Гүлбахша МҰСАБАЕВА, "Urpaq"("Ұрпақ") мәдени-ағарту орталығының атқарушы директоры
ЖАТ ЖҰРТТАҒЫ ҚАНДАСТАРДЫҢ ҚАМЫ ҮШІН...
Осыдан он бір жыл бұрын негізі қаланған "Ұрпақ" орталығының әу бастан мақсаты ұлттың этникалық және тарихи мадениетін дамыта отыра, қалың қазақтың мүддесін бір арнада тоғыстыру болатын.
Қоғамдық бірлестік өз міндеттерін атқару жолында бірқатар қиындықты еңсерді. Қаржылық қолдау, шаралар өткізуге қолайлы орын табу, басқа бірлестіктер, мекемелермен қарым-қатынас құру ісі өз ретімен шешімін тапты. Ассамблея мүшелері топтасқан шаңырақ-Достық үйіне орналасқаннан кейін жұмысымыз өрге басты. Облыс әкімінің қол-дауымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Орталықтың төрағасы Сағындық Салмұрзин бастап Ресей елінің түкпір-түкпіріндегі ағайындарымызды іздеп барған бірлестіктің белсенділері сонау Ямал түбегі мен Алтай аралығындағы елді мекендерге барып, мәдени шараларға қатысып, көптеген күрмеуі қиын мәселелердің шешімін тапты.
Облысымыздағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалы шекаралас Ресейдің үш облысы: Қорған, Түмен, Омбыда шоғырланған қазақтармен қарым-қатынасымызды нығайтып, тарихи Отанынан тыс жерлерде өмір сүріп жатқан бауырларымыздың еркін де жан-жақты дамуына жәрдемдесіп жүр. Әсіресе, Отанымыздың экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы жетістіктерін, олардың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын шетелде насихаттау жұмысына өз үлесімізді қосып келеміз.
"Urpaq" Ресейдегі ғылыми орталықтар өткізген талай қызықты шараларда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда ұлттық тарихи-мәдени тақырыптағы тың деректерді жеткізді. Ана тілі мәселелерін шешу мақсатында факультативтік үйірмелер ашуға жағдай туғызуға көмек беріп, электронды оқулық құралдармең кітап, журналдармен жабдықтадық.
Орталықта қазіргі кезде халқымыздың мыңдаған өлеңі, күйі, әндері, бейнебаяндары жиналған электронды фонотека және қазақ тарихына, мәдениетіне, этнологиясына, дәс-түрлі тәрбие-тәліміне, халықтық психологиясына, діліне, ана тіліне қатысты мағлұматтар компьютер жүиесінде кітапханада жиналып, сақталған. Осы қор сырттағы бауырлар арасында жүргізетін ағартушылық жұмысымызда кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кезде орталық аясында халқымыздың қол-өнер бұйымдары коллекциясы, ұмытылып бара жатқан ежелгі технологиялар базасы жинақталып, насихатталып отыр. Ол үшін жылда әлеуметтік жобалар, көрмелер, байқаулар ұйымдастырылады.
Халықаралық туризм саласын дамыту, ұлтымыздың бай мәдениеті мен тарихи құн-дылықтарын насихаттау мақсатында "Этнографиялық ауыл" жобасын дайындап, Аста-нада халықаралық туризм көрмелеріне екі жылдай қатысып, алғыс сертификаттарын алдық. Ол жобаны Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік жауапкершілік форумында да жария еттік. Өткен жылы туризм саласында аймақтық стартап жобалар республикалық байқауында 60 жобаның ішінде жеңімпазы ретінде аталған жобамыз Индустрия және жаңа технологиялар министрінің атынан 3 ең үздік жобалардың қатарына кіріп, дипломмен марапатталды.
Этномәдени бірлестік мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды да атқарып келеді. "Urpaq" бірінші рет тапсырыс бойынша жергілікті этностардың дәстүрлерін кітап түрінде жарыққа шығарды. Оның мәліметтері қазір облыстық ассамблеяның өте керекті құрал ретінде қолданылуда.
Біздің ұйымның мақсаты - ұрпақ тағдырын ойлау, ұлттық мәдениетіміздің қазіргі жайы, ол туралы ел-жұрттың хабардар болуына атсалысу, жат жерде жүрген қандастарымыз тегінен жеріген тексіз мәңгүртке айналмай, ата дәстүрін, ана тілі мен ділін, тарихи-мәдени құндылығын қастерлеуге шақыру. Сондай-ақ, жас буынның бойына үлкенге - ізет, кішіге құрмет керсеткен қазақи тәрбиені сіңіріп, бабаларымыздың қанын қыздырып, жігерін қайраған намыс деген асыл қасиетімізді қайта түлету. Осы орайда ғасырлар бойы азаттық үшін күрескен бабаларымыздың арманы іс жүзінде жүзеге асады деп сенемін.
// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 19 маусым
Достарыңызбен бөлісу: |