«Гинекологиялық аурулар» тақырыбына арналған тесттер



бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі254 Kb.
#182585
  1   2   3
«Гинекологиялық аурулар» тақырыбына арналған тесттер.
1. Әйелдер консультациясына пациент сыртқы жыныс мүшелерінің күйдіру, қышыну, қызару сезімдері және жалпы әлсіздік шағымдарымен келді. Қарап тексергенде сыртқы жыныс мүшелерінің гиперемиясы және ісінуі байқалалады. Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) вульвит

B) вагинит

C) кольпит

D) эндометрит

E) вульвовагинит


2. Әйелдер консультациясына пациент етеккір циклының 3 күнінде пайда болған жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, сегізкөз және шап аймағына берілетін ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністер шағымдарымен келді. ЖҚА-да: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ-ның жоғарлауы. Қынаптық зерттеуде: жатыр денесі кішкене ұлғайған, ауру сезімді. Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) сальпингоофарит

B) кольпит

C) вульвит

D) эндометрит

E) пельвиоперитонит


3. Бартолин безінің кистасының ЕҢ ықтимал жүргізу әдісі:

A) УФО


B) қабынуғы қарсы терапия

C) ремиссии сатысында кистаны сылу

D) ремиссии сатысында УВЧ

E) қабыну сатысында кистаны сылу


4. Бартолиниттің инфильтрация сатысындағы ЕҢ ықтимал жүргізу әдісі:

A) бартолинитті кесіп алу

B) Вишневский майымен таңғыш салу

C) спиртті ерітіндісімен өңдеу

D) физиоем

E) құрғақ таңғыш салу


5. Әйелдер консультациясында пациентке микрофлораға жағындының нәтижесінен кейін алдын ала диагноз қойылды – гарднереллез. Төменде келтірілген препараттардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?

A) доксициклин

B) метронидазол

C) ампициллин

D) азитромицин

E) тинидазол

6. Қынаптық зерттеуде келесі белгілер анықталды: жатыр кішкене ұлғайған, жұмсақ консистенциялы. Сыртқы ернеу жабық. Оң жақ қосалқылар аймағында жұмсақ, қамырлы консистенциялы, ауру сезімді түзіліс анықталады. Анамнезінде 2 айдан бері етеккірі жоқ. Жүктілікке байланысты тест (+). Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) үдемелі түтікті жүктілік

B) оң аналық безінің апоплексиясы

C) оң жақ қосалқыларының созылмалы қабыну үрдісі

D) оң жақ аналық безінің кистасы

E) үзілген жатырдан тыс жүктілік, түтікті аборт.


7. Үдемелі жатырдан тыс жүктілік кезіндегі төмендегі келтірілген әдістердің қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) иммунологиялық реакция

B) кіші жамбас ағзаларының УДЗ-сы

C) артқы күмбездің пункциясы

D) лапароскопия

E) жатыр куысын диагностикалық қыру

8. Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі төменде келтірілген лапароскопияның ЕҢ ықтимал артықшылығын көрсетіңіз:

A) косметикалық әсері

B) стационарда минималды болуы

C) құрсақтың алдыңғы қабырғасының минималды жарақаттануы

D) минималды операции уақыты

E) жатыр түтігін сақтау мүмкіншілігі


9. Пациент 28 жаста, жыныс мүшелерінің күйдіру, қышыну сезіміне, ірімшікті иіссіз бөлінділерге шағымданады. Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) трихомониаз

B) гонорея

C) хламидиоз

D) жай серозды кольпит

E) қынаптың кандидозы


10. Стационарға келіп түскен 32 жастағы пациент дене қызуының көтерілуіне, қалтырау, ішінің барлық бөлігінің ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде – бедеулік, жиі қабынумен жүретін екі жақты сальпингоофарит. Объективті: температурасы 39,2ºС, пульсі 128 рет мин, АҚҚ 110/70 мм с. б., тыныс жиілігі 22 рет мин. Тілі құрғақ, іші кебінген, іштің барлық бөлігі қатайған, Щеткина-Блюмберг симптом оң. Гинекологиялық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел тектес. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты өзгермеген, жатыр мойны эрозияланған. Жыныс жолдарынан бөлінділер іріңді, орташа мөлшерде. PV: қынаптық зерттеуде жатыр мойнының ығысуы ауру сезімді, жатыр мен қосалқыларды ауру сезімнен анықтауға жағдай жоқ. Артқы күмбез кеңейген, ауру сезімді. ЕҢ ықтимал диагноз?

A) қосалқылардың эндометриозы

B) созылмалы екі жақты сальпингоофарит

C) пельвиоперитонит

D) жайылған перитонит

E) Дугласов кеңістігінің абсцессі

11. Стационарға келіп түскен 32 жастағы пациент дене қызуының көтерілуіне, қалтырау, ішінің барлық бөлігінің ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде – бедеулік, жиі қабынумен жүретін екі жақты сальпингоофарит. Объективті: температурасы 39,2ºС, пульсі 128 рет мин, АҚҚ 110/70 мм с. б., тыныс жиілігі 22 рет мин. Тілі құрғақ, іші кебінген, іштің барлық бөлігі қатайған, Щеткина-Блюмберг симптом оң. Гинекологиялық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел тектес. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты өзгермеген, жатыр мойны эрозияланған. Жыныс жолдарынан бөлінділер іріңді, орташа мөлшерде. PV: қынаптық зерттеуде жатыр мойнының ығысуы ауру сезімді, жатыр мен қосалқыларды ауру сезімнен анықтауға жағдай жоқ. Артқы күмбез кеңейген, ауру сезімді. Қандай емдік шаралар ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) консервативті терапия

B) артқы күмбездің пункциясы

C) оперативті ем

D) антибактериалды ем

E) гормоналды терапия


12. Пациент гиперемияға, уретраның ісінуіне, көп мөлшерде ірінді бөліністерге, кіші дәретке барғандағы ауру сезіміне, жатыр мойнының қынаптық бөлігінің гиперемиясына, цервикалды каналдан бөлінетін іріңді бөліністерге шағымданады. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз:

A) гонорея

B) хламидиоз

C) гарднереллез

D) трихомоноз

E) кандидоз


13. Пациент Г., 25 жаста, бірінші рет оң жақты үлкен жыныс ерінінің ауру сезіміне, дене қызуының 39 С дейін көтерілуіне, жүрген кезіндегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: оң жақ жыныс еріні ісінген, ауру сезімді гиперемияланған, пальпация кезінде жұмсақ аймақ анықталады. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз:

A) бартолин безінің кистасы

B) жедел бартолинит, инфильтрация сатысында

C) бартолин безінің абсцесі

D) вульвовагинит

E) бартолин безінің кистасының іріңдеуі


14. Пациент Б., әйелдер консультациясының дәрігеріне жыныс жолдарынан сұр түсті бөліністерге, жиі жағымсыз «балық» иісті, әсіресе жыныстық қатынастан кейін немесе етеккір кезінде келетін бөлінділерге, жыныс мүшелерінің күйдіру және қышыну сезіміне, дизуриялық бұзылуларға шағымданып келді. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты кішкене гиперемияланған, бөлінділер сұр түсті, жағымсыз иіспен. Бимануалды зерттеуде: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеу жабық. Жатыры дұрыс қалыпта, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Қосалқылар екі жақтан анықталмайды. Күмбездері бос, ауру сезімсіз. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз:

A) вульвовагинит

B) вульвит

C) эндоцервицит

D) бактериалды вагиноз

E) кольпит


15. Гинекологиялық бөлімшеге науқас ішінің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, жыныс жолдарының іріңді-қанды бөліністеріне, дене қызуының 38 °С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Етеккір циклының 8 күнінде ауырып қалды, ЖІС енгізгеннен 3 күннен кейін. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Цервикалды каналда ЖІС-нің жібі және қанды бөліністер көрінеді. Жатыры кішкене ұлғайған, ауру сезімді, қозғалысы шектелген. Қосалқылар анықталмайды, күмбездері терең, ауру сезімді. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз қандай?

A) ЖІС-ден дамыған эндометрит

B) ЖІС енгізген кезіндегі жатырдың перфорациясы

C) ЖІС-ден кейін дамыған параметрит

D) ЖІС-ден кейін дамыған сальпингоофорит

E) ЖІС-ден кейін дамыған пельвиоперитонит


16. 28 жастағы науқасқа біріншілік бедеулікке байланысты метросальпингография тағайындалды. Рентгенограмма нәтижесі: жатыр қуысы Т тәрізді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлімде шоқпарлы кеңейген, контрастты заттың кұрсақ қуысына шығуы байқалмайды. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз қандай?

A) созылмалы сальпингит

B) гениталий туберкулезі

C) созылмалы сальпингоофарит

D) жатыр түтіктерінің қатерлі ісігі

E) жатыр түтіктерінің эндометриозы


17. 28 жастағы науқас біріншілік бедеулікке зерттелген кейін жатыр түтіктерінің ампулярлы бөлігінің бітелуі анықталды. Анамнезінде: балалық шағында туберкулезбен ауырған. Туберкулез диспансерінің «Д» есебінде тұрмайды. Қандай емдік шаралар ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) физиотерапевті

B) гидротубация

C) хирургиялық

D) гоновакцинаның провокациясы

E) арнайы ем


18. 33 жастағы науқаста екінші рет тұрған некеде бедеулік анықталды. Етеккір функциясы патологиясыз. Күйеуі қаралған, спермограмма өзгермеген. Айнамен қарағанда: жатыр мойны өзгермеген. РV: патологиясыз. Күйеуінің спермасымен жасанды инсеминациясына ЕҢ ықтимал көрсеткішті анықтаңыз:

A) аналық безіндегі хромосомды патологиялар

B) эректильді дисфункция

C) гиперпролактинемия

D) жатыр түтіктерінің акклюзиясы

E) варикоцеле


19. 29 жастағы науқас әйелдер консультациясына 3 жылдан бері біріншілік бедеулікке шағымданып келді. Етеккір функциясы өзгермеген. Базалды температураны өлшегенде – екі фазды цикл. Жыныстық қатынас ретті, тұрмыста тұрады, жүктіліктен сақтанбаған. Гистеросальпингография нәтижесі: жатыр түтіктері өтпелі. Күйеуінің спермограммасын зерттегенде екінші дәрежелі астено- олигозооспермия анықталды. Күйеуін андролог емдегеннен кейін екінші дәрежелі олигозооспермия анықталады. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) күйеуінің спермасының субфертильтігі

B) тератоозоспермия

C) етеккір циклының лютеинді фазасының жетіспеушілігі

D) созылмалы ановуляция

E) етеккір циклының біоінші фазасының жетіспеушілігі


20. 32 жастағы науқас 3 жылдан бері жүкті болмауына шағымданып келді. Менархе 13 жастан, етеккір циклы ретті. Бірінші жүктілігі босанумен аяқталған. Босанудан 6 айдан кейін ЖІС-ні орнатқан. 4 жылдан кейін гинекологиялық бөлімшеде жедел екі жақты сальпингит диагнозымен ауруханада жатқан, сол жерде ЖІС алынып тасталған. Соңғы 3 жылдан бері жүктіліктен сақтанбаған. Гинекологиялық зерттеуде PV: Жатыр мойны цилиндрлі. Жатыры ұлғаймаған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Сол жақ қосалқылары тартпалы, оң жақ қосалқыларында 5,0х6,0 см өлшемді, домалақ, тугоэластикалық консистенциялы түзіліс анықталады. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) созылмалы екі жақты аднексит

B) аналық безінің кистасы

C) аналық безінің поликистозы

D) тубоовариалды түзіліс

E) параметрит


21. 30 жастағы науқас екінші некеде тұрады және бедеулікке шағымданады. Бірінші некеде қалыпты босану және 2 рет түсік жасатқан. Етеккір циклы ретті. Күйеуі зерттелген, спермограмма өзгермеген. Некеде тұрған жұбайлардың зерттелуінің ЕҢ ықтимал ұзақтығын көрсетіңіз:

A) 4 жыл


B) 2 жыл

C) 3 жыл


D) 1 жыл

E) 5 жыл
22. Науқас Н., 27 жаста, балалық шағында туберкулезбен аурыған. Туберкулезді диспансердің «Д» есебінде тұрмайды. Ішінің ауру сезімі кейде мазалайды. Тұрмыста 3 жылдан бері тұрады, жүкті болмаған. Менархе 14 жастан, соңғы 5 жылда етеккірі қысқа және аз мөлшерде келе бастады. Гинекологиялық зерттеуде патология анықталмаған. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) гениталды эндометриоз

B) гениталий туберкулезі

C) созылмалы аднексит

D) аналық безінің поликистозы

E) гениталий хламидиозы
23. 31 жастағы науқас, дәрігерге бедеулікпен қаралды. Анамнезінен – етеккірі 13 жастан, ретті ауру сезімді. Тұрмыста тұрады, жыныстық қатынас ретті, жүкті бола алмады. PV: Қынабы тар. Жатыр мойны конус тәрізді, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Жатыры қалыпты, қозғалмалы, ауру сезімсіз, өлшемдері қалыпты. Қосалқылар сол жақтан анықталмайды, оң жақтан жатыр мен аналық безі аралығында 6,0х6,0 см өлшемді, домалақ, тугоэластикалық консистенциялы, ауру сезімсіз түзіліс анықталады. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) аналық безінің поликистозы

B) оң жақты сактосальпинкс

C) оң жақ аналық безінің кистасы

D) эндометриоз

E) оң жақты сальпингоофарит


24. 25 жастағы науқас 2 жылдан бері жүкті болмауына, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, дене қызуының 37,2 – 37,5°С дейін көтерілуіне, ішінің тұрақсыз ауру сезіміне шағымданып келді. Соңғы 3 жылдан бері етеккірі аз мөлшерде келеді. Жыныстық қатынастан кейін 1,5 жылдан кейін гистеросальпингографияны өткен: жатыр түтіктері бітеу, «таспиқ» формалы. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) гениталды эндометриоз

B) гениталий туберкулезі

C) созылмалы аднексит

D) аналық безінің поликистозы

E) гениталий хламидиозы


25. Әйелдер бедеулігі диагностикасының ЕҢ ықтимал жолын және мақсатын көрсетіңіз :

A) Шуварский-Симс-Хунер тесті – цервикалды шырыштағы сперматозоидтардың санын және қозғаласын анықтау үшін

B) функционалды диагностиканың тесттері– етеккір циклының бағалау үшін

C) гистероскопия – жатыр ішілік патологияны анықтау үшін

D) кульдоскопия – Дуглас аймағындағы патологияны анықтау үшін

E) лапароскопия – кіші жамбас ағзаларының және құрсақ қуысының патологиясын анықтау үшін


26. 32 жастағы науқастың анамнезінде – екіншілік бедеулік, жиі қабынумен жүретін екі жақты аднексит болған. Стационарға жоғары дене қызуымен, әлсіздік, қалтырау, ішінің ауру сезіміне шағымданып түсті. Объективті: температурасы 40ºС, пульсі 120 рет минута, АҚҚ 90/70 мм с. б. Тілі құрғақ, іші кебінген, тітіркенген, ауру сезімді, перитонеалды симптом оң. Арнайы гинекологиялық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел тектес. Айнамен қарағанда: жатыр мойны эрозияланған. Бөлінділер іріңді, көп мөлшерде. PV: қынаптық зерттеуде жатыр мойнының ығысуы ауру сезімді, қосалқылар мен жатырды пальпациялау ауру сезімге байланысты мүмкіншілік жоқ. Қынаптың артқы күмбезі кеңейген, ауру сезімді. Жайылған перитонит диагнозы қойылған. Қандай іс әрекет ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) артқы күмбездің пункциясы

B) оперативті ем

C) антибактериалды терапия

D) гормоналды терапия

E) кульдоскопия


27. Науқас Н., 25 жаста, балалық шағында туберкулезбен ауырған. Туберкулезді диспансердің «Д» есебінде тұрмайды. Ішінің ауру сезімі кейде мазалайды. Тұрмыста 2 жылдан бері тұрады, жүкті болмаған. Менархе 14 жастан, соңғы 5 жылда етеккірі қысқа және аз мөлшерде келе бастады. Гинекологиялық зерттеуде патология анықталмаған. Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ЕҢ ықтимал түрін анықтаңыз?

A) гистероскопия

B) кіші жамбас ағзаларының УДЗ-сы

C) жағындының микроскопиясы

D) гистеросальпингография

E) кольпоскопия


28. Стационарға науқас медициналық түсіктен 5 күннен кейін ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі, қалтырау, дене қызуының 38 °С дейін көтерілгеннен кейін қаралды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлікте ауру сезімді. Құрсақтың тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеуде: жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, ауру сезімді, жұмсақ консистенциялы. Жатыр мойнының сытрқы ернеуі 1 саусақ өткізеді. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінділер қанды, жағымсыз иісті. Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ЕҢ ықтимал түрін анықтаңыз?

A) бактериоскопиялық

B) бактериологиялық

C) кіші жамбас ағзаларының УДЗ-сы

D) кольпоскопия

E) лапароскопия


29. Жатыр қосалқыларының іріңді қабыну аурулары кезінде аталған емдік іс-шараның қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

+A) хирургиялық ем

B) қынаптық күмбез арқылы түзілістің пункциясы

C) пирогеналмен терапия

D) гоновакцинамен терапия

E) физиоем


30. 24 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге аз мөлшерлі қанды бөліністерге шағымданып түсті. Тұрмыста, 2 жыл бойы бедеулікпен күйзеледі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және шырышты қабаттары қалыпты. Тілі таза, дымқыл. Дене қызуы 36,6°С. Пульсі 70 рет мин. Іші жұмсақ, ауру сезімді. Айнамен қарағанда – қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты цианозды, бөлінділер қанды аз мөлшерде. Жатыры anteflexio-versio, қозғалмалы. Жатыр денесі жұмсақ консистенциялы, жүктіліктің 7-8 аптасына дейін ұлғайған. Жатырдың сол жағынан «қамырлы» консистенциялы, ауру сезімді түзіліс анықталады. Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) сол жақты жатырдан тыс жүктілік, түтікті аборт.

B) жүктіліктің 7-8 аптасындағы басталған өздігінен түсік

C) жүктіліктің 7-8 аптасындағы қатерлі ерте түсік

D) сол жақты жатырдан тыс жүктілік, түтікті жарылуы

E) сол жақты жатырдан тыс жүктілік, үдемелі


31. Пациент 33 жаста, стационарға жедел жәрдеммен әкелінді. Науқас есі анық, бірақ айналаға мән бермейді. Сұрақтарға баяу жауап береді. Анамнезінде етеккірінің кідіруі 6 аптаға. Тері жабындылары бозғылт. Пульсі 120 рет минутына, АҚҚ 70/40 мм с б., іші кебінген, перистальтикасы жоқ. Құрсақ қабырғасын пальпациялағанда іш бұлшық еттерінің қатаюы байқалады. Сыртқы қан кетулері жоқ. Нв 66г/л. Сіздің ЕҢ ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?

A) жатырдан тыс жүктілік, түтіктің жарылуы, геморрагиялық шок 3 сат.

B) жатырдан тыс жүктілік, түтіктің жарылуы, геморрагиялық шок 2 сат.

C) аналық безінің апоплексиясы, геморрагиялық формасы, геморрагиялық шок 3 сат.

D) аналық безінің кистасының жарылуы, геморрагиялық шок 3 сат.

E) басталған өздігінен түсік, геморрагиялық шок 2 сат.


32. Науқаста жүктілікке қарсы препараттарды қабылдағанда етеккірі келген жоқ. Осындай асқынуларды шақыратын ЕҢ ықтимал әдісті анықтаңыз:

A) пероралды комбинирленген контрацептивтер

B) мойындық қалпақшалар

+C) таза гестагендер

D) презервативтер

E) спермицидтер


33. 18 жастағы пациент гинекологқа контрацепция әдісін таңдай үшін қаралды. Некеде тұрмайды. Жыныс серіктесі әр түрлі. Қандай контрацепциялық әдіс ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) жатыр ішілік контрацептивтер

B) пероралды комбинирленген контрацептивтер

C) таза гестагендер

D) хирургиялықя стерилизация

E) барьерлы заттар


34. 35 жастағы пациент, 5 баланың анасы, босануды жоспарламайды. Қандай контрацепциялық әдіс ЕҢ ықтимал болып табылады?

A) жатыр ішілік контрацептивтер

B) пероралды комбинирленген контрацептивтер

C) таза гестагендер

+D) хирургиялықя стерилизация

E) барьерды заттар


35. Кеш репродуктивті кезеңде тубоовариалды түзілістің емдік шараның ЕҢ ықтимал әдісін көрсетіңіз:

A) жатырдың қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясы

B) жатырдың қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясы және үлкен шарпының резекциясы

C) жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы

D) консервативті антибактериалды терапия

E) жатыр түтіктерін және аналық бездерін бір немесе екі жақты алып тастау


36. Іріңді тубоовариалды түзілістердің ЕҢ ықтимал асқынулары:

A) малигнизация

B) қан кету

+C) перфорация

D) перитонит

E) бұралу


37. Эмбриондардың редукциясы деген не?

A) эмбрионның жылтыр қабатының жатырға имплантацияға дейін кесілуі

B) жұмыртқаның және сперматозоидтың инкубациясы

C) эхография бақылауымен жүретін тірі эмбриондардың санын азайту операциясы

D) жасушаның цитоплазмасына сперматозоидтың инъекциясы

E) ооциттер мен эмбриондардың криоконсервациясы


38. Эмбриондардың редукциясына ЕҢ ықтимал жағдай :

+A) жүктіліктің 5 – 11 аптасы

B) жүрек соғысының болмауы

C) қаныптығ жағындының төртінші дәрежелік тазалығы

D) эмбрионның дамуындағы визуалды көрінетін ақаулардың болуы

E) жүктіліктің 3-6 аптасы


39. ЭКҰ-ды жүргізудің ЕҢ ықтимал көрсеткішін атаңыз:

A) жатыр түтіктерінің болмауы немесе өте алмаушылығы

B) аналық безінің поликистозды синдромы

C) жатыр миомасы

D) аналық безінің ісіктері

E) аденомиоз


40. 26 жастағы науқас әйелдер консультациясына етеккірінің болмауына байланысты келді. Шағымдары: жүрек айну, таңертеңгі құсу белгілері, шаршағыштық, ашушаңдық. Анамнезінде – үш медициналық түсік. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цианозды, гипертрофияланған, бөшке тәрізді, сыртқы ернеу жабық. Жатыры жұмсақ консистенциялы, қалыптыдан кішкене ұлғайған. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері ерекшеліксіз. Бөлінділер қанды, аз мөлшерде. Ең ықтимал диагноз қандай?

A) түсік. Асқынған акушерлік анамнез

B) басталған өздігінен түсік. Асқынған акушерлік анамнез

C) жатыр мойындақ жүктілік. Асқынған акушерлік анамнез

D) жатырлық жүктілік. Асқынған акушерлік анамнез

E) жатырлық жүктілік. Төмен плацентация. Асқынған акушерлік анамнез


41. 20 жастағы пациент дәрігерге етеккірінің болауына және жүрек айнуына шағымданады. Жыныстық қатынасы ретті. Жүктіліктен сақтанбайды. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шарышты қабаты цианозды, бөлінділер қанды, аз мөлшерде. Қынаптық зерттеуде: Жатыры жұмсақ консистенциялы, қалыптыдан кішкене ұлғайған, қозғалмалы. Оң жақтан қосалқылар аймағында «қамырлы» консистенциялы түзіліс анықталады. Емдік шаралардың ЕҢ ықтимал жоспары:

A) антикоагулянтты терапия

B) дезинтоксикациялық терапия

C) микробқа қарсы ем

D) құрсақ қуысының рентгенографиясы

E) жедел лапароскопия


42. 40 жастағы науқас, гинекологиялық бөлімшеге ішінің жедел ауру сезіміне, оң жақ қабырға астына, жауырын аралық аймаққа, бұғанаға ауру сезімінің берілуі. Сұраққа бір сөзбен жауап береді. Тері жабындылары және шырышты қабаттары бозғылт. Пульсі 140 рет мин, жиі, нашар саналады. АҚҚАД 70/40 мм с. б. Іші кебінген. Құрсақ қабырғасын пальпациялағанда іш бұлшықеттерінің айқын қатаюы байқалады. Сыртқы қан кету белгілері жоқ. Емдік шаралардың ЕҢ ықтимал жоспары:

A) жедел лапаротомия

B) дезинтоксикациялық терапия

C) гемотрансфузия

D) плазманы құю

E) лапароскопия


43. 25 жастағы науқас тік ішекке берілетін ішінің толғақ тәрізді ауру сезіміне және жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып келді. 2 күн бұрын ауырып қалды. Анамнезінде: босану – 1, медициналық түсік – 2. Жағдайы қанағаттанарлық, пульсі 78 рет мин, АҚҚ 115/70 мм с. б. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының цианозы, бөлінділер қанды аз мөлшерде. PV: жатыры қалыптыдан кішкене ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Оң жақ қосалқылар аймағында анық контурсыз, қамырлы консистенциялы, ауру сезімді түзіліс анықталады. Артқы күмбез кеңейген, ауру сезімді. Емдік шаралардың ЕҢ ықтимал жоспары:

A) кульдоцентез

B) эндометрий биопсиясы

C) лапароскопия

D) ХГ-ді анықтау

E) құрсақ қуысының рентгенографиясы


44. Науқас дәрігерге ішінің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, дене қызуының 37,5ºС дейін көтерілуіне, жыныс жолдарынан іріңді бөліністерге, несеп шығаруының ауырсынуына шағымданады. Қарап тексергенде: уретра инфильтрацияланған, айнамен қарағанда-жатыр мойны гиперемияланған. Бөлінділер іріңді-шырышты, көп мөлшерде. Қынаптық зерттеуде: жатыры ұлғаймаған, пальпацияда ауру сезімді, қосалқылар екі жақтан ұлғайған, ауру сезімді. Жағындының бактериоскопиясында – гонококктар. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз қандай?

A) жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің жаңа жедел гонореясы

B) жыныс мүшелерінің жоғарғы бөлігінің жаңа жедел гонореясы

C) жыныс мүшелерінің жоғарғы бөлігінің жеделдеу гонореясы

D) жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің созылмалы гонореясы

E) торпидті гонорея


45. 25 жастағы пациентке біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жүргізілді. Суретте: жатыр қуысы Т тәрізді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлікте шоқпарлы кеңейген, контрастты заттың құрсақ қуысына шығуы анықталмайды. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз қандай?

A) созылмалы сальпингит

B) жатыр түтіктерінің эндометриозы

C) жатыр түтіктерінің қатерлі ісігі

D) жыныс мүшелерінің туберкулезі

E) жедел сальпингоофорит


46. Әйелдер жыныс мүшелерінің туберкулезінің ЕҢ ықтимал жиі кездесетін локализациясын таңдаңыз:

A) эндометрий

B) аналық бездері

C) жатыр мойны



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет