«География»


Тақырып  Геоэкологиялық аудандастыру  Оқу мақсаты



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата11.02.2024
өлшемі1.1 Mb.
#491618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
1 ОШ ФО География ЕМН 10 класс каз

Тақырып 
Геоэкологиялық аудандастыру 
Оқу мақсаты 
10.3.2.4 Дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу 
деңгейі бойынша аудандастыру 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу 
деңгейі бойынша аудандарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану 
 
Тапсырма 
 
Мәтінді оқыңыз. 
Аймақтық экологиялық проблемалар.Ормандардың азаюы. 
Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда 
үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» 
деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 
бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл 
сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) тропикалық ормандар 
жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 
1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия
Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен 
жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық 
ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың 
ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл 
газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар. 
а.Ормандардың азаюы байқалатын геоэкологиялық аймақтарды кескін картаға
белгілеңіз. 


11 
b.Аймақтарды экологиялық аудандастыру үшін төмендегі санаттардың қайсысына
жатқызар едіңіз, себебін түсіндіріңіз: 

қанағаттанарлық; 

алаңдаушылық; 

дағдарысты; 

сын көтермейтін (нашар) 
Ормандардың жойылуының басты екі себебін көрсетіңіз. 
1)
2)
Дескриптор 
Білім алушы 
- ормандардың азаюы байқалатын геоэкологиялық аймақтарды кескін 
картада көрсетеді; 
- аумақтың ластану және табиғи ортасының бұзылу денгейі бойынша 
топтастырады; 
- ормандардың жойылуының басты екі себебін көрсетеді. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет