Географиялық ақпараттық жүйе



Дата14.09.2024
өлшемі15.63 Kb.
#503642
Таратпа материал 1

    Бұл бет үшін навигация:
  • Нүкте

Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.
Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.
Географиялық ақпарат (география), айналымдағы ақпараттың 70%-нда үстемдік жасайды. Маpinfo аналитиктерінің зерттеулері бойынша, дерек көздерінде сақталатын барлық ақпараттың 80%-ының географиялық компоненттері бар екен.
Дерек көздерінің негізгі элементтері.
Нүктекеңістікте орны бар, алайда ұзындығы жоқ объектілер
Сызықұзындығы бар объектілер
Полигон – Ұзындығы мен ені бар объектілер
Көлемді бейне - ұзындығы мен ені, биіктігі мен тереңдігі бар объектілер


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет