Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
Экономикалық өрлеу және оның себептері............................................23-25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы.........................................................26-35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының дамуы.................................................................................................................36-48
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................49-50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................51-52
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады. Осының салдарынан қос Германия мемлекеті бірынғай мемлекетке айналды. 1 шілде 1990 жылы айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынып жалпы германдық марка енгізілді. Біріккен Берлин, шығыс германдық жерлер 3 қазақ 1990 жылы ФРГ құрамына кірді. Содан бері Германия мемлекеттік құрылымы жағынан парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі. Канцлерге (премьер- министрге) көптеген өкілдіктер берілген. Билік екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы - Бундесрат, төменгісі - бундестаг. Федеральдық үкімет федеральдық канцлерден, федеральдық министрлерден тұрады. Орталық банк мемлекеттің кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Федеральды канцлер халықаралық қатынастарға, қорғанысқа, финансқа және коммуникацияға басшылық жасайды. 1999 жылы үкіметте 15 федеральдық министрлер болды. ФРГ-ның астанасы - Берлин. Солай бола тұрса да Бонн қаласында кейбір мемлекеттік мекемелер қызмет етеді. Елдің басшысы 5 жылға сайланатын федеральдық президент. Оны федеральды жиналыс сайлайды. Президенттің бір міндетті канцлердің кандидатурасын бундестагтың бекітуіне береді. Сондай-ақ президент қарулы күштер құрамынның жоғарғы офицерлерін тағайындайды. Дегенмен оларға қорғаныс министрі басшылық етеді. Германия Федеративтік Республикасы Батыс Европаны алдыңғы қатарлы мемлекеті ретінде жан-жақты дамып келеді.
ФРГ 1991 жылы 31 желтоқсанда біздің республикамыздың тәуелсіздігін мойындап, 1992 жылы ақпанда диломатиялық қатынастар орнады. Біздің елдеріміз арасында қатынастардың түбірі терңде жатса да, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң ол жан-жақты дами бастады. Екі ел бір-біріне мүдделі. Германия Қазақстанның Батыс Европадағы стратегиялық партнері, ал Қазақстан Республикасы ФРГ-ның Орталық Азиядағы стартегиялық патрнері оның үстіне Қазақстанда 300 мыңнан астам немістер тұрады. Сондықтанда мемлекеттер арасындағы қатынастар барлық салада-саяси, экономикалық және мәдени салала да дамиды.
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан президенті Германияда-1992 жылы, 1997 жылы және 2001-2007 жылдары болды. Біздің елімізде 1995 жылы Германияның Федеральдық президенті Роман Херцог, 1997 жылы-Федеральдық канцлер Хельмут Коль, 2003 жылдың соңында оның орнына келген Герхард Шредер келді.2006ж Маркель Ангел
Қазақстан мен ФРГ екі жақтық байланыстарды кеңейтті. Олар халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда БҰҰ мен ОБСЕ аясында байланысы дамып келеді. Біздің елімізде қазіргі кезде жүзге жуық неміс және біріккен фирмалар жұмыс істейді. Соның ішінде «Казгермұнай» ТОО «Кнауф маркетинг Алматы», «Люфтганз» атты авиа компаниялары бар. Жыл сайын екі ел арасында товар айналымы өсіп келеді. Германия импорттының арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орында, экспорт бойынша-төртінші.
Қазіргі кезде Алматыда неміс драма театры жұмыс істейді, «Дойче Альгемайне» газеті шығарылады.
Диплом жұмысы алдына мынандай мақсаттар қояды:
І.Екінші кейінгі соғыстан оккупацияланған Германияда одақтастар жүргізген саяатты ашып көрсету;
2. Капиталистік державалардың Евпропада өздеріне қатар тұра алатын
мемлекет ретінде Шығыс демократиялық республикасына қарсы Германия
Федеративтік Республикасының құрылуын және даму бағытын көрсету;
3. Тағдыр тәлкігімен бөлінген неміс халқының Шығыс Европада басталған
деморкатиялық реформалардың ықпалынан екі Германияның бір Германияға
айналу жолын ашып көрсету;
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін дүниежүзінің дамыған
елдері қатарында Германияның оны мойындап, саяси, экономикалық, мәдени
салаларда қатынастарының дамуын талдап түсіндіру;
Германияның Қазақстанда тұратын этникалық неміс халқына бауырмалдық
ниетін ашып көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |