Сабақ мақсаты : жалпы терминдер және түсініктермен танысу. Дәріс жоспары: Көліктің мәні және көлік үрдісінің негіздері. Қазіргі көлік жүйесінің сипаттамасы мен құрамы. Транспорт сөзі латын тілінен аударғанда «transporto»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата04.03.2024
өлшемі296.88 Kb.
#494247
түріСабақ
  1   2
1 дәріс ОКТ



1 дәріс. «Көліктің мәні және көлік үрдісінің негіздері». 
Сабақ мақсаты: жалпы терминдер және түсініктермен танысу. 
Дәріс жоспары: 
1. 
Көліктің мәні және көлік үрдісінің негіздері. 
2. 
Қазіргі көлік жүйесінің сипаттамасы мен құрамы. 
1. Транспорт сөзі латын тілінен аударғанда « transporto » - апарамын, жеткіземін, 
тасимын деген мағынасында адамдарды немесе жүктерді тасымалдау, қоғамдық 
материалдық өндірістің ең маңызды бір облысы болып табылады. Көлік шикізатты 
өңдемейді де, өнім де шығармайды. Транспорт термині көп жағдайда көлік жүйесін 
құрастыратын инфрақұрылымның, басқару, көлік құралдарының бірлестігін немесе 
экономика саласын білдіреді.
Транспорт – әртүрлі мағынада қолданылады. Оны әдетте: 

Жүк және жолаушы тасымалдаушы деген мағынасы бар, халық 
шаруашылық бөлімінде;

Материалдық өнімнің және адамдардың орын ауыстыруын қамтамасыз 
ететін техникалық құралдар комплексінде; 

Жүк немесе жолаушылардың орын ауыстыруының өзіндік процесінде; 

Көшелер немесе жол бойынша қозғалатын бірліктер торабында

Белгіленген орынға және нақты мекен-жайға жіберілген жеке жүк 
партиясында; 
Адамдық сала түрі немесе мамандық ретінде түсінеді. 
Транспорттық жүйе – тасымалдауды жүргізу кезіндегі өзара байланыста және 
тәуелділікте болатын әртүрлі транспорттық комплекстер (кешендер). Мемлекетке, 
аймаққа немесе үлкен қалаға қатысты қолданылады. 
Транспорттық бірлік – транспорттың барлық түрлерінің әлеуметтік -
экономикалық бірлестігін көрсетеді. 
Транспорттық желі (сеть) – елдің барлық мекен-жайларын және жеке 
аймақтарды байланыстыратын хабарламалардың барлық жолдарының жиынтығы, 
анықталған территорияның немесе елдің транспорттық қызмет көрсету 
көрсеткіштерін мазмұндайды. 
Жалпы қолдану транспорты – заңға сәйкес барлық жүктерді және 
жолаушыларды тасымалдауды іске асыруға міндетті транспорт. Оны мемлекеттік 
мекеме немесе кәсіпорын, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға ұсынуы мүмкін. 
Жеке қолданудағы транспорт – өзінің немесе кәсіпорынның тасымалдауын 
іске асыратын және барлық басқа клиенттердің талаптарын қанағаттандыруға 
міндетті емес жеке транспорт.
Магистралді транспорт – негізгі транспорттық министерстволар және 
ведомстволар: Хабарлама жолдарының Министерствосы, Теңіз флотының 
Министерствосы, азаматтық авиация Министерствосы , құрылыс және автомобиль 
жолдарының эксплуатациясының Министерствосы жүргізуге болатын жалпы 
қолдану транспорты.
Магисралды транспорт - маңызды қалалар мен елдің немесе ірі аймақтардың 
өндіріс орталықтарын байланыстыратын хабарлама жолдарын белгілеу үшін 
қолданылады.
Әмбебап транспорт – барлық тасымалдау түрлерін (жүк және жолаушы) 
жүзеге асыра алатын транспорт. 


Дискретті транспорт – тасымалданатын зат (жүк немесе жолаушы) жеке 
партиялар немесе топтар, тәуелсіз қозғалатын транспорттық бірліктер көмегімен 
(автомобиль, поезд, ұшақ, кеме) тізбектей тасымалдаушы кез-келген транспорт. 
Үзіліссіз транспорт – тасымалдау құралы үзіліссіз ағым түрінде келетін 
транспорт. 
Дискретті және үзіліссіз транспорт принциптерін біріктіретін құрылымдар 
бар: кабинкалары бар арқан жолдары және т.б. 
2. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауда көліктің келесі түрлері 
пайдаланылады: 
- темір жол
- автомобиль; 
- ішкі су (өзен); 
- теңіз; 
- әуе; 
- қалалық электр көлігі; 
- құбырлық. 
Барлық аталғандар бірыңғай көліктік жүйесіне (БКЖ) енеді 
 (Слайд шоу №1.) 
Логистикалық менеджмент тұрғысынан қарағанда көліктің әр түрінің логистикалық 
жүйеде қолданатын өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. 
Темір жол көлігі – үлкен тасымалдау мүмкіндіктері, жеткізудің жоғары 
жылдамдығы, төмен өздік құндылығы, климат жағдайларынан тәуелсіздігі; тиеу – 
түсіру жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуы. Салыстырмалы төмен тарифтер, 
транзит жөнелтілімдеріне жеңілдіктер. 
Кемшіліктері: тасымалдаушылардың жетіспеушілігі; өндірістік – техникалық базаға 
кететін қаражаттың көп мөлшері; жүк сақтығының төмен дәрежесі. 
Құбыр көлігі – мұнай мен газды тасымалдауға арналады; жоғары өткізу 
қабілеттілігі; арзан, үлкен көлемді. Кемшіліктері: жүк түрлерінің шектеулігі (газ, 
мұнай өнімдері, шикізат материалдарының эмульсиялары). 
Әуе көлігі – өте жоғары жылдамдық, жоғары баға; жоғары сенімділік; сақтық. 
Кемшіліктері: тасымалдаудың жоғары өзіндік құны, басқа көлік түрімен 
салыстырғанда жоғары тарифтер, климат жағдайларына тәуелділігі. 
Ішкі су көлігі (өзен) – үйілме және ақтарма жүктерді тасымалдау үшін арналған, 
арзан көлік түрі, бірақ навигация кезінде ғана жұмыс істейді. Климат жағдайларына 
тәуелді, жүк жеткізу жылдамдығы төмен; өзен тереңдігінің біркелкіліксіздігіне және 
навигацияға тәуелді. 
Теңіз көлігі. Артықшылықтары: континентаралық тасымалдарының мүмкіндігі, 
алыс қашықтық тасымалдарының төмен өзіндік құны, жоғары өткізу және тасымал 
қабілеттігі. 
Кемшіліктері: 
тасымалдаулар 
шектеулігі, 
жеткізудің 
төмен 
жылдамдығы; ауа райы, географиялық және навигацияға тәуелділігі; жүкті бекітуге 
қойылатын қатаң талаптар. 
Автомобиль көлігі – темір жол көлігімен салыстырғанда жоғары маневрлі («есіктен 
есікке» тасымалдау), жылжымалы құрам типтерінің әр түрлілігі, қысқа 
арақашықтыққа арзан тарифтер. Кемшіліктер: төмен жүккөтергіштік, жоғары 
өзіндік құны, жылжымалы құрамға кететін металл шығыны. 
Көлік – жолаушыларды, багаж және жүктер мен почтаны автокөлік құралдары және 
инфрақұрылымды пайдалану арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын экономика 
саласы. 


Қорытындыласақ (1 сурет) 
Өзін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. 
Транспорт 
2. 
Транспорттық жүйе 
3. 
Транспорттық бірлік 
4. 
Жалпы қолдану транспорты 
5. 
Әмбебап транспорт 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. 
Закон РК «Об автомобильном транспорте», гл1. 
2. 
Гудков В.А. «Пассажирские автомобильные перевозки». М.: Горячая линия –
Телеком. 2006 год. 448 с. 
Автомобиль көлігі 
Темір жол көлігі 
Өзен көлігі 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет