ГЛОССАРИЙ Ербосынова Аяжан
1.Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.
2.Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі.
3.Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні.
4.Әлеуметтік орта – адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум)
5.Теориялық әлеуметтану- қоғамда болып жатқан процестерді түсіндіруге негіз болатын теориялар жиынтығы.
6.Қолданбалы әлеуметтануға- нақты жағдайлар мен процестерді зерттеу жатады, сонымен қатар, қосымша зерттеулерді де ажыратуға болады.
7.Әлеуметтік заң - әлеуметтік құбылыстар мен процестер арасындағы қажетті, маңызды, тұрақты, қайталанбалы қатынастар.
8.Жалпы заңдар- барлық қоғамдық жүйелерде қолданылады.
9.Арнайы заңдар – бір немесе бірнеше қоғамдық жүйелерде қолданылады.
10.Динамикалық заңдар- әлеуметтік өзгерістердің бағытын, себебін, түрлерін жүйелі байланыстарды белгілейді.
11.Статикалық заңдар- әлеуметтік ортадағы құбылыстар мен процестер арасындағы дәл тұжырымды емес белгілі бір дәрежеде ғана мүмкіндік болатындығын көрсетеді.
12.Әлеуметтік қатынас- бір-бірімен мағынасы жағынан сәйкес келетін тұрақты үлгілермен қайталанатын әлеуметтік іс-әрекеттер.
13.Институт ( латын тілінен орнату, жайластыру дегенді білдіреді) – әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуі.
14.Әлеуметтік институт – әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі.
15.Әлеуметтік институттар – қоғамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыратын нормалардың жүйесі.
16.Әлеуметтік бақылау – қоғамдағы нормалар мее құндылықтардың жиынтығы.
17.Әлеуметтік интеракция – адамдардың өзара әрекетін сипаттайтын процесс.
18.Социум – қоғам мен адамның әлеуметтік ортасы.
19.Әлеуметтік биология – ұжымдық әрекеттің генетикалық механизмдері жөніндегі ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |