Тақырыбы: «Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру»



бет1/8
Дата18.06.2022
өлшемі304.5 Kb.
#459303
  1   2   3   4   5   6   7   8
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру курстық жұмыс


Қазақстан Білім және Ғылым Министірлігі


Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру»


Орындаған:
Жетекшісі:
Петропавл 2022

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................3


І Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын арттырудың теориялық негіздері


1.1 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мазмұны мен мәні....................................................................5


1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын дамыту негіздері..............................................................................................................14

ІІ Бастауыш сынып оқушыларына өзіндік жұмыстар негізінде оқуға мотивациясын арттырудың әдіснамалық негіздері


2.1 Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін өзіндік жұмыстар.................................................................................................................2


2.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын арттырудың әдістері.................................................................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................34


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................35




КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.[1]
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш – қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан – жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген.[2]
Қазіргі кезеңде еліміздегі ғылыми-техникалық жаңару мен даму, қоғам өмірінің барлық салаларындағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш-жігерін, саналы әрекеті мен ізденімпаздылығын, танымдық ой-өрісінің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді. Демек, жастарды еңбектің қай саласында да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын оқушы етіп даярлау қажет болып отыр. Әр ғылымның барлық саласында болмысын білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы бастауыш сынып мектептеріндегі оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Осыдан келіп, оқушылардың өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады, қазіргі заман талабына сай бастауыш сыныпты бітірген оқушы, орта сыныпқа барған кезде өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс.
Сапалы білім, саналы тәрбие алған жастарымыз егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани адамгершілік тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан бастауыш сыныптан берілген білім мен іс-әрекет тәсілдерін бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, мақсатты іс-әрекетімен сабақтастыру үшін күнделікті оқу үрдісінде бағдар алып отырғанда ғана нәтижеге қол жеткізе алады.[3]
Оқу үрдісін жетілдіру және шәкірттің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесіне байланысты көптеген ғылым педагогтардың еңбектері арналған (Я.А.Коменский, Ю.К.Бабанский, В.А.Сластин, М.Жұмабаев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, А.Г.Қазмағамбетов және т.б.).
Оқу үрдісінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру, танымдық, ізденімпаздық, танымдық дербестікті дамыту мәселелері бойынша С.С.Смаиловтың, А.Е. Әбілқасымовтың, Р.С.Омаровтың, Т.И.Шашованың, Т.С.Сабыровтың, т.б. зерттеулері бар.
Жеке тұлғаның адамгершілік дамуы мен ұлттық мәдениеттің қалыптасуын Қ.Бөлеев, С.Аязақбаева, Р.К.Төлеубекова, Т.А.Тойлыбаев, т.б. зерттеген.
Бастауыш мектепте мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даярлығын жетілдіру туралы М.Құдайқұловтың, Н.Д.Хамельдің, С.С.Смаиловтың, В.А.Якуниннің, С.И.Архангельскийдің, В.П.Беспальконың, А.А.Вербицкийдің т.б. зерттеген.[4]
Арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің кейбір факторлары мен құралдары, әдістері туралы ой-пікірлер айтылады. Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудағы оқу тапсырмалары жүйесінің орны мен маңызы О.Салимбаевтың басылым көрген бірнеше ғылыми еңбектерінде жан-жақты ашылып көрсетілген. Қазақ халқының ғұлама ойшылы А.Құнанбаевтың тәрбие туралы идеяларын педагогика практикасында пайдалану мүмкіндіктерін зерттеген Г.И.Туретаевтың еңбектерінің ерекше мәнді екенін атап айтқан жөн. Бүгінігі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігінде енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдісін жетілдіру, әсіресе шәкірттің өзіндік жұмысын, дербестігі мен ізденімпаздылығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет