Ұлттық экономиканың инвестициялық тепетеңдік механизмдерінің проблемалары
Алинов М.Ш., ҚР БҒМ ның экономика Институты
Экономикалық дамудың қазақстандық моделінің нақты дәлелнің бірі: өркендеудің шешуші факторы ретінде халықаралық нарықта еркін жылжып жүрген инвестициялар болып табылады.Еліміз егеймендік жылдары өзінің ашық экономикасының және қолайлы инвестициялық климатының арқасында сол халықаралық капитал ортасынан келелі орын алды.
Егер жинақтың ІЖӨ-дегі дунежүзілік орта үлесі 20%- дай болса, Қазақстанда ол үштен бірі деңгейіне жетіп отыр. 2001-2007 жыдары инвестициялардың ортажылдық артуы 25% болып отыр, яғни ІЖӨ өсу қарқынынан екі есе тезірек. Осындай жиналған ғаламат қаржылық қор ішкі және сыртқы көздерді іскерілі пайдаланудың нәтижесі.
Бірақ ел экономикасы өзінің даму жолында мемлекеттік инвестициялық саясатты жаңаша қалыптастыру белесіне келіп отыр. Қазақстан Республакасының Президенті алғашқы рет: «...біз экономиканың тұрақты дамуын жандандырып және қамтамасыз етіп қана қоймай, сол өсу жолдарын басқаруымыз қажет» деп талап қойып отыр [1]. Егер осы уақытқа дейін экономика үшін инвестициялардың тек қана көлемі ғана қажет болса, ал кәзіргі кезеңде олардың сапасы маңызды болып отыр, және де шет елдік пен ішкі капиталдың бірде бір тиімділігі бағалануы қажет. Экономиканың бар салаларын перманеннті түрде инвестициямен жандандыру қажеттігі олардың бар нақты көздерін теңдес пайдалануды көрсетіп отыр, сонымен , «өсуді басқару» деген міне солай болса керек.
Алайда, халықаралық сарапшылардың пікірлерінше, дүниежұзілік шикізат нарығының тұрақсыздығы, экспорттық потенциалдың шағындығы, технологиялардың ескіруі, оның үстіне, шетелдік импорттың ішкі нарыққа көрсетіп отырған қысымдылығы бірте бірте Қазақстан экономикасының дамуын саябырлатып, тіпті тығырыққа апарып соғу қаупы орын алуы мүмкін. Сондықтан да бұл құрамдылық проблемалардың шиеленіскенін көрсетеді, тәжрибе көрсетіп отырғандай олар тек қана монетарлық құралдармен ғана, яғни нарықтың өзін - өзі реттейтін механизмдер мен шешіледі деген пікір дұрыс болмайды. Олай болса, күткендей капиталдың өңдеу салаларға бет алғаны көрінбей отыр. Қалайда, экономиканың сол өңдеу салаларындағы үлесі 12-15% дан аспай отыр.
Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және капиталдарды салааралас жылжу процесстерін ынталандыру бүгінгі күнде мынадай шиеленскен мәселерді шешуді талап етеді:
-
жинақы қаржыларды өндіріс инвестицияларына айналдыруға қажет тиымды механизмдер мен тиісті нарықтық инфрақұрылымдардың жоқтығы;
-
қор нарығының және «ұзын» пассивтарды жүптеуге қажет тағыда басқа институтционалдық қаржы инфрақұрылымдардың толық қалыптаспағаны;
-
банк жүйесінің нақты сектордың керекты салаларына қарай бет бұру деңгейі төмен;
-
сапалы инвестияларладың шектеулілігі және бәсекелестігі жоғары өндірістердің жетіспеуі.
Статистикаға қарасақ, инвестияциялардың негізгі көздері болып отырған отандық жеке меншік кәсіпкерлер болып отыр, яғни олар бар капиталдың 60% - нан асады. Әсіресе, шағын және орта бизнес субъектілері жылдан жылға айтарлықтай инвестициялық қор жинап отыр. Бірақ, өкінішке орай олар жоғарыда айтылған себептермен өз капиталдарын тиімді жобаларға пайдалана алмай отыр. осыған ұқсас жағдай банкі жүйесінде де орын алып отыр. Кәзіргі кезде коммерциялық банкілердің капиталдандыру деңгейі өте жылдам жоғарылап ЖІӨ нің 90% дан асып отыр. Cүйтседе, сол ересен көлемді капитал нақты секторды несиелендіруге бағытталмай отыр. Мысалы, берілген несиелаердің 28% сауда саласында, 27% құрылыста болса, 13% өндірісте , ал ауыл шаруашылығында тек қана 4,5% болып отыр[]. Оның ішінде бар несиелердің тек 10,7% ғана негізгі қорларды сатып алуға пайдаланған.
Эксперттердің мәліметтерінше Ұкімет коммерциялық банкаларға шамасы 12 млрд. доллардың жобаларын ұсыну мүмкіндігі бар, бірақ банкілер оларды несиелендіре алмайды, себебі олар ұзақ мерзімді және тиімділігі төмен болып отыр. Сондықтан да болар банкілер өз елінен көрі шет елдерге басын бұрып, Россия, Украина, Қырғызстан, Грузияларға көптеген мөлшерде инвестиция құйып жатыр.
Ішкі инвестициялардың тағы бір айтарлықтай көзі болып табылатын халықтың және ұсақ, орта кәсіпкерлердің жинағы. Олардың көлемі, кейбір есептерге қарағанда, 1,5 трлн. тенге мөлшерінде болмақ. Бұл ресурстар негізінен жылжымалы мүлік пен жер алып – сатуға жұмсалып жатыр. Себебі сол белгілі, институтциялық экономикалық механизмдердің жетіспейтіндігі.
Соңғы жылдары бюджеттік инвестициялардың экономикалық өсу ошақтарын әрекеттеу арқылы мультипликаттық әдістеудің нәтижесінде жаңадан шоғырланған инвестициялық тарамдардың пайда болуына елеулі ықпал жасап отыр [2]. Әсіресе бюджеттен көптеген инвестициялық даму бағдарламаларына қомақты қаржылар бөлініп отыр. Олардың негізгі бөлімі инфрақұрылым, энергетика, экология, әлеуметтік жобалар сияқты бағдарламаларға бағытталып отыр, өйткені олардың озіндік коммерциялық құндылығы төмен, сондықтан бизнес жағынан бет бұрыс жоқ.
2008 жылғы республикалық бюджет 2687 млрд. тенге көлемінде қабылданып қомақты мемлекеттік сатып алу және көптеген инвестициялық жобаларды қаржылауға көзделіп отыр. Тек қана «Казына» қорына және де басқа даму институттарына 103 млрд. тенге бөлінді.
Қорта келе айтсақ, кәзіргі жағдайда көрсетілген бүкіл ішкі инвестициялық ресурстарды: бюджет, ұлттық қор, бизнес пен халықтың жинақтары және банкілер капиталын, білгер пайдалану мүмкіндігін тудыратын құрымдылық механизм қажет. Отандық капиталдың шетел ресурстарынан айырмашылығы, егер қыйын - қыстау заман кез болса, ол сыртқа қашпайды, қалайда өз экономиканың улесінде қалады.
Әдебиет
-
Назарбаев Н.А. Казахстан жәңе әлемде. Егеймендік Қазақстан, 2007, №33.
-
Сазанов К. Бизнес и Власть, 2007, №14.
-
ҚР стаитикалық Агентствосы по статистике РК, 2000 – 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |