Геродоттан үзінді
... Кир массагеттердi бағындыруды ойлады. Массагеттер, айтуға қарағанда,
аса күштi ірi саны жағынан көп тайпа...
Массагеттердiң
патшасы қайтыс болып, орнына әйелi Тұмар патшайым
таққа келедi. Кир оған елшiлерiн жiберiп, өзiне әйелi болуға ұсыныс жасайды.
Тұмар Кирдiң ойын бiрден түсiнiп,
оның өзiне емес, елiне құштар болып
отырғандығын бiлiп, ұсынысынан бас тартады.
Кир өз ойы iске аспаған соң,
массагеттерге ашық соғысқа аттанады. ...Тұмар өзiнiң хабарлаушыларын парсы
патшасына жiберiп, былай деген: “Парсы патшасы! Өз ойыңнан қайт. Сенiң бұл
жасап жатқан көпiрiңнiң пайдасының саған тиер-тимесiн бiлмейсiң ғой ”. Кир
өзiнiң кеңесшiлерiн жинап алып: “Не iстеуiмiз керек?” - деп кеңес сұрады. ...осы
кеңесте отырған қолбасшы мидиялық Крез: “Менiң ойымша, сенiң күшiң оларға
қарағанда артық, сен оларды жеңесiң... Менiң бiлуiмше,
массагеттерде бiздiң
өмiрiмiздегi алуан түрлi дәмдi тамақ, тағамдар, шарап, сусындардың молдығы
жайлы хабар жоқ. Нашар соғысатын іскер бөлiктерiн қалдырып, өзiмiз бiр күндiк
жерге шегiнемiз”, - деп кеңес бередi...
Мұндай құрылған торға Тұмардың баласы Спаргапис өз әскерлерiмен түсiп
қалады.
...Тұмар өзiнiң бар әскер күшiмен парсыларға шабуылға шығады. Бұл
шайқас, менiң естуiмше, тарихта бұрын-соңды болып көрмеген шайқас.
Қарсыластар алғашқы кезде бiр-бiрiне
қарама-қарсы тұрып алып, садақпен
атысқан. Садақ
оқтары таусылғаннан кейiн, қанжар, семсер, найзалармен
соғысқан. Бiр-бiрiне
берiлмей ұзақ уақыт шайқасып, ақыр соңында Тұмардың
әскерi жеңiске жеткен. Парсылардың әскерi түгелдей қырғынға ұшырап, Кирдiң
өзi де қаза болған.
1.Тұмар (Томирис) басқарған тайпа:
A) Сақ
B) Қаңлы
C) Ғұн
D) Үйсін
E) Сармат
2.Мәтін бойынша шайқасқа қатысқан елдер:
A) қаңлылар мен үйсіндердің қақтығысы
B) үйсіндер мен ғұндардың қақтығысы