Глоссарий амк – ақуыз май концентраттары Сепарирлеу – астық түйір қоспаларын бөлу үрдісін айтады, бұл үшін сепарратор машинасын қолданады


Тақырып 8,9. Астықты сақтаудағы техно-химиялық бақылау



бет5/30
Дата02.01.2022
өлшемі0.5 Mb.
#452236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Сапа менеджменті негізіндегі өңдеу өндірісінің техно-химиялық бақылау

Тақырып 8,9. Астықты сақтаудағы техно-химиялық бақылау
Жоспар

1, Астық қорын сақтаудың ерекшеліктері

2. Астық сақтауда технологиялық және химиялық өзгерістер

1. Астық корын сақтаудың ерекшеліктері

Астық сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда дәннің 10-15 %-ке жуығы шығын болып, тіпті сақтаулы енімдердің біразының сапасы күрт төмендеп, кейде түгелдей бүлініп, пайдалануға жарамай қалуға дейін барады.

Астық қорын сақтаудың өте жауапты да күрделі іс екендігін көп ғасырлық тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің елде де астық өнімдерінің сақталу барысында орын алатын шығындарды азайту мүмкіндіктерін толық пайдаланбауға ішінара жол беріліп қалатындығын, көптеген астық қабылдау және өңдеу кәсіпорындарында ғылым мен озық тәжірибе жетістіктері дер кезінде тиімді жүзеге асырыла қоймайтындығын мойындауымыз қажет.

Астық, тұқымдық дән және олардан алынатын өнімдер жеке қожалықтарда, шаруашылықтарда, селекциялық станцияларда және элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарында, ұн, жарма, нан өндірісі, крахмал, өсімдік майлар, сыра, спирт фабрика-зауыттарында сақталады.

Мемлекеттік астық қорын шоғырландыру, орналастыру, сақтау мен және өндеу, оны тиімді пайдалануды ұйымдастыру мен халық шаруашылығының барлық салаларын астық өнімдерімен қамтамасыз ету, сол астықты қабылдайтын, оның өнімдерін шығаратын мекемелерге жүктелген. Сонымен қоса бұл мекемелер дәнді бүршақты және майлы дақылдар мен жем-шөптердің сортты тұқымдықтарын да қабылдап, өндеп өндіріске өткізіп отырады.

Нан енімдерімен қалтқысыз қамтамасыз ету мәселесі елде үн қорының жеткілікті, мол болуына байланысты. Сол сияқты жарма іспеттес қүнды тамақ өнімдері де жеткілікті болуға тиіс. Сондықтан астық пен оның өнімдерін баптап дұрыс сақтау - маңызы зор мемлекеттік іс деп қаралады.

Астық сапасының төмендеуі, тіпті оның бұзылып кетуінің басты себептерінен бейхабар болу, сақтаудың ғылыми негіздерін білмеу орны толмас шығынға әкеліп соғады, ауылшаруашылығы ондірісінің дәнді дақылдардың өнімділігін арттырудағы, оның жалпы түсімділігін көбейтудегі жетістіктерін жоққа шығарады.

2. Астық сақтауда технологиялық және химиялық өзгерістер

Астық сақтау ғылымы дәнді дақылдардың ерекшеліктерін, олардың сапасына физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық факторлардың тигізетін өсерін зерттейді.

Астық жиымындағы орын алатын заңдылықтарды, құбылыстарды білу астықты сақтауды ғылыми негізінде ұйымдастырып, оның сапасын арттыру мүмкіндіктерін іске асырудың кепілі.

Астықты және оның өнімдерін сақтауды дұрыс ұйымдастыру үшін ұшан-теңіз де күрделі материалдық-техникалық базаның және осы саладағы ғылыми негіздерді жетік меңгерген мамандардың орны белек екендігін баса айта кеткеніміз жөн.

Астық сақтауды ойдағыдай ұйымдастырудың күрделілігі оның физикалық, физиологиялық, биохимиялық және технологиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің салдарында.

Астық дәні - тірі ортанизм деп танылады. Осы тұрғыдан қарағанда қоршаған ортаға тікелей байланысты әртүрлі құбылыстар дон торшығындағы (клеткасындағы) зат алмасу процестеріне дұрыс әсерін тигізумен қатар, оның сапасын төмендетіп, едәуір шығынға да әкеп соғатынын білген жөн.

Астықтың сапасы микроортанизмдердің жөне шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа секілді жәндіктер мен зиянкестер топтарының іс-әрекет, тіршілігінің салдары нәтижесінен де төмендейді.

Сонымен, сақталатын өнімдердің табиғатына байланысты болатын шығындарды азайту - ол заттарды қоршаған ортаның әсерінен қорғау дәннің торшығындағы зат алмасуды бәсеңдетудің кепілі.

Бұл мәселе астықты сақтауға дайындаудың әртүрлі әдістерімем тиянақты жағдай жасау арқылы шешіледі. Ол үшін астыққа арналғаи қоймалар, элеваторлар әртүрлі дәнді дақылдардың ерекшеліктеріне сай техникалық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Астықты сақтау саласындағы көптеген мәселелер мен міндеттерді мына төмендегідей топтастыруға болар еді.

Негізгі сан мен салмақ және сапа жағынан болатын шығындарды белгілі ғалым Л.А. Трисвятский механикалық және биологиялық деп екі топқа бөледі. Биологиялық шығындарға дәннің тыныс (дем) алуы, ору кезіндегі орын алатын, микроортанизмдер, шыбын-шіркей және кенелердің өсіп-өну тіршілігі, өзіндік қызынуы және кеміргіштер мен құстардың жеп құрту салдарынан болатын сан мен сапа жоғалтуы жатады да, ал механикалық шығындарға тасымалдау, өңдеу барысында орын алатын астықтың төгіліп шашылуы, дәннің зақымдануы жатады.

Бұның ішінде дәннің тыныс алу барысындағы және астықты тасымалдау кезіндегі орын алатын сан-салмақ кемуі ғана амалсыздықтан болатын шығындар есебіне жатады. Сондықтан шығынның бұл түрлерін есепке алу мақсатымен астық сақтау мен тасымалдау барысындағы табиғи да орынды азаю, кему мелшері бекітілген. Егер астық сақтауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда бұл аталған шығын түрлері жыл бойына астық қорының небәрі 0,3--.0,4 %-іне ғана жетеді.

Ал, тегіліп-шашылуға, құс-кеміргіштер, шыбын-шіркей мен жәндіктердің тіршілігіне байланысты, сонымен қатар астықтың, дәннің өздігінен қызуына, микроортанизмдердің өсіп-өнуіне жол берудің салдарынан болатын шығындарды, әрине, ешқандай себептермен ақтауға болмайды.

Кей кездерде іс жүзінде жиірек кездесіп орын алатын астық өнімдерінің, тұқымдық дәннің сапасының төмендеуін астық өнімдерінің, тұқымдық дәннің сапасының төмендеуін астық сақтаудың ғылыми тұрғыдағы тәртіп-ережелерін (режимдерін) бұзудың және керекті күтімнің жоқтығының тікелей салдары деп білу керек. Мұндай шығындардың алдын алмаса зор зиян, зардаптарға әкеліп соғады.

Астық өнімдері сапасының төмендеуінің тағы бір себебі - олардың өте ұзақ мерзімде сақталуы. Әрбір заттың (тауардың), әсіресе дәннің, қандай қолайлы жағдайда сақталғанымен жеке өзіне тән «ұзақ мерзімділік» (не «ұзақ уақыттылық») қасиеті бар. Аталған мерзім өткен соң ол зат ескіре (қартая) бастайды да, оның адам қажетіне керектілігі мен түтынушылық көрсеткіштері төмендейді. Мысал үшін ұн мен жарманың кейбір түрлері 1-2 жыл сақталғаннан кейін-ақ тағамдық сапасының, ал тұқымдық дәннің 2-4 жылдан соң егіндік шығымдылық қасиетінің, қабілетінің нашарлай бастайтынын айтуға болар еді. Бұлардан гөрі дәнді астық пен бүршақ дақылдары ұзақ сақтауға едәуір шыдамды болып келеді. Олардың технологиялық құндылығы 7-15 жыл еткен соң төмендей бастайды.

Сонымен, қатар табиғи ескіру құбылыстарына байланысты қоймада сақтаулы астық қорын оқтын-оқтын алмастырып тұру қажеттілігі естен шығармау керек. Оның бер жағында астық өнімдерінің сапасын төмендетіп алмай түрып, тиісті мекемелерге таратып, өткізіп отырады. Астықтың сапасын төмендетпей сақтауды қамтамасыз ету міндетті шарт деп білу керек.

Сақтау барысында астық онімдерінің сапасын арттырып жақсарта беру. Бұл мәселені шешудің жолы әртүрлі технологиялық тәсілдерді тиімді қолданып, дәнді дақылдардың мүлтіксіз сақталуын және сақталуға деген төзімділігін (беріктілігін) арттыра түсу.

Өнімнің сан мен сапасын мүлтіксіз сақталуы барысында еңбек пен қаржы шығындарын мейлінше азайтып кеміте түсу.

Астық қабылдау мекемелерінің озат тәжірибесіне көз жүгіртіи, талдайтын болсақ онімдерді сақтауға байланысты шығындарды азайтуда басты жолдары мыналар екендігін ұғу қиын емес. Жетілдірілген техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану, өңдеудің жаңа технологиялық әдістерін енгізу, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, мекемелердегі мамандар мен жұмыскерлердің мамандық шеберлігін үнемі арттырыл отыру.

Астықты тиімді сақтауды және оның сапасын арттыра түсуді қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдерге мына төмендегі шараларды жатқызуға болады:

1. Астықты түрлі қоспалардан айырып тазарту;

2. Астықты кептіру. Оны дән ылғалдылығын керекті мөлшерге дейін азайту, төмендету үшін қолданады.

3. Астықты белгілі бір температуралық жағдайда, деңгейде сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен оны желдетіп, салқындатып отыру;

4. Астық пен оның өнімдерін шыбын-шіркей, кене секілді зиянкестер мен жәндіктерден, кеміргіштер мен құстардан қорғауды дер кезінде ұйымдастыру;

5. Халық шаруашылығының әртүрлі саласында арнаулы мақсатпен пайдалану үшін ірі-ірі астық қорларын (партияларын) дайындау.

Әрине, астық, дәнді дақылды астық сақтауға және олардың өнімдерін тиімді байлануға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру тек жоғарыда атап көрсетілген тәсілдермен ғана шектеледі десек, ол аз айтқанымыз. Ауыл шаруашылығы жүйесінде астықты, дәнді баптап ді қаншама ҚЫруар істер атқарылатынын да айту жөн. Біз астық қабылдау, одан керекті өнімдср алу мекемелеріндегі басты-басты технологиялық тәсілдерді ғана атап көрсеттік.

Бақылау сұрақтары

1. Астық түйірді сақтаудың неше міндеттерін білесіз?

2. Астық өнімдерінің сапасын төмендетпей сақтап қамтамасыз ету нешінші міндетке жатады?

3. Астық сапасын арттырудағы технологиялық тәсілдерді атаңыз.


Қолданылатын әдебиет

4.1.1. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993 ж. 3-9 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет