Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 6 қаңтардағы
№ 268 қаулысымен
бекітілді
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 6 қаңтардағы
№ 313 қаулысына
1 қосымша
«ЗЫРЯН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМ
АППАРАТЫ» ММ
2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму
жоспары
Стратегиялық жоспардың құрылымы
-
Миссиясы мен пайымдауы
-
Ағымдағы жағдайды талдау
-
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс- шаралары және қорытынды көрсеткіштері
-
Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Қатерлермен басқару
6. Бюджеттік бағдарламалар
Миссия: «Зырян ауданының әкім аппараты» ММ- сапалы ақпараттық- аналитикалық қолдауын қамтамасыз ету және әкімдіктің, аудан әкімінің және оның орынбасарларының ұйымдастыру- құқықтық қызметін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, әкім мен аудан әкімдігінің алдына қойылған тапсырмаларын іске асыру жөнінде ауданның мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру. Аудан халқының толыққанды өмір сүруі мен тұрақты дамуын қалыптастыру.
Пайымдау: Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін дамыту, материалдық техникалық жабдықтау, олардың стратегиялық даму жоспарларында жоспарланған нәтижелерінің жетістіктері бойынша ауданның қала, кент және ауылдық округтер әкім аппараттары бөлімдерінің қызметін үйлестіру жолымен аудан халқының өмір сүруі үшін жайлы жағдайлар құру.
2. «Ағымдағы жағдайды талдау»
«Зырян ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі 2007 жылғы 19 қарашадағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәландіру негізінде әрекет етеді. Әкім аппаратының құрылымы мен штаттық саны Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 350 қаулысымен бекітілген.
Аудан әкімі аппараты өзінің тәжірибелік қызметінде ең алдымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, өзге де заңнама актілерін, аппарат туралы Ережені басшылыққа алады.
Бірыңғай кадрлық саясатты іске асыру мақсатында және «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы №1-181ө өкіміне сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығында бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейтін мамандар қайта даярлықтан өтеді.
«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің электрондық құжат айналымы жүйесін техникалық пайдалануға енгізу туралы» облыс әкімдігінің 18.04.07 ж. № 83 қаулысын орындау барысында Зырян ауданының әкім аппаратында осы қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және құрылымдық бөлімшелердің электрондық құжат айналымы жүйесінің жұмыс ережелеріне сәйкес Lotus Notes электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді және әрекет етеді.
Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу үшін Зырян ауданы әкім аппараты кеңсе бөлімінің инспекторы Д.М.Жакипова облыс әкімдігінде оқытылды.
Lotus Notes жүйесін енгізумен ақпарат өтуге қажетті уақыт біршама қысқарды, құжатты қорғауды, меңгерушілік және қол жетімділікті қамтамасыз ететін электрондық құжаттармен бірыңғай жұмыс стандартын жүргізу атқарушылық тәртіптің бақылауын жақсартты.
Алайда, осымен қатар кемшіліктер де бар: уақыт келе жүйе істен шығып қалады, сол кезде қосылу мүмкін болмайды, сектордан келетін кейбір құжаттардың қосымшалары жоқ болады, ал қосымшалары кешігіп келеді, бұл осы құжаттың нақты орындаушыларын уақытында анықтауды қиындатады.
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп алу Комитетімен Қазақстан Республикасында бірыңғай құқықтық статистикалық көрсеткіштер жүйесі, оларды алу, сараптау және болжау методологиясы құрылған. Зырян ауданының әкім аппаратында «ТӨБЕ» ААЖ жүйесі 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі таңда барлық құрылымдық бөлімшелер «ТӨБЕ» ААЖ бағдарламасымен сауатты жұмыс істейді, аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша мәліметтерді түсіру оны әрі қарай облысқа ұсыну үшін белгіленген мерзімде ұсынады. Осындай бақылаудың құрылуы мемлекеттік органдар жұмыстарының айқындығын қамтамасыз етеді және қызметшілердің жауапкершіліктерін арттырады.
Алынатын тауарларды сатып алу үшін «ҚР мемлекеттік сатып алулар» веб-порталы жұмыс істейді, онда Зырян ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары қоса берілген ақпараттар және шарт жобаларымен бірге өткізілетін сатып алулар және өтетін конкурстар туралы ақпаратты орналастырады. Осындай тәсілмен мемлекеттік сатып алулар өткізудің мақсаты бюдет қаражаттарын үнемдеу және мемлекет органдарымен алынатын тауарлардың ашықтығы.
Меншіктегі Веб- ресурстарды дамыту мақсатында Зырян ауданы әкімінің ресми сайты құрылған және ойдағыдай қызмет етуде. Сайттың айдарын ресми ақпараттармен толықтыру және оған түзетулер тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
Қазіргі уақытта сайтта Зырян ауданы туралы, оның даму тарихы, сондай –ақ аудандық бөлімдер мен аумақтық органдарымен орындалатын функциялары, лауазымдық міндеттері, осы мемлекеттік органдары басшыларының, ауданның ауылдық округтер мен ауыл және кент әкімдерінің қабылдау күндері және сағаттары туралы ақпарат ұсынылды. Зырян ауданы әкімінің сайты – «Жаңалықтар» айдарында «Оқиғалар» кіші айдары құрылған жалғыз сайт, онда Зырян ауданында болған оқиғалар орналастырылады. Сайттың басқы бетінде 15.09.2010 жылдан пайдаланушыларды тіркеу мақсатында есептегіш орнатылған.
Барлық ұсынылған ақпарат тиісті айдарларға бөлінген. Зырян ауданының әкімі айдарындағы «Өтініштер үлгілері» кіші айдарында Зырян ауданының әкімімен қабылданатын, өтініштер үлгілерімен танысуға болады («Зырян әкімі» айдары, «Өтініш үлгілері» кіші айдары). Қала, аудан өмірінің барлық саласы бойынша өңірлік жаңалықтар күнделікті жаңартылады. «Көлік және саяхат» айдарындағы «Теміржол транспорты» кіші айдарында пойыз қозғалысы туралы ақпарат, «жолаушыларды тасымалдау» кіші айдарында автобус бағытының уақыты туралы ақпарат орналастырылған. «Қала, аудан туралы ақпарат» айдарында бірінші қажетті телефондар орналастырылған. «Бизнес» айдарында ауданның бизнес-мүмкіншіліктері, шағын және орта бизнестің индустриалды-инновациялық дамуы мен мемлекеттік реттеу туралы ақпарат орналасқан.
«Халықты әлеуметтік қорғау» айдарында халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметімен, материалдық көмек көрсету туралы, оны тағайындау шарттарымен және жәрдемақы ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізімімен танысуға болады.
«Ауыл шаруашылық» айдарында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің болуы, саланың даму бағдарламасы туралы ақпарат орналастырылған.
«Жер қатынастары» айдарында аудандағы жер ресурстарының болуы, жер телімдерін ұсыну шарттары, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізетін ұйымдар туралы.
«Денсаулық сақтау» айдарында аудандағы емдеу мекемелерінің болуы, олармен көрстілетін медициналық қызметтер, жеңілдікпен дәрі-дәрмекті босататын дәріханалар туралы.
«Білім беру» айдарында ауданның мектепке дейінгі («Балапан» 2010-2014 жж. арналған мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуды қамтамасыз ету бойынша бағдарлама), орта, кәсіптік және жоғары оқу орындары, ұлттық біріңғай тестілеу орталығы және ауданның жастар ұйымдары туралы, «Форум» ашылды, онда барлық ұсынылған тақырыптарға әңгімелесуге болады. Барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған.
Сайттың жұмыс істеу уақытында қосымша айдарлар ашылған, онда ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстармен, мемлекеттік қызметке қабылдау ережелерімен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және регламенттерімен, сыбайлас жемқорлықпен күресу, тауарлар туралы ақпараттық жүйеге сілтеме және ЕВРАЗЭС қызметтері туралы салықтарды ережелермен танысуға болады. ШҚО электрондық қызметтер орталығына қосылуға қамтамасыз етілді, онда Зырян ауданы әкімінің атына түскен азаматтардың өтініштерін Зырян ауданы әкімінің виртуалды қабылдау бөліміне тіркеу жүзеге асырылады. Айдарлардың және кіші айдарлардың атауы ағылшын тіліне аударылған.
Қала, аудан өмірі бойынша барлық өңірлік жаңалықтар күнделікті жаңартылып отырады, ал оқиғалар туралы ақпарат апта сайын жаңартылып отырады, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат тоқсан сайын жаңартылады, өңірлік бағдарламаларды орындау туралы ақпарат – жыл сайын, қалған ақпарат қажеттілігінше жаңартылады (азаматтарды қабылдау күндері және сағаттары, мемлекеттік мекемелердегі жаңа басшылардың тағайындалуы, телефондары және т.б. өзгерген кезде).
Зырян ауданында «Қоғамдық қатынау пункттері» жобасын іске асыру мақсатында 2007- 2010 жылдар ішінде І типті қоғамдық қатынау пунктінен 6 және ІІ типті қоғамдық қатынау пунктінен біреу орнатылған. І типті қоғамдық қатынау пункттері Зырян қаласының аудан әкім аппаратында, Совет к., 20, «Қазақтелеком» АҚ Зырян бөлімшесінің операция залында, Жақсыбаев к., 30, Зырян қаласының Первомайский к., 23, «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Тұрғындарға қызмет көрсету орталығының Зырян филиалында, Стаханов к., 39, Жаңа Бұқтырма к. полиция кенттік бөлімшесінде, Серебрянск қ. қала әкім аппаратында, Веденеев к., 18 орнатылған. ІІ типті қоғамдық қатынау пункті Зырян қаласының орталық кітапханасында, Тохтаров к. орнатылған.
Жаңа дизайнды әзірлеу үшін және Зырян ауданы әкімі сайтының тез жұмыс істеуі үшін қосымша 1500,0 мың теңгеқажет (үлкен сайт). Жұмыс жағдайлары мен өзге сайттарды жақсарту мен ықшамдауға әкеледі. Жаңа дизайн мемлекеттік және өзге сайттардың арасында рейтингісін көтереді.
Аппараттың толыққанды қызметі мен атқарылатын жұмыстың сапасын арттыру үшін электрондық құжат айналымын енгізу қажет.
Мемлекеттік органның әрі қарай ойдағыдай дамуы үшін компьютерлік техниканы және жаңа технологияларды үнемі жаңарту керек.
2011 жылға арналған әскери қатарына ұйымдасқан шақыруды өткізу және әскерге шақырылғандарды тексеру үшін 32973,0 мың теңге салынған. Соның ішінде қызметтік ғимаратты жөндеуге және медициналық кабинеттерді шақырушыларды тексеру құралдарына ақша салынған.
Есептік жұмысты өткізу үшін 2008 жылы жинақта компьютер алынды. 2010 жылы өтеусіз пайдалануға 3 компьютер берілді. 4 компьютерге «Касперский» вирусқа қарсы лицензиялы бағдарламамен қамту алынған. Әскер қатарына шақырылғандармен жұмыс істеу үшін баланста қызметтік көлігі бар. Әскер қатарына шақырылғандармен жұмыс істеу үшін шақыру уақытында келісім-шарт бойынша 8 адамнан құралатын жұмысшылар тартылады. Аудан көлемінде әскер қатарына шақырылғандарды медициналық куәландіру жүргізіледі. Шақыру комиссиясына ауданның барлық елді мекендерінен шақырылғандарды орталықтандырылған жеткізуі жүргізіледі. Әскери қызметке жарамды деп танылған шақырылушылар Өскемен қ. жеткізіледі және онда ҚІД тексеруден өтеді.
Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша мед. комиссиядан өтпей қалған шақырушылар стационарлық емделуге және қадағалауға жіберіледі.
Шақыру пункттерінің тиімді жұмысы үшін шақыру пунктін материалды- техникалық құралдармен жабдықтау қажет. 2 компьютер, шақырылғандар үшін теледидар, ксерокс, орындықтар, үстелдер, арнайы роликтерді көру үшін бейнеплеер сатып алу.
Қызметтік көлікті жөндеуге 2011 жылы бөлінген ақша қаражаты жеткіліксіз, өйткені төбесі толығымен апаттық жағдайда, медкабинеттерде қабырғалар жоқ және ғимараттың қасбетіне жөндеу жүргізу қажет.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін 2011 жылы 53949,0 мың теңге сомасында ақшалай қаражат салынған. Жыл сайын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс шаралар жоспары құрылады. Көшкін түсіру, мұз бөгеттерін тексеру, жарылыс жұмыстары, ТЖ жоюға пайдаланылатын көліктер үшін ЖЖМ сатып алу, ШТТ қосалқы бөлшектерін сатып алу бойынша іс шаралар өткізіліп тұрады.
ТЖ болдырмау мақсатында сырттағы ұйымдардың техникасын және елді мекендерде өрттің және өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуда тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізуге ауыл және кент әкімдерін тарту есебінен ТЖ алдын алу бойынша алдын алу іс шараларын жүргізу. 4 бірлікте «Құнғанмен» жүретін өту қабілеттілігі жоғары техникадан эвакотранспорттық топ құрылған, жапа шеккендерді, ауырғандарды, тамақ өнімдерін жеткізу үшін жабдықталған: ЗИЛ-131 базасында – 1 б., ШТТ, ГАЗ- 66 (вахтовка)- 2б., ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі Департаменттің «Өрт сөндіру және аппаттық- құтқару жұмыстары қызметі» ММ жазылған Шынжыр табанды трактор (ШТТ-А), жүріп тұр, 500 литр жанармай әзірленген, 2009 жылы БРП күрделі жөндеу жүргізілді.
Зырян ауданының шұғыл қимылдау тобы Әкімнің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1-122р шешімімен 105 жеке құрамнан және 43 техника бірлігінен құрылған, аппаттық- құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын.
Зырян ауданы әкімінің 2009 жылғы 07 мамырдағы № 41 өкімімен Азаматтық қорғаныстың аумақтық және нысаналық құрылымдардың тізімі әзірленген. Кәсіпорындар мен ұйым басшыларының бұйрығымен аумақтық қалыптастыру жеке құрамының штаттық- лауазымы тізімі бекітілген.
-
Барлау қалыптастырулары- 2 т. к/п 8 тех.2
-
Құтқару қалыптастырулары- 7 т. к/п 350 тех.21
-
Медицина қалыптастырулары- 8 135 17
-
Инженерлік қалыптастырулары- 8 177 47
-
Авариялық-техникалық топ- 7 183 61
-
Радиациялық және химиялық қорғауды қалыптастыру- 2 50 4
-
Байланысты қалыптастыру- 1 24 1
-
Материалдық-техникалық қамтуды қалыптастыру- 24 199 46
-
Транспорттық қалыптастыру- 7 168 136
-
Жануралар мен өсімдіктерді қорғауды қалыптастыру- 10 349 53
-
Өзге де аумақтық қалыптастырулар (жасақ өтін. қосу) – 42 757 124
Барлығы: аумақтық қалыптастырулар- 118, к/п- 2406, тех.- 518.
Кәсіпорындар мен ұйымдар базасында Азаматтық қорғанысты нысаналық қалыптастыру құрылған және «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің Зырян ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі Басқармасы» ММ келісілді. Оны әзірлікке жеткізу жоспары жасалды.
Құтқары қалыптастырулары- 7 аз. к/п 122 7 тех.
Медициналық қалыптастырулары- 43 2058 2
Инженерлік қалыптастырулары- 9 105 12
Өртке қарсы қалыптастырулар- 18 54 2
Авариялық-техникалық топ- 4 52 2
Радиациялық және химиялық қорғауды қалыптастыру- 5 46 4
Қоғамдық тәртіпті қорғау- 26 132 2
Байланысты қалыптастыру- 21 49 16
Нысаналық қалыптастырулардың қорытындысы 133, к/п 765, тех. 39
Зырян ауданы- Зырян қаласы аумағында жұмыс істейтін кәсіпорын базасында АҚҚ арнайы қалыптастырылған штат бар:
-
Тауқұтқару- 1, к/п-83, тех.19
-
Апаттық- техникалық топ- 4 29 17
-
Өртке қарсы қалыптастырулар- 9 173 32
-
Нысаналы өрт сөндіру бөлімшелері- 2 28 4
-
Судан құтқару- 1 11 1
-
«Қазселден қорғау» 1 6 1
-
Барлау қалыптастырулары- 5 а. к/п 24 тех.3
-
Инженерлік қалыптастырулар- 2 47 18
Осы қалыптастырулар техникамен, жабдықтармен, құралдармен және өзге де материалдық құралдармен қамтылған. «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің Зырян ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі Басқармасы» ММ Зырян ауданы аумағында Азаматтық қорғанысты қалыптастыруды құру және жинақтауды тіркеу, штаттық және арнаулы қалыптастыруды бірге алғанда ұйымдастырылған.
Зырян ауданы әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 1-121р өкімімен ауданның Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің тізімі бекітілген. (Қоғамдық тәртіпті қорғау 2, Хабарлау және байланыс 3, Медициналық 4, Ақпарат 5, Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау 6, энергетика 7, Инженерлік 8, Трнаспорттық 9, Жолдар мен көпірлер 10, сауда мен тамақ 11, Өрт сөндіру 12, Коммуналдық- техникалық 13, Жанар-жағармай матенриалдары).
Аудан қызметтері туралы ереже әзірленген. Аудан қызметтері азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрылуына және жұмыс істеуіне жауапты кәсіпорындар мен мемлекеттік органдармен сәйкес қызметтер құрылған, штаттардың дербес құрамы анықталған.
3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс- шаралары және нәтижелер көрсеткіштері
001 бағдарламасы (Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер)
003 бағдарламасы (Мемлекеттік органдардың капиталдық шығындары)
3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс- шаралары және нәтижелер көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |