік символы етіп кеткен ед.
Ұрандаған ұрпақтардың ізгі үні,
Ойландырды Мәскеудегі ізгіні.
Он алты ұлт ел боп енді тұра алмас,
Өздерінде болмайынша тізгіні.
Қанды бодау беріп жеткен жеңіске,
Батыр ұрпақ рухы тұр ең үсте.
Егеменді ел етті де қазағын.
Өздері елдің жүрегінде – бейіште.


Алмас ТЕМІРБАЙ, Үшінші орын


ЖЕЛТОҚСАНДА АЙ ТУАДЫ СОЛЫНАН…
(Қайрат Рысқұлбековтың атынан)
Болған!
Бәрі де болған ­–
Колбиннің кезінде…
Темірхан Медетбек.
Шындық бар ғой,
ол аз десең, Құдай бар,
Арсыз соттың арқасында жын ойнар!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар…
Айға қарап
Ар жылайды, жыласын,
Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың!
Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім,
Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!
Темір тордың алдында,
Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына!
«Отыз жеті» ойран қылған қазақты,
«Сексен алты» сергелдеңге салды ма?!
Желтоқсан деген бұл айда,
Желкілдеген туым жерге құлай ма?!
Шындық бар ма?!
Шыныңды айтшы, ей, Дүние,
Ол жоқ болса, жоқ қой онда Құдай да!
Ләззаттардың шашын жұлдың, Желтоқсан,
Ерболдардың басын жұлдың, Желтоқсан!
Құтырынған иттей көзі қанталап,
Құл-құтанды басындырдың, Желтоқсан!
Елім үшін…
Еркек тоқты ─ құрбандық,
Құрбан болар құным жоқ па бір малдық?!
Өмір деген ─ өрмекшінің торына
Шыбын жанды шырқыратып, шырмалдық.
Батырлардың басы кетсе шабылып,
Ақындардың жүректері жарылып!
Елім менің, енді қайтіп күн көрер,
Кремльге бағынып,
Күн-көсемге табынып?!
«Жаумен бірге құрысын ─ деп, ─ жауыздық!»,
Қар бетіне көздің жасын тамыздық.
Мұздай суық ─ дүниенің үстіне,
Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық…
Темір есік тесігінен телмірем,
Тергеушіні немене деп сендірем?!
Бұ дүниеден таба алмаған Шындықты,
О дүниеден іздейін бе енді мен?!
Тергей берсін, тергей берсін, тергесін,
Керегі жоқ… кешірім де бермесін!
Ошағымның күлі көкке ұшса да,
Отанымның оты мәңгі сөнбесін!!!
Желтоқсанның жүз құбылып реңі,
Жетім халық кімнен көмек тіледі?!
Қара жер де қөтере алмас мазақты,
Қара нар да көтере алмас азапты,
Көтерер тек  ер жігіттің жүрегі!!!
Жылап тұрып,
Жақсылыққа жорығам:
«Алты Алашым адаспағай жолынан!».
…Жылдың соңы…
Кімнің соры? 
Сақтай гөр!
Желтоқсанда Ай туады солынан…




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет