Генерал-Губернатор



бет1/9
Дата15.11.2022
өлшемі6.45 Mb.
#464914
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
тарих мышь


Генерал-Губернатор — 1) патшалық Ресейдегі жергілікті жоғары әкімшілік лауазым. 2) Ұлыбритания, Франция, т.б. елдерде губернаторға қарағанда жоғары қызмет. 3) Ағылшын доминондарындағы жоғары билікті иемденуші.
1719 ж. енгізілген. Бастапқы кезде құрметті атақ ретінде қолданылды
1775 жылғы губ. реформаға сәйкес жергілікті әкімш. жұмыс Генерал-Губернатор-ға тапсырылды. Ол бірнеше губ-дан тұратын генерал-губернаторлықты басқарды.
1782 жылғы патша жарлығы бойынша Генерал-Губернатор жергілікті әкімш. жұмысқа және полицияға басшылық етті, сот үкімін бұзуға, оны жүзеге асырмай тастауға еркі болды, соғыс окр-ның қолбасшысы қызметін қоса атқарды.
1796 ж. Генерал-Губернатор қызметі уақытша доғарылды.
19 ғ-дың 2-жартысында империяның бірқатар аймақтарында Генерал-Губернатор қызметі қайта қалпына келтіріліп, Мәскеу, Варшава,Киев, Түркістан, Дала, Иркутск, Финляндия, Амур өңірі генерал-губернаторлықтары құрылды. Патша өкіметінің отаршылық саясатын жүзеге асыруда шет аймақтардағы Генерал-Губернатор-лар маңызды рөл атқарды.
1917 жылғы Ақпан рев-сы нәтижесінде патша өкіметі құлағаннан кейін Генерал-Губернатор қызметін Уақытша үкімет тағайындаған комиссарлар, кей жерлерде бірнеше адамнан тұратын к-т (мыс., Түркістан к-ті) атқарды.

Геноцид - (грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру) - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.
(бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру)
Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі:
-осындай топ мүшелерін өлтіру;
-оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы;
-оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу;
-осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар;
Халықаралық құқық геноцидке ұшыратқан мемлекетті саяси жауапкершілікке, ал оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады.
Мемлекеттік мәселелерді шешуде геноцидті қолдану көп жағдайларда аумақтық басқыншылық және езілген халықтарды басқа елдің шекарасында күшпен ұстаумен байланысты. Геноцидтілік езіліп-жаншылған христиан халықтарын - гректерді, болгарларды, сербтерді, румындарды, армяндарды және т.б. жүйелі түрде қырғынға ұшыратып отырған Оттоман империясына тән болды.
1876-1923 жылдардағы армяндарды геноцидке ұшырату салдарынан 1,5 млн. армян қырылған. Бүл езілген халықтардың аумағын тартып алу мақсатында жүргізілген геноцидтің классикалық мысалы болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси долбарлармен антисемиттік нәсілдік пиғылға оранған фашистік Германияның өзінің және басып алынған жерлердің аумағынан еврейлерді жаппай қырғынға ұшыратуы геноцидтің айқын мысалы бола алады.
ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.
ГУЛАГ-тың алғашқы ошақтары КСРО территориясында 1930 жылы тікелей Сталиннің бұйрығымен пайда боып, көп ұзамай бұл лагерьлер алып азап империясын айналды. «Халық жаулары», тегін жұмыс күші ретінде, сол кездегі «үлкен» өндіріс пен халық шаруашылығының әртүрлі саласын «өркендетуге» жегілді. Зұлматты жерде болған адамдардың көбі "халық жаулары" деп аталғандардың әйелдері, бала-шағасы болған.
Жарлық — мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі.
Құқықтық жағынан Жарлық: нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді.
Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді.
Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға, марапаттауға, т.б. байланысты).
Қазақстан Республикасының Конституциясында (45-бап, 1-тармақ): “Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады” деп көрсетілген. Жарлық жарияланған күннен не Жарлықта арнайы көрсетілген мерзімнен бастап мемлекеттің барлық аумағында күшіне енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет