Қазақстандағы төлем карточкаларын сақтандыру жүйесін жетілдіру



Дата05.07.2016
өлшемі123.36 Kb.
#180711
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫН САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Тұрсынбекұлы Данияр – экономика ғылымдарының магистрі

Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ, Алматы қ.

Абдуллин Рустем Жомартович – экономика ғылымдарының магистрі

Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ, Алматы қ.


Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы, соның iшiнде, экономиканың банктiк секторының өркендеуi негiзiнен оларды нақты түрде құқықтық реттеумен тiкелей байланысты. Қазақстанда бұл қатынастарды реттеу қазiргi күшi бар банктiк заңдар нормаларымен толық көлемде қамтылмаған. Қолма-қолсыз есеп айырысуларды, соның iшiнде, банктiк карталар бойынша операцияларды құқықтық реттеуде күрделi мәселелер туа бастады.

Төлем карталарын қолданушылардың мүддесiн қорғайтын нормаларды өңдеу Қазақстандағыдай ендi дамып келе жатқан жаңашыл банктiк қызметтерге деген клиенттердiң сенiмiн жоғарылатады.

Қазіргі уақытта банктік қызметтер нарығында ақшасыз есеп айырысу құралы ретіндегі банк карточкаларына сұраныс жоғарылауда. Осыған байланысты қазақстандық банктер «VISA» және «Master Card» сияқты белгілі төлем жүйелерінің карточкаларын пайдалануды кеңейтеді. Осы банктік өнімді пайдаланумен пластикалық карточкаларды қолдануға байланысты жағымсыз жағдайлар жиілейді. Осы жерде банктерге және оның клиенттеріне сақтандыру қажет. 2007 жылы қазақстандық азаматтар 132,1 млн операцияны банк карталарының көмегімен 88050,0 млрд теңге (718,5 млрд долл.) сомасына жүргізді. Оның ішінде қолма-қол ақшаны алу осы операциялардың 88%, ал тауарлар және қызметтерді төлеу 12% құраған.

Төлем карточкаларының әрбір оныншы иеленушісі қателіктің немесе алдап соғудың құрбаны болатындығы белгілі. Соңғы бес жылдың ішінде пластикалық карточкалармен қылмыстардың саны алты есе өскен, пластикалық карточкалармен алаяқтықтан зиян мөлшері 2 ден 20 млн АҚШ долларына дейін жеткен.

Әрине, «электронды» ақшаларды қолдану операцияларын серпінді жетілдіру тенденциялары әрі қарай осы операциялардың жүргізілу процесін неғұрлым тиімді қауіпсіздендіру механизмін жүзеге асырумен байланысты болады. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, карточкаларды пайдалану процесінде пайда болатын тәуекелдерді төмендетудің неғұрлым оңтайлы әдісі сақтандыру болып табылады.

Төлем карточкаларын сақтандыру оларды иелену және қолданумен байланысты мүліктік мүддені қорғау бойынша сақтандырушы және сақтандырылушы арасындағы қатынасты білдіреді. Пластикалық карталарды сақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар және сыныптамаға сәйкес тұлғалардың мүлкін сақтандыруға және қаржылық тәуекелдерді сақтандыруға жатады. Пластикалық карталарды азаматтардың мүлкін сақтандыру категориясына жатқызу дұрыс болып саналмайды, өйткені пластикалық карточкалар банктің меншігі болып табылады.

Сақтандырудың қарастырылып отырған түрінің кешенділігі тәуекелдердің екі тобының болумен шартталған.

Бірінші топ мынадай себептерге байланысты карточканы жоғалтудан тұратын мүліктік тәуекелдерді қамтиды:



  • иесінің жоғалтуы;

  • үшінші тұлғаның заңға қарсы әрекетінің салдарынан ұрлатып алу;

  • кездейсоқ механикалық, термикалық бүліну, магнитсіздену және т.б.;

  • банкоматтың жұмысының бұзылуы.

Екінші топты карточканы жоғалтудан кейін оны, төмендегілердің нәтижесінде пайда болған, заңсыз қолданумен байланысты болжанбаған шығындармен айқындалатын қаржылық тәуекелдерді құрайды:

  • карточканы ұстаушы үшінші тұлғаға өзінің карточкасының жеке идентификациялық номерін айтуға мәжбүр болған жағдайда, үшінші тұлғаның банкоматтан қолма-қол ақшаны алып қоюы;

  • үшінші тұлғаның қолма-қол ақшаны банктен слипке (сауда чегіне) карточка ұстаушының қолын көшіріп қою жолымен алуы;

  • үшінші тұлғаның сауда-қызмет көрсету желілерінде тауарлар мен қызметтердің төлемін төлеуі.

Өзінің бағыты бойынша пластикалық карталарды сақтандыруды банктік сақтандыру құрамына кіргізуге болады, өйткені ол банктік қызмет субъектілеріне – банктерге және оның клиенттеріне сақтандырып қорғауды ұсынуға арналған. Берілген сақтандыру түрінде сақтандырылушыдан тәуелді пластикалық карточканы сақтандыру құрылымында пластикалық карточканы ұстаушыларды сақтандыруды және пластикалық карточка эмитенттерін сақтандыруды бөліп алуға болады.

Шетел тәжірибесінде сақтандырушылардың практикалық қызметінде сақтандырудың берілген түрлеріне пластикалық карталарды сақтандыру Ережелері және пластикалық карталар эмитенттерін сақтандыру Ережелері сәйкес келеді. Сондай-ақ банктерді кешенді сақтандыру Ережелері бар сақтандырушылар саны да жоғарылап келеді. Бұл Ережелер «Bankers Blanket Bond» кешенді банктік сақтандырудың халықаралық стандарттарына негізделеді және карточкалық бизнеске қатысты тәуекелдерді сақтандыруға мүмкіндік береді. Пластикалық карталарды ұстаушыларды сақтандыру кезінде сақтандырылушылар болып шотқа енгізілген қаражаттар шегінде немесе енгізілген қаражаттан жоғары кредиттік лимит мөлшерінде жасалатын есептік операциялар үшін банк карточкаларын алатын жеке және заңды тұлғалар табылады. Төлем карточкалары эмитенттерін сақтандыру жағдайында сақтандырылушылар болып төлем карталарын жасау және оларға қызмет көрсету бойынша халықаралық төлем жүйесімен келісім негізінде пластикалық карталарды шығаратын банктік ұйымдар табылады.

Пластикалық карталарды ұстаушыларды сақтандырудағы пайда табушылар мүліктік тәуекелді сақтандыруда – шығарылатын карталардың иемденушілері ретінде банк-эмитент, ал қаржылық тәуекелді сақтандыруда – картаны уақытша пайдалануға берілген ұстаушы болып табылады. Бұл кезде ұстаушының қаржылық тәуекелдеріне бөтен тұлғалардың картаны заңсыз пайдалануына байланысты күтпеген шығындар тәуекелі ғана емес, сондай-ақ жоғалту немесе ұрлату жағдайында картаны қайта шығарумен байланысты шығындардың пайда болу тәуекелі жатуы мүмкін.

Пластикалық карталар эмитенттерін сақтандыру шарттары бойынша аталған тәуекелдердің кез-келгеніне қатысты бірден-бір пайда табушылар болып сақтандырылушы – банк мекемесі табылады, өйткені ол картаның кез келген бүлінуі мен жоғалуына қатысты тәуекелдерді және үшінші тұлғаның заңсыз әрекетімен байланысты шығындар тәуекелін алады.

Практикада сақтандыру компаниялары көбінесе әртүрлі сақтандыру бағдарламаларына мүліктік және қаржылық құрамдастырымдайды, мұнда мүліктік тәуекелдерден сақтандыру базалық бағдарламаны құрайды және үнемі сақтандыру шартына кіреді, қаржылық тәуекелдерден сақтандыру кеңейтілген бағдарламамен қамтамасыз етіледі және қосымша сақтандыру сыйақысына сақтандырылушының қалауы бойынша ұсынылады. Сақтандырушылардың сақтандыру жауапкершілігінің осындай көлемін қалыптастыру олардың портфелдерін баланстандыруға ұмтылысымен түсіндіріледі. Қаржылық тәуекелдер сақтандырылушы тарапынан көп талап етіледі, сонымен бірге олардың жүзеге асу ықтималдығы жоғары және сақтандыру жағдайы болған кезде елеулі шығынға ұшыратуы мүмкін.

Тәуекелдер аталып өткен түрлермен шектелмейтіндігін айта кеткен жөн. Сақтандырудың әртүрлі ережелерінде және әртүрлі сақтандырушыларда сақтандыру жүзеге асырылатын басқа да тәуекелдер қарастырылуы мүмкін. Кешенді банктік сақтандыру ережелері бойынша банктен өкім алмай пластикалық карталарды қолдануға рұқсат беретін қандай да бір жабдықтарды немесе құжаттарды жасаудан, сондай-ақ пластикалық карталармен операциялар бойынша банк персоналының құпия ақпараттарды алу және оны заңсыз мақсатта пайдалану, шығарылған картаның дубликатын жасау сияқты алаяқтық әрекетінен жоғалтулар орнын толтыруға мүмкіндік беруі мүмкін.

Көбінесе қосымша тәуекелдер ережелерде сақтандыру шартының мәтінінде олардың сақтандырылуы туралы тікелей айтылған жағдайда және сақтандырылушының жеке сыйақы төлеуі жағдайында берілген тәуекелдер сақтандырылуы мүмкін деген ескертпе түрінде көрсетіледі.

Сақтандыру шартына пластикалық карталарды сақтандыру ережесінің негізінде қаржылық тәуекелдер категориясына жататын, қолма-қол ақшаны алу немесе карточканы жасап алу салдарынан тауарлар немесе қызметтерді сатып алу мақсатында сақтандырылушы шотына заңсыз кірумен байланысты шығындардың пайда болу тәуекелі енгізілуі мүмкін. Қолма-қол ақшаны алу немесе тауарлар, қызметтерді сатып алу үшін карточкалар мыналар көмегімен жасалуы мүмкін:



  • үшінші тұлғалардың сақтандырылушы карточкасы шығарылған банк карточкасының үстіне сақтандырылушының карточкасының номерін жазу және оның қолын қою (тек телефондық авторизация кезінде);

  • магниттік жолаққа сақтандырылушының PIN –коды жазылған «ақ пластикті» дайындау.

Пластикалық карталармен байланысты сақтандыру тәуекелдерін тек әсер ету бағытына қарай – банкке және оның клиенттеріне әсер етуші ретінде ғана бөліп қоймай, сонымен қатар олардың пайда болу көздеріне қарай бөлуге болады. Банк клиенттері (карта ұстаушылар) бөтен тұлғалардан болатын және банк қызметкерлерінен болатын тәуекелдер бөлінеді.

Үшінші тұлғаның заңға қарсы әрекеттерінен (ұрлау, заңсыз пайдалану, жасанды көшірме) тәуекелдер неғұлым кең тараған және неғұрлым көп жағымсыз қаржылық салдары бар тәуекел ретінде сақтандырудың барлық көрсетілген ережелері шегінде сақтандыруға жатқызылады. Пластикалық карта ұстаушылардың әрекетінен болған тәуекелдер «адамдық фактор» негізінде пластикалық карталарды сақтандыру Ережелерінің шарттары бойынша жабылатын жоғалтулар, кездейсоқ бүліну тәуекелдерінен тұрады.

Сақтандыру орнын толтыру тұрғысынан персонал әрекеттерін қасақана әрекеттерге (жеке баю мақсатында немесе банкке зиян әкелу үшін жасалады) және әдейі ойластырылмаған қателіктерге бөлуге болады. Сақтандырудың қалыптасқан практикасы және шарттарының ерекшелігіне қарай қасақана әрекеттер кешенді банктік сақтандыру ережелері бойынша, ал әдейі ойластырылмаған қателіктер – қаржылық институттардың кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың ерекше ережелеріне сәйкес жабылады.

Осы ережелерге сәйкес жасалған сақтандыру шарты банк жұмысындағы қателіктер салдарынан болуы мүмкін шығындар үшін клиенттің талаптарынан банкті қорғауға арналған. Бұл кезде картаны шығару және оған қызмет көрсету процесінде жұмыскерлермен жіберілетін «адамдық» қателіктерге қоса картаны пайдалану мүмкінсіздігімен байланысты шығындардан тұратын техникалық ақаулар қателіктері жіберілуі мүмкін.

Сақтандыру тәуекелдерінің шартына енгізілген шығындардан басқа, сақтандырушы сақтандыру жағдайымен шартталған, сақтандырылушының соттық және заңдық шығындарын өтейді.

Пластикалық карталарды сақтандыру бойынша алаяқтық жағдайларының жиілігінің жоғарылығын ескеретін болсақ, сақтандырушының жауапкершіліктері көлемінен алып тастаулардың тізімі айтарлықтай кең.

Сақтандырумен мыналар өтелмейді:


  • сатып алудан бас тарту нәтижесінде және авторизацияны тоқтатпаған кезде шотты оқшаулаудан шығындар;

  • карточканы сатып алу кезінде банк ұсынуы мүмкін, қосымша қызметтер (шетелге шығушылар үшін медициналық сақтандыру құны немесе өмірді сақтандыру полисінің құны, шоттағы төмендемейтін қалдыққа есептелетін пайыздар, есеп айырысу карточкаларын дайындау құны және т.б.);

  • карточканы жоғалту нәтижесінде сақтандырылушыда пайда болатын жанама қаржылық шығындар;

  • банкпен шығарылған карточкаларға қызмет көрсетуге банкпен келісімі жоқ ұйымдардың сақтандырылушының карточкасы бойынша тауарларды (қызметтерді) төлемеу жағдайлары;

  • карточканы авторизациялау үшін жабдықталмаған банкоматта ақшаны қолма-қол ақшалау үшін сақтандырылушы пайдалануға тырысқан карточканың бүлінуі;

  • карточкадағы термикалық қолмен қаражатты алу слипіндегі қолдың идентификациясы кезінде күманданып карточканы авторизациялай алмай кредиттік мекеме жұмыскерінің қолма-қол ақшаны беруден бас тартуы;

  • карточканы STOP-бетке енгізу нәтижесінде карточка бойынша қолма-қол ақшаны алу мүмкінсіздігі;

  • жұмыстан шығуы, лауазымдық міндеттемелерінің шектелуі салдарынан корпоративтік карточканы пайдалану құқығынан айырылған тұлғалардың карточкаларды заңсыз пайдалануы және т.б.

Әртүрлі түрдегі (жеке, корпоративті), әртүрлі бағыттағы (дебеттік/есептік және кредиттік), әртүрлі төлем жүйелерінің («VISA», «Master Card») және әртүрлі категориядағы («Electron», «Standard», «Classic», «Gold», «Platinum») карталар сақтандыруға жатады. Дебеттік немесе кредиттік карточкаларды алу кезінде сақтандырушылармен сатылып алынатын дисконттық карточкалар сақтандыруға алынбайды. Бұл дисконттық карталар мыналарды төлеу немесе жеңілдіктер ұсыну бойынша қажет:

  • телефон сөйлесімдері;

  • авиаұшулар және теміржол немесе транспорттың басқа түрлерінде жүру;

  • қонақ үйде тұру және жүкті жеткізу;

  • мейрамханада қызмет көрсету;

  • автокөлік құралдарын жалға алу;

  • жанакрмай колонкаларында жанармайды төлеу;

  • басқа қызметтер.

Сондай-ақ, сақтандыру сақтандырылушының банк шотына рұқсат беретін карточкамен байланыссыз және сақтандырылатын дебеттік немесе кредиттік карточкадан басқа тауарларға жеңілдік ұсыну немесе төлеу үшін сатылып алынатын есептік карточкалардың барлық түрлеріне таратылмайды.

Пластикалық картаны ұстаушылар үшін сақтандыру шарты картаның типінен тәуелді бір немесе екі жылға тең банк картасының қызмет ету мерзіміне жасалады. Пластикалық картаның эмитенттерін сақтандыру бойынша шарт бір жылға жасалады және әрі қарай ұзартылу құқығы бар.

Пластикалық картаны ұстаушылар үшін сақтандыру шарты картаның типінен тәуелді бір немесе екі жылға тең банк картасының қызмет ету мерзіміне жасалады. Пластикалық картаның эмитенттерін сақтандыру бойынша шарт бір жылға жасалады және әрі қарай ұзартылу құқығы бар.

Пластикалық картаны ұстаушыларды сақтандыру келісім шартында картаның реквизиттері бейнеленуі қажет: оның аты, нөмері немесе қызмет ету мерзімі.

Пластикалық карталар эмитенттерін сақтандыру келісім шартына ұстаушылары және реквизиттері көрсетілген сақтандырылған карталар тізімі қосылады.

Пластикалық карталарды ұстаушыларды сақтандыру бойынша сақтандыру сомасының мөлшері таңдалып алынған сақтандыру тәуекелінен және карта түрінен тәуелді болады. Мүліктік тәуекелден сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру сомасы банк-эмитенттің тарифтерімен байланысты банк картасын қайта шығару төлемдерініңмөлшерінде тағайындалады. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайының басталуы кезіндегі болжанатын шығындардың сомасынан сақтандырылушымен келісілген жауапкершілік лимитінің мөлшерінде анықталады.

Шетел тәжірибесіндегі сақтандырылушылармен жиналған статистикаға сәйкес пластикалық карточкаларды сақтандыру бойынша шығындар неғұрлым жиі, бірақ сомасы бойынша үлкен емес. Бір карта бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері 20 мың АҚШ долларынан аспайтын болғандықтан, қаржылық тәуекел бөлігінде пластикалық картаны ұстаушылармен сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру сомасын берілген шама мөлшерінде анықтаған жөн.

Пластикалық карта эмитенттерін сақтандыру жағдайында сақтандыру сомасы банкпен шығарылатын картаның жылдық көлемінен тәуелді болады және бірнеше мың АҚШ долларына дейін жетеді. Сақтандыру сомасының шегінде жауапкершілік лимитін - әрбір карточка бойынша сақтандыру орнын толтырудың максималды сомасын тағайындау ұсынылады.

Сақтандыру сыйақысының шамасы сақтандырудың таңдалып алынған бағдарламасынан, пластикалық карта түрінен, сақтандыру сомасының мөлшерінен тәуелді сондай-ақ пластикалық карталар эмитенттерін сақтандыру кезінде – айналыстағы карточкалар санынан, пластикалық карточкалармен банк операцияларының көлемінен, зияндылық статистикасынан тәуелді есептеледі. Пластикалық карточкаларды ұстаушылар үшін сақтандыру тарифтері бірден бірнеше пайызға дейін құрайды, қаржылық тәуекелдерді сақтандыру бойынша мүліктік тәуекелдерді сақтандыруға қарағанда жоғары болып тағайындалады. Пластикалық карталар эмитенттерін сақтандыру кезінде сақтандыру сыйақылары жылына бірнеше мың доллардан ондаған мың АҚШ долларына дейін өзгеруі мүмкін.

Сақтандыру сомаларының шамалы мөлшерін ескеріп, пластикалық карталарды ұстаушылардың сақтандыру келісім шарттарын франшизаны қолданбай жасайды. Пластакалық карталар эмитенттерін сақтандыру шарттары бойынша франшиза керісінше, сақтандырушының жоғары жауапкершілік лимитікезінде сақтандырылушының шығындардың белгілі бөлігін қалдыруға мүмкіндік беретін сақтандырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жоғалтып алу немесе ұрлау жағдайында картаны қайта шығарумен байланысты шығындардың пайда болуымен пластикалық карталарды ұстаушылар тәуекелдерін сақтандыру кезінде сақтандыру орнын толтыру төлемдері банк-эмитентпен сәйкестендіріледі. Банктің талап етуі бойынша сақтандыру төлемі банк-эмитенттегі сақтандырылушының есеп айырысу шотына ақша аудару жолымен жүргізілуі мүмкін. Осыдан кейін банк жаңа картаны дайындауға түскен сақтандырудың орнын толтыру сомасын акцептсіз ретпен қажетсіздендіре алады.

Қазіргі кезде пластикалық карталарды сақтандыру қалыптасу стадиясында. Сақтандыру нарығында пластикалық карта эмитенттерін сақтандыру карта ұстаушыларын сақтандыруға қарағанда сирек кездеседі. Бұл банктің меншікті қаражаттарын үнемдеп қалуы және сақтандыруды қорғау сұрақтарын өзінің клиентіне аударуымен түсіндіріледі. Сондай-ақ банктің картаны сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарын оған жылдық қызмет көрсету құнына қосу берілген банк өнімінің бәсекеқабілеттігінің төмендеуіне әкеледі.

Кешенді банктік сақтандыру шегінде карталарды сақтандыру аз қолданылады және сақтандырушылармен аффилирленген банк құрылымдары үшін қаржылық топ шегінде басым жүзеге асырылады. Бұл нарықтық клиенттерге қатысты осындай тәуекелдердің андеррайтингінің күрделілігімен және банктің бизнес-процестері мен оның ішкі құжатын сақтандыру алдындағы сараптама процедурасын жүргізу қажеттілігімен байланысты. Сақтандырушылар тарапынан пластикалық картаны сақтандыруды кеңейту үшін негізгі бөгеттер, жасалу фактін дәлелдеу қиынға түсетін карта ұстаушылардың алаяқтығының жоғары дәрежесі, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары бойынша статистиканың болмауы және осындай тәуекелдерді қайта сақтандыру нарығының нашар дамуы болып табылады.

Пластикалық карталарды сақтандыру сақтандырушы, банк және оның клиенттері арасындағы қатынасты әрі қарай ұйымдастырудың алғы шарты болып табылады. Пластикалық карточкаларды ұстаушылар үшін сақтандырудың басқа да түрлерін қамтитын кешенді сақтандыру өнімдері өңделуде.

Пластикалық карталарды сақтандыруға қосымша сақтандырушылар жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және кездейсоқ жағдайлардан сақтандыруды ұсынуы мүмкін. Сонымен қатар нарықта кредиттік тәуекелдерді сақтандыру сияқты ұсыныстарды кездестіруге болады.



Пластикалық карталарды пайдаланумен байланысты сақтандырушылар және банктер арасындағы қарым-қатынастардың тағы бір түрі жаңа клиенттерді тартуға бағытталған, арнайы біріккен жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Мұндай жобалар мысалдары ретінде, картаға сақтандыру орнын толтыруды есептеу, банк картасы көмегімен сақтандыру сыйақысын төлеу кезінде сақтандырудың әртүрлі түрлері бойынша жеңілдіктер ұсынуды жатқызуға болады.

Сонымен пластикалық карталарды сақтандыру Қазақстан Республикасында әлі жан-жақты қарастырылып жетілмеген. Болашақта оның табысты даму перспективалары қазіргі проблемаларды шешуден, сақтандыру мәдениетін жоғарылатудан, бизнестің қаржылық айқындылығынан, банктер және сақтандырушылар арасында сенімнің нығабынан және т.б. тәуелді болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет