Газета «Жетісу» №68 16 маусым 2009 жыл Акция «Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ»



Дата24.02.2016
өлшемі33 Kb.
#16752
Газета «Жетісу» № 68 16 маусым 2009 жыл
Акция «Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ»

2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысымен 12 маусым балалар еңбегімен күрес күні ретінде белгіленген болатын. Ондағы мақсат – кәмелетке толмаған жасөспірімдер еңбегінің заңсыз пайдаланылуына жол бермеу. Соңғы жылдары біздің елімізде де балаларды еңбек күші ретінде пайдалану деректері тіркеліп, Өңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары аталған « дерттің» ошағы болып отыр.

Балалардың заңсыз жұмысқа жегілуіне тосқауыл қою мақсатында Халықаралық балалар еңбегімен күрес күніне орай ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 1-12 маусым аралығында « Бала еңбегі қаналмасын; қыздарға мүмкіндік беріндер» атты республикалық акция еліміздің әр жерінде өтті. Біздің облысымызда да сондай іс-шаралар Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен қолға алынды.

Талдықорған қаласындағы №1 кәсіптік лицейінде өткен акцияға жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысты.

Негізгі акцияның № 1 кәсіптік лицейде өтуінің өзіндік себебі бар. 2008 жылдың қараша айында пилоттық жоба негізінде бала еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және сақтандыру жөніндегі орталық дәл осы лицей қабырғасында құрылған болатын. Бұл пилоттық жоба Талдықорған қаласының «Қарлығаш»әйелдерді оқыту және кеңес беру орталығы қоғамдық бірлестігі арқылы жүзеге асырылуда. Аталмыш жобаның үйлестірушісі Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті болып табылады.

Осыған орай акцияны ашқан «Қарлығаш» әйелдерді оқыту және кеңес беру орталығының президенті Алла Денисова биылғы балалар еңбегімен күрес күнінің қыздарға арналу себебіне тоқталып өтті.

- Ұлдарға қарағанда қыздар зорлық-зомбылыққа көбірек түсіп, еңбегі қаналып жатады. Мұндай жағдайға әлі де оң-солын тани білмейтін мектеп қабырғасындағы жасөспірім қыздар ұрынады. Қыздарды алдап, құрықтарына түсіріп, шет ел асырып, жезөкшелік кәсіппен айналысуға мәжбүрленген жағдайларды өмірде аз кездестіріп жатқан жоқпыз. Заңсыз еңбегі қаналып, осындай айуандық әрекеттердің құрсауына түспес үшін балалар өз құқықтарын біліп жүруі керек. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған акцияның да мақсаты осы. Демек, біз балалар еңбегінің қаналуына жол бермеуіміз, « жоқ »деуіміз керек,- деді. Бұдан соң кәсіптік лицей оқушылары балалардың еңбек құқығын насихаттауға қатысты шағын көрініс қойды.Онда Халықаралық еңбек ұйымы, балалар қуқығын қорғау комитеті, ЮНИСЕФ өкілі ретінде оқушылар сұрақтарына жауап берген лицей шәкірттері қатысушыларды бірқатар заңдық талаптармен таныстырып өтті.

Акция барысында сөз алған Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Асқар Үйсінбеков бүгінгі таңда өзекті болып отырған балалар еңбегіне қатысты проблеманы ортаға салды. Заңсыз еңбегі қаналып, осындай айуандық әрекеттердің құрсауына түспес үшін балалар өз құқықтарын біліп жүруі керек. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған акцияның да мақсаты осы. Демек, біз балалар еңбегінің қаналуына жол бермеуіміз, «жоқ» деуіміз керек, - деді. Бұдан соң кәсіптік лицей оқушылары балалардың еңбек құқығын насихаттауға қатысты шағын көрініс қойды. Онда Халықаралық еңбек ұйымы, балалар құқығын қорғау комитеті, ЮНИСЕФ өкілі ретінде оқушылар сұрақтарына жауап берген лицей шәкірттері қатысушыларды бірқатар заңдық талаптармен таныстырып өтті.

Акция барысында сөз алған Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Асқар Үйсінбеков бүгінгі таңда өзекті болып отырған балалар еңбегіне қатысты проблеманы ортаға салды.



  • Көп адамдар балалар еңбегі мен еңбек тәрбиесін шатастырады. Еңбек тәрбиесі дегеніміз – үйде ата-анаға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға араласу. Мұндай балаларға зиянсыз еңбектен келіп кетер еш қауіп жоқ. Керісінше, бұл баланы тәрбиелеудегі, болашақ өмірге бейімдеудегі негізгі құрал. Ал оған қарсы балалар еңбегін заңсыз пайдалану, мәжбүрлеп жұмыс істету деген ұғым бар. Бұл бала құқығымен санаспастан үлкендердің әлімжеттілік жасап, күні-түні ауыр жұмысқа салуы немесе еңбегіне қарай ақы төлемеуі. Балаларға қатысты еңбек заңына сүйенсек, 18 жасқа толмағандарға ауыр жұмыс істетуге тыйым салынған. әрі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күніне 2 жарым сағаттан 4 сағатқа дейін ғана еңбек ету рұқсат етілген. 14-16 жас аралығындағылар аптасына 24 сағат; 16-18 жас аралығындағылар аптасына 36 сағат қана еңбекке тартылуы керек. Біздің елде 14 жастан асқан баланың сабақтан тыс уақытта еңбекке араласуы рұқсат етілгенмен, олардың психикасы мен физиологиясына кері әсер ететін жұмыс істеуіне болмайды. Ал бұған керісінше, қабырғасы қатаймаған жасөскінді аямастан 12 сағаттан асыра жұмыс істету деректері тіркелуде. Бұл дегеніңіз, көп елде бала еңбегінің уақыт мөлшері сақтала бермейтіндігін көрсетеді. Балалардың еңбегін заңсыз пайдалануда ата-аналар да шет қалмайды. Олар өздеріне тиесілі ауыр жұмыстарды балаларына да атқартады. Мұндайлардың қатарын елімізге күнкөріс қамымен Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды көрші мемлекеттен келгендер құрайды. Соңғы жылдары сондай 580 отбасы келген, - деді.

Халықаралық статистикалық мәліметке сүйенсек, 5-тен 14 жас аралығындағы 132 миллион кәмелетке жасы толмаған жеткіншек үлкендермен тең дәрежеде жұмыс істейді. Жасөспірімдердің еңбегін көбінесе біліктілікті қажет етпейтін үлкен мегаполистер мен ауыл шаруашылығында пайдаланады. Әрине, бұдан Қазақстан да шет қалмайды.

Көптеген мемлекеттерде бала еңбегін шектейтін заңнамалар бар, ондағы көптеген заңдар Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) нормативті актілері негізінде қабылданған. Осыған қарамастан бала еңбегінің қаналуы немесе мөлшерден тыс жұмыс істеуі орын алуда. Әсіресе дамушы мемлекеттердегі жағдай қуантарлық емес. Бала еңбегінің проблемасы кедейшілікпен тікелей байланысты. Көптеген ата-аналары оларды асырап бағуға мүмкіндігі жетпейтіндіктен еңбек етуге мәжбүр. Біздің елде балалар еңбегін пайдалану Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда мақта теру, Алматы облысында темекі жапырақтарын жинау деректері бойынша орын алуда.

Бұл жөнінде мәлімет берген Алматы облыстық ІІБ-ның жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі бөлімнің аға инспекторы Көшім Қызайбаев бір апталық тексерудің өзінде балалардың еңбек нормасы құқығын бұзған 38 жағдай анықталғандығын айтып өтті. Бұл аталған мәселенің біздің мемлекетте де өршіп тұрғандығын байқатады.

Акция аясында дәрігер-гинеколог Ольга Шишканова да қыздар бетпе-бет келетін түрлі мәселелерді айта отырып, оларды сақтық шарасына шақырды. Жастарды құқықтық сауаттылық пен салауатты өмірге насихаттайтын мұндай акция облыстық кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында жалғасын тапты.



Алма Есенбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет