ГЛОССАРИЙ
АМК – ақуыз май концентраттары
Сепарирлеу – астық түйір қоспаларын бөлу үрдісін айтады, бұл үшін сепарратор машинасын қолданады.
Микроортанизмдер – астық түйірінің қаша алмайтын серіктестігі, олар астық түйірінің сапасын төмендететін негізгі факторлар болып табылады.
Сорбция – қоршаған орта буларынан әртүрлі таздар мен заттарды сіңіру қабылетін айтады.
2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
Дәрістер негізгі мақсаты пән бойынша тақырыптарды теориялық негізде жеткізе білу болып табылады.
Тақырып 1, 2. Астықтың сапасын стандарттау
Жоспар:
1. Пәнге кысқаша түсініктеме
2. Астықтың сапасын стандарттау
1. Пәнге қысқаша түсініктеме
Қазақстан мемлекеті астық өнімдерін өндіруде, оны сақтап өндірісі дүние жүзі елдерінің ішінде басты орын алада.
Қазақстанда астықты сақтау және өңдеу жұмыстарының жоғары қарқынымен дамуы элеваторлар ұн мен жарнама құрама жем өнеркәсіпорнының құрылуына басты себеп болды.
Дән дақылдарының тұқымдарын дайындау өнеркәсіптің жолға койылды. Бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, т.б. дақылдардың тұқымын дайындау үшін астық кәсіпорындарында тұрақты технологиялық тізбектер және жекеленген зауыттар іске қосылды.
Сонымен, бұл аталған өнеркәсіптерде астықты сақтау және одан өнімдерді алу үшін күрделі технологиялық жұмыстар жүргізіледі. Технологиялық процестерді ұйымдастыруда, оны дұрыс тәртіппен жүргізуде технохимиялық бақылаудың атқаратын қызметі өте жоғары болып саналады.
2. Астықтың сапасын стандарттау
Ауыл шаруашылығында көптеген дақылдар егіледі. Олар көптеген түрлерге, кіші түрлерге, сорттарға бөлінеді. Олардын әрқайсысының өзіне меншікті ерекшеліктері бар, технологиялық қасиеттері және оларды анықтау тәсілдері де өзгеше.
Ауыл шаруашылық дақылдарынан алынатын өнімдер де өте кеп. Сондықтан олардың, сапасын стандарттау, ол стандарттардың толық орындалуын бақылау өте күрделі, көп салалы жұмыс және бұл салада істейтін мамандардан іс тетігін білуді талап етеді. Осыған сай лаборатория қызметкерлері өте күрделі жұмыстар аткарады. Ол жұмыстардың бәрі астықгы үнемдеп, одан алынатын өнімдердің және тағамдардың сапасын арттыруға арналған. Ауыл шаруашылық дақылдары көптеген а/ш мекемелерінде өсіріліп, астық қабылдау мекемелеріне тапсырылады. Олар оны тазалап, кептіріп, сақтап, ұн тарту, жарма, май құрама жем жасау т.б, шикі зат шығаратын заводтарға, комбинаттарға береді. Олар шикі зат немесе дайын тағамдар шығарады. Ал ұн, жарма сияқты шикі заттарды алатын болсақ, олардан нан заводтарында пісірілген нан баска да түрлі түсті тағамдар шығарады. Қыскаша айтқанда, астықты өсіріп, одан дайын тағамдар алу процестерінде бірнеше сатылар, бірнеше мекемелер катынасады. Осылардың, бәрі бір орталыққа стандарт арқылы бағындырылады.
Ауыл шаруашылық дақылдардың, олардан алынатын өнімдердің өте көп болуына байланысты, стандарттардың да саны өте көп. Егер ауыл шаруашылық дақылдарының әр қайсысына бір стандарттан жасалған болса, олардан алынатын ұн, жарма, жасанды кеспе, құрама жемдерге де
Квпеген I тандарттар жасалған. Олардың саны да бірнеше жүзге жетеді жзне олардың әр қайсысы бес жылда бір өзгеріп тұрады.
Сондықтан студенттерге дәнді, бұршақ тұқымдас және майлы тұқымды дақылдар, "Құрама жедер" /үш том/ және ұн, жармалары жазылған стандарттармен танысуды нұсқаймыз.
ТМД-да стандарттар 4 категорияға бөлінген: МЕСТ1 - мемлекеттік стандарттар; - өндіріс саласының стандарттары; РСГ республикалық стандарттар; ӨСТ4 - өнеркәсіп стандарттары.
Мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Стандарттар бекітілген соң оларға категориялық индекс, тіркеу реті, шыққан жылының кейінгі екі саны белгіленеді. Бұл сандардан басқа тіркеу ретінен кейін нүкте қойылып, баска сандар жалғануы мүмкін. Номер ол сан "1" болса, онда бұл стандарт мемлекеттік стандарт жүйелерінің анықтамасына жатады, "2" - конструкторлық документтер жүйесіне /ЕСКД/ "3" - мекемелерді технологиялық дайындау жүйесіне /ЕСТПЙ/'1 "10" - мемлекетке шығарылатын өніндерге қойылған сапа көрсеткіштср жүйесіне т.т. жатады.
Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік стандарттау комитетінің өндіріс стандарттары - өндіріс салалық министрлігінде бекітілген соп мемлекеттік стандарттарды топтастырғыш мекемелерде тіркеп топтастырады. Ол топтастырғыш 19 бөлімнен тұрады. Олар өзара кластарға және топтарға бөлінген. Астық «С» - ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы класына, С - 12 - астық тобына жатады. 1>үл стандарттардың индексіне "Е" немесе "Э"7 әріптері косылып жазылуы да мүмкін. Онда "Е" - егер өнім дүние жүзілік стандартқа сәйкес келсе; "Э" -шет елге шығарылатын өнімдерге қойылады.
1 - мемлекеттік стандарттар;
2 - өндіріс саласының стандарттары;
3 республикалық стандарттар;
4 - өнеркәсіп стандарттары
- БСКД ор, Единая система конструкторской документации
' - орысша "экспорт" деген сөздің, бас әрпі.
Бақылау сұрақтары
1. Ору кезінде қолданылатын неше фазалы жинауларды білесіз?
Қолдаиылатын әдебиет
4.1.1. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993 ж. 10-18 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |